kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Поурочные планы по биологии для 7 класса на казахском языке

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поурочные планы по биологии на казахском языке для 7 класса.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Поурочные планы по биологии для 7 класса на казахском языке»

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Тірі табиғат дүниесі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Тірі ағзалардың систематикалық топтарға бөліп қарастыру.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы:

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Империя - құрылым негiзiнде клеткалы және клеткасыздарға жататын ең iрi тiрi организмдер топтары.

Дүние үстi - тәуелденген кiшiрек топтар, ядроның құрылысына негiзделген екi таксон – прокариоттар мен эукариоттар.

Дүние - жер бетiнде тiршiлiк ететiн тiрi организмдердiң негiзгi топтарын көрсететiн негiзгi таксон: вирустар дүниесi, бытыраңқылылар дүниесi немесе бактериялар және көк-жасыл балдырлар, өсiмдiктер дүниесi, саңырауқұлақтар дүниесi, жануарлар дүниесi.

Дүние тармағы - клеткалы организмдердi құрылым деңгейлерiне қарай бiрiктiретiн таксон.

Тип немесе бөлiм (өсiмдiктер, бактериялар) – құрылысы мен қызметтерiнiң ұқсастығына, ортақ шығу тегiне, даму ерекшелiктерi және т.б. белгiлерi арқылы анықталатын тiрi организмдердiң негiзгi топтарын көрсететiн таксон.

Тип тармағы - типке тәуелдi топты көрсететiн және белгiлерi бойынша типке қарағанда ерекше таксон.

Класс - тип пен тип тармағына тәуелдi, аса ерекше белгiлерi бар тiрi организмдер тобын көрсететiн таксон.

Класс тармағы - класқа тәуелдi, класс деңгейiне қарағанда белгiлерiнде айрықша ерекшелiктерi бар топтарды көрсететiн таксон.

Отряд - класс пен класс тармағына тәуелдi, одан да спецификалық топтардың таксоны.

Отряд тармағы - спецификалық қызметi мен құрылысы бар топ, отрядқа тәуелдi таксон.

Тұқымдас - түр мен туыстарды бiрiктiретiн топ, отряд пен отряд тармағына тәуелдi таксон.

Туыс - көптеген ортақ белгiлерi бар түрлердiң жиынтығы, туысқа тәуелдi, бiрақ түрге қарағанда жоғары тұратын таксон.

Түр - белгiлi ортақ белгiлерi бар жиынтығы. Бiр түрдiң еркiн шағылыса алады, басқа түрдiң дараларынан репродуктивтi оқшауланған.

Қорытынды:

Таксондардың мұндай орналасуы классифакациялау логикасынан шығады және өте үлкен материалды оңай есте қалдыру үшiн арналған. Таксондардың иерархиялық қатарда орналасуы классификациялаудың (топтастырудың) иерархиялық жүйесi деп аталады. Иерархиялық жүйенiң негiзi даралар - түр, ал шыңы - барлығын қамтитын таксон болып табылады. Иерархияның түрлi деңгейлерiнде негiз бен шыңның арасында, әр қайсысы өзiнен жоғары тек бiр ғана таксонға тәуелдi және өзiнен төмен бiр немесе одан көбiрек өзiне тәуелдi таксондары бар, түрлi таксондар болады.

Бұл негiздiң биологиялық негiзi иерархиялық жүйенiң тiрi организмдер эволюциясының әртүрлi деңгейлерiн де бейнелеуде.

Үйге тапсырма: §1. 8-бет кестені толтыру


Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Жасушасыз тірлік құрылым.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Вирустар туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: §1. 8-бет кестені толтыру

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы:

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Вирустар – жасушасыз организмдер. Олар негiзiн құрайтын ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған белокты капсидтен тұрады. Вирустар бактериялардан миллион есе кiшi және оны 40000 есе үлкейтетiн электрондық микроскоп арқылы көруге болады.

Көптеген зерттеушiлер, вирустарды тiрi организмдер емес, олар тек күрделi құрылысты химиялық заттар деп есептейдi. Бiрақ вирустың ДНҚ молекулалары өзiн-өзi өндiре алады, бұл қасиет ДНҚ тән, сондықтан вирустық РНҚ генетикалық информацияның көзi және РНҚ өзi бола алады. Зақымданған клеткада вирустың нуклеин қышқылдарының бағдарламасы бойынша, иесiнiң рибосомаларында спецификалық вирусты ақуыздар синтезделедi және нуклеин қышқылдарынан жаңа вирустың бөлiмдерi түзiледi.

Осы топтың барлық түрi сияқты қызылша вирусы өзiн-өзi өмiрлiк қажеттiлiкпен қамтамасыз ете алмайды. Ол тiрi организмнiң клеткаларын бағындырып, көптеген вирусты бөлiмдерiн тудырады. Бiрнеше уақыт өткеннен кейiн вирустық клетка өледi де, вирустар басқа жаңа клеткаларды зақымдайды.

Тұмау вирусының көптеген түрлерi бар. Вирустар бiрте-бiрте өзгерiп жаңа қасиеттерге ие болады, сондықтан ғалымдар вирустың жаңа түрлерiн анықтауда. Микроскоптың көмегiмен тұмау вирустарын зерттеп, ғалымдар адамдарды аурудан сақтайтын арнайы препараттарды шығаруда. Бұл препараттар вакцина деп аталады.

Адам организмiнде мұрны мен тамағының сiлекейлi қабықшасын зақымдайтын суық тигiзетiн вирустар бар.

Ең қауiптi вирус, бұл қанның ақ түйiршiктерiн Т-лимфоциттердi зақымдайтын СПИД немесе ВИЧ вирусы. Организм антидене түзу және ауруларға қарсы тұру қабiлетiнен айырылады.

Қазiргi уақытта СПИД вирусы адамзатқа үлкен қауiп туғызады, себебi осы вирусты тасымалдаушылардың саны күннен – күнге өсуде. Суретте үлкейтiлген Т лимфоцитi көрсетiлген, қызыл түспен ВИЧ вирусы боялған.

“Вирустар тiрi ме?” деген сұрақтар жиi қойылады. Егер тiрi деп, генетикалық материалдары (ДНҚ немесе РНҚ) бар және өзiн - өзi өндiру қабiлетi бар құрылымды есептесек, вирустарды тiрi деуге болады. Ал егерде тiрi деп, клеткалық құрылымды есептесек, жауап керi болу керек. Тағы да айта кететiн жәйт, вирустар қожайын-клеткасыз өмiр сүре алмайды. Олар өзiн-өзi тек қана тiрi клетканың iшiнде өндiре алады, сондықтан олар облигатты паразиттер болып табылады. Әдетте олар аурудың айқын белгiлерiн көрсетедi. Қожайын клетканың iшiне кiрген соң, олар қожайынның ДНҚ-ын “жойып” және өзiнiң ДНҚ немесе РНҚ пайдаланып, клеткаға вирустың жаңа көшiрмелерiн түзуге бұйрық бередi. Вирустар клеткадан клеткаға инерттi бөлшектер ретiнде жеткiзiледi.

Қорытынды: Вирустар – бұл көлемi шамамен 20 нм – ден 300 нм – ге дейiн болатын өте ұсақ тiрi организмдер; орташалап алғанда олар бактериялардан 50 есе кiшi. Жоғарыда айтылғандай вирустарды жарықтық микроскоптың көмегiмен көру мүмiн емес (себебi олардың көлемi жарық толқынының жартылайұзындығынан кiшi) және олар бактерия клеткаларын ұстап қалатын сүзгiштен өтiп кетедi

Үйге тапсырма: §2. 10-беттегі суреттерді салу, сабақты қайталау, жұмыс дәптерін орындау

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Бактериялар дүние тармағы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Бактериялар туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: §2. 10-беттегі суреттерді салу, сабақты қайталау, жұмыс дәптерін орындау

III Жаңа сабақты түсіндіру:

БАКТЕРИЯЛАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Тiрi дүние жүйесiнде бактериялар клеткалылар империясына, Прокариоттар дүние тармағына немесе Бытыраңқылылар (Монера) дүниесiне жатады. Молекулалы-биологиялық зерттеулерге байланысты бактерияларда екi дүние тармағын: Архебактериялар және Эубактериялар (Серавин, 1991) немесе үш дүние тармағын: Архебактериялар, Эубактериялар және Оксифотобактериялар (Мамонов және т.б., 1992) қарастырады.

Бактерияларды микроскопиялық ядросы жоқ организмдердiң тобы ретiнде және ескi оқулықтардағы бактерияны бiр бактериялар дүние деңгейiнде қарастыру, қазiргi кезде ескiрген. Л.Н. Серавиннiң (1991) пiкiрiнше, бактериялар - бұл ерекше клеткаға дейiнгi (прокариотты) бактериоидты деңгейлi құрылысы бар организмдер, оның құрылысы: процитке, процит отарына, полипроциттерге бөлiнедi.

Бактериялар бiздiң планетаның қарапайым организмдерi болып табылады, олар құрылысы және тiршiлiк ету процестерi бойынша әртүрлi болып келедi:

ЦИАНОБАКТЕРИЯЛАР (КӨК-ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР)

2 мың түрге жуық 54 бактериялар тiршiлiк етедi Бұл үш млрд жыл бұрын пайда болған өте көне организмдер. клеткалардың пiшiнi доғалы, цилиндрлi таяқша тәрiздi. Ционобактериялар бiржасушалы болуы мүмкiн немесе көпжасушалы жiпше құрайды клетканың жарғақшасы целлюлоза, нуклеин және пектин заттарынан тұрады. Сыртынан клеткалар тығыз қапшық тәрiздi сiлемеймен қапталған. Барлық прокариоттар сияқты оларда ядро болмайды. Цианобактериялар клеткаларының түсi әр түрлi – көкжасылдан күлгiн қызыл және қараға дейiн Мұндай спектр ерекше пигменттер жинағымен анықталады олар – хлорофилдер, ксантофилдер және фикобилиндер Цианобактериялар жасушаның екiге бөлiну арқылы көбейедi.

Тiршiлiк ету ерекшелiгi фотосинтезбен атмосфералық азотты азотфиксациялау қабiлетi болып табылады. Көне дәуiрде Архей заманында атмосферасы оттегiмен цианобактериялардың фотосинтезi қызметiнiң арасында байыған

АРХЕБАКТЕРИЯЛАР

Архебактериялар (грекше Archaios - көне және бактерия) физиологиялы-биохимиялық қасиеттерi бойынша нағыз бактериялар-эубактериядан ерекше, клетканың құрылысы прокариотты болып келетiн микроорганизмдер тобы. Архебактерияның мембрана липидiнiң құрамы, эубактерияда да, эукариоттарда да кездеспейтiн глицерин мен изопреноидты спирттiң эфирi кiредi. Архебактерия клетка қабықшасы эубактериядағы муреиннен емес, қышқыл полисахаридтен, ақуыз немесе псевдомуреиннен тұрады. РНК-полимеразасы 9-12 субьбiрлiктен тұрады (эубактерияларда 4-8).

Рибосомаларға оған кiретiн ақуыздың күштi қышқылды болуы тән.

Қорытынды: Бактериялар – ядросыз, микроскопиялық бiр клеткалы организмдер (құрылымның прокариоттық типi).Бактериялардың тұқым қуалау материялы (нуклеоид) цитоплазмада орналасқан сақина тәрiздi нуклеин қышқылымен (ДНК) берiлген. Бактериялардың нуклеин қышқылындағы гендердiң саны адам клеткасындағыдан 500 есе аз.

Үйге тапсырма: § 3. 16-бет суреттер салу, сабақты қайталау, жұмыс дәптерін орындау.

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Ауру тудыратын бактериялар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Бактериялар туралы түсінікті тереңдету.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 3 оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Бактериялар адамға екi жағдайда зиянды болуы мүмкiн. Бiрiншiден, егер ерекше шаралар қолданбаса сапрофиттi бактериялар ас азық – түлiктердi бұзады; осыдан азық – түлiктердi сақтаудың көптеген түрлi және экономикалық жағынан пайдасыз тәсiлдерi. Екiншiден, бактериялар аурулардың қоздырғышы болуы мүмкiн: бұл әсiресе жануарларға қатысты. Адамдарда, үй жануарлары да (хайуандар) ауырады, ал кейбiр кездерде егiстiктерде зардап шегедi. Аса тараған бактериалды және вирусты аурулар инфекцияларының таралу тәсiлдерi ұқсас болғандықтан, бұл ауруларды бiрге қарастыру ыңғайлы.

Жануарлардың аса қауiптi ауруларына сальмонеллез жатады. Өсiмдiктердiң бактериалды ауруларынан жемiс өсiмдiктерiнiң галлдары және алма ағашпен алмұрттардың бактериалды күйiгiн тудыратын Agrobacterium tumefaciens және Erwinia amylovorum – мен ауруларды атап кетсе болады.

Инфекцияларды таратушылар

Таратушы – бұл инфекцияны тарататын кез-келген тiрi организм. Ол инфекциялық бастамасын тасымалдаушы немесе резервуар деп аталатын организмнен алады. Мысалы, бүргелер тиф және оба (бубонды оба немесе «қара өлiм») сияқты бактериалды аурулардың тасымалдаушысы, ал олардың резервуарлары егеуқұйрықтар. Құтыру вирусы бiр жануарда сақталып таратылады, мысалы итпен немесе жарғанатпен а) тасымалдаушы мен және б) резервуармен. Бұл жағдайларда денесiнде патогендi микроорганизм көбейе алатын тасымалдаушы екiншi қожайын ретiнде шыға алады. Насекомдар ауру қоздырғыштарын денесiнiң сыртқы жабындарында тасымалдай алады. Мысалы, шыбындар тырысқақ, дизентерия сияқты iшек ауруына шалдыққан адамдардың нәтижесiнде жорғалап және қоректенiп жүрiп мiндеттi түрде бұл аурулардың қоздырғыштарын денi сау адамдар пайдаланатын азық – түлiктерге тасымалдауы мүмкiн.

Инфекциялардың таралу жолдары

Ас қорыту жолдары инфекциялық ауруларға шалдыққанда қоздырушылар нәжiстерге түседi. Осыған байланысты бұл аурудың ең қарапайым үш таралу жолы қарастырылады:

Су арқылы - Тырысқақ, дизентерия сияқты аурулар жұғады. Егер гигиена мен санитарияның ең қарапайым ережелерi үнемi орындалмаса, аурулардың нәжiстерi тiкелей ас суларының көздерiне түседi немесе өзендерде жинақталады. Осындай жолмен бұл аурулар халық арасында жылдам тарайды.

Ас арқылы: Ас азық – түлiктерi таза емес суда жуылса, кiр қолмен ұстаса немесе оған шыбындарды қондырса ластанып ластанған қалады.

Заттар арқылы: Кез – келген заттар тiкелей кiрленудiң немесе дұрыс емес қолданудың нәтижесiнде жуынды – шайындымен ластанады. Осындай заттарды қолдан қолға бергенде, ауру астарлап айтқанда «қолдан ауызға» тасымалданады.

Қорытынды: жануарлардың шағуымен тасымалданатын инфекциялардан тыс, жараларға аурушаң бактериялардың түсуiмен байланысты бiрқатар ауруларды атауға болады. Ең алдымен бұл iрiңдеу және сiреспе сияқты терең жарақаттардың инфекциялары. Екi ауруда әдетте жараға топырақтан түсетiн Clostridium –ның әр түрлерiмен қозады. Көптеген үстiңгi жарақаттар мен күйген жерлер стафилококктармен және стрептококктармен инфекцияланады. Үйге тапсырма: § 4 оқып келу

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Бактериялардың маңызы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Бактериялар туралы түсінікті тереңдету.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 4 оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Микроорганизмдердiң адам үшiн маңызы зор: бiрiншiден, олар биосферада үлкен рөл атқарады және екiншiден, оларды әртүрлi әдiстер арқылы қажеттi мақсатта қолдануға болады.

Адам барған сайын бактерияларды кеңiнен қолдануда. Бұл қазiргi өндiрiстiң қайта қурылуы және биотехнологияның пайда болуының алғы шарттары. Осыған қарамастан, бiз күнделiктi қолданыс заттарының, соның iшiнде қоректi заттар мен энергия көзiнiң алыну әдiсiнiң түбiрiмен өзгертетiнiне сенiмдiмiз. Биотехнологияның өркендеуi көп жағынан генетикамен байланысты. Генетикалық бiлiмнiң жиналуынан, кез-келген организм генiмен, соның нәтижесiнде, айналымға қатысуға еркiн мүмкiндiк алдық. Осылай гендiк инженерия пайда болды.

Биогеохимиялық циклдар (биогендi элементтер айналымы). Азот айналымына келесi бактериялар қатысады:

а) азоттүзушi бактериялар, еркiн тiршiлiк ететiн сапрофиттер, мысалы Azotobacter, немесе симбионттар, мысалы Rhizobium;

б) нитраттаушы бактериялар, органикалық қосылыстарда байланысқан азотты (мысалы, ақуызда) нитратқа, мысалы Mitmsomonos Nitobactor: айналдырады;

в) нитраттайтын бактериялар, мысалы Thiobacillus, яғни нитратты бос азотқа айналдырады.

Ағын суларды тазарту Тазартушы құрылыстардағы бактериялардың рөлi, топырақтағымен бiрдей-ақ. Екеуiнде де, олар органикалық заттарды ыдыратып, оларды еритiн зиянсыз бейорганикалық қосылыстарға айналдырады. Күнделiктi ағын суларды алдын ала арнайы қоймаларда сұйық бөлшек пен құмды тұнбаға бөледi, және содан кейiн оны, аэробты және анаэробты бактерияларды қолдана отырып бiрнеше кезеңмен қайта өңдейдi. Анаэробты бактериялар түзетiн метан, кейде тазартушы құрылыстардың жұмыс iстеушi механизмдерiнде жанармай ретiнде қолданылады.

Тазартудан кейiн, өзенге ағызатын тазартылған сұйықтық алады, және зиянсыз органикалық және бейорганикалық заттар мен микроорганизмдерден тұратын құмды (көбiне бактериялар мен қарапайымдылар), кептiрiп егер арасында ауыр металмен ластанбаса, тыңайтқыш ретiнде қодануға болады.

Симбиотикалық бактериялар Сүтқоректiлер мен басқа жануарлар целлюлозаны қорыта алмайды, себебi целлюлоза ферментi жоқ. Шөппен қоректенушi жануарлардың қорегiнiң негiзгi массасы жасұнық құрайды. Бiрақ олардың iшектерiнде, жасұнықтарды қорытатын симбиотикалық бактериялар мен қарапайымдылар тiршiлiк етедi. Қояндарда ондай бактериялар соқыр iшекте және құрт тәрiздi өсiндiде, ал сиыр мен қойда – месқарында тiршiлiк етедi. Жанама түрде бұл бактериялар адамға да қызмет етедi, себебi адам үй жануарлар етiн қорек ретiнде қолданады.

Адамға тiкелей қатысты, өзiнiң iшегiнде “микрофлорасы” бар. Iшекте көптеген бактериялар тiршiлiк етедi, адамның терiсiнде тiршiлiк ететiн бактериялар патогендi организмдерден қорғайды.

Қорытынды: Көптеген пайдалы органикалық заттар ашу нәтижесiнде пайда болады, және адам оны мыңдағанжылдар бойы қолдануда. Ашу заттары келе-келе қорек пен жанармайдың жаңа көзi ретiнде маңызды болып келуде. Бұл сұрақпен көптеген ғалымдар мен техниктер айналысуда.

Үйге тапсырма: § 5 22-бет. Сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар. Төменгі сатыдағы біржасушалы саңырауқұлақтар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Саңырауқұлақтардың тіршілік ерекшеліктерін сипаттау.

2.Дамытушылық: Саңырауқұлақтардың шарауашылықтағы және табиғаттағы маңызын айқындау.


3. Тәрбиелілігі: Оқушыларға жеке тұлғалық денсаулық сақтауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 5 22-бет. Сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Саңырауқұлақтар – төменгi сатыдағы эукариоттар, тiрi организмдер дүниесi. Саңырауқұлақтардың ерекшелiгi өсiмдiк белгiлерiнiң (қозғалмайтындығы, шексiз өсуi, витаминдердi синтездеу қабiлетi, клетка жарғақшасының болуы), жануарлар белгiлерiнiң (гетеротрофты коректену, клеткалық жарғақшада хитиннiң болуы, гликогеннiң болуы, мочевинаның түзiлуi), сонымен қатар ерекше даму циклi (ядролық фазалардың алмасуы, дикариондардың, гетерокариоздың, парасексуальды процесстiң болуы) болуында.

Микология

Саңырауқұлақтарды зерттеумен, алғашында ботаниканың бiр саласы болған – микология (грекше “микес” – саңырауқұлақ және “логос” – “iлiм”, “ой”) ғылымы айналысады. Микологияның негiзiн салушы деп саңырауқұлақтардың классификациясын жасаған және олардың көбею механизмiн зерттеп сипаттаған немiс биологы Генрих Антон де Баридi (1831 -–1888) атауға болады. Өсiмдiктердiң ауруын қоздыратын саңырауқұлақтарды зерттеуде Бари қыналар саңырауқұлақтар клеткалары мен балдырлардан тұратынын дәлелдеген.

Өсімдікке және жануарға ұқсас белгілері

Өсiмдiктерге қарағанда саңырауқұлақтар күн сәулесi энергиясын пайдалана алмайды және ауадағы көмiрқышқыл газымен коректене алмайды. Тiршiлiк үшiн оларға барлық жануарларға сияқты өсiмдiктер мен жануарлардың түрлi қалдықтары түрiндегi дайын органикалық заттар қажет. Сол себептен саңырауқұлақтардың табиғаттағы рөлi шөптермен ағаштардың рөлiне тiкелей қарама қарсы. Өсiмдiктер көмiрқышқыл газбен минералды заттардан органикалық материяны өндiрсе, саңырауқұлақтар бактериялармен және кейбiр қарапайымдылармен оны ыдыратып планетаның тiршiлiк негiзiн құрайтын керемет айналымға қайтарады. Саңырауқұлақтардың сырттай байқалмайтын қызметiнсiз жерде кепкен жапырақтар мен шiрiген ағаштар және жануарлар қалдықтары жиналып, өлi материя астында бүкiл тiршiлiк құрып кететiн едi.

Саңырауқұлақтарды кез-келген жерден табуға болады. Олар пiсiп-жетiлгенде қызыл шоғырбастары жарылып, олардан жаңа саңырауқұлақтар өсетiн спораларды шашып жiбередi.

Көгергендерден, көптеген бактерияларды жойып жiберетiн пенициллин антибиотигiн өндiредi.

Қорытынды: Саңырауқұлақтар ғаламшарымызда өте ертеде пайда болған тірі ағзалар тобы. Саңырауқұлақтар мөлшері жағынан өте кішкентай тек микроскоппен көретіндері және салмағы бірнеше килограмға жететіндері де бар.

Бекіту сұрақтары:

1. Саңырауқұлақтың өсімдікке тән белгілері қандай?

2. Саңырауқұлақтың жануарға тән белгілері қандай?

3. Саңырауқұлақтар қандай жерлерде тіршілік етеді?

 Үйге тапсырма: § 6 27-бет. Сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Зең саңырауқұлақтар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Саңырауқұлақтар туралы түсінікті тереңдету.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 6 27-бет. Сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Саңырауқұлақтар – бiрклеткалы (микроскопиялық) немесе көпклеткалы, көлемi мен құрылысы жағынан әртүрлi организмдер: гетеротрофтар, аэробтар. Саңырауқұлақтардың әртүрлi кластары, әртүрлi талшықтылар мен амебатәрiздi организмдерден полифелитикалық жолмен пайда болды деген жорамалдар бар.

Вегетативтi дене субстраттың iшiнде немесе сыртында дамитын тарамдалған жiпшелер жүйесiнен тұрады және коректiк заттарды осмос арқылы сiңiру үшiн жанасу ауданы үлкен болып келедi. Саңырауқұлақтар вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолмен көбейедi. Вегетативтi көбею мицелий бөлiмдерi немесе арнайы фрагменттер ашытқылар – бiршiктену арқылы жүредi.

Саңырауқұлақтар дүниесi үш бөлiмнен тұрады: нағыз саңырауқұлақтар – эумикота, оомицеттер және миксомицеттер.

Қазiргi уақытта саңырауқұлақтардың 120 мын түрi белгiлi және ғалымдар жыл сайын жаңа түрлердi ашып, сипаттауда.

Саңырауқұлақтарды зерттеумен, алғашында ботаниканың бiр саласы болған – микология (грекше “микес” – саңырауқұлақ және “логос” – “iлiм”, “ой”) ғылымы айналысады. Микологияның негiзiн салушы деп саңырауқұлақтардың классификациясын жасаған және олардың көбею механизмiн зерттеп сипаттаған немiс биологы Генрих Антон де Баридi (1831 -–1888) атауға болады. Өсiмдiктердiң ауруын қоздыратын саңырауқұлақтарды зерттеуде Бари қыналар саңырауқұлақтар клеткалары мен балдырлардан тұратынын дәлелдеген.

Өсiмдiктерге қарағанда саңырауқұлақтар күн сәулесi энергиясын пайдалана алмайды және ауадағы көмiрқышқыл газымен коректене алмайды. Тiршiлiк үшiн оларға барлық жануарларға сияқты өсiмдiктер мен жануарлардың түрлi қалдықтары түрiндегi дайын органикалық заттар қажет. Сол себептен саңырауқұлақтардың табиғаттағы рөлi шөптермен ағаштардың рөлiне тiкелей қарама қарсы. Өсiмдiктер көмiрқышқыл газбен минералды заттардан органикалық материяны өндiрсе, саңырауқұлақтар бактериялармен және кейбiр қарапайымдылармен оны ыдыратып планетаның тiршiлiк негiзiн құрайтын керемет айналымға қайтарады. Саңырауқұлақтардың сырттай байқалмайтын қызметiнсiз жерде кепкен жапырақтар мен шiрiген ағаштар және жануарлар қалдықтары жиналып, өлi материя астында бүкiл тiршiлiк құрып кететiн едi.


Қорытынды: Саңырауқұлақтарды кез-келген жерден табуға болады. Олар пiсiп-жетiлгенде қызыл шоғырбастары жарылып, олардан жаңа саңырауқұлақтар өсетiн спораларды шашып жiбередi.

Көгергендерден, көптеген бактерияларды жойып жiберетiн пенициллин антибиотигiн өндiредi.


Үйге тапсырма: § 7 сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Саңырауқұлақтар туралы түсінікті тереңдету.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 7 сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Саңырауқұлақтар – жұмбақ жаратылыстар. Жәй түлкi жем немесе әдемi ақ саңырауқұлақта не ғажап болуы мүмкiн. Оларды жинайды, кептiредi, куырып тұздайды. Бұл кәсiппен адамдар көне замандардан-ақ айналысқан. Мүмкiн оларды сол заманның өзiнде саңырауқұлақтардың санаулы күндерде және сағаттарда былай қарағанда ештемеден шығу қабiлетi таңдандырған шығар. Толығымен бiлмегендiктен құдай саңырауқұлақтардың жемiстiсiн – сыйға, улысын – жазаға жiбергенiне сену оңай.

Кейбiр саңырауқұлақтарда, мысалы қарапайым шыбын жұттарда наркотикалық әсер туғызатын заттектер болады. Олардан адам қатты құштарланады және галлюцинацияларға ұшырайды. Бұл қасиеттер алты мың жыл бұрын белгiлi болған. Сондықтан Қытай, Алдыңғы Азия, Үндiстан, Мексика және Қиыр Шығыс тұрғындарының рәсiмдерiне саңырауқұлақ тұнбаларын пайдалану кездейсоқтық емес.

Иран мифологиясында қасиеттелген iшiмдiк хаома (авестадан. “hav” – сығу) маңызды рөл атқарған. Тура солай Хаома деп осы iшiмдiкке арналған құдайды және оны жасайтын өсiмдiктi атаған. Бiр гипотеза бойынша галлюцинация шақыратын және уақытша күш арттыратын iшiмдiктi сүт қосылған шыбын жұт саңырауқұлақтарынан жасаған. Хаоманы дайындау мен iшу сенушiлерге мәңгiлiктi нышандайтын қасиеттi iс болған.

Көне Қытайда мәңгiлiк өмiр мен әулиелiктi (ең жоғарғы күй қалып – “сянь”) сыйлайтын Чжи саңырауқұлағы, сиқырлы болып саналған, әсiресе мыңжылдық ағаштарда немесе олардың түбiнде өссе.Саңырауқұлақтарды зерттеумен, алғашында ботаниканың бiр саласы болған – микология (грекше “микес” – саңырауқұлақ және “логос” – “iлiм”, “ой”) ғылымы айналысады. Микологияның негiзiн салушы деп саңырауқұлақтардың классификациясын жасаған және олардың көбею механизмiн зерттеп сипаттаған немiс биологы Генрих Антон де Баридi (1831 -–1888) атауға болады. Өсiмдiктердiң ауруын қоздыратын саңырауқұлақтарды зерттеуде Бари қыналар саңырауқұлақтар клеткалары мен балдырлардан тұратынын дәлелдеген.

Қорытынды: Өсiмдiктерге қарағанда саңырауқұлақтар күн сәулесiнiң энергиясын пайдалана алмайды және ауадағы көмiрқышқыл газымен коректене алмайды. Тiршiлiк үшiн оларға барлық жануарларға сияқты өсiмдiктер мен жануарлардың түрлi қалдықтары түрiндегi дайын органикалық заттар қажет. Сол себептен саңырауқұлақтардың табиғаттағы рөлi шөптермен ағаштардың рөлiне тiкелей қарама қарсы. Өсiмдiктер көмiрқышқыл газбен минералды заттардан органикалық материяны өндiрсе, саңырауқұлақтар бактериялармен және кейбiр қарапайымдылармен оны ыдыратып планетаның тiршiлiк негiзiн құрайтын керемет айналымға қайтарады. Саңырауқұлақтардың сырттай байқалматын қызметiнсiз жерде кепкен жапырақтар мен шiрiген ағаштар және жануарлар қалдықтары жиналып, өлi материя астында бүкiл тiршiлiк құрып кететiн едi.

Үйге тапсырма: § 8 33-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Саңырауқұлақтар туралы түсінікті тереңдету.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 8 33-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

III Жаңа сабақты түсіндіру:


Саңырауқұлақтарды кез-келген жерден табуға болады. Олар пiсiп-жетiлгенде қызыл шоғырбастары жарылып, олардан жаңа саңырауқұлақтар өсетiн спораларды шашып жiбередi.

Көгергендерден, көптеген бактерияларды жойып жiберетiн пенициллин антибиотигiн өндiредi.

Саңырауқұлақтарда, мысалы қарапайым шыбын жұттарда наркотикалық әсер туғызатын заттектер болады. Олардан адам қатты құштарланады және галлюцинацияларға ұшырайды. Бұл қасиеттер алты мың жыл бұрын белгiлi болған. Сондықтан Қытай, Алдыңғы Азия, Үндiстан, Мексика және Қиыр Шығыс тұрғындарының рәсiмдерiне саңырауқұлақ тұнбаларын пайдалану кездейсоқтық емес.

Саңырауқұлақтар күн сәулесiнiң энергиясын пайдалана алмайды және ауадағы көмiрқышқыл газымен коректене алмайды. Тiршiлiк үшiн оларға барлық жануарларға сияқты өсiмдiктер мен жануарлардың түрлi қалдықтары түрiндегi дайын органикалық заттар қажет. Сол себептен саңырауқұлақтардың табиғаттағы рөлi шөптермен ағаштардың рөлiне тiкелей қарама қарсы. Өсiмдiктер көмiрқышқыл газбен минералды заттардан органикалық материяны өндiрсе, саңырауқұлақтар бактериялармен және кейбiр қарапайымдылармен оны ыдыратып планетаның тiршiлiк негiзiн құрайтын керемет айналымға қайтарады. Саңырауқұлақтардың сырттай байқалматын қызметiнсiз жерде кепкен жапырақтар мен шiрiген ағаштар және жануарлар қалдықтары жиналып, өлi материя астында бүкiл тiршiлiк құрып кететiн едi.

Қорытынды: саңырауқұлақтар күн сәулесiнiң энергиясын пайдалана алмайды және ауадағы көмiрқышқыл газымен коректене алмайды. Тiршiлiк үшiн оларға барлық жануарларға сияқты өсiмдiктер мен жануарлардың түрлi қалдықтары түрiндегi дайын органикалық заттар қажет. Сол себептен саңырауқұлақтардың табиғаттағы рөлi шөптермен ағаштардың рөлiне тiкелей қарама қарсы. Өсiмдiктер көмiрқышқыл газбен минералды заттардан органикалық материяны өндiрсе, саңырауқұлақтар бактериялармен және кейбiр қарапайымдылармен оны ыдыратып планетаның тiршiлiк негiзiн құрайтын керемет айналымға қайтарады. Саңырауқұлақтардың сырттай байқалматын қызметiнсiз жерде кепкен жапырақтар мен шiрiген ағаштар және жануарлар қалдықтары жиналып, өлi материя астында бүкiл тiршiлiк құрып кететiн едi.


Үйге тапсырма: § 9 37-бет кестені толтыру, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.


Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Паразит саңырауқұлақтар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Саңырауқұлақтар туралы түсінікті тереңдету.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 9 37-бет кестені толтыру, сабақты оқып келу..

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Паразит саңырауқұлақтар тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді. Саңырауқұлақтар – бiрклеткалы (микроскопиялық) немесе көпклеткалы, көлемi мен құрылысы жағынан әртүрлi организмдер: гетеротрофтар, аэробтар. Саңырауқұлақтардың әртүрлi кластары, әртүрлi талшықтылар мен амебатәрiздi организмдерден полифелитикалық жолмен пайда болды деген жорамалдар бар. Вегетативтi дене субстраттың iшiнде немесе сыртында дамитын тарамдалған жiпшелер жүйесiнен тұрады және коректiк заттарды осмос арқылы сiңiру үшiн жанасу ауданы үлкен болып келедi. Саңырауқұлақтар вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолмен көбейедi. Вегетативтi көбею мицелий бөлiмдерi немесе арнайы фрагменттер ашытқылар – бiршiктену арқылы жүредi.

Егістікті аралап жүргенде бидай масағынан сәлиіліп келген қара түсті қастауышты көруге болады. Өсiмдiктерге қарағанда саңырауқұлақтар күн сәулесi энергиясын пайдалана алмайды және ауадағы көмiрқышқыл газымен коректене алмайды. Тiршiлiк үшiн оларға барлық жануарларға сияқты өсiмдiктер мен жануарлардың түрлi қалдықтары түрiндегi дайын органикалық заттар қажет. Сол себептен саңырауқұлақтардың табиғаттағы рөлi шөптермен ағаштардың рөлiне тiкелей қарама қарсы. Өсiмдiктер көмiрқышқыл газбен минералды заттардан органикалық материяны өндiрсе, саңырауқұлақтар бактериялармен және кейбiр қарапайымдылармен оны ыдыратып планетаның тiршiлiк негiзiн құрайтын керемет айналымға қайтарады. Саңырауқұлақтардың сырттай байқалмайтын қызметiнсiз жерде кепкен жапырақтар мен шiрiген ағаштар және жануарлар қалдықтары жиналып, өлi материя астында бүкiл тiршiлiк құрып кететiн едi

Ағаштардың сабағында өсетін пішіні малдың тұяғына ұқсас саңырауқұлақ діңқұлақ деп аталады. Саңырауқұлақтар – жұмбақ жаратылыстар. Жәй түлкi жем немесе әдемi ақ саңырауқұлақта не ғажап болуы мүмкiн. Оларды жинайды, кептiредi, куырып тұздайды. Бұл кәсiппен адамдар көне замандардан-ақ айналысқан. Мүмкiн оларды сол заманның өзiнде саңырауқұлақтардың санаулы күндерде және сағаттарда былай қарағанда ештемеден шығу қабiлетi таңдандырған шығар. Толығымен бiлмегендiктен құдай саңырауқұлақтардың жемiстiсiн – сыйға, улысын – жазаға жiбергенiне сену оңай.

Қорытынды: Тiршiлiк үшiн оларға барлық жануарларға сияқты өсiмдiктер мен жануарлардың түрлi қалдықтары түрiндегi дайын органикалық заттар қажет. Сол себептен саңырауқұлақтардың табиғаттағы рөлi шөптермен ағаштардың рөлiне тiкелей қарама қарсы. Өсiмдiктер көмiрқышқыл газбен минералды заттардан органикалық материяны өндiрсе, саңырауқұлақтар бактериялармен және кейбiр қарапайымдылармен оны ыдыратып планетаның тiршiлiк негiзiн құрайтын керемет айналымға қайтарады. Саңырауқұлақтардың сырттай байқалматын қызметiнсiз жерде кепкен жапырақтар мен шiрiген ағаштар және жануарлар қалдықтары жиналып, өлi материя астында бүкiл тiршiлiк құрып кететiн едi.

Үйге тапсырма: § 10 сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Қына ерекше тірі ағза.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Қына туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 11 сабақты оқып келу.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Қыналардың iшкi құрылысы.

Қыналардың iшкi құрылысы ерекше. Оның денесi –қабаттама. Ол бiр-бiрiмен тығыз байланысып бiр ағзаны беретiн балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады. Қынаның кесiндiсiн микроскоп арқылы қарасақ, саңырауқұлақ жiпшелерiне ұқсас бiр-бiрмен шырматылған түссiз жiпшелер көремiз. Осы шырматылған жiпше арасынан ақшыл жасыл түстi дөңгелек тәрiздi хлорелла балдырының жасушаларына ұқсас жасушалар көремiз. Бұл жасушалар тығыздалып, қатарға орналасқан. Ұзақ уақыт бойы қыналардың жалаңаш таста қалай тiршiлiк етiп, қалай қоректенетiнi белгiсiз болды. 1867 жылы қыналардың осы құпясын орыс ғалымдары ашты. Олар, қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бiрiгiп тiршiлiк етуiнен құралған, деген қорытындыға келдi. Осы құбылыс ғылымда бiрлесiп тiршiлiк ету немесе симбиоз деп аталады.

Қыналардың осындай құрылысы оларға басқа өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайтын аса қолайсыз жағдайларда тiршiлiк етуге мүмкiндiк бередi.

Саңырауқұлақ жiпшелерi су, минералдық тұздар мен органикалық заттарды ауадан бiрге түскен тозаңмен қоса сiңiредi. Балдырлар жасушалары көмiрқышқыл газын сiңiрiп крахмал мен қант жинайды (қорға) . Саңырауқұлақтың жiпшелерi балдырлардың бiраз бөлiгiн сiңiредi. Қынадағы саңырауқұлақ балдырдың паразитi. Ал балдыр су мен минералдық тұздарды саңырауқұлақ жiпшесiнен алып сiңiредi.

Қыналар өте шыдамды, қатты аяздар мен 600 С – дейiнгi ыстыққа төзедi. Олар барлық жерде таралған, мұзды мұхит жағалауынан Африка шөлдерiне дейiн. Құрғақ ауада олар кеуiп кетедi де ылғалды ауада тiрiледi. Жаңбардан соң, тiптi бұлыңғыр ауа-райында жұмсарып, жасылданып-саңырауқұлақ жiпшелерi арасынан балдырдың жасушасының жасылы байқалады. Қыналар ылғалды бiрнеше секундта сiңiрiп, күн көзiнде сағат бойы кебедi. Олар ылғалды кезiнде өседi. Өсуi аса баяу, жылына 3-5 мм. Сонымен 10 см бiр түп бұғы мүгi 30 жыл өседi. Қыналар күн көзiнде ашық түстi болып келедi.

Қыналардың көбеюi.

Қыналардың симбиоздық ағзалар ретiнде өте ертеде шыққандығына күмән келтiруге болмайды. Қыналардың құрамына кiретiн көпшiлiк балдырлар мен саңырауқұлақтар табиғатта өз бетiнше жеке кездеспейдi. Көптеген миллион жылдар iшiнде қыналарда өздерiнiң көбею жолдары пайда болған. Мысалы, олар саңырауқұлақ жiпшелерiмен шырмалған балдырдың бiр-екi жасушасынан тұратын бөлшекпен көбейедi. Осындай бөлшектер қыналар қабаттамалары iшiнде көптеп түзiледi. Олардың көбейiп өсуiнен қына деңесi жарылып бұл бөлшектер желмен таралып кетедi. Қыналар қабаттамаларының бiр сынған бөлiгiмен де көбейе алады.

Қорытынды: Қыналардың өте көне тарихы бар: олар Жерде жүз миллион жылдар бұрын пайда болған. Көбiнесе қыналар, ешқандай өсiмдiктер өспеген жерлерге бiрiншi болып мекен етедi. Осындай қунарсыз жерлердi мекендеген қыналар-пионер (алғашқы , алдыңғы) деп аталады. Қыналар өлген соң осы жерлердегi олардың шiрiндiлерiне басқа өсiмдiктер өсе алады.

Үйге тапсырма: § 12 45-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.


Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: І бөлімді қайталау сабағы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Төменгі сатыдағы өсімдіктер туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 12 45-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

ВИРУСТАР

Вирустар – клеткасыз организмдер. Олар негiзiн құрайтын ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған белокты капсидтен тұрады. Вирустар бактериялардан миллион есе кiшi және оны 40000 есе үлкейтетiн электрондық микроскоп арқылы көруге болады.

Көптеген зерттеушiлер, вирустарды тiрi организмдер емес, олар тек күрделi құрылысты химиялық заттар деп есептейдi. Бiрақ вирустың ДНҚ молекулалары өзiн-өзi өндiре алады, бұл қасиет ДНҚ тән, сондықтан вирустық РНҚ генетикалық информацияның көзi және РНҚ өзi бола алады. Зақымданған клеткада вирустың нуклеин қышқылдарының бағдарламасы бойынша, иесiнiң рибосомаларында спецификалық вирусты ақуыздар синтезделедi және нуклеин қышқылдарынан жаңа вирустың бөлiмдерi түзiледi.

БАКТЕРИЯЛАР

Тiрi дүние жүйесiнде бактериялар клеткалылар империясына, Прокариоттар дүние тармағына немесе Бытыраңқылылар (Монера) дүниесiне жатады. Молекулалы-биологиялық зерттеулерге байланысты бактерияларда екi дүние тармағын: Архебактериялар және Эубактериялар (Серавин, 1991) немесе үш дүние тармағын: Архебактериялар, Эубактериялар және Оксифотобактериялар (Мамонов және т.б., 1992) қарастырады.

Бактерияларды микроскопиялық ядросы жоқ организмдердiң тобы ретiнде және ескi оқулықтардағы бактерияны бiр бактериялар дүние деңгейiнде қарастыру, қазiргi кезде ескiрген. Л.Н. Серавиннiң (1991) пiкiрiнше, бактериялар - бұл ерекше клеткаға дейiнгi (прокариотты) бактериоидты деңгейлi құрылысы бар организмдер, оның құрылысы: процитке, процит отарына, полипроциттерге бөлiнедi.

Қыналар

Қыналардың iшкi құрылысы ерекше. Оның денесi –қабаттама. Ол бiр-бiрiмен тығыз байланысып бiр ағзаны беретiн балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады. Қынаның кесiндiсiн микроскоп арқылы қарасақ, саңырауқұлақ жiпшелерiне ұқсас бiр-бiрмен шырматылған түссiз жiпшелер көремiз. Осы шырматылған жiпше арасынан ақшыл жасыл түстi дөңгелек тәрiздi хлорелла балдырының жасушаларына ұқсас жасушалар көремiз. Бұл жасушалар тығыздалып, қатарға орналасқан. Ұзақ уақыт бойы қыналардың жалаңаш таста қалай тiршiлiк етiп, қалай қоректенетiнi белгiсiз болды. 1867 жылы қыналардың осы құпясын орыс ғалымдары ашты. Олар, қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бiрiгiп тiршiлiк етуiнен құралған, деген қорытындыға келдi. Осы құбылыс ғылымда бiрлесiп тiршiлiк ету немесе симбиоз деп аталады.

Қорытынды: Микроорганизмдер бiздiң планетаның қарапайым организмдерi болып табылады, олар құрылысы және тiршiлiк ету процестерi бойынша әртүрлi болып келедi:

Үйге тапсырма: І бөлімді қайталау, жұмыс дәптерін орындау.


Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер дүниесімен танысу.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Өсімдіктер туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: І бөлімді қайталау, жұмыс дәптерін орындау.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Құрлық жер шары бетiнiң 30 % жуығын алып жатыр, қалған бөлiгi теңiздер мен мұхиттар.

Өзен, көл және теңiз суларында өсiмдiктер көптеп кездеседi. Ұсақ жасыл өсiмдiктер суда қалқып жүредi, кейбiр тұтасып өскендерi су түбiн жауып жатыр, осы өсiмдiктердiң көпшiлiгi балдырлар деп аталады, олар кәдiмгi гүлдi өсiмдiктерден ерекше. Балдырлар негiзiнен су өсiмдiктерi , дегенмен кейбiреулерi жер бетiнде кездеседi : топырақта, ағаш дiңiнде т.б.

Альгология (немесе фикология) балдырлар жөнiндегi ғылым. Бүкiл жер бетiне таралған олар, фотоавтотрофты ағзалар ретiнде табиғат тiршiлiгiнде орасан зор рол атқарады. Суда олар органикалық заттар жасаушы (түзушi) ретiнде болғандықтан – қорек тiзбегiнiң алғашқы буыны. Келесi бiр үлкен маңызы балдырлар судағы жануарлар мен өсiмдiктер үшiн фотосинтез кезiнде суға оттегiн бөледi. Оларда көбiнесе хлорофилден басқа да пигменттер болады. Сондықтан олар сарғыш, қоңыр, қызыл түстi де болады. Әрине, жасыл балдырлар да көп.

Үлкен су қоймалары түбiнде өсетiн балдырлар – жасыл түстi жiңiшке жiп тәрiздi. Балдырлардың тамыры болмайды, сондықтан олар су түбiне кiшкене өсiндiлерi – ризоидтары арқылы бекiнедi. Олардың өткiзгiш түтiктерi бар сабақтары , жапырақтары, гүлдерi , жемiстерi мен тұқымдары болмайды. Мықты сүрегi, тiн талшықтары жоқ балдырларды су демеп ұстап тұрады. Судың қозғалысы мен балдырлар тербелiп тұрады.

Қазір жер бетінде 500 мыңдай Қазақстанда 5600 дей өсімдік түрі бар, олар туыстық белгілеріне қарай топтастырылып жүйеленген.

Қорытынды: Өсімдіктердің барлығына тән ортақ белгілері болады. Басқа тірі ағзалар тәрізді зат алмасу, қоректену, тыныс алу, көбею, тітіркену үдерістеріне қатысады. Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді.


Үйге тапсырма: § 13 48-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.



Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Біржасушалы балдырлар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Балдырлар туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 13 48-бет сурет салу, сабақты оқып келу.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Бiр жасушалы жасыл балдырларға хламидомонада, хлорелла, хлорококка, жасыл эвглена, вольвокстар жатады. Осылардың iшiнен кең таралғаны –хламидомонада. Ол кiшi iирiм суларда, тоғандарда кездеседi. Кейде, дымқыл жол бетiңдегi иiрiм сулар, тоған сулары ақшыл –жасыл түске боялады. Осындайды «гүлдеген« су деп атайды. Сулардың осылай «гүлдеуi« хламидомонаданың көптеп шоғырлануынан су жасыл түстi болып көрiнедi.

Хломидомонада жасушасы сопақша немесе алмұрт пiшiндi болып келедi. . Оның денесiнiң алдыңғы созылған ұшында денесiн қозғалысқа келтiретiн екi талшығы болады. Бұл жануарлар ағзаларына тән туыстық белгi. Жасушасы сыртынан целлюлозалы қабықшамен қапталған, iшiнде цитоплазма, ядро және iрi тостаған тәрiздi хроматофоры бар.

Жасушаның алдыңғы бөлiмiнде екi жырылғыш вакуоль және жарық сезгiш көзше орналасқан. Жарық сезгiш көзше түскен жарықты қабылдап, хламидомонада сол жерге қарай талшығының көлiгiмен қозғалып барады. Жиырылғыш вакуоль артық суды бөлiп шығарады.

Хламидомонада тек қана фотосинтез кезiнде пайда болған органикалық заттармен қоректенбейдi, дайын органикалық заттарды бүкiл денесiмен сiңiрiп те қоректенедi. Суда ерiген оттегiмен тыныс алады

Көбеюi екi жолмен жүредi – жыныстық және жыныссыз. Жаз айларында қолайлы жағдайлар туғанда жыныссыз көбейедi. Бұл үрдiс көбiнесе түнде жүредi, хламидомонада тоқтап талшығын тастайды (жоғалтады), бөлiнiп 2,4 кейде 8 ұсақ жасушаларға (хламидомонадаларға) айналады. Оларды зооспаралар деп атайды. Зооспоралардың талшықтары болғандықтан өз беттерiмен қозғала алады. Сонымен хламидомонаданың жыныссыз көбеюi споралары арқылы жүредi. Споралар аналық жасушаның қабықшасы жарылғаннан кейiн кiшкене хламидомонада түрiнде суға жүрiп шығады. Суда бiраз жүзiп жүрiп аналық жасушаға дейiн үлкейiп өскен соң жыныссыз көбеюге кiрiседi.

Жынысты көбею күннiң суытып, иiрiм сулардың кеуiп кетуi сияқты қолайсыз кезең басталғанда жүредi. Аналық жасушада 2 талшықты гаметалар түзiледi.

Олар аналық жасушаның қабықшасынан шығып басқа хламидомонаданың гаметаларымен жұптасып қосылады. Осының нәтижесiнде тығыз қабықпен қапталған зигота түзедi. Қолайлы жағдай туғанда зигота бөлiнiп одан 4 хламидомонада түзiледi.

Хлорелла (Chlorella) – бiр жасушалы көзге көрiнбейтiн ұсақ жасыл балдыр..

Егер бiр тамшы жасылсуды микроскоппен қарасақ көптеген түссiз шар тәрiздi денелердi көруге болады. Олардың iштерiнде жасыл хроматофоры да көрiнедi.

Бұл хлорелла өсiмдiгi. Хлорелла тек суда ғана кездеспейдi. Жаңбыр жауғаннан соң, немесе тұман түскен кезде ағаштардың дiңiнiң жасыл түспен тұтылғанын байқауға болады. Осындай құбылысты ылғал топырақ бетiнен де көруге болады.

Қорытынды: Хлореллада фотосинтез аса қарқынды жүредi. Сондықтан ол көп мөлшерде оттегiн бөлiп, мол органикалық зат бередi. Көбеюi тек қана жыныссыз жолмен жүредi. Күн сәулесi түсiп тұрған суда қарқынды көбейедi. Жасушасы 4,8,16-бөлiкке бөлiнiп кiшкене шарлар –споралар пайда болады.

Үйге тапсырма: § 14 52-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Көпжасушалы жасыл балдырлар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Балдырлар туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 14 52-бет сурет салу, сабақты оқып келу

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Бiр жасушалыдан басқа суда көп жасушалы балдырлар да көп. Осы балдырлар iшiнде ұйысқан тұтас жiп тәрiздi балдыр улотрикс бар.

Улотрикс ағыны қатты сулардың беткi қабатында кездеседi. Оның өсiндiсi тұтасқан шым тәрiздi болады. Олар сумен тербелiп жиектерде , жарларда және су астындағы тастарда бекiнедi. Улотрикстiң жақсы тiршiлiк етуi үшiн үнемi ауа ағыны қажет , сондықтан балдыр жағаға жақын өседi.

Улотрикс қысқа цилиндр тәрiздi жасушалардан тұрады. Ол жасушалар бiр қатарда тiзiлiп орналасып жiпше түзедi.

Талломның барлық жасушалары бiрдей құрылысты. Ризоиды түссiз ұзын болып созылған жасуша. Су түбiндегi тасқа осы ризоидтарымен бекiнедi. Жасуша қабықшасы целлюлозадан тұрады. Улотрикстiң ересек жасушаларында ядросы, хроматоффорасы бар цитоплазма жасуша қабырғаларына қарай орналасқан. Жасушасында хроматофоры бiреу.

Аса көп таралған көп жасушалы балдырлардың бiрi – спирогира (Spirogyra). Кез келген тоғанда, немесе өзек тоқтауларында кездесетiн жасыл үстi қолға ұстағанда тайғақ тәрiздi болатын салындыны кездестiруге болады. Осындай салындының көпшiлiгi спирогира жiпшелерiнiң жиынтығы, олар суда еркiн жүзiп жүредi. Жiпшелерi шырышты қапшықпен жабылған.

Спирогира – жiп тәрiздi көп жасушалы балдыр. Жiпшесiндегi жасушалары бiр қатарға орналасқан. Көпшiлiк жасушалары бөлiнедi, соның арқасында жасушалар саны артады. Спирогира жасушалары (клетчатка) жасунықты қабықшамен қапталған. Цитоплазмасы жасуша қабықшасына ығыстырылған жасуша ортасында ядрошығы бар iрi ядро орналасқан. Жасуша iшi үлкен бiр вакуольмен толы. Бiр немесе бiрнеше таспа тәрiздi хроматофоры жасыл түстi болып келедi.

Тұщы суларда кездесетiн көпшiлiк балдырлардың бiрi кладофора (Cladophora) Кладофора теңiздерде де жиi кездеседi. Спирогира сияқты кладофора да жiп тәрiздi балдыр, бiрақ оның құрылымы күрделi болып келедi. Көпшiлiк жағдайда кладофора жiпшелерi тармақталып су түбiне бекiнiп тұрады, әсiресе жас өсiмдiктерi. Үлкейген өсiмдiктер суда жүзiп жүредi.

Хроматофорлары iрi тор тәрiздi болып келедi. Осы балдырдың бiр қызықты ерекшелiгi әрбiр жасушасы көп ядролы. Бұндай ерекшелiк жоғары сатыдағы өсiмдiктерде ешқашан болмайды.

Қорытынды: Жасыл балдырлар әртүрлi құрлықтағы су қоймаларында кең таралған, сондықтан тiрi күйiнде оларды зерттеу қолайлы. Жасыл балдырлар бiр жасушалы, көп жасушылы және колониялы болады. Көп жасушалы балдырлардың денесi сабақ, жапырақ болып бөлiнбегендiктен таллом деп аталады. Жасуша қабықшасы целлюлозалы (жасунықты). Хлорофилi бар пластидтер хроматофор деп аталады. (Гректiң «хромос» – бояу, «форос» -тасыушы деген сөздерiнен). Хроматофорларда крахмал жинақталады. Хроматофорлар әртүрлi формалы. Кейде iрi бiр-бiрден немесе бiрнешеу , кейбiреулерiнде – ұсақ, дән тәрiздi, өте көп. Балдырдың түр-түсi хлорофилден басқа каротин және ксантофиллдерге де байланысты.


Үйге тапсырма: § 15 57-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.


Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Теңіз балдырлары.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Балдырлар туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 15 57-бет сурет салу, сабақты оқып келу

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Теңiздер мен мұхиттар балдырлары әртүрлiлiгiмен сипатталады. Олардың көпшiлiгi аса iрi, бiрақ жағалаудағыы таяз жерлерге, әсiресе 30-50 м тереңдiкте тiршiлiк етуге бейiмделген. Осындай балдырлардың жағалаулардағы көптiгi сонша, тiптi су асты ормандары деп атауға болады.

Дүние жүзiлiк мұхит су өсiмдiктерiнiң қызықты өкiлдерiне толы. Жаңа Зеландия және Отты Жер мен көршiлес оңтүстiк елдiктiң теңiздерi iрi, алып балдырларымен аты шыққан аймақтар.

Оңтүстiк жартышар теңiздерiнде ең iрi балдыр алмұртты макроцистис кездеседi. Оның жалпы ұзындығы 150 деп 300 м дейiн және одан асады. Макроцистис дегенiмiз «iрiжасушалы« дегендi бередi. Шынында осы балдырдың жасушалары iрi болып келедi, басқа өсiмдiктермен салыстырғанда тiптi алып жасушалар.

Алмұртты макроцистистiң ешқандай да алмұрты жоқ, бiрақ оның алмұрт тәрiздi көптеген томпақтары бар. Осы томпақтардың iштерi қуыс, сыртқы тығыз қабығы оған су өткiзбейдi, сондықтан бұл балдырлар жүзiп, қалқып жүре алады.

Ламинариялар теңiз капустасы деген атпен белгiлi, олар адамдарға үлкен пайда келтiредi. Азия, Еуропа және Американың көптеген елдерiнде ламинарияларды тамаққа, малға азыққа, өндiстiк өңдеуге пайдаланылады. Олардан альгинат, маннат, ламинарин сияқты құнды препараттар алынады. Әсiресе Қытай мен Жапонияда ламинарияны өте ертеден және кеңiнен пайдаланылады. Олардан көкөнiстiк уылдырық, салаттар, консервлер тiптi кәмпиттер жасайды.

Теңiздер мен мұхиттарда әртүрлi қызыл балдырлар немесе багрянкалар көптеп кездеседi. Олар солтүстiк теңiздерде де мекен дейдi, бiрақ негiзгi мекенi оңтүстiк жылы аймақтар.

Багрянкалар өз көлемдерi бойынша еш уақытта қоңыр балдырға жете алмайды және теңiз толқындары таралмайтын терең жерлерде өседi.

Багрянкалардың денелерi өте нәзiк, осал. Олардың түстерi алуан түрлi, ашық қызылдан тiптi қараға дейiн болады. Осы түстерiнiң әртүрлiлiгi олардың кескiнiмен бiрiгiп су асты патшылығының әсемдiгiн бередi. Өйткенi багрянкалар кейде жiп тәрiздiлерi, кейде жапырақ тәрiздi қабаттама, кейде мүк топтамасындай, ал кейде нәзiк тарамдалған ергежейлi ағаштай болады.

Қоңыр балдырлар (PHAEOPHYTA) негiзiнен теңiз өсiмдiктерi. Олар теңiзде орман және шалғын сияқты ну болып өседi. Бұл балдырлар көпжасушалы, денесi шырышпен қапталған. Көпшiлiк қоңыр балдырлар аса iрi болып бiрнеше метрге тiптi ондаған метр ұзындыққа жетедi.

Қорытынды: Балдырлардың адам үшiн практикалық маңызы зор. Мысалы Солтүстiк теңiздегi мекендейтiн балдырлардың бiрi – хондрус. Оны құрғатылған күйiнде тыныс жолдары ауруларын емдеуде дәрi ретiнде пайдаланады. Басқа багрянкалардан таза микроорганизмдер культурасын алу үшiн дүние жүзiнiң барлық зертханаларында пайдаланылатын агар-агар өңдiредi. Осы агар-агар тамақ өндiрiсiнде, және кинофотопленка жасауда да аса қажеттi шикiзат болып табылады. Кондитерлер, нан пiсiрушiлер агар-агарды аздап қамырға қосады, сонда әртүрлi бәлiштер (пирожный), бисквиттер мен нандар ұзақ уақыт қатпай сақталады.


Үйге тапсырма: § 16 60-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.


Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Мүктәріздес өсімдіктер туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 16 60-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.

Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды «Бриология» дейдi.

Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер.

Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым, түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. «Ризоид» - бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.

Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.

Мүктердiң аса кең тараған екi өкiлiн қарастырамыз. Олар: жасыл мүк - көкек зығыры мен шымтезек мүгi.

Жасыл мүк - көкек зығыры (кукушкин лен – Polytrichum commune)

Жалпы сипатамасы. Көкек зығыры топырақтың бетiн кiлемдей тұтасып жауып жататындықтан, басқа мүктердi оңай ығыстырады. Бойына ылғалды көп сiңiредi. Бұл орманның батпаққа айналуына себепшi болады. Көк зығыры екi үйiлi өсiмдiк (6 – сыныпты еске түсiрiңдер). Аталық өсiмдiк көп жылдық, ал аналық өсiмдiк бiр жылдық болады. Көк зығырының биiктiгi 40 см шамасында болады. Сабағы бұтақтанбайды, оның сыртын қалың, майда жапырақтар жауып тұрады. Сабағының құрылысы өте қарапайым. Сабақтың қабықшасының астында тiрек ұлпасы орналасады. Сабақтың ортасында қарапайым өткiзгiш шоқ орналасады. Жасыл мүк топыраққа ризоидтары арқылы бекiнедi.

Қорытынды: Мүк тәрiздiлер жынысты және жыныссыз жолдармен көбейедi. Жынысты көбеюi былайша жүзеге асады. Аталық өсiмдiктiң жоғарғы ұшында аталық жыныс клеткалары болады. Аналық өсiмдiктiң сабағының жоғарғы ұшында аналық жыныс клеткалары жетiледi. Осы жыныс клеткаларының қосылу нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады


Үйге тапсырма: § 17. 66-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау


Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Шымтезек мүгі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Мүктәріздес өсімдіктер туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 17. 66-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Жалпы сипаттамасы. Шымтезек мүгi (сфагнум - Sphagnum) ылғалды, батпақты жерлерде, әсiресе солтүстiк ендiктерде кездеседi (15-сурет).

Шымтезек мүгi – сабағы жиi бұтақталған көпжылдық өсiмдiк. Көкек зығырынан және басқа да мүктерден айырмашылығы – оның ризоиды болмайды. Су мен онда ерiген минералды тұздарды сабақ арқылы сiңiредi. Сабағында ақшылдау-жасыл түстi жапырақтары бар. Шымтезек мүгiнiң жапырағының клеткалары екi түрлi болады: 1) ұзын, жiңiшке, хлорофилл дәндерi бар жасыл түстi тiрi клеткалар; 2) iшiнде цитоплазмасы жоқ өлi клеткалар. Жасыл клеткаларда фотосинтез процесi жүредi және олар арқылы жапырақтан сабаққа органикалық заттар өтедi. Екiншi өлi, түссiз клеткалар сәл iрiлеу келедi, оларда көп мөлшерде су жиналады. Бұл клеткалардың қабықшалары ғана сақталған.

Осындай түссiз өлi клеткалар сабақтардың да сыртын жауып тұрады. Олар суды топырақтан, оңай сiңiредi және ұзақ уақыт өз бойында ұстауға қабiлеттi келедi. Содан соң бiртiндеп бойындағы суды тiрi клеткаларға өткiзедi. Осы қасиеттерiне байланысты шымтезек мүгi бойына өз салмағынан 30-40 есе артық су жинайды.

Шымтезек мүгi орманды жерлерде, көкек зығырының арасында өседi. Қай жерде шымтезек мүгi өссе, сол жердiң топырағының ылғалдығы жоғары болады. Ылғалдылығы жоғары топырақта ауаның жетiспеуiнен ағаштар нашар өседi. Мұндай жерлерде шымтезек мүгi керiсiнше қалың болады. Нәтижесiнде орман алқабы бiртiндеп батпаққа айналады.

Көбеюi. Шымтезек мүгi көкек зығыры секiлдi жынысты және жыныссыз жолдармен көбейедi. Шымтезек мүгi бiр үйлi, қос жынысты өсiмдiк. Жынысты көбейгенде аталық жыныс клеткалары сабақтың бұтақталған жерiндегi жапырақтардың қолтығында жетiледi. Олардың қасындағы жапырақтар қызғылттау түске боялады. Аналық жыныс клеткалары қысқарған сабақтардың бұтақтарында орналасады.

Аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуының нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады. Осы ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан кiшiлеу қауашақ жетiледi. Оның iшiнде көптеген споралар түзiледi. Жыныссыз көбеюi осы споралардан басталады. Споралар пiсiп – жетiлген соң қауашақтан сыртқа шашылады. Жерге түскен споралардан табақша тәрiздi өскiншелер пайда болады. Осы өскiншелерде көптеген бүршiктер түзiледi, олардан келешекте шымтезек мүгi жетiледi.


Қорытынды: Шымтезектiң түзiлуi. Шымтезек мүгiнiң сабағы жыл сайын шамамен 2-3 сантиметрге өсiп отырады. Сабақтың төменгi бөлiгi жыл өткен сайын бiртiндеп өле бастайды. Сабақтың өлi бөлiгi батпақты топырақта оттектiң жетiспеуiнен өте баяу шiридi. Нәтижесiнде олар шымтезекке айналады. Шымтезек мүгi судың бетiнде де қалың болып өсе алады. Мысалы, су өсiмдiктерi өте қалың болып өсетiн терең көлшiктерде шымтезек мүгiнiң қатысуымен салынды түзiледi.


Үй тапсырмасы: § 18. сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау



Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Плаунтәріздес өсімдіктер.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Плаунтәріздес өсімдіктер туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 18. сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Плаун тәрiздiлер ерте дәуiрде пайда болған. Олардың казiргi кездегi өкiлдерi көп жылдық мәңгi жасыл шөптесiн өсiмдiктер. Жойылып кеткен түрлерiнiң iшiнде ағаштарыда кездескен. Қазiргi кезде плаундардың 100 – дей түрi белгiлi. Плаун тәрiздiлер тең және әр түрлi споралы өсiмдiктер. Тең споралы плаун тәрiздiлердiң кең тараған өкiлiне шоқпарбас плаун(плаун булововидный – Lycopodium clavatum) жатады.

Ол қарағайлы ормандарда жиi кездеседi. Плаунның сабағы жерге төселiп, тiк және басқа өсiмдiктерге сүйенiп өседi. Төселiп өсетiн сабағынан жоғары қарай ұсақ жапырақтары бар, өркендерi, төмен қарай қосалқы тамырлары жетiледi. Күзге қарай жоғары бағытталып, тiк өсетiн өркендерiнiң ұшында екiден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетiн масақтары дамиды. Плаунның сабағының iшкi құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа қабық жауып тұрады. Оның астында жақсы жетiлген қабық қабаты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тiрек ұлпасы бар. Сабақтың ортанғы бөлiгiн шеңберлi шоқ алып жатады

Көбеюi. Шоқпарбас плаун вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейедi. Вегететивтi көбеюi төселiп өсетiн өркендерiнiң үзiндiлерi арқылы жүзеге асады. Мұндай үзiндiлердiң жас клеткаларынан қосалқы тамырлар, содан соң жас өркендер жетiледi. Осылайша бiр өсiмдiктен бiрнеше жас плаун пайда болады. Кейбiр түрлерi (басқа ағашқа жабысып өсетiндер) өркендерiнiң ұшында пайда болатын бүршiктерi арқылы вегетативтi көбейедi. Бүршiк толық жетiлген соң үзiлiп (0,5м қашықтыққа) түсiп, қолайлы жағдайда өнедi. Мұндай бүршiктер өркенде жылына бiр рет түзiледi. Жыныссыз көбеюi споралар арқылы жүзеге асады. Споралар масақтарында жетiледi. Плаунның спора түзетiн масағының өсiне көптеген үш бұрышты, ұшы үшкiр спорофилдер бекидi. Спорофилл –түрi өзгерген жапырақ. Осы спорофилдерде бүйрек тәрiздi спорангийлер орналасады. «Спорангий» споралар дамитын орын, олардың iшiнде көптеген ұсақ, сары түстi споралар жетiледi. Споралардың барлығының пiшiнi мен мөлшерi бiрдей. Пiсiп – жетiлген споралар спорангийлердiң қабықшасының жарылуының нәтижесiнде жерге шашылады. Плаун тәрiздiлердiң кейбiреулерi (мысалы, Selaginella) әртүрлi споралы өсiмдiктер болып келедi.

Жынысты көбеюi жерге түскен споралардың өнуiнен басталады. Плаун спораларының өнуiнiң екi типi белгiлi. Жер үстi және жер асты типтерi. Бiрiншi жағдайда споралар жерге түскен соң бiрнеше күннен кейiн жер үстi өскiншелерiн бередi. Бұл өскiншелер жартылай сапрофит ретiнде қоректенедi. Олардың жерге төселiп өскен ашықтау – жасыл түстi өскiншелерiнiң астында саңырауқұлақтардың жiп шумақтары (гифалары) болады. Саңырауқұлақтың жiп шумағынсыз өскiншелер өспей қурап қалады. Осылайша жартылай жерге енiп жататын өскiншелер бiр жаздың өзiнде пiсiп жетiледi.

Қорытынды: Плаундар барлық жасыл өсiмдiктер секiлдi фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi және топырақ түзу процесiне қатысады. Плаундардың практикалық маңызы шамалы. Спораларын көп мөлшерде жинап, дәрi - дәрмек жасауға пайдаланылады. Шөбiн қайнатып, тұнбасын iш жүргiзетiн, несеп айдайтын және өттi тазартатын дәрi ретiнде медицинада қолданылады.


Үйге тапсырма: § 19. сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Поурочные планы по биологии для 7 класса на казахском языке

Автор: Какимова Гульдана Ертаевна

Дата: 11.05.2016

Номер свидетельства: 325471


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства