kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок на тему "Вирусы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Солт?стік ?аза?стан облысы У?лиханов ауданы ?аратал ауылы КММ ?аратал негізгі мектебіні? биология п?ні м??алімі Н?ржа?сина ?ауа Шайкен?ызыны? дайында?ан саба? жоспары. Та?ырыбы: Вирустар. Ма?саты: о?ушылар?а ?ткен білімдерін жа??ырта отырып, о?ушыларды? вирустар туралы жалпы т?сінікті ?алыптастыру, жа?а а?парат бере отырып, о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын ояту. ?лтжанды, ?мірге ?абілетті т?л?аны ?алыптастыру. Міндеті:

- о?ушылар?а танымды? с?ра?тар ?оя отырып, білімдерін ке?ейтту;

- жа?а а?парат ар?ылы ?з ойларын орта?а салып на?ты ?зекті м?селе ?ойып, аны?тау, ?сыну;

- топ?а берілген жа?даяттар мен таныса отырып, проблеманы аны?тап, талдау, м?селені шешу жолдарын жоспарлау?а ?йрету;

- жеке тапсырмалар ар?ылы топ алдында ?з ойларын еркін айта алу?а, насихаттау?а ?алыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«открытый урок на тему "Вирусы" »

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы

Қаратал ауылы

КММ Қаратал негізгі мектебінің биология пәні мұғалімі

Нұржақсина Қауа Шайкенқызы


Сабақтың тақырыбы: Вирустар

Мақсаты: оқушыларға өткен білімдерін жаңғырта отырып, оқушылардың вирустар туралы жалпы түсінікті қалыптастыру, жаңа ақпарат бере отырып, оқушылардың қызығушылығын ояту. Ұлтжанды, өмірге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Міндеті:

  • Оқушыларға танымдық сұрақтар қоя отырып, білімдерін кеңейту;

  • Жаңа ақпарат арқылы өз ойларын ортаға салып, нақты өзекті мәселе қойып, анықтау, ұсыну;

  • Топқа берілген жағдаяттармен таныса отырып, проблеманы анықтап, талдау, мәселені шешу жолдарын жоспарлауға үйрету;

  • Жеке тапсырмалар арқылы топ алдында өз ойларын еркін айта алуға, насихаттауға қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс: медицина, география, информатика.

Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Көрнекіліктер: теориялық ақпарат, балама ақпарат түрлері, слайдтар, жағдаяттық тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, анықтау, талдау, еске түсіру, талдау, сипаттау, салыстыру, талқылау т.б.

Сабақтың барысы:

Ойға шабуыл:

  1. Вирустар қандай ағзалар?

  2. Вирустардың қандай түрлері бар?

  3. Вирустардың адам өміріне қауіп төндіруінің себебі неде?

ІІІ. Вирустар туралы түрлі ақпаратты талдауға ұсыну. Топпен жұмысты ұйымдастыру.

І топ: Вирустар адам баласының серігі десек қателеспеспіз. Өйткені олар адам туғаннан бастап оны қоршайды және онымен бірге тіршілік етеді. Олардың кейбіреулерін біз елең етпесек, қалған біреулерімен жанассақ-ақ болғаны ауырып қаламыз. Адам организмінде вирустар бірнеше жолдармен енеді. Көбінесе олар ауамен немесе тағамдармен, кейде насекомтаратқыштар маса немесе кенелер көмегімен келіп енеді.

Тұмау. Тұмаумен ауырмаған адам жер шарында некенсаяқ болар. Бұл сырқат өте ертеден белгілі. Бұл жөнінен кейбір мәліметті ерте дүние дәрігері – Гиппократтың еңбектерінен де кездестіруге болады. тұмау эпидемиясы адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918-1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 миллиондайы қаза тапқан, ал бұның өзі бірінші дүние жүзілік соғыста қаза тапқандар санынан әлдеқайда көп.

ІІ топ: Полиомиелит. Бұл да ертеден бері таралған ауру. Археологтар Египеттегі зираттарды қазғанда қисайып біткен сүйектері бар түрлі скелеттерді тапқан. Әрине, бұл аурудың қоздырғышын табуда оңайға соққан жоқ. Полиомиелит вирусы тұмау вирусынан әлде-қайда майда және оның шапшаң таралып, эпидемияны тез қоздырғыштық қасиеті бар.

1916 жылы тек Нью-Йоркте осы полиомилиттен 2 мыңдай адам қаза тапты, 7 мыңдай адамның денесі жансызданып, параличке ұшырады. Бұл ауру, әсіресе балалар арасында көп тараған. Организмге қоздырғыш әдетте тағам арқылы таралады, ал кейде ол ауадан да келіп түседі. Одан соң вирустар нерв клеткаларына еніп, әсіресе адам қозғалысын басқаратын нервтерді бұзып, жансыздандырады. Осының нәтижесінде адамның кейбір мүшелері жансызданады, омыртқалары қисайып бітеді және оны емдеуде өте қиынға соғады. Полиомиелит ауруына тым ұқсас вирус 1948 жылы Коксаки вирусының қоздыратын ауруы полиомиелитке тым ұқсас және одан өлім-жітім аздау болады.

ІІІ топ: Шешек. Совет елінде балаларға шешекке қарсы вакцина егетіні баршаға аян.

Бұлай егу адамдарды аса қауіпті шешек ауруынан аман сақтап қалудың басты шарты, шешек вакцинасын егу совет елінде міндетті түрде жүргізілді. Осының арқасында бірте-бірте шешек азайып ақыр аяғында мүлде жойылды. Көптеген адамдар бұның не екенін қазір білмейді де. Шекшек ауруы ертеден бастап белгілі. Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын шешек Африка, Индия және Қытай елдерінде болған. ХVI-XVII ғасырларда Европада шешекпен ауырмаған адам ілуде біреу-ақ болды. Шешек ауруы бірқатар адам өмірін жойды да. Сол кездің өзінде Германияда шешектен 70000 адам қырылды, ал Францияда өлім осының жартысындай болса керек. Тірі қалғанның өзінде олардың беттерінде секпілі, яғни шешек дағы болды. Ал Америкада қатынас басталысымен шешек солай ауысты. Әрине бұнда да адам өлімі айтарлықтай болды.

Европада соңғы үш ғасыр ішінде шешектен 150 миллиондай адам өлген. Шешекті қоздыратын Пашен денешіктері, олар бактериялық сүзгілерден тез өтіп те кетеді. Сондықтан шешекті қоздырушы микробтарды сүзгіленуші вирустарға жатқызып жүр. Бұл вирус ауру адамның, әсіресе кеңсірігінде жиналады. Ару адам жөтелгенде ол вирустар шашырапбасқа сау адамдарға жұғады. Сонымен бірге ауру терісі ісініп, іріңдейді де, ол жер ойылып жараға айналады. Кейде шешектен ауырған адамдар саңырау немесе соқыр болып қалады. Жалпы бұл аурумен ауырғандардың 15-30% - тейі мөлшері апат болады. Жәй шешектен басқа сиыр, қой, есек және құс шешектері де кездеседі. Бұлар адам үшін аса қауіпті емес. Шала-жансар шешек вирустарын адамға еккенде, аса тұрақты иммунитет пайда болады да, адам шешекпен екінші рет ауырмайды.

IV топ. Аусыл. Шапшаң таралатын, жұқпалы және ауыр ауру. Аусылмен мүйізді ірі қара, шошқа, түйе, қой мен ешкі ауырады. Адамдарда ол өте сирек кездеседі. Ауруды қоздырғыш – вирус. Жасанды қоректік ортада өспейді. Ол көбінесе тек тірі клеткада тіршілік етуге бейімделген. Вирустың А,О, С деген үш типі анықталған. Сондықтан мал осы вирустың бірінен соң бірімен – үш типімен де ауруы мүмкін, +60, -І-700-та вирус бірнеше минутта, ал 1000-та бірден өліп кетеді. Төменгі температуға ол төзімді. Табиғатта бұл вирус әр жерде кездеседі және 100 күнге дейін өз тіршілігін жоймай сақталады. Күйдіргіш сілті ерітіндісі оған жойқын әсер етеді. Мал аусылмен ауырғанда оларға вакцина енгізеді және карантин ережелері қатаң сақталады.

Құтыру. Жылы қанды жануарлардың жұқпалы ауруы. Бұнда көбінесе орталық нерв жүйесі зақымдалады да ақыр аяғында жануар өледі. Ауру жануардың сілекейі арқылы сауларына таралады. Бұл аурумен, әсіресе иттер және барлық үй жануарлары, құстар, жабайы жануарлар /қасқырлар, түлкілер т.б./ және адамдар ауырады. Міне құтырудың бұндай қаупі аурудың белгісі болатындығына байланысты оны зерттеуде ертеде басталған еді. Л.Пастер бұл ауруға қарсы қорғаныш вакциналарды да жасады. Аурудың қоздырғышы сүзгіленуші вирус, Вирус саңыраулары ірі Шамберлен сүзгісінен де өтіп кетеді екен. Құтыру вирусы организмге еңгеннен кейін ілі-сала аурудың белгілері байқалмайды. Ол үшін біраз уақыт қажет. Бұны инкубациялық кезең деп атайды. Мәселен, ауру иттердің сілекейінен енгеннен кейін 13 күннен соң біліне бастайды, ал вирус жұққан соң үй қояндары 15-20 күннен кейін ауыра бастайды. Құтыру вирусы да басқа вирустар сияқты жасанды қоректік ортада өспейді. Ол үшін тауық жұмыртқасы аса қолайлы орта. Вирустар +500-та бір сағаттан кейін, ал 600-та бірнеше минуттан кейін жойылады. Құтырумен күресу үшін биокомбинаттарда арнаулы антирабиттік вакциналар жасалып таратылады.

АҚТҚ ауруы вирусының ағзаға енуі туралы видео көрсету. АҚТҚ/ЖҚТБ Қазақстанда таралуы слайды.

IV. Тапсырмалар: /Топпен жұмыс/

І топ: Алған ақпараттарыңызды пайдаланып, тірі ағзаларда ауру туғызатын вирустарды белгісімен белгіле.


Адам

Өсімдік

Жануар

Тірі ағза

Бактерия
















ІІ топ: Сергей өзі ұнатқан құрбысы Наташамен отбасын құруға шешім қабылдады. Тек Сергейдің мазалайтын бір жағдай бар. Ол үйленбес бұрын екеуінің АҚТБ-ға тест тапсыруларын қалайды. Оның қажеті бар ма?

ІІІ: Лораның күнделігінен:

Мен уайымдап жүрмін, өйткені біреулер маған ЖҚТБ-ны кейбір нәрселер арқылы жұқтыруға болады дейді. Ал басқалар олай емес дейді. Қандай кеңес берер едің?

І V топ: Бактериофагтар құрғақшылыққа, төменгі температураға және көптеген химиялық уоарға төзімді, бірақ 50%-дық глицерин ерітіндісінде, сол сияқты температура +1000С-қа көтерілгенде бактериофагтар тіршілігін жояды. Олар табиғатта өте көп таралған. Кейде фагтар бактерия жасушасында тірішілік етседе, оның жасушасы ерімейді. Тек көбейген кезде ғана олардың зақымдаушы әрекеттері біліне бастайды. Мұндай бактериофагтарды бір қалыпты фагтар деп, ал бактерияларды, яғни осы фагтарды тасымалдаушыларды «лизогенді» бактериялар деп атайды.

Қорыта айтқанда, вирустар ауру қоздырғыштарын тудырушы ғана емес, бір түр мен екінші түрдің арасында инфекция тасымалдаушы болып табылады. Олармен күресудің жолдарын анықта.

Рефлексия: Вирустық аурулар ұлттық деңгейге қалай әсер етеді? Бұл мәселенің өзектілігі қандай? Шешу жолдарын ұсын.

Үйге: Вирустық аурулардың алдын алу әдістерін, күресу шараларын анықта. ИТИС ауруының дүние жүзінде таралу динамикасын салыстыр. ИТИС ауруының Қазақстанда таралу көрсеткішін талда.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
открытый урок на тему "Вирусы"

Автор: Н?ржа?сина ?ауа Шайкен?ызы

Дата: 18.03.2015

Номер свидетельства: 188500

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Конспект урока биологии в 11 классе по теме Вирусы "
    ["seo_title"] => string(55) "konspiekt-uroka-biologhii-v-11-klassie-po-tiemie-virusy"
    ["file_id"] => string(6) "224628"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1438973363"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Конспект урока "Компьютерные вирусы" "
    ["seo_title"] => string(38) "konspiekt-uroka-komp-iutiernyie-virusy"
    ["file_id"] => string(6) "100348"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402378100"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(243) "Конспект открытого урока по информатике. Тема. Компьютерные вирусы и антивирусные программы. Антивирусная профилактика компьютера."
    ["seo_title"] => string(80) "konspekt_otkrytogo_uroka_po_informatike_tema_kompiuternye_virusy_i_antivirusnye_"
    ["file_id"] => string(6) "539730"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1581763087"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "ОТКРЫТЫЙ УРОК   для учащихся 4 класса «В»  .  Тема : "Органы дыхания. Гигиена органов дыхания" "
    ["seo_title"] => string(97) "otkrytyi-urok-dlia-uchashchikhsia-4-klassa-v-tiema-orghany-dykhaniia-gighiiena-orghanov-dykhaniia"
    ["file_id"] => string(6) "184084"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425995431"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Открытый урок по информатике и ИКТ: "Интерактивная презентация" "
    ["seo_title"] => string(67) "otkrytyi-urok-po-informatikie-i-ikt-intieraktivnaia-priezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "171520"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423675753"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства