Просмотр содержимого документа
«"Орманды қорғау" (ашық сабақ)»
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Байболатова Айдана Байболатқызы
Сабақтың тақырыбы: Жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ормандарды қорғау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Орман ағаштарынан алынатын өнімдер баға жетпес құнды қойма екендігі және орманның тіршіліктегі маңызды қасиеттерін айта келе, оны қорғап, күту керектігін ұғындыру
Дамытушылығы: Орман табиғат қазынасы, халық байлығы екендігі туралы дамыта білім бере отырып оқушылардың есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялуға және ұқыптылық пен мәдениетке тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Технологиясы: СТО
Әдісі: «Интервью», тест, «Фишбоун», шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі: Оқулық, үлестірме қағаздар, видео, презентация, орман суреті
Жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Бекіту
Ү. Қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма.
ҮІІ. Рефлексия
ҮІІІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру
-амандасу;
-түгелдеу;
-оқушының назарын сабаққа аудару;
-оқу құралдарының дайындығын тексеру
-Топқа бөліну
Оқушылар ағаш түрлерін таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.
1-топ: «Шырша» тобы
2-топ: «Қарағай» тобы
3-топ: «Самырсын» тобы
Бөлінген топтарға бағалау парағы таратылады. Жауап берген оқушы «смайлик» бойынша бағаланады.
«Нұрға бөлену» тренинг
Баяу музыка үні естіледі. Мұғалім дауыстап оқиды.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды мұғалімдеріңізге, достарыңызға бағыттаңыз. Осы нұр бүкіл әлемге таралсын… Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Интервью» әдісі
Оқушылардың ішінен бір оқушы журналист бір оқушы оператор болып шығады. Журналист оқушы топ мүшелеріне барып, жеке-жеке сұрақтар қояды.
Сәйкестендіру тесті
Сәйкестендіру тесті
І нұсқа
1-сұрақ:
Ашықтұқымды өсімдік
А) Тұқымы жемісінің ішінде жетіледі
Жабықтұқымды өсімдік
Ә) Ағаш діңінің су өткізетін бөлігі
Б) Өсімдіктердің ең ежелгі тобы
3. Сүрек
В) Жер бетінде 650 түрі бар
Г) Тұқымынан көбейеді, бірақ жеміс түзбейді
2-сұрақ:
Қарағай
А) Екіүйлі
Кәдімгі арша
Ә) 300 жылға дейін өмір сүреді
Б) Бүрі жұмсақ, шар тәрізді
3. Шырша
В) Сібірлік қарағай
Г) Бірүйлі
3-сұрақ:
Дің
А) Қабық, сүрек, өзектен тұрады
Сүрек
Ә) Ағаш діңінің су өткізетін бөлігі
Б) Қоректендіруші ұлпа
3. Эндосперм
В) Гр. «ендон»-ішкі, «сперма»-тұқым
Г) Ағаштың сабағы
4-сұрақ:
Фитонцид
А) Зиянды бактерияларды жояды
Сүрек
Ә) Гр. «фитон»-өсімдік, латынша «сэдере»-өлтіру
Б) Ағаш діңінің су өткізетін бөлігі
3. Эндосперм
В) Гр. «ендон»-ішкі, «сперма»-тұқым
Г) Қоректендіруші ұлпа
5-сұрақ:
Эфедрин
А) Қылшадан алынатын дәрі
Дің
Ә) Қабық, сүрек, өзектен тұрады
Б) Ағаштың сабағы
3. Ашықтұқымды өсімдік
В) Тұқымынан көбейеді, бірақ жеміс түзбейді
Г) Өсімдіктердің ең ежелгі тобы
ІІ нұсқа
1-сұрақ:
Эфедрин
А) Қылшадан алынатын дәрі
Дің
Ә) Қабық, сүрек, өзектен тұрады
Б) Ағаштың сабағы
3. Ашықтұқымды өсімдік
В) Тұқымынан көбейеді, бірақ жеміс түзбейді
Г) Өсімдіктердің ең ежелгі тобы
2-сұрақ:
Фитонцид
А) Зиянды бактерияларды жояды
Сүрек
Ә) Гр. «фитон»-өсімдік, латынша «сэдере»-өлтіру
Б) Ағаш діңінің су өткізетін бөлігі
3. Эндосперм
В) Гр. «ендон»-ішкі, «сперма»-тұқым
Г) Қоректендіруші ұлпа
3-сұрақ:
Ашықтұқымды өсімдік
А) Тұқымы жемісінің ішінде жетіледі
Жабықтұқымды өсімдік
Ә) Ағаш діңінің су өткізетін бөлігі
Б) Өсімдіктердің ең ежелгі тобы
3. Сүрек
В) Жер бетінде 650 түрі бар
Г) Тұқымынан көбейеді, бірақ жеміс түзбейді
4-сұрақ:
Дің
А) Қабық, сүрек, өзектен тұрады
Сүрек
Ә) Ағаш діңінің су өткізетін бөлігі
Б) Қоректендіруші ұлпа
3. Эндосперм
В) Гр. «ендон»-ішкі, «сперма»-тұқым
Г) Ағаштың сабағы
5-сұрақ:
Қарағай
А) Екіүйлі
Кәдімгі арша
Ә) 300 жылға дейін өмір сүреді
Б) Бүрі жұмсақ, шар тәрізді
3. Шырша
В) Сібірлік қарағай
Г) Бірүйлі
ІІІ нұсқа
1-сұрақ:
Қарағай
А) Екіүйлі
Кәдімгі арша
Ә) 300 жылға дейін өмір сүреді
Б) Бүрі жұмсақ, шар тәрізді
3. Шырша
В) Сібірлік қарағай
Г) Бірүйлі
2-сұрақ:
Фитонцид
А) Зиянды бактерияларды жояды
Сүрек
Ә) Гр. «фитон»-өсімдік, латынша «сэдере»-өлтіру
Б) Ағаш діңінің су өткізетін бөлігі
3. Эндосперм
В) Гр. «ендон»-ішкі, «сперма»-тұқым
Г) Қоректендіруші ұлпа
3-сұрақ:
Эфедрин
А) Қылшадан алынатын дәрі
Дің
Ә) Қабық, сүрек, өзектен тұрады
Б) Ағаштың сабағы
3. Ашықтұқымды өсімдік
В) Тұқымынан көбейеді, бірақ жеміс түзбейді
Г) Өсімдіктердің ең ежелгі тобы
4-сұрақ:
Дің
А) Қабық, сүрек, өзектен тұрады
Сүрек
Ә) Ағаш діңінің су өткізетін бөлігі
Б) Қоректендіруші ұлпа
3. Эндосперм
В) Гр. «ендон»-ішкі, «сперма»-тұқым
Г) Ағаштың сабағы
5-сұрақ:
Ашықтұқымды өсімдік
А) Тұқымы жемісінің ішінде жетіледі
Жабықтұқымды өсімдік
Ә) Ағаш діңінің су өткізетін бөлігі
Б) Өсімдіктердің ең ежелгі тобы
3. Сүрек
В) Жер бетінде 650 түрі бар
Г) Тұқымынан көбейеді, бірақ жеміс түзбейді
Жауабы:
І нұсқа
1-сұрақ: 1. Г. Б. В. 2. А. 3. Ә
2-сұрақ: 1. Г. В. 2. А. Б 3. Ә
3-сұрақ:1. А. Г. 2. Ә 3. Б. В.
4-сұрақ: 1. А. Ә 2. Б 3. В. Г.
5-сұрақ:1. А 2. Ә. Б 3. В. Г
ІІ нұсқа:
1-сұрақ: 1. А. Г. 2. Ә 3. Б. В.
2-сұрақ: 1. А 2. Ә. Б 3. В. Г
3-сұрақ: 1. А. Ә 2. Б 3. В. Г.
4-сұрақ: 1. Г. В. 2. А. Б. 3. Ә
5-сұрақ: 1. Г. Б. В. 2. А. 3. Ә
ІІІ нұсқа
1-сұрақ: 1. Г. Б. В. 2. А. 3. Ә
2-сұрақ: 1. А 2. Ә. Б 3. В. Г
3-сұрақ: 1. А. Г. 2. Ә 3. Б. В
4-сұрақ: 1. Г. В. 2. А. Б. 3. Ә
5-сұрақ: 1. А. Ә 2. Б 3. В. Г.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жалпақ жапырақты, қылқан жапырақтыормандарды қорғау
Тақырыпты ашу мақсатында «Ормандардың экологиялық жағдайы» тақырыбында видеоролик көрсетіледі.
ІV. Бекіту
Көрсетілген видеороликтен түсінгендерін қорғау
«Фишбоун» әдісі
Балықтың басы: мәселе.
Балықтың жоғарғы қабырғасы: мәселеге әсер етуші фактор.
Балықтың төменгі қабырғасы: сол фактордың әсер етуінен пайда болған нәтиже.
Құйрығы: қорытынды.
3 топ осы схема бойынша толтырып, қорғайды.
Сергіту сәті
«Екі жалған, бір шындық» Оқушылар ашықтұқымдылар тақырыбы бойынша екі жалған және бір шындық сөйлесмнен мысал келтіреді.
Шығармашылық жұмыс
Оқушыларға орманның адам қолынан құртылуын баяндайтын видеоролик көрсетіледі. Сол видео бойынша:
1-топ: постер
2-топ: эссе
3-топ: өлең шығару
V. Қорытынды
Бүгінгі сабақтан не түйдік?
Оқушылар алдына екі орман түрі беріледі.Біріншісі жасыл желекке оранған орман. Ал екінші қураған, сынған орман. Оқушылар қолдарындағы стикерді өздері қалаған орманға апарып жабыстырады.
VІ. Үйге тапсырма
1. Еліміздің орманды алқаптары
2. Ормандарды қорғау шаралары
VІІ. Рефлексия
Оқушылар бұл білім ағашы. Осы ағаштағы адамдарға қарай отырып, бүгінгі өздеріңнің деңгейлеріңді белгілеңдер.
VІІІ. Бағалау
Оқушыларды топ басшылары бағалайды. Мұғалім сол бағаны басшылыққа алып және сабақтағы белсенділігі байқай отырып қорытынды бағалайды.