Панфилов ауданының «Е. Сыпатаев атындағы
орта мектеп мектепке дейінгі шағын
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің биология пәнінің мұғалімі
Күреңбаева Айгерім Дулатқызы
8 класс
Сабақтың тақырыбы: Өкпенің құрылысы мен қызметі.
Мақсаты: Тыныс алудың маңызын өкпедегі газ алмасудың,ұлпалардағы газ алмасу жайлы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері: Өкпенің құрлысын қызметін өкпедегі газ алмасу,ұлпалардағы газ алмасу жайлы түсінік қалыптастыру, ойлау сөз байлықтарын дамыту,салауаттылыққа тәрбилеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау.
Көрнекілігі: Тестер,суреттер,слайдтар,кестелер.
Пәнаралық байланыс: салауаттану,медицина.
Сабақтың барысы 1.ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Пысықтау сұрақтары арқылы
Тыныс алу дегеніміз не?
Тыныс алу мүшелерін ата?
Мұрын қуысының құрылысы мен қызметі дыбыс қалай пайда болады?
3.Мақсат қою кезеңі :
Сабақтың тақырыбымен мақсат, міндетімен таныстыру.
Өкпенің құрылысымен қызметі.
Өкпедегі ұлпалардағы газ алмасу.
Тыныс алу қозғалыстарын түсіндіру.
4.Жаңа сабақты түсіндіру.
Өкпенің құрылысы, орналасуы.
Өкпе кеуде қуысында орналасқан шымыр кеуекті жұп мүшелері, оң жақ өкпе жүлгелермен бөлңнген үш бөліктен тұрады. Ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады.Өкпелердің сырты дөңес бетін қабырғалар қоршайды.Ал ішкі ойыс жүрек жақтағы бетінде өкпе қақпасы орналасқан.Өкпе қақпасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе артериялары, жүйкелер кіріп,веналар мен лимфа тамырлары шығады.Өкпенің сырты жұқа қабықшамен екі жапырақшадан тұратын өкпеқаппен жабылған.Екі жапырақша арасында өкпеқап қуысы бар.Мұнда аз мөлшерде өкпеқап сұйықтығы болады. Сұйықтық өкпенің тыныс қозғалысы кезінде жапырақшалардың үйкелісін азайтады. Өкпеге кіретін бронхылар ағаш тәрізді жиі тармақталып,ең жіңішке бұтақшаларының ұшы альвеолалар немесе өкпе көпіршіктермен аяақталады.Альвеолалар-диаметрі 0,2-0,3 мм тереңдігі 0,06-0,3 мм,ауаға толы өкпе көпіршіктері.Олардың қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады,сырты капиллярлардың қалың торымен шырмалған. Капиллярлар өкпе көпіршіктерінің жұқа қабырғасы арқылы газ алмасу жүреді.Адам өкпесінде, шамамен, 700млн өкпе көпіршігі бар.Өкпе көпіршігінің ішкі беті эпилелий жасушаларынан түзілген жұқа қабықшамен астарланған.Қабықша микроорганиздерден де қорғайды соңынан өзіде қорытылады немесе қақырық түрінде сыртқа шығарылады.
Сурфактант көпіршіктің ішкі бетін астарлайтын қабық.
Сурфактанттың қызметі
Көпіршіктердің жабысып қалуынан сақтайды.
Тіреуіштік қасиет бередіү
Оттекті тасымалдауға әсерін тигізеді
Ауа көпіршіктерін
тұрақтандырады.
Өкпедегі газ алмасу. Адам тыныс алғандағы атмосфералық ауаның құрамында 21% оттек, 79% азот, 0,03% көмірқышқыл газы, т.б болады. Тыныс шығарғандағы ауада 16% оттек, 4% көмірқышқыл газы және 79% азот болады.
Слайдтағы кесте: Өкпедегі тыныс алу, сыртқы тыныс алу.
Ұлпалардағы газ алмасу.
Оттекке қаныққан артериялық қан қан айналымының үлкен шеңберімен организмнің барлық ұлпаларына тасымалданады.
Көмірқышқыл газы керісінше,ұлпа жасушаларынан капилярларға дифузияланады. Ұлпалардағы газ алмасуды ішкі тыныс алу дейді. Тыныс алу қозғалыстары өкпеде бұлшық ет ұлпалары жоқ сондықтан жиырыла алмайды. Тыныс алу қозғалыстары негізінен қабырға аралық бұлшық етпен көк еттің жиырылу арқылы болады.
Көк ет дегеніміз – кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшық ет. Тыныс алуға бронхтар кеңірдектің шеміршек аралық бұлшық еттері, омыртқа жотасының бұлшық еттері т.б қатысады.
Жаңа сабақта түсінгендерін тексеру.
Өкпе қуысы қайда орналасқан?
Ұлпалардағы газ алмасу немен ерекшеленеді?
Газ алмасудың организм үшін қандай маңызы бар?
Сабақты бекіту.
Оқушыларға кесте қағаз беру арқылы
Логикалық тапсырмалар беру арқылы
Үйге тапсырма
& 40 Өкпенің құрылысы мен қызметі. Кесте толтыру.
Бағалау.