Лалагүл тұқымдасы.Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Лалагүл тұқымдасы.»
Сабақтың тақырыбы: Лалагүл тұқымдасы . Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері. Зертханалық жұмыс. Лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы. Сабақтың мақсаты: Лалагүл тұқымдастарының гүлі мен жемісінің құрылысы, тіршілік формалары, шаруашылықтағы маңызы туралы білімді қалыптастыру. Міндеті: Білімділігі: аталған тұқымдастың гүлін, жемісін, сабағын, жапырағын қарау, гүл формуласын басқа өсімдіктермен салыстыру, әр саладағы маңызын білу Тәрбиелілігі: оқушыларды өз бетімен ізденіп, қосымша ақпараттарды алуға, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу. Дамытушылығы: өз ойын еркін жеткізіп, сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттыру, өз елінің табиғатын, өсімдіктер әлемін қорғауға, маңызын білуге дамыту. Көрнекілігі: слайдтар, электронды оқулық, үлестірмелі тапсырмалар, Ресурстар :Интерактивті тақта, оқулық, карточкалар , маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, «қызығушылықты ояту», « сызықтық диктант», «Жетістіктер сатысы» Оқыту нәтижесі: Лалагүл тұқымдастарының гүлі мен жемісінің құрылысымен танысады, шаруашылықтағы маңызы туралы біледі.
Сабақ барысы
Уа-қыт
Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
5 мин
Кіріспе
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды
2 Открытка жинастыру арқылы топқа бөлу, түзілген өсімдікті атау. Открыткадағы гүл кай класка жатады?
(Күнбағыс және лалагул)
1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды, топтарға бөлінеді.
8 мин мин
Тұсаукесер
Үй жұмысын сұрау. Интербелсенді тақта қосылады.
«Сызықтық диктант». егер дұрыс жауап болса «+» ал қате жауап болса «-« белгісін қоямыз. 1. Күрделігүлділер деп аталуы гүлінің әр түрлі болуында 2. Көпшілігі шөптекті болып келеді. 3. Күнбағыс бұл тұқымдасқа жатпайды. 4. Бұлардың жемісі тұқымша болып есептеледі. 5. Дәрілік түрлеріне түймедақ, бақбақ, дәрмене деген түрлері жатады
«Қызығушылықты ояту» сатысында сұрақтар беріледі. (лалагүл өсімдігі таратылады) - Алдарындағы гүл сиздерге таныс па? Гүлдің атауын табыңыз. Бұл гүл туралы не білеміз?
1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.
Дескриптор арқылы тексереді
25
мин
Негізгі
бөлім
1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді.
Жаңа сабақтың тақырыбы ашылып, оқушылар оқулықпен жұмыс істейді.
126 беттегі мәтінді оқимыз ауызша. Енді іштерінен оқып шығындар, сосын сүрақтар беріледі
Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: -Лалагүл тұқымдас өсімдіктердің гүл құрылысы қандай?
-Лалагүлділердің халық шаруашылығындағы маңызын анықтау Зертханалық жұмыс ұйымдастырады.
2. Оқушының жеке дәптерінің ішінен тапсырма орындау.№3 22 бет.
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.
2. Зертханалық жұмыс орындайды
3. Тапсырманы орындап дискриптор арқылы тексеру
2 мин
Рефлексия. Жетістіктер сатысы.
Жетістіктер сатысы.
.Стикерлерді орналастыру
– Әлі де дайындалу керек.
- түсіндім, басқаға түсіндіре алмаймын
- түсіндім, басқаға түсіндіре аламын.
5 мин
Қорытынды
1. Тест.
1.Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Ұй тапсырмасы
§ 30.
1. Ұй тапсырмасы: ия немесе жоқ
1. Күрделігүлділер деп аталуы гүлінің әр түрлі болуында 2. Көпшілігі шөптекті болып келеді. 3. Күнбағыс бұл тұқымдасқа жатпайды. 4. Бұлардың жемісі тұқымша болып есептеледі. 5. Дәрілік түрлеріне түймедақ, бақбақ, дәрмене деген түрлері жатады