kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Кенелер" ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кене (Acarіna) – өрмекшітәрізділер класының бір отряды.Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды, паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксодкенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Кенелер" ашық сабақ»

Қызылорда облысы

Қармақшы аудандық оқушылар үйі





( а ш ы қ с а б а қ )







Ұйымдастырушы: «Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі

Сматова Мархабат Қанибекқызы

















Жосалы кенті

2017 жыл

«Бекітемін»

Аудандық оқушылар үйінің

директорының міндетін уақытша

атқарушы:_________Қ.Манасова

«____»___________2017 жыл





Сабақтың тақырыбы: «Кенелер»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Кенелердің көптүрлілігі мен сыртқы құрылысының

ерекшелігімен танысу.Паразиттік жәндіктер екеніне көздерін

жеткізу;

ә) дамытушылық: Өздігінен және топтық жұмыс істеу дағдыларын

қалыптастыру. Өзін және өзара бағалау, сын тұрғысынан

ойлау дағдыларын қалыптастыру.

б) тәрбиелік: Табиғатқа сүйіспеншілік сезімін оятып, пәнге қызығушылықты

арттыру. Топтық жұмыс істеу барысында ынтымақтастық

атмосферасын қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: ой қозғау, сұрақ – жауап, түсіндіру,бағалау, т.б.

Пән аралық байланыс: биология,қазақ тілі, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,үлестірмелі материалдар, суреттер,т.б.

Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: дәптер,қаламсап,сызғыш,қалам,өшіргіш, т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесіп,түгелдеу;

ә) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

в) Оқушыларды психологиялық қалыптастыру (зейінін аудару)

  • Менің көңілім жақсы;

  • Мен сабақты жылдам орындаймын;

  • Мен сабақты жақсы оқимын;

  • Менің жазуым жақсы;

  • Менің тәртібім жақсы.

Сабағымыздың ұранын еске түсірсек:

«Білмейтіндер үйренсін, ал білетіндер тағы да есіне түсірсін!»

Оқушы ережесін қайталап алайық!

  1. Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;

  2. Бір-бірімізді тыңдаймыз, сөзін бөлмейміз;

  3. Бір ғана адам сөйлейді, «көтерілген қол ережесі»

  4. Айтылған мәселенің мәні бойынша ғана айтамыз;

  5. Өз ойларымызбен бөлісеміз.

Оқушыларды топқа бөлу. «Сиқырлы орман» әдісі (жануарлар, құстар, жәндіктер арқылы топтастыру)



II.Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен сабақ бойынша оқушылардан «Ыстық картоп» әдісі бойынша сұрақ-жауаппен әр топқа 10 сұрақтан қою арқылы өткен сабақты қалай меңгергендерін білемін.Үй тапсырмасын тексеріп, бағалау.

І топқа қойылатын сабақтар:

1. Ең ірі жеміс - асқабақ

2. «Таяқша» сөзінің мағынасы - бактерия

3. Иод алынатын өсімдік - балдыр

4.Құрлықтағы ең ірі жануар - піл

5.Күн баласы атанған қай өсімдік - мақта

6.Жасушасыз тіршілік иесі - вирус

7.Амеба ненің көмегімен қозғалады – жалған аяқ

8.Шаянтәрізділердің өкілі не – краб,асшаян, құршаян

9.Барлық өсімдіктер дүниесі - флора

10.Бұл жануарда екі сол аяқ және екі оң аяқ, екі алдыңғы аяқ, екі артқы аяқ бар.Жалпы бұл жануарда неше аяқ бар? (4)



ІІ топқа қойылатын сабақтар:

1.Ең кішкентай құс - колибри

2.Аяқсыз жануар - жылан

3.Басы болмайтын ұлу - айқұлақ

4.Жыланның сипап сезу мүшесі - тіл

5.Шаншып-сорғыш жануар - маса

6.Жапыраққа жасыл түс беретін не? пластид

7.Шаянтәрізділердің мекені не? Теңіз, көл, өзен

8.Терісінің түсін өзгерте алатын кесіртке (құбылғы)

9.Микология нені зерттейді? саңырауқұлақтарды

10.Бұл жануардың құйрығы тепе – теңдікті ұстау үшін қажет - кенгуру



ІІІ топқа қойылатын сабақтар:

1.Ең алып жылан - анаконда

2.Терінің мүйізделген құрамы - тырнақ

3.Өрмекшінің терісі қанша қабатты - 3

4.Орман емшісі атанған құс - тоқылдақ

5.Өрмекшілер қалай көбейеді – жұмыртқа салу арқылы

6.Балықтарды зерттейтін ғылым - ихтиология

7.Өрмекшінің зәр шығару мүшесі – мальпигий түтігі

8.Шаянтәрізділердің тыныс алу мүшесі - желбезек

9.Жәндіктерді қандай ғылым зерттейді - энтомология

10.Қай жануар тек Г әрпімен жүреді – шахматтағы піл

Үй тапсырмасын «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Бағалау шкаласы: жасыл «5» (8-10), сары «4» (5-7), қызыл «3» (1-4)

Қызығушылығын  ояту. Сабақтың тақырыбын ашу үшін, жұмбақтар жасырылынады.

Кішкене ғана түйме тас,

Атан түйе тарта алмас. ( Кене )

Аспаннан ұшып түсті жатқан тері,

Қалың тоғай ну жыныс жатқан жері. (Кене)
IІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Кене (Acarіna) – өрмекшітәрізділер класының бір отряды.Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды, паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксодкенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм. Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі.Дернәсілінің 6 (3 жұп) аяғы, ересегінің 8 (4 жұп) аяғы бар. Терісі не кеңірдегі арқылы тыныс алады. Кейбір түрлерінде еркегі мен ұрғашысының жыныс айырмашылығы айқын белгіленген (жыныстық диморфизм). Ұрық шашу не іштей ұрықтану арқылы өсіп-өнеді.  Партеногенез (еркек кенелердің қатысынсыз) арқылы да көбейеді. Арасында жұмыртқа салатындары да, тірі туатындары да бар. Кейбір кенелер барлық даму сатыларынан (жұмыртқа, алғашқы дернәсіл, дернәсіл, нимфа, ересек кене) өтеді, енді біреулері кейбір сатылардан өтпейді. Кене– адам, жануар және өсімдік паразиті, адамға бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия, малға пираплазмоз сияқты табиғи-ошақты аурулар қоздырғыштарын таратады (иксод және аргас кенелері), мал денесінде қан сорып тіршілік ететін таспа құрттардың аралық иесі (сауытты кене); астық зиянкестері (қамба кенесі); адам мен малды қотырға (қотыр кенесі), дерматит пен жапон қызбасына (қызыл денелі кене.) шалдықтырады. Кенені құрту үшін акарицидтер мен биолиогиялық әдістер қолданылады. Кенелерді зерттейтін ғылым саласы акарология деп аталады.

Кенелер (Acarina) - өрмекші тәрізділердің 3 отрядын біріктіреді. Денелері 0,05 тен 13 мм жетеді, тойынған қан сорғыш кене денесі 30 мм дейін ұлғаяды. Дене бөліктері біртұтас болып біріккен. Дернәсілдеріның 3 жұп, нимфалары мен имагосының 4 жұп аяқтары бар. Денесімен қозғалмалы қосылған педипальпалары күрделі ауыз мүшесін, (басқа ұқсас) құрайды. Хелицерларының сырт пішіні әртүрлі, педипальпалары кене қармалағыштарын құрайды. Сезім мүшелері - денесіндегі көптеген қылтанақтары, лира тәрізді мүшелері мен көздері. Тармақталған кеңірдек тәрізді тыныс мүшелерімен, ал кейбір түрлері терісі арқылы тыныстайды. Кенелер дара жынысты буынаяқтылар. Оларда жыныстық диморфизм айқын байқалады. Кене отрядтары: шөпші кенелері, ең жабайы сатыдағылары. Ол жер шарының жылы аймақтарының орманды жерлерін мекендейді. Бұлар өте ұсақ топырақ бетіндегі жыртқыштар. Акариформдық кенелер денесі екіге протеросомаға, (алдыңғы жұп аяғы мен ауыз аппараты) және гистеросомаға (құрсағы мен артқы жұп 2 аяғы) бөлінген; паразитиформдық кенелер денесі құрсақ пен баскеудеден тұрады. Оның 4 жұп аяғымен ауыз аппараты, (басы) бар. Акариформдық кенелер құрамында қора, қышыма қотыр, жүн, қауырсын, су, өрмек сауыттылар, берішкенелері бар. Тоғышарформдық кенелер құрамына иксодид, аргазид және гамазидтер енген. Кенелер дерматиттер, қотыр ауруларын туғызады. Қан сорғыш кенелер көптеген ауру қоздырушыларын тасымалдайды, (энцефапиттер, туляремия, сібір жарасы т.б.). Кенелер көптеген таспа құрттардың аралық иелері, (аноплоцефалидтер). Кенелер сонымен қатар дәнді дақылдармен өнімдерінің зиянкестері.

Кенелер - өрмекшітәріздестерге жататын ұсақ жәндіктер. Олар топырақта, орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, іңдерде, өсімдіктерде, тұщы суларда, теңіздерде тіршілік етеді. Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұлардың тұрқы 0,05-13 мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшерінің 30 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Көпшілік кенелердің медициналық және малдәрігерлік салала мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделген. Сондықтан адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады. Астық және ұн қорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар. Кейбір кенелердің паразиттік тіршілік ету әсерінен мәдени өсімдіктердің түсімі кемиді. Тіпті өсе алмай қалады. Дегенмен құраған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы топырақ құнарлылығын арттыратын да кенелер болады.

Кенелердің сан алуан топтары бар: жайылым кенесі, су кенесі, астық кенесі, қамба кенесі, өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене. Кенелердің дене бөлігі - өрмекшілерден өзгеше. Тек қарапайым құрылымы кенелерде ғана болмаса, өзгелерінде үш бөлік: бас, көкірек, құрсақ тұтасып бітіскен. Сондықтан кене денесінен бұл бөліктерді ажырату қиын. Кененің дернәсілі алты аяқты. Ал ересек кенелерде сегіз аяқ болады. Тек берішкене ғана төрт аяқты. Тұтқыаяқтардың негізі біріге келіп, денеге жалғасады. Сөйтіп қимылдайтын ауыз мүшесі түзіледі. Бұл сырттай қарағанда кененің «кішкене басы» тәрізденіп байқалады. Бірақ бұл дененің бас бөлігі болып саналмайды. Кененің ауыз мүшесі қорегіне байланысты түрліше құралады. Қатты затпен қоректенетін кененің аузы - кеміруші, сұйық затпен қоректенетіндердікі шаншып-соруға бейімделеді. Кене жабынындағы қылтанақтары арқылы сезеді. Терісі немесе демтүтіктері арқылы тыныс алады. Кенелер - дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітәріздестерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфага айналады. Нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды.

(Электрондық оқулықпен және бейнебаяндар көрсетіледі)

IV. Тапсырмалармен жұмыс.

Биологиялық анықтама.

Дәптермен жұмыс:

Адам табиғат перзенті болғандықтан, онымен үнемі қарым-қатынаста тіршілік ететіні рас. Табиғат аясында сан алуан жан-жануарлар мен жәндіктер миллиондап кездеседі. Солардың ішінде жәндіктердің кесел жұқтыратын, тіпті шақса, адамды жантәсілім ететін түрлері де бар. Әсіресе, буын аяқтылар тобына жататын кенелер малға да, адамға да үлкен қауіп төндіреді. Олар өзінің паразиттік қасиетімен сан түрлі жұқпалы ауруларды таратуға да себепкер. Сондай жұқпалы аурулардың бірі - кене энцефалиті. Ол тез тарайтын дерттің бірі болып саналады. Оның аумағы қазір Шотландиядан Жапон теңізіне дейінгі аралықты алып жатыр .



Постер қорғау.(топтарға плакаттар беріледі)

І топқа – Тіршілік ортасы

ІІ топқа – Сыртқы құрылысы

ІІІ топқа –Кенелердің зияны

Бағалануы : «Критериалды» бағалау (ерекшеліктерімен)

Бағалау шкаласы : суреті болса – 5, тақырыбы болса – 4, тек сызбалармен- 3.



Сергіту сәті. «Кір жуу» тренингі. Ал оқушылар сіздердің шаршағандарыңызды байқап отырмын. ХХІ ғасырға рахмет, бәрі автоматтандырылған, бәрін техника жасап жатқан жайымыз бар.Енді, бәріміз бірге осыдан 20 жылға кейін шегініп, бойымыздағы қанымызды жүгіртіп кір жуамыз.Қолымызға ойша тазик аламыз, ішіне су құямыз сабынмен кірді езіп-езіп жуамыз. Кір суды төгіп таза су құйып шаямыз.Жақсылап қатты қағамыз да алыстау жерге апарып жайып қоямыз.Кірді жуып тастадық, рахмет сіздерге, өзіміз үшін біздің қолымыздан бәрі келеді деп қол шапалақтап қоямыз.



«Серпілген сауал» әдісі 

(сұрақ қойылады)

Барлық тіршілік иелеріне деген қамқорлық сезімі туралы не айтасыздар?Паразиттік жәндіктермен күресудің жолдары қандай?

Мысалы, 
... жауабы туралы сен не ойлайсың?” 
... жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?” 
...естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?” 

Бағалануы: Мұғалімнің мадақтауы арқылы бағалау.


«Лездеме» әдісі. 
Бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін жұптасып бір минут ішінде конверттен бір сөзді бір рет алып,сөздің өзін атамай үйірме мүшелеріне түсіндіру керек.
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді! 



«Бірге ойлаймыз» әдісі.
«Кене жұқтырған аурудан толық емделуге болады ма?» 

Бағалануы: «Шапалақ» стратегиясы

V.Сабақты бекіту

«Инсерт» әдісі



Білдім

Білемін

Білгім келеді




«Соңғы 5 минут» әдісі

(оқушылар соңғы 5 минутта бүгінгі сабақтан түсінбеген сұрақтарын стикерге жазып қорапшаға жабыстырады, келесі сабақта сол сұрақтармен әңгіме өрбиді)



«Таңдау» әдісі. 
• 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 
• 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 
• 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 
• 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым 
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады. 
VІ. Оқушыларды бағалау.

Оқушыларды сабақ барысындағы белсенділіктері мен тапсырмалар орындаудағы жылдамдықтарына қарай бағалау.

Топтарды бас бармақпен бағалау.

Бас бармақ жоғары көтерілсе – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.

Бас бармақ төмен түсірілсе – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 
VІІ. Үйге тапсырма

Кенелер туралы ғаламтордан ақпарат жинақтап келу.

VІІІ. Қорытынды.

Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Кенелер" ашық сабақ

Автор: Сматова Мархабат Қанибекқызы

Дата: 24.03.2017

Номер свидетельства: 403014

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Кенелер" атты ашы? саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(32) "kienielierattyashyksabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "327985"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463544454"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(214) "Кенелер. Мекен ортасы,паразиттік тіршілік етуі.Кенелердің ауру қоздырғыштарын тасымалдауы.Кенелер энцефалит ауруы."
    ["seo_title"] => string(80) "kienielier_miekien_ortasy_parazittik_tirshilik_ietui_kienielierdin_auru_k_ozdyrg"
    ["file_id"] => string(6) "354999"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478181883"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(16) "Кенелер 7"
    ["seo_title"] => string(11) "kienielier7"
    ["file_id"] => string(6) "274350"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452362897"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Презентация 7 сынып Та?ырыбы Кенелер. Кенелік энцефалит"
    ["seo_title"] => string(59) "priezientatsiia7synyptakyrybykienielierkienielikentsiefalit"
    ["file_id"] => string(6) "274373"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452365530"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Конспект урока на тему "Кене энцефалиті""
    ["seo_title"] => string(44) "konspiekt_uroka_na_tiemu_kienie_entsiefaliti"
    ["file_id"] => string(6) "385044"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485676970"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства