Мерзімі: | Пән мұғалімі: | Тексерілді: | Cабақ саны: 51 |
Сынып | 7 |
Пәні | Биология |
Сабақтың тақырыбы | Құстар класының жалпы сипаттамасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Ұшуға бейімділігі. Зат алмасу қарқындылығы. № 9 зертханалық жұмыс. Құстардың сыртқы құрылысы. Қауырсынды жамылғысы және қауырсындарының әртүрлі типтері. Құстардың қаңқасының құрылысы, құстардың ішкі құрылысы (даяр ылғалды препараттан). |
Негізгі түйінді идея | Құстар ұшуға бейімделген қауырсынды жануарлар. Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру Критериалды бағалауға дағдыландыру. |
Мақсаты | Оқушылардың құстар туралы білімдерін пайдалана отырып: олардың ұшуға бейімделуіне байланысты сыртқы және ішкі құрылысындағы ерекшеліктері жайлы мәлімет беру. Проблемаларды шеше отырып, шығармашылық, ойлау қабілеттері артыру, топта бірлесе жұмыс жасау, өзін және сыныптасын бағалай алу дағдыларын қалыптастыру. Тілдік мақсаттар: Пәнге қатысты лексика мен терминология: орнитология, қосарлы тынсалу, етті қарын безді қарын, қыртөс, қанат. Құндылықтарды дарыту Жұптық жұмыс жасау барысында айтылған болжам бойынша бір-бірінің пікірлерін тыңдауға жағдай жасау; Функционалдық сауаттылықты дамытуға жағдай жасау |
Нәтиже | Құстардың ұшуға бейімделуіне байланысты сыртқы және ішкі құрылыстарындағы ерекшеліктерді талқылайды. Жорғалаушыларға ұқсас белгілерін салыстырады, тұжырымдайды. |
Қолданылған модульдер | Диалогтік оқыту тәсілі. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда АКТ-ны пайдалану. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу |
Қолданылған әдіс-тәсілдер | Алақан жылуы, айналмалы тарелка, ойлан-топтас-бөліс, венн диаграммасы, 3-3-1 |
Қолданылған ресурстар | 7-сынып «Биология» оқулығы, Алматы: Атамұра, 2012 жыл. Авторлары: Қ. Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә. Әметов, Ж. Қожантаева. Құс қаңқасы, муляждар, ылғалды препататтар, құстардың қаңқасының, ішкі құрылысының суреттері, слайд, флипчарт, стикерлер, маркерлер, т.б. |
Табыс критерийлері Құстардың сыртқы құрылысына сипаттама бере алады. Ұсынылған мәліметтерді пайдаланып қаңқасы мен ішкі мүшелерін көрсете алады. |
Барлық оқушылар: | Көпшілік оқушылар: | Жекеленген оқушылар: |
а) Құстарға сипаттама бере алады ә) Тіршілік ортасын ажырата алады | а) Құстардың сыртқы және ішкі құрлысының ерекшеліктерін біледі | а) Құстар қаңқасына сипаттама бере алады |
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Мақсаты | Мұғалім не істейді | Оқушылар не істейді | Ресурстар/ модуль |
3 минут | Ұйымдастыру | «Алақан жылуы» әдіс арқылы топқа біріктіру | Позитивтік атмосфера орнату | Оқушылармен амандасу. Сәлеметсіңдер ме оқушылар?! Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеймін. Сабақта мен сендерге: Бүркіттің қырағылығын Сұңқардың әдемілігін Қарлығаштың жылдамдығын Барлық құстардың еңбекқорлығын тілеймін. Сабағымызды топқа бөлінуден бастаймыз. «Алақан жылуы» деп аталатын әдіс арқылы топқа бөлініп алайық. І және ІІ топқа бөлініп өз орынымызды табайық. Сыни ойлауға қадам жасайды, кедергілерді жоюға бағытталады. Мұғалім бақылау жасайды. | Амандасады, ойланады, өзара қарым-қатынасқа түседі, іс-әрекетке барады. Топқа бөлініп, топ ережесін еске түсіреді. | Түрлі – түсті қағаздан жасалған алақан суреттері. /Оқуды басқару және көшбасшылық. |
6минут | Білу | Тест жұмысы | «Айналмалы тарелка». Оқушылардың өткен тақырып бойынша не түсінгенін білу | Үй жұмысына байланысты сұрақтар ұсыну. Берілген айналмалы тарелкада сұрақтар беріледі. Сұрақтың жауабын жазу сұралады. 1. Тау- тасты мекен ететін кесірткелер жер бауырлап жүргенде дeнесінің ішкі мүшелерін (өкпе, жүрек т.б) жарақаттан қалай сақтайды? (кеуде қуысы) 2. Жорғалаушылар класына жататын отрядтарды жазыңыз (қабыршақтылар, тасбақалар, тұмсықбастылар, крокодилдер) 3. Алып денелі динозаврлардың, ихтиозаврлардың, ұшуға бейімделген птеранодонның жер бетінен жойылуына әсер еткен басты фактор (ауа райының суынуы) 4. Қазақстан аумағында тіршілік ететін тасбақа түрлері (дала тасбақасы және батпақ тасбақасы) | Айналмалы тарелкада берілген сұрақтардың жауабын жазады, сыни тұрғыда ойланады, еске түсіреді. Орындалған тапсырмаларды өзара бағалайды. 1 сұрақ 2,5 балл 4 дұрыс 10балл 3 дурыс 7.5 балл 2 дұрыс 5 балл 1дұрыс 2.5 балл Тарелкадагы бұрыштар арқылы білімдерін саралайды. 4 дұрыс 100% 3 дурыс 75% 2 дұрыс 50% 1дұрыс 25% Топ бағалаушысы бағасын қояды | Дөңгелек қағаздар, қалам, Қарындаштар |
7 минут | Түсіну | Электронды оқулықтан құстар туралы мәліметтерді тамашалау | Оқушылардың визуалды есте сақтауын дамыту, тақырыпты түсіну | Мұғалім видеофильм көрсетіп жалпылама жаңа тақырыпты түсіндіріп өтеді. Таратылып берілген мәліметтерді оқып тақырыппен толықтай танысады | Оқушылар электронды оқулықтан құстар туралы тамашалау арқылы, өздері мәліметтерді оқу арқылы жаңа мәліметтер ала алады. | Электронды оқулық, Слайд |
12 минут | Қолдану | Ойлан-топтас-бөліс әдісі | Идеялар мен ойларды дамыту Сыныптың сабаққа түгел қатысуын бақылау | Әр топқа мәтінге байланысты сұрақтар таратылады: 1. Табиғат көпшілік құстардың өз денесін жоғары биіктікке көтеруін қалай бейімдеді? 2. Құстардың ішкі анатомиялық мүшелері мен мүшелердің физиологиялық қызметтерінде жорғалаушылардан ерекшеліктері қандай? Топ тапсырманы талдап, хабарлап болған соң «Стоп кадр» әдісі арқылы дәптерлеріне мәлімметтер жаздыру. | Бірінші сұраққа оқушы жеке ойланады, сосын жұптасып талдайды,одан соң топ болып талдап, ортақ бір шешім шығарады. Дәптермен жұмыс. | Интербелсенді тақта /жас ерекшеліктеріне байла нысты оқыту. Диалогтік әдіс Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету./ |
2 минут | | Сергіту сәті «Ұшты-ұшты» | Оқушылардың шаршағандығынның алдын алу, білімдерін тексеру | Мұғалім оқушылардың сергіту арқылы сабаққа зейінін жинап алады және білімдерін тексереді. Орнитология құстарды зерттейтін ғылым Қазақстанда құстардың 8600 түрі бар Құс температурасы +41′+43′ C Ұша алмайтын құс түйеқұс Құстарда 32 тіс бар Өте жақсы! Бір сергіп алдық. | Оқушылар айтылған жауап дурыс болса «Ұшты» деп қолдарын жоғары көтеріп, созылады. Айтылған жауап дұрыс болмаса түзу қалыпта тұрады. | Интерактивті тақта |
10минут | Талдау Жинақтау | Зертханалық жұмыс | Оқушы зерттейді, ажыратады, саралайды, қорытынды жасайды. | Тапсырамалардың дұрыс орындауын бақылау | Оқушылар жұптық,топтық жұмыс жасайды. Критериалды бағалайды. | Интербелсенді тақта. СТО |
2 мин | Кері байланыс | Оқушыларға қағаз ұялы телефондарға | Оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау | Сабақ басында топқа бөлінген алақан суреттеріне сабақтың қалай өткендігі туралы, ол қалай жемісті жұмыс істегені туралы бір-біріне қысқа хабарлама (SMS) жазу ұсынылады | Оқушылар топтардың жұмыстарын әділ бағалау | Стикер, алақан суреттері |
2 минут | Бағалау | Критерийлер арқылы бағалау | Әділдігі, шыншылдығы қалыптасады. Өзін-өзі бағалау | Оқушылардың әділ өздерін бағалағанын бақылау | Топ басшысы топ мүшелерін критерий арқылы бағалауы тиіс. | Оқыту үшін және оқу үшін бағалау |
1 мин | Үйге тапсырма | | Білімдерін толықтыру | 55 параграф. 274 бет сөздікпен жұмыс және ойланып жауап бер тапсырмасы. | Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады. | |