Просмотр содержимого документа
«Қазақстанның қорықтары.»
Сынып 6А Биология
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары.
Мақсаты: Қазақстанның қорықтарымен танысу.
1. Қорықтардағы қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар туралы оқушыларға мәлімет беру.
2. Оқушылардың өздері дайындап келген қорықтары туралы пікір таластыру арқылы балалардың сөйлеу тілдерін дамытып, ой - өрістерін кеңейту.
3. Балаларды табиғат байлықтарын сақтауға, қорғауға, сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық.Сұрақ-жауап, әңгімелеу, Пәнаралық байланыс: дүниетану,бейнелеу өнері Көрнекіліктер: Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, Қазақстаның физикалық картасы, сызбалар, қорықтардың суреттері, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу 1 - слайд
Шаттық шеңберін құрамыз.1,2,3, деп үш топқа бөлеміз. Амансың ба, алтын күн! Амансың ба, көк аспан! Амансың ба, достарым! Амансыздар ма, қонақтар! Сабағымызды бастайық. Жамандықты тастайық.
Балалар топтарымен отырады.
ІІ.Негізгі бөлім.
Қазақстан қорықтары жайлы жалпы мағлұмат беру және картамен жұмыс
жүргізу.
Біздің Республикамыздың қойнауы әр түрлі табиғат байлықтарына бай. Кең – байтақ қазақ жерінде табиғат байлықтарының аса мол қоры шоғырланған екенін өздеріне белгілі. Міне қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат
байлықтарын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда елімізде «Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары» қатарына:
10 - Мемлекеттік табиғи қорық
10 - Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар
49 - Мемлекеттік табиғи қорықшалар
26 - табиғат ескерткіштері
3 - Мемлекеттік табиғи резерват
5 - қорықтық аймақ
6 - ботаникалық аймақ
3 - зоологиялық саябақтар жатады.
Бұл республикамыздың жалпы жер көлемінің 17 млн 874 мың га жерін алып жатыр, яғни 8% ғана құрайды. Бұдан еліміз үшін ЕҚТА аз екендігін көре аламыз. Өркениетті елдердің көпшілігінде бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінген. Мысалы, Германия – 31,5%, Нидерланд – 26,2%, АҚШ – 15,8%, Жапония – 15%, Ұлыбритания – 10,5 % жерлерін алып жатыр.
ТАБИҒИ ҚОРЫҚ – табиғат нысандарын қорғаудың жоғарғы көрсеткіші. Ерекше қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдік пен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер.
Қазір елімізде 10 қорық жұмыс жасауда, олардың әлемдік маңызы бар деген мәртебеге ие болған Қорғалжын және Наурызым қорықтары. Ең соңғы 10-ыншы қорық Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданына 2004 жылы «Қаратау» қорығы ұйымдастырылды. Оның жерінің ауданы 34300 га жерді қамтиды. Қорғалатын табиғат нысандары Қаратау өңірінің экожүйелерінің табиғат байлығын сақтау.
Қазақстанда ең алғаш болып «Ақсу Жабағылы» қорығы 1926 жылы құрылған. Бірақ біз көптеген ғалымдардың еңбектерінде VІ-VІІ ғасырларда қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады.
Қазақстанда болашақта мына қорықтарды ұйымдастыру ісі көзделуде.
Ерейментау, Бетпақдала, Торғай, Жоңғар, Кент, Қопылаңқыр, Зайсан көлі.
Біздің республикамыздағы 10 қорықтың үшеуі Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Олар – Марқакөл, Батыс Алтай және Алакөл қорықтары. Бұл сандар біздер үшін үлкен мақтаныш бола алады. Аталған қорықтарды картадан көрсету.
2 - слайд тақтадағы ребусты шешкізу: - Балалар, қазақстанда неше қорық бар? Қане, атап жіберейікші. 3 – слайд көрсетіледі Қорықтар: 1) Ақсу – Жабағылы қорығы 2) Барсакелмес қорығы 3) Марқакөл қорығы 4) Үстірт қорығы 5) Батыс Алтай қорығы 6) Алакөл қорығы 7) Қорғалжың қорығы 8) Алматы қорығы 9) Наурызым қорығы
Оқушылар өздері дайындап келген қорықтары жайында әңгімелеп айтады. 4 - слайд I – топ Ақсу – Жабағылы қорығы, Наурызым қорығы, Алматы қорығы. II – топ Қорғалжың қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы. III – топ Батыс – Алтай қорығы, Барсакелмес қорығы, Алакөл қорығы.
Сергіту сәті: Музыка ойналады, оқушылар көздерін жұмып, музыканы тыңдайды. Тыңдап болған соң, сол музыкаға байланысты суреттер салады немесе не естіді соны айтқызу. Қорықтар дегеніміз не? Қорық деп – өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты айтамыз. Видео роликті көрсету. Картадан қорықтарды тапқызу. «Мазайка» ойынын ойнату. 5 - слайд « Қызғылт фламинго» суреті шығады Сұраққа жауап: 1. Маңғыстау облысы орналасқан қорық (Үстірт) 2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық ( Алматы) 3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық атауы (Ақсу - Жабағалы ) 4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық ( Қорғалжын) 5. Қылқанды Тайга орманы орналасқан қорық (Батыс - Алтай) 6. Наурызым орығы қайда орналасқан? (Қостанай)
Табиғатқа байланысты тыйым сөздер бар: 1. Құмырсқаның илеуін бұзба. 2. Жүрген жеріңде қоқыс қалдырма. 3. Аққуды атпа. 4. Жас шыбықты кеспе. 5. Құстың ұясын бұзба. 6. Саяхатқа шықсаң, отты сөндіруді ұмытпа. Мына сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша айтайықшы: 6 - слайд Үкі – сова – owl Лашын – сокол – falcon Аққу – лебедь – swan Бұғы – олень – deer «Сандар сөйлейді» ойыны 7 - слайд 12, 98, 19, 227, 9, 1, 64, 04, 14, 0. Жауабы: Ақсу - Жабағылы қорығында өсімдіктердің 1404 түрі бар. Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған. Батыс Алтай қорығында құстардың 120 түрі бар. Алматы қорығы1964 жылы құрылған. Үстірт қорығында сүтқоректілердің 227 түрі бар.
ІІІ.Қорытындылау
-Қазақстан жерінде неше қорық бар?
-Оның нешеуі ШҚО-да орналасқан?
-Қорықтар қандай мақсатпен құрылады? -Сіздер үшін Қазақстан жерінде әлі де қорықтар құрылуы керек пе?
ІV.Қорықтардың құрылған жылын тауып, бағдармен көрсету
Қорықтардың атыҚұрылған жылы
Барсакелмес 1926
Марқакө 1939
Батыс Алтай 1992
Ақсу Жабағылы 1968
Қорғалжын 1976
V.Бағалау. Әр топ бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
VІ.Үйге тапсырма.Қорықтар тақырыбына реферат жазып келу.