Просмотр содержимого документа
«Разработка урока казахского языка в 6 классе на тему "?аза?стан ?оры?тары" »
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қорықтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан қорықтары туралы толық мәлімет беру, сөйлеу, ой қорыту дағдыларын қалыптастыру, оқушыларға жеңілден қиынға қарай сатылай түрде орындалатын жұмыс түрлерін ұсыну
Дамытушылық: ойлау, ой жинақтау, еркін сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту
Тәрбиелік: Отанын сүюге, табиғатты аялап қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі мен типі: жаңа білімді игеру, топтық, жеке жұмыс, деңгейлік тапсырмалар орындау
Сабақтың көрнекілігі: слайд, карта, кластер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Кезекші арқылы түгендеу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа бұру.
2. Үй тапсырмасын тексеру
1- топ: «Қазақстан» тақырыбы бойынша кластер құрастырып қорғайды және қарсылас топқа сұрақтар қояды
2- топ: «Алматы» тақырыбы бойынша кластер құрастырып қорғайды және қарсылас топқа сұрақтар қояды
Мұғалім: Балалар, Қазақстан Республикасының астаналарын атайықшы.Жаңа Қазақстан жері бай, табиғаты көркем- дедіңдер.Сонда табиғат дегеніміз не?
Табиғат – бұл жан- жануарлар, өсімдік пен аңдар, ауа т.б. Сонда табиғат пен адам егіз, тығыз байланыста.Жаңа тақырыпқа көшу.
3. Жаңа сабақ.
Дәптерлеріне күн, сабақ тақырыбын жазу.
Эпиграф: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Сабақты өрбіту мақсатында жаңа сөздер жазу және сөз тіркестерін құрастыру: құрып кету- исчезновение
қорғау - защищать
аялау – беречь
тауешкі – горный козел
сілеусін – рысь
лашын- сокол
бауырымен жорғалаушылар- пресмыкающиеся
кесіртке – ящерица
Сұрақ: Балалар, ҚР-нда қанша қорық бар?
Слайд
1.Үстірт 2.Барсакелмес 3.Наурызым 4. Қорғалжын
5. Ақсу-Жабағлы 6.Алматы 7.Алакөл 8. Батыс- Алтай 9. Марқакөл
1- тапсырма мәтін бойынша жұмыс
1- топ «Ақсу- Жабағлы» мәтіні бойынша жұмыс жасайды
А) мәтінді оқу
Б) кластер арқылы қорғау
2- топ «Үстірт» мәтіні бойынша жұмыс жасайды
А) мәтінді оқу
Б) кластер арқылы қорғау
Сергіту минуты
2 – тапсырма . Мәтінге сұрақтар беру
3- тапсырма. 1- деңгей оқушылары қорықтарға өлең құрастырады.
2 -деңгей оқушылары мәтінне сөз тіркестері тауып, орыс тіліне