kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "?аза?стан ?оры?тары" 9 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок казахского языка в 9 классе по теме "?аза?стан ?оры?тары".Обобщающий урок по теме "?аза?стан таби?аты". С целью проверки знаний учащихся включены задания по грамматике с использованием технологии ступенчатого комплексного разбора. Знания по лексическим темам проверяются  через тест.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "?аза?стан ?оры?тары" 9 сынып»

Сабактың такырыбы: Қазақстан қорықтары.

.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың Қазақстан мемлекеттік қорықтары туралы білімдерін бекітіп,жүйелендіру. Сатылай кешенді талдау арқылы зат есім мен сын есімді, жай сөйлемнің құрылысын қайталау.

2. Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ойын тиянақты айтуға үйрету, логикалық ойлау қабілеттірін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімдерді жүйелендіру сабағы

Сабақтың әдісі: баяндау, пікірталас.

Көрнекілік: интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сұрақ-жауап.

Тақтада берілген сұрақтарға жауап беру

Табиғат дегеніміз не?

Табиғат –адамның алтын бесігі,өйткені табиғаттың аясында адам туып-өседі, өмір сүреді.

Неге адамды табиғаттың баласы дейді?

Табиғат адамды асырайды, қорғайды. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз,жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланылатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз-осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы.

Табиғат халықтың несі?

Табиғат-халық қазынасы,себебі оның байлығы шексіз,бірақ сол байлықты біз ұқыптылықпен пайдалануымыз қажет.

Біздің табиғат алдындағы міндетіміз қандай?

Біз табиғатты әрқашан қорғауымыз керек ,себебі табиғатсыз өмір сүру мүмкін емес.

Қазақстан табиғаты қандай?

Қазақстан табиғаты бай жіне алуан түрлі,себебі мұнда орман, тау, жазық,шөл,шөлейт, озен,колдер бар.

Табиғатты қорғаудың ең жоғарғы әдісі не?

Табиғатты қорғаудың ең жоғарғы әдісі-қорықтар ұйымдастыру.

Қазақстанда неше қорық бар және олар қалай аталады?

Үстүрт,Барсакелмес,Марқакол,Қорғалжын,Ақсу-Жабағылы,Алматы,Батыс Алтай,Науырзым,Алакол.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Сабақтың тақырыбы «Қорықтар» Бүгін сабақта сендер осы тақырып бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер, дайындаған презентацияларыңды көрсетіп, қорғайсыңдар,сатылай кешенді талдау арқылы зат есімді, сын есімді, жай сөйлем түрлерін қайталаймыз, тест жұмысын орындайсыңдар.

Үй тапсырмасын тексеру

Ал енді,1-ші тапсырмаға кірісейік.

1.Тақтада жоғары айтып кеткен қорықтар берілген.Сендер сол қорықтардың ұйымдастырылған жылы мен орналасқан жерін анықтауларың керек.



Науырзым қорығы 1998 жыл Алматы облысы

Алматы қорығы 1984 жыл Маңғыстау облысы

Ақсу-Жабағылы қорығы 1992 жыл Батыс Тянь-Шаньның солтүстігі

Барсакелмес қорығы 1930 жыл Қостанай облысы

Қорғалжын қорығы 1926 жыл Ақмола облысы

Марқакол қорығы 1935 жыл Арал теңізінің солтүстік бөлігі

Үстүрт қорығы 1976 жыл Шығыс-Қазақстан облысы

Батыс Алтай қорығы 1968 жыл Оңтүстік-Қазақстан облысы

Алакөл қорығы 1939 жыл Іле Алатау өңірі


2.Сәйкестендіру.Тақтадағы суреттерді қорықтардың ашылған жылдарына сәйкес орналастырып,қысқаша мәлімет айтып беру қажет.


3.Грамматика алаңы. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып,сатылай кешенді синтаксистік талдауын жасау.

Жануарлар мен өсімдіктерді, қорықтар, қорғау үшін, ұйымдастырылған.

Белсене қатысуымыз, табиғатты, керек, біз,қорғауға.

Қорықтар,табиғатты создерге фонологиялық талдау жасау.

Жануарлар, біз-морфологиялық талдау жасау.


4. Шығармашылық жұмыс.


Қалаған қорық туралы жобаларын қорғау.


Тексеру жұмысы Тест орындау.


1.Қазасқстандағы қорықтардың саны.

а 8 б 7

ә 9 в 10

2.Қорғалжын қорығының орналасқан жері.

а Қостанай облысы б Алматы облысы

ә Ақмола облысы в Маңғыстау облысы

3.Ең алғаш ашылған қорық.

а Науырзым қорығы б Барсакелмес қорығы

ә Қорғалжын қорығы в Ақсу-Жабағылы қорығы

4.Сөйлемді толықтырыңыз

Табиғатсыз адамның ... жоқ.

а күні б тамағы

ә денсаулығы в досы


5.Табиғатты сөзі қай септікте тұр?

а Жатыс б Шығыс

ә Ілік в Табыс

6.Туынды зат есімді анықтаңыз.

а Қорғаушы б құспен

ә тоғайды в аңға

7.Айтылу мақсатына қарай жай сөйлемнің түрлері нешеу?

а 5 б 4

ә 3 в2

8.Тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлемнің түрі

қалай аталады?

а Толымды б Жақты

ә Жайылма в Жалаң

9. Мақалды толықтырыңыз Көлдің көркі-құрақ,...

а Таудың көркі-бұлақ б Онан өнер өнім коп

ә Таулы жер бұлақсыз болмас в Бұлақты жер-тұрақты жер

10.Біздің облысымызда орналасқан қорық.

а Қорғалжын қорығы б Науырзым қорығы

ә Барсакелмес в Батыс Алтай қорығы


Тест тапсырмаларын тексеріп, жіберілген қателерді талдау.


5. Мақалдарды толықтыру

Тақтада берілген мақалдарда жіберіліп калған создерді жазу.


1.Су анасы- ....

2.Бұлақ көрсең, ... ...

3 Бір ағаш кессең, ...отырғыз.

4.Орман көп болса, ... көп.


6. Қорытындылау


1Қорықтардың басты мақсаты қандай?

Табиғат байлықтарын болашақ ұрпаққа сақтап қалу.

Табиғат өзгерістеріне бақылау жасау.

2.Табиғат алдындағы борышымыз қандай?

Табиғат байлықтарын қорғау және оны аялап, сүю.


7. Бағалау


8. Үйге тапсырма :Табиғат туралы Абайдың бір өлеңін жаттау.



































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Ашы? саба? "?аза?стан ?оры?тары" 9 сынып

Автор: Ибрашева Нурсулу Сапабековна

Дата: 24.03.2016

Номер свидетельства: 309723


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства