Саба?тын та?ырыбы: Балы?тар?а жалпы сипаттама. Шеміршекті балы?тар класы. С?йекті балы?тар класы. Зертханалы? ж?мыс № 6 Сулы ортада?ы тірі балы?тарды ба?ылау.
Ма?саты:
Білімділігі: О?ушыларды балы?тарды? сырт?ы ж?не ішкі ??рылысымен оларды? сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялы? ерекшеліктерімен таныстыру.
Просмотр содержимого документа
«ГУ "Камыстинская СШ №2"»
Күні: 03.02.2016
Пән: биология
Пән мұғалімі: Әбенова А.Ә.
Сынып: 7
Сабақтын тақырыбы: Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Зертханалық жұмыс № 6 Сулы ортадағы тірі балықтарды бақылау.
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды балықтардың сыртқы және ішкі құрылысымен олардың сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Сыртқы құрылыс ерекшелігіне қарап, шеміршекті және сүйекті балықтарды бірінен - бірін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Балықтар туралы ұғым бере отырып, оларды қорғай білуге баулу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ өткізу әдісі: Топпен, жеке, жұппен жұмыс (Сыни тұрғыдан ойлау), әңгіме, нұсқау беру (қалай оқыту керектігін үйрету), демонстрация, түсінік беру(ақпараттық коммуникациялық технология), оқуды бағалау, сұрақ – жауап, пікірталас, түсіндіру (диалогтік оқыту) №6 зертханалық жұмыс.Тест жұмысы
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, тапсырмалар, оқулық, жұмыс дәптері, оқушыларды бағалау плакаты және стикерлер, маркерлер, желім, қайшы, сызғыш.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, орындықа жайғасып отырындар. Сабақта кім жоқ?
Психологиялық дайындық:
Менің көнілім жақсы.
Мен сабақты жылдам орындаймын.
Мен сабақты жақсы оқимын.
Менің жазуым жақсы.
Менің тәртібім жақсы.
Оқушыларды топқа бөлу( 2 түрлі суреттер, (сүйекті, шеміршекті балықтар) арқылы 2 топқа бөлу)
- Балалар біз топпен жұмыс істейтін болғандықтан, бәріміз топ ережесіне бағынамыз.
Топ ережелері:(тақтада ілініп тұрған қағазға жазу)
1. Тәртіпті болу.
2. Бір-бірін тыңдау
3. Бірлесіп жұмыс істеу.
4. Уақытты үнемдеу.
5. Топ ережесін сақтау
Өткен сабақтағы тақырыбы бойынша білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеру.
«Балық аулау» әдісі.
Қандауыршаның жұтқыншақ екі бүйірінде қандай саңылау орналасқан. (желбезек)
Омыртқасы жоқ желілі жануар. (қандауырша)
Дене қуысындағы соңғы қуыс грек.тілінен аударғанда қалай аталады? (целом)
Қандауырша қандай мұхитта тіршілік етеді? (тынық)
Асцидия қай тип тармағына жатады? (қабықтылар)
Желілердің қан тарату жүйесі? (тұйық)
Қандауырша қандай жынысты? (дара)
Желілердің терісінің сыртында жұқа қабыққалай аталады ? (сірқабық)
ж
е
л
Б
е
з
е
к
қ
а
н
д
А
у
ы
р
ш
а
ц
е
Л
о
М
т
Ы
н
ы
қ
қ
а
б
ы
Қ
т
ы
л
а
р
Т
ұ
й
ы
қ
д
А
р
а
с
і
р
қ
а
б
ы
қ
III.Үй тапсырмасын бекіту.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру: Ой қозғау. 1,5 мин бейне баян көрсетіп, жаңа тақырыпты оқушыларды сын тұрғысынан ойлату арқылы ашамыз.
Балықтар класы суда тіршілік ететін омыртқалылар. Бас сүйектілер тип тармағына жатады. Бас сүйектілердің негізгі ерекшеліктерінің бірі-миы бассүйектерінің ішінде орналасқан. Денесі үш бөліктен: бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Екі жұп көкірек, екі жұп құрсақ қанаттарымен бірге құйрық қанаттары бар. Денесі бұрылғанда, тоқтағанда, баяу ғана ілгері жылжығанда және дене тепе-теңдігін сақтауда қанаттарының маңызы зор. Денесінің сырты қабыршақпен қапталған. Қабыршақ сыртын шырышты қабыршақ қабық қоршаған. Ол қорғаныш қызметін атқара отырып судың үйкелісін азайтып, бактериядан қорғайды. Балық қаңқасы тірек қызметін атқарады. Балық торсылдағы балықтың суда жоғары және төмен көтерілуіне мүмкіндік жасайды. Тыныс алуы: Балықтар суда еріген оттегі мен желбезек арқылы тыныс алады. Қантамырлар жүйесі тұйық. Ол жүректен және қантамырларынан құралған. Бір құлақша мен қарыншадан тұрады. Қан бұлшықеттердің жиырылуы арқылы денеге тарайды. Зәр шығару жүйесі: Екі бүйрек пен несеп жолы арқылы аналь тесігіне ашылатын қуыққа өтеді. Сезім мүшелері: Сипап сезу және бүйір сызықтары су ағынының бағыты мен күшін анықтайды. Көбеюі: дара жынысты , уылдырық шашу арқылы көбейеді. Түрлері: Балықтар қаңқасының құрылысына қарай шеміршекті және сүйекті балықтар деп бөлінеді. Шеміршекті балықтар: Қаңқасы шеміршектен құралады. Оларда желбезек қақпасы болмайды. Шапшаң қозғалады, көбі жыртқыштар.
IV. «Сергіту сәті»
Сабақты бекіту:
Тапсырма. Постер құру. (Оқулықпен жұмыс)
1 топ Сүйекті балық -
2 топ Шеміршекті балық -
Оқулықтан 246 бет және 250 бет. Әр топқа өзінің тобының атауын беріп, постерге суретін салады және жазады. Әр топтың көшбасшысы қорғайды.
Осы тапсырмаға байланысты басқа топ мүшелері сұрақ қойып, оны бағалайды.
Ой қозғау: Шелектегі балықтардың аттарын тауып алу.
Жеке жұмыс: тест жұмысы, зертханалық жұмыс №6
VI. Үйге тапсырма беру §51,52 246-250 бетте
Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау
Кері байланыс: 2 жұлдыз 1 ұсыныс
«Балық аулау» әдісі.
Қандауыршаның жұтқыншақ екі бүйірінде қандай саңылау орналасқан.
Омыртқасы жоқ желілі жануар.
Дене қуысындағы соңғы қуыс грек.тілінен аударғанда қалай аталады?
Қандауырша қандай мұхитта тіршілік етеді?
Асцидия қай тип тармағына жатады?
Желілердің қан тарату жүйесі?
Қандауырша қандай жынысты?
Желілердің терісінің сыртында жұқа қабыққалай аталады ?