kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Генетика ?ылымыны? даму тарихы

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Саба?ты? ма?саты:   
  •       О?ушыларды? ой - ?рісін дамыта отырып, табандылы?пен шешім ?абылдау?а, оны д?лелдеуге, биология п?ніне деген ?ызы?ушылы?ын арттыра отырып,генетиканы? даму тарихы туралы м?лімет беру
  • Білімгерлерді?  логикалы? ойлау ?абілеттерін      жетілдіріп, ?з беттерінше ж?мыс істей алу?а  да?дыландыру.
  •  Д?лдікке, ??ыптылы??а, ?жым намысын жо?ары ?ою?а, е?бекке баулу?а жауапкершілікке ж?не ма?сатына жете білуге т?рбиелеу 
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Генетика ?ылымыны? даму тарихы »

Үлгілі сабақ
Генетика ғылымының даму тарихы

  • Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың ой - өрісін дамыта отырып, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге, биология пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып,генетиканың даму тарихы туралы мәлімет беру

  • Білімгерлердің логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп, өз беттерінше жұмыс істей алуға дағдыландыру.

  • Дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға, еңбекке баулуға жауапкершілікке және мақсатына жете білуге тәрбиелеу

  • 1.Ұйымдастыру кезеңі

  • 2. «Ой маржан» Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

  • 3.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

  • 4.Жаңа сабақты бекіту кезеңі

  • 5.Оқушыларды бағалау.

  • 6.Үйге тапсырма беру кезеңі.

« Ой маржан» Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

1 тапсырма Бәйге

  • І топ:

  • 1.Биология ғылымы нені зерттейді?

  • 2.Эмбриогенез дегеніміз не?

  • 3.Мейоз қанша кезеңнен тұрады?

  • 4.Кроссинговер дегеніміз не??

  • 5.Шала түрленіп дамудың сызба нұсқасы қандай?

1 тапсырма Бәйге

ІІ топ

  • 1.Филогенез дегеніміз не?

  • 2.Постэмбриондық даму дегеніміз не?

  • 3. Митоз дегеніміз не?

  • 4.Коньюгация дегеніміз не?

  • 5. Толық түрленіп дамудың сызба нұсқасы қандай?



№ 2 тапсырма «Сызықтық диктант»

Бұл тапсырмада оқушылар дұрыс тұжырымның тұсына “ ^ ” таңбасын, дұрыс емесінің тұсына “ – ” таңбасын қояды.

1.Үш ұрық жапырақшасы бар.

2. Жүрек мезодермада қабатында пайда болады.

3. Бластула – бұл екі қабатты ұрық.

4. Қосмекенділер түрленбей дамиды.

5. Ми мен жұлын эктодермадан пайда болады.

6. Көбелек шала түрленбей дамиды.

7. Көбелек шала түрленіп дамиды.

8. Асқорыту мүшелері энтодермадан пайда болады.

Сызықтық диктанттың кілті

^ ^ - - ^ ^ - ^

№ 3 тапсырма « Ол кім, бұл не ойыны»



Суреттегі ғалымдардыңың атын айтып, биологияға қосқан үлесі жайлы мәлімет бер?

Бұл не?



Жер бетіндегі ең ірі, ауыр салмақты жануар. Оның салмағы 9 тоннадай болады. Ол жануар баласын іште 600 күн көтереді.


Ол ұсақ кеміргіштер тұқымдасына жатады. Дене ұзындығы 12,5 см дейін, құйрығы, 10,5 см. пайда болған жері негізінен – Азия, кейбір түрлері бүкіл дүниежүзіне таралған. Дәнді дақылдармен, астықпен, тамырлармен, жидектермен, шөппен және басқа да жәндіктермен қоректенеді, түнде белсенді Оңтүстік аудандарда және үйлерде жыл бойы көбейе береді. Ол жануардың буаз болу мерзімі 18 күн.




Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Тақырыбы: Генетика ғылымының даму тарихы

Ой қозғау: төмендегі терминдерге сипаттама бер?

Г Е Н Е Т И К А Сипаттама



Тұқымқуалаушылық Сипаттама



Өзгергіштік Сипаттама



  • Генетиканың дамуы : Генетика — бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды

  • (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән).



Генетика дамуының 3 кезеңі:

1.Пайда болуы

2. Қалыптасуы

3. Молекулалық генетиканың пайда болуы

Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды.

1865 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің “Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер” деген еңбегі жарық көрді.

Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырады. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады.

Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтарға, белгісіз күйде қалды.

Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды.

  • Себебі үш елдің ғалымдары: голландиялық Г. де Фриз, неміс ғалымы К.Корренс және австриялық генетик Э.Чермак-Зейзенегг әр түрлі объектілермен тәжірибелер жүргізіп, нәтижесінде Мендель заңдылықтарының дұрыстығын дәлелдеді. Көп кешікпей бұл заңдылықтардың жануарларға да тән екендігі анықталды.

  • Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.

  • Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады.



1909 жылы дат оқымыстысы Вильгельм Йоханнсен биологияда аса маңызды болып есептелетін ген (герекше “genos” — шығу тегі), генотип және фенотип деген ұғымдарды қалыптастырды. Генетика тарихының бұл кезеңінде ағзалардың жекелеген белгілерінің ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне жауапты тұқым қуалаушылықтың материалдық бірлігі — ген туралы ұғым қалыптасып, Мендель ілімінің әрі қарай дамуына мүмкіндік туды.

Генетика тарихындағы шешуші бір кезең американдық генетик, әрі эмбриолог Т.Морганның және оның ғылыми мектебінің тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашуымен тығыз байланысты. 1911 жылы Т.Морган және оның шәкірттері жеміс шыбыны — дрозофилаға тәжірибе жасаудың нәтижесінде тұқым қуалаушылықтың көптеген заңдылықтарын ашты.

  • 1953 жылы ДНҚ ның құрылымдық моделін жасады.

  • Қазақстандық ғалымдар Қазақстан ғалымдары мал шаруашылығын дамытуда, малдың жаңа тұқымын шығаруда көрнекті нәтижелерге жетті. Малдың 10 жаңа, атап айтқанда: қойдың - 4: сиырдың 3, жылқының - 2, шошқаның - 1 қолтұқымдары шығарылды. Мал санын көбейтуде зоотехник, профессор, ВАСХНИЛ академигі, В. А. Бальмонт (1901- 1971) алғашқы отандық етті-жүнді қой тұқымы - қазақтың биязы жүнді қойын шығарды (1946). М. С. Бутарин, Е. А. Большакова, Ә. Е. Есенжолов және А. Ы. Жандеркиндердің басшылығымен отандық етті-биязы жүнді қой тұқымы қазақтың арқар-меринос қолтұқымы өмірге келді (1950). Қазақтың оңтүстік мериносын шығарған бір топ ғалымдар: А. И. Петров, О. Есалисн, Н. А. Маллицкий, Л. И. Цой, A. М. Якушкинаны атауға болады. Республикамызға кең таралған сиырдың етті - тұқымы қазақтың ақбас сиырының авторлары: Б. М. Мусин, Н. 3. Ғалиакберов, М. Ф. Гордиенко, К. А. Акопян: С. Я. Дудин.

ТЕРМИНДЕР БЕКЕТІ :Оқулықпен жұмыс

  • Аллельді гендер - гомологиялық жұп хромосомның бірдей учаскілерінде орналасқан бір геннің әртүрлі формалары. Қарама-қарсы белгілерді анықтайтын гендердің атауы.

  • Ген – хромосомның белгілі бөлігінде орналасқан тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі. Белоктың алғашқы құрылымы туралы хабар бар ДНК молекуласының учаскесі.

  • Генотип – ағзаның гендер жиынтығы.

  • Гетерозиготты ағза – белгілі геннің әр түрлі жұп аллельді гомологты хромосомаларда орналасқан әртүрлі гендер.

  • Гомозиготты ағза – гомологты хромосомада белгілі геннің бірдей жұп аллельдері орналасқан диплоитты ағза.

  • Доминантты ген - аллельді гендердің біреуін – рецесивті генді басатын ген. Белігінің басым болу құбылысын доминанттау, ал басым белгіні доминантты белгі деп атайды. (АА)

  • Рецессивті ген – бірінші ұрпақта көрінбейтін белгі. (аа)

  • Фенотип – Ішкі және сыртқы белгілер жиынтығы

Жаңа сабақты бекіту кезеңі: №1 тапсырма «Сәйкестік тесті»



1.Ішкі және сыртқы белгілер жиынтығы

Генотип

2.Генетика терминін ұсынған:

Вейсман

3.Ұрық плазмасы туралы болжам ұсынған:

Мендель

4.Хромосома теориясын қалыптаспай тұрып-ақ


мейоздық бөлінудің механизмі мен гендердің

әрекеті туралы болжам жасаған:

Бэтсон

5.Ата-аналардан алынатын гендердің


толық жиынтығы:

Фенотип

6.Қарама-қарсы белгілерді анықтайтын

гендердің атауы:

4

7.Дрозофилия шыбыны хромосомаларының

Аллелді

гаплоидты жиынтығы:

№2 тапсырма «суреттер сыр шертеді» Берілген суреттерден қандай ой түйдіңдер?


Гомозиготалы генотип

Гетерозиготалы генотип









№3 Топтастыру: әр оқушы тақтаға шығып, өзінің «генетика» ұғымын қалай түсінгендігі туралы жазады.

ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ

Бағалау сәті

Мақсаты:

Әр топқа сабақ барысындағы белсенділігін Жинаған асбұршақ санына қарай бағалау.

Рефлексия

Әр топқа: 1. Егер сабақ ұнаса -3-рет шапалақтаймыз.

2. Егер жартылай ұнаса -2- рет.

3. Егер мүлде ұнамаса -1- рет шапалақтаймыз.

Үй жұмысы:

«Тұқымқуалаушылық» туралы Г.Мендельдің еңбегіне реферат дайындау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Генетика ?ылымыны? даму тарихы

Автор: КУЛУМБЕТОВА САЛИМА БЕЙСЕКУЛ?ЫЗЫ

Дата: 20.08.2015

Номер свидетельства: 226145

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Генетиканы? даму тарихы "
    ["seo_title"] => string(26) "gienietikanyn-damu-tarikhy"
    ["file_id"] => string(6) "164297"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422624500"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Генетиканы? даму тарихы" "
    ["seo_title"] => string(28) "gienietikanyn-damu-tarikhy-1"
    ["file_id"] => string(6) "173070"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423921540"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(201) "Генетиканы? ?ыс?аша даму тарихы. Белгілерді? Г. Мендель аш?ан т??ым ?уалау за?дылы?тары. Моногибридті ша?ылыстыру."
    ["seo_title"] => string(109) "gienietikanynkyskashadamutarikhybielghilierdingmiendielashkantukymkualauzandylyktarymonoghibridtishagylystyru"
    ["file_id"] => string(6) "279865"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453297520"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Генетиканы? даму тарихы."
    ["seo_title"] => string(24) "gienietikanyndamutarikhy"
    ["file_id"] => string(6) "301724"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456981908"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "моногибридті будандастыру "
    ["seo_title"] => string(26) "monoghibridti-budandastyru"
    ["file_id"] => string(6) "149473"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420207237"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства