kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Генетиканы? ?ыс?аша даму тарихы. Белгілерді? Г. Мендель аш?ан т??ым ?уалау за?дылы?тары. Моногибридті ша?ылыстыру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Генетика ?ылымы нені зерттейтіндігі туралы т?сінік беріп Г. Мендельді? гибридиологиялы? ?дісі жайлы тере?ірек сипаттау.O?ушылар?а генетика ?ылымыны? пайда болуы ж?не дамуы туралы білім беру, генетик ?алымдарды? е?бектерімен таныстыру. Генетика ?ылымыны? биология за?дылы?тарын т?сіну туралы айту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Генетиканы? ?ыс?аша даму тарихы. Белгілерді? Г. Мендель аш?ан т??ым ?уалау за?дылы?тары. Моногибридті ша?ылыстыру.»

Күні: 9 сынып биология


Сабақтың тақырыбы: Генетиканың қысқаша даму тарихы. Белгілердің Г. Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Моногибридті шағылыстыру.

№4 Практикалық жұмыс. Қарапайым генетикалық есептер шығару


Сабақтың мақсаты: оқушыларға генетика ғылымының пайда болуы және дамуы туралы білім беру, генетик ғалымдардың еңбектерімен таныстыру. Генетика ғылымының биология заңдылықтарын түсіну туралы айту.

Сабақтың міндеттері: генетика ғылымы нені зерттейтіндігі туралы түсінік беріп Г. Мендельдің гибридиологиялық әдісі жайлы тереңірек сипаттау.

Сабақтың типі: хабарлама және жаңа білімді қалыптастыру.

Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме – сұхбат, өзіндік жұмыс.

Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, электрондық оқулық, интернет

ресурс, сурет бетшелері.


І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Оқытылған тақырып бойынша білімді өзектеу


«Кім жылдам?»

1. Организмнің көбею жолдары?

2. Мейоз неше процестен тұрады?

3. Мейоздың митоздан айырмашылығы?

4. Қосарланып ұрықтану қай ағзаға тән?

5. Гаметогенез дегеніміз не?

6. Организмнің жеке дамуы қалай аталынады?


«Сәйкестігін тап»

Онтогенез - ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым

Филогенез - организмнің жеке дамуы

Биогенетикалық заңдылық - тарихи даму

Эмбриология - онтогенездің филогенезге қысқаша қайталауы.


ІІІ. Жаңа материалды оқыту

1. Генетика биология ғылымының бір саласы

2. Генетика ғылымының қалыптасуы, дамуы

3. Генетика ғылымының дамуы

4. Тұқым қуалауды зерттеудегі гибридологиялық әдістің маңызы

5. Моногибридті будандастыру

6. «Гомозигота» және «Гетерозигота» ұғымдары.

7. Практикалық жұмыс №4

Генетика биология ғылымының бір саласы


Генетика ғылымы

Тұқымқуалаушылық - Организмдердің өз белгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру қабілетін айтады.

Өзгергіштік - Организмдердің жаңа белгілері мен қасиеттерге ие болуы.


Генетика ғылымының қалыптасуы, дамуы

Генетика ғылымының дамуы 3 кезеңнен тұрады:

І кезең – пайда болуы: 1900 – 1910 жылға дейін

ІІ кезең – қалыптасу: 1911 – 1953 жылға дейін

ІІІ кезең – молекулалық генетиканың пайда болуы: 1953 жылдан қазірге дейін


Тұқым қуалауды зерттеудегі гибридологиялық әдістің маңызы

Моногибридті будандастыру – бір – бірінен жұп белгілері бойынша айырмашылығы бар ата – аналар дараларын будандастыру.


Жаңа материалды игеру үшін сынып 3 топқа бөлінеді.

І топ: Тұқымқуалаушылық

ІІ топ: Өзгергіштік

ІІІ топ: Доминантты

Әр топ өз тапсырмасымен жұмыс жасайды.

І топ тапсырмасы:

1. Генетика биология ғылымының бір саласы.

2. Генетика ғылымының қалыптасуы, дамуы.

ІІ топ тапсырмасы:

1. Тұқым қуалауды зерттеудегі гибридологиялық әдістің маңызы.

2. Моногибридті будандастыру.

ІІІ топ тапсырмасы:

1. « Гомозигота» және «Гетерозигота» ұғымдары.

2. Генетика ғылымының дамуы.


Сергіту сәті.

Жаңа сабақты қорыту: №4 Практикалық жұмыс


Практикалық жұмыс №4

Қарапайым генетикалық есептер шығару

Берілген үлгіні қарап, ата – анасын генотипі бойынша анықтаңдар. Қандай даралар будандастырылған.

Аталық жұп Р♀ ААХ ♂ аа

Гаметалар АА аа

І ұрпақ буданы F1

Фенотипі бойынша:

Генотипі бойынша:

Ата – анасы қандай типті гаметалар түзеді? F1 ұрпақ будандарында қандай белгілер көрінеді, қандай типті гаметалар түзеді.


Дәрісті қорытындылау:

Сабақтың соңынан білімгерлердің білімін бағалап, қорытынды жасау.

Оқытушы білімгерлерден бүгінгі тақырып бойынша қандай әсер алғанын талдап, сараптама жасау қажет.

Білімгерлердің ғылыми ізденісін қалыптастыру.

Бағалау

Үй тапсырмасын беру














Сабақ тақырыбы : Транскрипция мен трансляцияның бактерияларда реттелуі.

Білімділік мақсаты: Транскрипция мен трансляцияның бактерияларда реттелуі туралы білім беру.

Дамытушылық мақсаты: Транскрипция мен трансляцияның бактерияларда реттелуі туралы білім дағдыларын дамыту..

Тәрбиелік мақсаты: Білімділікке, сауаттылыққа, , бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйренеді. Өз ойларын ашық айтуға дағдыланады.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Оқыту әдісі: сұрақ жауап, семантикалық карта, «Ортадағы қаламсап», кесте, «түртіп алу».

Көрнекіліктер: мультимедия, электрондық оқулық, слайдтар.

Сабақтың кезеңдері: І Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Гендік және жасушалық инженерия

«Ортадағы қаламсап »

  1. Гендік инженерия   дегеніміз не?

  2. Гендік инженерияның мақсаты қандай?

  3. Жасушалық инженерия дегеніміз не?


В) Тест жұмысы:

1. Ол майлардың екі қабаты және нәруыз қабатынан түзілген.

А. цитоплазма

В плазмалық жарғақша

С.рибосома

Д.эпт

2. Жануар және саңырауқ ағзаларының жасушаларында кездсетін диаметрі 0,5 мкм сопақ денешік.

А. цитоплазма

В митохондрия

С.рибосома

Д.лизосома

3. Нәруызды синтездейді.

А. цитоплазма

В плазмалық жарғақша

С.рибосома

Д.эпт

4. Лизосомалар қалыптасады.

А. цитоплазма

В Гольджи жиынтығы

С.Эндоплазмалық тор

Д.сферасома

5. Прокариоттарға жатады.

А.адам

В жануар

С.бактерия

Д.вирус

6. Оның ішінде кариоплазма болады.

А. цитоплазма

В ядро

С.рибосома

Д.вакуоль

7. Фотосинтездің жарық сатысынан алынады.

А. су

В оттегі, сутегі , АТФ

С.көмірқышқыл газы

Д.НАДФ

8. ДНҚ нуклеотидтерінің көмегімен нәруыздар туралы туқымқуалау ақпаратын жазу амалы.

А. Гендік инженерия

В генетикалық ақпарат

С.генетикалық код

Д. Хромосома

9. Генетикалық код:

А. триплетті

В тетраплетті

С.диплетті

Д. Полиплетті

10. Кідіртпе – кодондар саны:

А.2

В 3

С.4

Д.5

11. ГУУ триплеті кодтайтын амин қышқылы

А. лизин

В глутамин

С.аргинин

Д.валин

12. Серин аминқышқылының триплеті:

А.ТЦА

В ГАА

С.АТЦ

Д.ЦЦЦ

13. Генетикалық код қасиеті.

А. универсалдығы

В кодтардың қайтымдылығы

С.мөлшерінің көптігі

Д.суда ерігіштігі

14. Жасушалық инженерияда қолданылады

А. Алыстан будандастыру

В .үзбелеу

С.үйлестіру

Д.клондау.

15. Ол гендердің күрделі нәруыздық молекулалар екендігін айтты.

А. И.И.Мечников

В И.П.Сеченов

С.Н.К.Кольцов

Д. Г.Мендель


ІІІ. Жаңа тақырып. Транскрипция мен трансляцияның бактерияларда реттелуі.

ТРАНСКРИПЦИЯ (лат. transcrіptіo – қайта көшіріп жазу) – тірі жасушалардағы рибонуклеин қышқылының биосинтез процесі. Ол дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) матрицасында жүреді. Транскрипция аденингуанинтимин және цитозиннің қайталанбалы тізбегінен тұратын ДНҚ молекуласындағы генетикалық ақпараттың іске асуының бірінші кезеңі. Транскрипция арнайы ДНҚ және РНҚ полимераза ферменті арқылы жүреді. Транскрипция нәтижесінде РНҚ молекуласының полимерлі тізбегі түзіледі. Бұл тізбек ДНҚ молекуласының көшірілген бөлігіне комплементарлы болады.

Транскрипция процесінің өнімі әр түрлі қызметтер атқаратын РНҚ молекуласының төрт типінен тұрады:

  1. рибосомадағы ақуыз синтезінде матрицаның рөлін атқаратын ақпараттық немесе матрицалық РНҚ;

  2. рибосоманың құрылымдық бөлігін құрайтын рибосомалы РНҚ;

  3. ақуыз синтезі кезінде генетикалық ақпараттың РНҚ-дағы нуклеотидтік “тілді” аминқышқылдық “тілге” ауыстыруға қатысатын тасымалдаушы РНҚ;

  4. ДНҚ молекуласының репликациясы (генетикалық ақпаратты дәл көшіруді және оның ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін нуклеин қышқылдары макромолекуласының өздігінен жаңғыру процесі) кезінде бастама қызметін атқаратын РНҚ.

Трансляция- рибосомада нәруыз биосинтезінің тікелей жүруі.

ІҮ. Бекіту тапсырмалары. А. Кестемен жұмыс


Транскрипция

Трансляция

Тірі жасушалардағы рибонуклеин қышқылының биосинтез процесі

+


Рибосомада нәруыз биосинтезінің тікелей жүруі


+

ДНҚ және РНҚ полимераза ферменті арқылы жүреді

+


Прокариоттарда цитоплазмада өтеді

+

+


С) Сұрақ қою. ( сурет бойынша талдау) «Түртіп алу» стратегиясы

  1. Транскрипция дегеніміз не?

  2. Трансляция дегеніміз не?


Ү. Үйге тапсырма. : Транскрипция мен трансляцияның бактерияларда реттелуі.

ҮІ. Бағалау.




Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары

Жарияланды 28-12-2013, 21:41 Категориясы: Биология

Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары. (презентациясымен)



I сайыс. Бұл кім?

Тұқымқуалаушылық заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін кім қалады? (Г. Мендель )

Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашты (Томас Морган )

Қойдың арқар - меринос қолтұқымын алды (Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин)

Тұқымқуалаушылық материалының көзі – ДНҚ екендігін дәлелдеді? (Джеймс Уотсон)

Қазақстанның молекулалық биология және гендік инженериясы ғылымын дамытты (Мұрат Әбенұлы Айтхожин (1939 - 1987))

ДНҚ – ның молекулалық құрылымының моделін жасады (Фрэнсис Крик)

Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас қатарлар заңың ашты (Николай Иванович Вавилов)

Дәнді және техникалық дақылдардың жоғары өнімді сорттарын алды (Карим Мыңбаев)

Қазақтың ақбас сиырын шығарған ғалым (Бағрам Мұсаұлы Мусин)

Генетика терминін ең алғаш ұсынған ағылшын биологі (У. Бэтсон )



II сайыс. “РАФТ ”

I топ басшысы Г. Мендель

Егер де мен...

II топ басшысы Т. Морган

Егер де мен...



III сайыс “Генетикалық есептер”

Қызғалдақтың күлтесін қызыл түсін анықтайын ген, ақ түсін бақылайтын геннен басым. Күлтесі қызыл қызғалдақ пен күлтесі ақ қызғалдақты шағылыстырғанда алынған ұрпақтың генотипін және фенотипін көрсетіңдер



Суреттегі шағылыстыру үлгісіне көңіл аударыңдар. Гендердің өзара әсерінің қай типіне жатады? F2 ұрпақтардың генотипін анықтандар.

Осы шағылыстырудағы супрессор генін көрсетіңдер.



Суретті қараңдар. Бірінші және екінші ұрпақ шымшықтарының генотипін анықтаңдар



Үлгіде адамда гемофилия ауруының тұқым қуалауы берілген. Мұндай тұқым қуалау типін қалай атайды? Шешесі гемофилия гені бойынша гетерозиготалы болса, әкесі сау болса, отбасының ұрпақтары қандай болмақ? Үлгісін жазып түсіндіріңдер



IV сайыс. “ Білім биржасы ”

Мендельдің II заңы - ажырау заңы

I ұрпақтағы алынған гибридтерді өзара будандастырған жағдайда, II ұрпақта белгілердің ажырауы жүреді.



Мендельдің III заңы - тәуелсіз тұқым қуалау заңы

Бір - бірінен айқын екі жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырған жағдайда екінші ұрпақта белгілер жұбының тәуелсіз тұқым қуалауы және олардың ата - аналарына ұқсамайтын жаңа үйлесімдер түзуі байқалады. Басқаша айтқанда, дигибридті будандастыру бір - біріне байланысы жоқ екі моногибридті будандастыру болып табылады.



Харди – Вайнберг заңы

Популяциядағы генотип пен фенотиптің таралу жиілігін анықтайтын заң.

Морган заңы

Бір хромосоманың бойында орналасқан және тіркесіп тұқым қуалайтын гендер тобы тіркесу топтарын құрайды.



Комплементарлық

Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты

гендердің бірін - бірі толықтырып жаңа белгіні

шығаруы

Полимерия

Аллельді емес бірнеше гендердің дара әрекеттесіп бір белгінің көріну дәрежесін айқындайтын жағдай

Эпистаз

Бір геннің екінші генді жойып жіберуі

Супрессор ген

Басым ген



IV а. Венн диаграммасы

● Хромосомалық мутация

●Геномдық мутация



V сайыс. “Футбол ойыны”

(Шарты: Топ бойынша сұрақтар беру арқылы, топтар гол ( дұрыс жауап) соғады. Екі топ мүшелері кезектесіп жеке - жеке сұрақ қояды.)

I тайм



1865 ж. Г. Мендель тұқымқуалаушылық заңдарын ашты

1900ж. голландық Г. де Фриз, неміс К. Корренс және австриялық ғалым Э. Чермак тұқым қуалау заңдарын екінші рет ашты

1901 ж. адам қанының тобы анықталды

1905 ж. Э. Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін анықтады

1906 ж. У. Бэтсон генетика терминін ұсынды.

1908 ж. цитоплазмалық тұқым қуалауды зерттеудің негізін неміс ғалымдары К. Корренс пен Э. Бауэр салған

1908 ж. ағылшын математигі Харди мен неміс дәрігері Вайнберг популяциядағы генотиппен фенотиптің таралу жиілігін анықтайтын формула ұсынды

1909 ж. ген, генотип, фенотип, терминдерін дат биологы В. Иогансен енгізді.

1911 ж. Т. Морган хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговерді ашты.

1920 ж. Н. И. Вавилов тұқым қуалау өзгергіштігінде сәйкес қатарлар заңын ашты.

1927 ж. орыс ғалымдары Г. Надсон мен С. Филиппов радиоактивті сәулелердің төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға мутация тудыратынын дәлелдеді.

1930 ж. цитоплазмалық аталық ұрықсыздық құбылысын америкалық ғалым М. Родс ашты.

1933 ж. жыныспен тіркесіп тұқым қуалау заңын Т. Морган ашып, Нобель сыйлығына ие болды.

1944 ж. ДНҚ - тұқымқуалаушылықтың материалдық негізі екендігін американ ғалымы О. Эври дәлелдеді.



VI сайыс. Генетика және халықтық педагогика. Мақалдың жалғасын табыңыз.

● Тектіден текті туар... (сараланып)

● Теріңді өзгерте алсаң да... (тегіңді өзгерте алмассың)

● Аяғын көріп асын іш...(анасын көріп, қызын ал)

● Жеті атасын білген ер... (жеті жұрттың қамын жер)

● Жеті атасын білмеген... (құлағы мен жағын жер)

● Жұртыңды ауыстыра алсаң да... (ұлтыңды ауыстыра алмайсың)

● Салтыңды ауыстыра алсаң да... (халқыңды ауыстыра алмайсың).



VII сайыс. Синквейн

I топ

Тұқымқуалаушылық

II топ

Өзгергіштік



Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Кері қайту

Материал рейтингісі:





























Айы: 9 сынып биология



Сабақтың тақырыбы: Жануарлар мен Гүлді өсімдіктердегі ұрықтану процесі
Тозаңдану мен ұрықтануСабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға ұрықтану процесін, өсімдіктердегі эндосперге, диплойдты және триплойты жасушалардың дамуын, Навашин, аталық және аналық гаметалардың дамуын түсіндіру
ә) дамытушылық: Оларға ұрықтану туралы ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, ой – өрісін дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттыру;
б) тәрбиелілік: көбеюдің және тозаңдану мен ұрықтанудың күрделі екенін айту. Салауаттылықты қалыптастыру, біліктіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, тесттер, биологиялық диктант, кайталау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бор, плакаттар, улестірмелі қағаздар, кеппе шөптер т. б.
Пәнаралық байланыс: География, математика, шет тілі, орыс тілі

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп, үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы:
Кім жылдам «Қайталау оқу анасы
Сөзжұмбақ «Мейоз» тақырыбына
Актуалдау

ІІ. Жаңа сабақ
Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық.
Тозаңдану дегеніміз – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді.
Ұрықтану дегеніміз — аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Ұрықтану тозаңданудан кейін болады. Егер де сперматозоид жасушасы бір ғана жұмыртқаны ұрықтандырса оны моноспермиялы, бірнеше сперматозоид ұрықтандырса полиспермиялы деп атаймыз.
Аналықтың жабысқақ сұйықтық бөлінгенде аналық аузына түскен тозаң жіңішке түтікше шығарып, өнеді. Тозаң түтікшесі ұзарып, аналықтың жатынына жетеді.
Жатындағы көпжасушалы тұқымбүршігінің ішінде жұмыртқа жасушасы мен ең ірі жасуша болады. Тозаң түтікшесінің ұшында ірі ядролы 2 жасуша бар. Тозаң түтікшесінің ұшы тұқым бүршігінен түйіскенде 2 жасушаның біреуі жұмыртқа жасушасымен қосылып ұрықтанады. Екінші жасуша тұқым бүршігінің ең ірі жасушасымен қосылады. Мұны қосарлы ұрықтану дейді, бұл құбылысты ашқан ғалым С. Г. Навашин. Ұрықтанғаннан соң тұқым бүршігінен тұқым, жатыннан жеміс дамиды.
Сабақты бекіту сұрақтары:

Бекіту сұрақтары

1тапсырма
20(1) ұрықтану дегеніміз не
20(2) моноспермиялы ұрықтану
20(3) полиспермиялы ұрықтану
30(1) өсімді және генеративті дегеніміз не
30(2) сыйлық
30(3) қосарланып ұрықтану дегеніміз не
40(1) аталықтгаметалар қалай дамиды
40(2) сыйлық
40(3) аналық гаметалар қалай дамиды

2тапсырма Биологиялық диктант
1. Аталық және аналық жыныс жасушасының қосылуы..... д. а.
2. Гүлді өсімдіктердің ұрықтануын алғаш ашқан.....
3. Аналық жыныс жасушаларының саны...
4. Аталық гаметалар тазаңқаптың........ дамып жетіледі.
5. Триплоидты хромосома жиынтығы бар жасушадан эндосперм қабатының түзілуін.... д. а
3тапсырма
Сандар сөйлейді
1) 3 кезең 2) 4фаза 3) 1841 4) 46 5) 23 6) 22 7) 4 8) 8 9) 4 10) 1898
Сабақты қорытындылау
Мен бүгінгі сабақты түсіндім.
Мен түсіне алмай қалдым
Өзіме түйгенім

ІҮ. Бағалау сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Ү. Үйге тапсырма беру. §25 Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңданумен ұрықтану Өсімдіктер танымдық сұрақтарға жауап іздеп келу.
1. Қайынның реңі неліктен ақ болады?
2. Ағаштың темір болуы мүмкін бе?
3. Жапырақ реңінің жазды жасыл, күзде сары тусті болуы неліктен.









Сабақтың тақырыбы: Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы Гомазиготалы, гетерозиготалы даралар.

Сабақтың мақсаты: Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы

туралы білім беру. Оқушыларға будандастыру нәтижелерін арнайы жазу

жүйесін (Пеннет торын) пайдалануды үйрету.

Дамытушылығы: оқушыларға биологиялық ғылыми әдістер арқылы организмді будандастыру нәтижесінің мүмкіндіктерін белгілі бір дәрежеде болжауға болатындығын түсіндіру. Генетикалық терминдердің мәнін ашу.

Тәрбиелігі: Генетика туралы түсініктерін дамыту. Кесте мен кітаппен жұмыс жасап үйрету. Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Хабарлама, жаңа білімді қалыптастыру.

Әдістемелік шешім: Сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер мен суреттерді қолдану, электрондық оқулық арқылы жұмыс.

Құрал-жабдықтар: Сурет бетшелері, электрондық оқулық, интерактивті тақта, тірек сызб суреттер, кестелер.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Моногибридті шағылыстыру. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі туралы білімдерін зерттеу. Есептер шығару.

І есеп. Адамда таскерең ауруы аутосомалы- рецессивті типті тұқым қуалайды. Егер әке-шешесі де осы ауру бойынша гетерезиготалы болған жағдайда осы отбасында сау және ауру балалардың туу ықтималдылығы қандай?

Шешуі: Есептің шартын кестеге жазамыз



Белгі



Ген



Генотип



Жақсы естиді

А



Аа



Таскерең



а



аа



Некеге тұрған ата-ананың генотипі гетерозигота- Аа және Аа. Олар жақсы естиді. Гетерозиготалы ата-анадан балалардың өмірге келу ықтималдығы генотипі бойынша мынадай болады: АА-25%, Аа-50%, аа-25% болады.



Жауабы: сау балалардың өмірге келу ықтималдылығы-75%, ал ауру болуының ықтималдылығы-25% болады.



ІІ. Жаңа сабақ: Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы. Гомазиготалы, гетерозиготалы даралар.

Мендельдің екінші заңы: Белгілердің ажырау заңы.

Жаңа сабақты ашу үшін Мендельдің бірінші заңы негізінде қандай заңдылықтар ашылды?

Мендель «Бір немесе екі белгісінде айырмашылығы бар дараларды будандастырғанда қандай өзгеріс болады деп еді?»

Екі белгісі (сары тегіс және жасыл бұлдыр) дараларды будандастырғанда дараларды будандастыру қалай аталады?

Бірінші ұрпақтың гетерозиготалы (будандық) дараларын өзара шағылыстырса, екінші ұрпақта (Ғ2) белгілердің ажырауы жүріп, екі белгі де жарыққа шығады. Ажырау фенотипі бойынша 3:1, ал генотипі бойынша 1:2:1 арақатынасында байқалады, бұл Мендельдің екінші заңы.

Белгі: А – сары түсті, а – жасыл түсті, В – тегіс пішінді, b–бұдыр пішінді



Ғ 2 дегі ұрпақтың Пеннет торында орналасуы:

♀/ ♂AB Ab aB ab AB











Сабақты қорыту: Дигибридті будандастыруға есептер шығару.

1-есеп. Адамда қой көзді белгі, көк көздіге қарағанда басым, ал оңақайлық, солақайлыққа қарағанда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Бұл аталған жұп гендер әртүрлі хромосомада орналасқан. Көк көзді оңқай қыз, көк көзді солақай жігітке тұрмысқа шығады. Олардың екі баласы болған, біреуі көк көзді оңқай, екіншісі көк көзді солақай. Шешесінің генотипі қандай?

Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз.

Белгі Ген





Жауабы: шешесінің генотипі-ааBb болады.

2-есеп. Адамда алыстан көрмеушілік белгі көруі қалыпты белгіде басым, ал қой қөзді белгі, көк көзді белгіден басымдылық көрсетіп тұқым қуалайды. Екі жұп гендер әртүрлі хромосомада орналасқан. Гетерозиготалы еркек, көк көзді көруі қалыпты әйелге үйленгенде қандай ұрпақ күтуге болады.

Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз

Белгі

Ген

Генотип















Жауабы: бұл некеден туылған ұрпақтардың генотипі және фенотипі 4 түрлі болады.



Үйге тапсырма:Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы. Гомазиготалы, гетерозиготалы даралар. Тақырып соңындағы генетикалық есептерді шығару.















биология 9 сынып күні:


Сабақтың тақырыбы:


Генотип және фенотип. Аллельді гендер. Талдаушы шағылыстыру. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы

Сілтеме «Биология» оқулығы, жұмыс дәптері (Құрманғалиева Ж.), желі, Power Point, үлестірме материалдар, мұғалімге арналған нұсқаулық, А.Сартаев: «Генетика есептер жаттығуларының жинағы», И.П.Дубинин: «Генетика и человек», Жалпы биология есептері мен тапсырмалары нұсқаулығы


Негізгі мақсаты Оқушылардың белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары мен гибридологиялық зерттеу әдісімен таныстыру

Міндеттері

Оқушыларға белгілер тұқым қуалауының басқа да принциптері – гендердің тіркес тұқым қуалауы мен талдаушы шағылыстыру туралы түсінік беру;

Алған білімдерін жаңа жағдайларда пайдалана алу, генетикалық есептерді дұрыс шығара білу және жазу дағдыларын бекіту;

Ұғымдарды нақты тұжырымдай алуға, ғылыми генетикалық терминдерді пайдалана алуға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу

Түйінді идея Жалпы генетика және селекция негіздері мен оның заңдылықтарын білу

Ресурстар «Мендель заңдары» магниттік үлгісі, кестелер мен суреттер, есептер жинағының перфокарталары, «Адам генетикасы және медицина» видеофильмдері, электрондық оқулық деректемелері, бүктеме, постер, түрлі-түсті маркерлер

Нәтиже:

Ақпаратты талдай алуға, салыстыруға, делелдеуге үйренеді

Ұйымшылдыққа, топтаса жұмыс істеуге, өз ойларын еркін айта білуге, бірін-бірі дұрыс тыңдай білуге үйренеді

Өз еңбектерінің нәтижесі үшін жауап бере алуға дағдыланады

Ұйымдастыру Амандасу рәсімі, ынтымақтастық атмосфераны құру, сынып оқушыларын түгендеу, оларға бағалау ерекшеліктерін түсіндіру (өзін өзі, жұптық, топтық)


Психологиялық сәт (бір-біріне тілектер айту) Адам

Үй тапсырмасын қайталау № 1-тапсырма:


Басымдылықтың неше типі бар?

Екінші ұрпақ будандарында қандай жағдайларда 2:1 формуласы бойынша ыдыраудың пайда болуы мүмкін?

Адамда биологиялық түр ретінде неге қанның 4 тобы болады?

Талдағыш будандастыру не үшін жасалады?

Толық және толық емес басымдылық кезінде екінші ұрпақ буданының ыдырау формуласы қалай және неліктен ерекшеленеді?

Бір отбасындағы балалар мен ата-аналардың қан топтары неліктен ондай болмайды? Мысалы?

Әр тапсырмадан соң ынталандырады, бағалайды


Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары. (презентациясымен)


I сайыс. Бұл кім?

Тұқымқуалаушылық заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін кім қалады? (Г. Мендель )

Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашты (Томас Морган )

Қойдың арқар - меринос қолтұқымын алды (Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин)

Тұқымқуалаушылық материалының көзі – ДНҚ екендігін дәлелдеді? (Джеймс Уотсон)

Қазақстанның молекулалық биология және гендік инженериясы ғылымын дамытты (Мұрат Әбенұлы Айтхожин (1939 - 1987))

ДНҚ – ның молекулалық құрылымының моделін жасады (Фрэнсис Крик)

Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас қатарлар заңың ашты (Николай Иванович Вавилов)

Дәнді және техникалық дақылдардың жоғары өнімді сорттарын алды (Карим Мыңбаев)

Қазақтың ақбас сиырын шығарған ғалым (Бағрам Мұсаұлы Мусин)

Генетика терминін ең алғаш ұсынған ағылшын биологі (У. Бэтсон )


III сайыс “Генетикалық есептер”

Қызғалдақтың күлтесін қызыл түсін анықтайын ген, ақ түсін бақылайтын геннен басым. Күлтесі қызыл қызғалдақ пен күлтесі ақ қызғалдақты шағылыстырғанда алынған ұрпақтың генотипін және фенотипін көрсетіңдер

Суреттегі шағылыстыру үлгісіне көңіл аударыңдар. Гендердің өзара әсерінің қай типіне жатады? F2 ұрпақтардың генотипін анықтандар.

Осы шағылыстырудағы супрессор генін көрсетіңдер.

Суретті қараңдар. Бірінші және екінші ұрпақ шымшықтарының генотипін анықтаңдар


Үлгіде адамда гемофилия ауруының тұқым қуалауы берілген. Мұндай тұқым қуалау типін қалай атайды? Шешесі гемофилия гені бойынша гетерозиготалы болса, әкесі сау болса, отбасының ұрпақтары қандай болмақ? Үлгісін жазып түсіндіріңдер


IV сайыс. “ Білім биржасы ”

Мендельдің II заңы - ажырау заңы

I ұрпақтағы алынған гибридтерді өзара будандастырған жағдайда, II ұрпақта белгілердің ажырауы жүреді.


Мендельдің III заңы - тәуелсіз тұқым қуалау заңы

Бір - бірінен айқын екі жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырған жағдайда екінші ұрпақта белгілер жұбының тәуелсіз тұқым қуалауы және олардың ата - аналарына ұқсамайтын жаңа үйлесімдер түзуі байқалады. Басқаша айтқанда, дигибридті будандастыру бір - біріне байланысы жоқ екі моногибридті будандастыру болып табылады.


Харди – Вайнберг заңы

Популяциядағы генотип пен фенотиптің таралу жиілігін анықтайтын заң.

Морган заңы

Бір хромосоманың бойында орналасқан және тіркесіп тұқым қуалайтын гендер тобы тіркесу топтарын құрайды.


Комплементарлық

Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты

гендердің бірін - бірі толықтырып жаңа белгіні

шығаруы

Полимерия

Аллельді емес бірнеше гендердің дара әрекеттесіп бір белгінің көріну дәрежесін айқындайтын жағдай

Эпистаз

Бір геннің екінші генді жойып жіберуі

Супрессор ген

Басым ген


IV а. Венн диаграммасы

● Хромосомалық мутация

●Геномдық мутация


V сайыс. “Футбол ойыны”

(Шарты: Топ бойынша сұрақтар беру арқылы, топтар гол ( дұрыс жауап) соғады. Екі топ мүшелері кезектесіп жеке - жеке сұрақ қояды.)

I тайм


1865 ж. Г. Мендель тұқымқуалаушылық заңдарын ашты

1900ж. голландық Г. де Фриз, неміс К. Корренс және австриялық ғалым Э. Чермак тұқым қуалау заңдарын екінші рет ашты

1901 ж. адам қанының тобы анықталды

1905 ж. Э. Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін анықтады

1906 ж. У. Бэтсон генетика терминін ұсынды.

1908 ж. цитоплазмалық тұқым қуалауды зерттеудің негізін неміс ғалымдары К. Корренс пен Э. Бауэр салған

1908 ж. ағылшын математигі Харди мен неміс дәрігері Вайнберг популяциядағы генотиппен фенотиптің таралу жиілігін анықтайтын формула ұсынды

1909 ж. ген, генотип, фенотип, терминдерін дат биологы В. Иогансен енгізді.

1911 ж. Т. Морган хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговерді ашты.

1920 ж. Н. И. Вавилов тұқым қуалау өзгергіштігінде сәйкес қатарлар заңын ашты.

1927 ж. орыс ғалымдары Г. Надсон мен С. Филиппов радиоактивті сәулелердің төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға мутация тудыратынын дәлелдеді.

1930 ж. цитоплазмалық аталық ұрықсыздық құбылысын америкалық ғалым М. Родс ашты.

1933 ж. жыныспен тіркесіп тұқым қуалау заңын Т. Морган ашып, Нобель сыйлығына ие болды.

1944 ж. ДНҚ - тұқымқуалаушылықтың материалдық негізі екендігін американ ғалымы О. Эври дәлелдеді.


VI сайыс. Генетика және халықтық педагогика. Мақалдың жалғасын табыңыз.

● Тектіден текті туар... (сараланып)

● Теріңді өзгерте алсаң да... (тегіңді өзгерте алмассың)

● Аяғын көріп асын іш...(анасын көріп, қызын ал)

● Жеті атасын білген ер... (жеті жұрттың қамын жер)

● Жеті атасын білмеген... (құлағы мен жағын жер)

● Жұртыңды ауыстыра алсаң да... (ұлтыңды ауыстыра алмайсың)

● Салтыңды ауыстыра алсаң да... (халқыңды ауыстыра алмайсың).

Ба5алу





















Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы

guman 7 қаңтар 2014 5451 0

0

Тапсырмалар

Блум таксономиясы

Білу деңгейі Ауызша сұрақтарға жауап беру:

1) Генетика ғылымының негізін салушы ғалым?

2) Мендель еңбектері мен өмірбаяны.

3) Мендель зерттеу объектісіне неге асбұршақ таңдап алды?

4) Мендельдің неше заңы бар?

Түсіну деңгейі

Қолдану деңгейі

Талдау деңгейі

Жинақтау деңгейі

Бағалау деңгейі

І топ тапсырмалары

1 - тапсырма. Сәйкесін анықта.

1. Генетика а. Тұқымқуалайтын ақпараттық құрылымдық бірлік

2. Тұқымқуалаушылық ә. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді

3. Ген б. Тірі организмдердің табиғи қасиеттерінің ұрпаққа берілуі

4. Аллельді гендер в. Жыныс жасушасы

5. Гамета г. Бір жұп белгілердің немесе қарама қарсы белгілердің дамуын анықтайтын гендер

2 - тапсырма Таңбалар аттарын атау 1мин

Р - Х - Марстың қалқаны -

Г - F - Венераның айнасы -

ІІ топ тапсырмалары








1 тапсырма

1. Гетерозиготалы а. Гетерозигота күйінде көріне алмайтын тұқымқуалайтын белгі


2. Фенотип ә. Жыныс жасушаларынан басқа хромосомалар


3. Рецессивті б. Өз түріне тән клеткадағы тақ хромосома жиынтығы


4. Аутосомды в. Тұқымқуалайтын белгілердің сырт көрінісі


5. Гаплоидты г. Әр түрлі аллельді гендері бар зигота



ІІІ топ тапсырмалары

1. Доминантты а. Клеткадағы қосарланған хромосомалар жиынтығы


2. Өзгергіштік ә. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы


3. Хромосома б. Жасуша ядросында тұрақты болатын органоид


4. Диплоидты в. Тұқымқуалауда ұрпағында жаңа белгінің қалыптасуы


5. Зигота г. Белгінің басымдылық көрсетуі



IV топ тапсырмалары

1 тапсырма

1. Гомозиготалы а. Бір белгісі бойынша будандастыру


2. Гибридологиялық әдіс ә. Екі жұп қарама қарсы белгілері бойынша будандастыру


3. Моногибридті будандастыру б. Бірдей аллельді гендері бар организмдерді айтады


4. Дигибридті будандастыру в. Дене клеткаларындағы пішіні, мөлшері ұқсас жұп хромосомалар


5. Гомологті хромосомалар г. в. Бір бірінен айырмасы анық көрінетін организмдерді будандастыру








Мендель заңына есептер шығару

1 - есеп. 1мин

Гомозиготалы қара қоянды ақ қоянмен будандастырғанда ұрпағында тек қара қоянның пайда болуы. Бұл қай заңға негізделген?

2 - есеп. 1мин

Гетерозиготалы қара қоянды өзі сияқты қоянмен будандастырғанда қандай ұрпақ алуға болады? Бұл қай заңға негізделген?

3 - есеп.

Бидайдың аласа бойын анықтайтын ген (А) қалыпты бойын анықтайтын генге (а) доминантты. Аласа бойлы гомозиготалы бидайды қалыпты бойлы бидаймен және гетерозиготалы аласа бидайларды өзара будандастырғанда ұрпағының фенотипі мен генотипін анықтаңыз.

4 - есеп. Құндыздың кохинурлы (арқасы қара жолды, ақ тері) түсі ақ құндызды қаралармен будандастырғанда пайда болады. Ал ақ құндыздарды өзара будандастырса ақ, қоңыр құндыздардан қоңыр ұрпақ алынады. Егер кохинур құндыздарды өзара будандастырса қандай ұрпақ береді? а) Ал кохинурларды ақ құндызбен будандастырса қандай ұрпақ болмақ?

Гендердің тіркесіп тұқымқуалауын сурет бойынша талдау.

Сұрақтарға жауап беру

1) Қандай аурулар жыныспен тіркес тұқым қуалайды?

2) Не себепті тіркесу бұзылады?

3) Тіркесіп тұқымқуалау дегеніміз не?

4) Морганнның негізгі қағидалары қандай?

Тест сұрақтары

1. Моногибридті будандастыруда бір белгіні қалыптасуына қанша аллельді ген қатысады?

а) бір в) екі с) үш

2. Альтернативті белгілер қандай гендермен құпияланады?

а) аллельді в) ұқсас с) ата - анасының белгісімен

3. Г. Мендель бірінші ұрпақ будан алу үшін тозаңданудың қандай түрін пайдаланды?

а) қолдан айқас в) өздігінен с) табиғи тозаңдану

4. Толымсыз доминанттылық түрінде тұқым қуалайтын белгілер екінші ұрпағында қанша фенотиптік класс түзеді?

а) екі в) үш с) төрт

5. Қандай будандастыруда екінші ұрпақ генотипі бойнша 1: 2: 1 қатынасында ажырау көрсетіледі?

а) кері будандастыруда в) моногибридтік с) анализдік

6. Моногибридті будандастыруда екінші ұрпақта қанша фенотиптік класс болады?

а) екі в) үш с) төрт

7.. ХХ және ХУ хромосомалар қалай аталады? а) жыныс хромосомалары в) аутосомдар с) гомогаметалар

8. Жыныс хромосомалары арқылы тұқым қуалайтын белгілер?

а) тасымалдаушы в) тұқым қуалайтын с) жыныспен тұқым қуалау

9. Жыныспен тіркес тұқым қуалаушылықтың негізін қалаған кім?

а) Г. Мендель в) Т. Морган с) В. А. Бальмонт

10. Бірінші ұрпақта көрінбей қалған қарама - қарсы белгі?

а) ген в) доминантты с) рецессивті


Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.































Күні: 9 сынып химия


Сабақтың тақырыбы: Жыныстық генетиканың анықталуы.Жыныстық тіркес тұқым қуалау.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Генетика ғылымының зандылықтарын ұғынуға, жыныстыңанықталуының генетикалық механизмі мен жыныспен тіркесіп тұқым қуалау жөніндебілімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымынқалыптастыру, өзін-өзі дамытуға тәрбиелеу, өзіне деген сенімін арттыру,іздендіру.

Тәрбиелік: Өз бетінше дұрыс, адамгершіліктұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтыңтүрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: топқа бөлу, сұрақ- жауап, топпен жұмыс, жұптықжұмыс, тірек сөздермен жұмыс, дискуссиялық өрнек, есептер шығару, сәйкестендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру. А) Топқа бөлу.

Оқушылар қораптан геометриялық пішіндерді таңдап (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) алып жұмыс орындарына отырады.

В) Бағалауөлшемдерін таныстыру.

«5» — 25 -31

«4» - 15 -24

«3» - 7 — 14

II. БІЛІМ ЖҮЙЕСІ: 1. Көпірсұрақтар: ( жеке жұмыс) 2 ұпай

1.Генетика ғылымы нені зерттейді ? – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті

2. Моногибридтібудандастыру дегеніміз не? – бір ғана жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата аналық формаларды будандастыруды атаймыз. Мыс: асбүршақтың сарыжәне жасыл түсі.

3. Дигибридтібудандастыру дегеніміз не? – екі жұп белгілерінде айырмашылығы барата аналық формаларды будандастырудыатаймыз. Мыс: сары тегіс, жасыл кедір – бұдыр.

4. Мендель заңдары. – І заңы біркелкілік заңы. ІІ заңы ажырау заңы. ІІІтәуелсіз ажырау заңы.

5. Толық жәнетолымсыз доминанттылық дегеніміз не? –Мендельдің бұршаққа жүргізген тәжірибелеріндегі байқалған құбылысты толық даминанттылық деп атайды, ал гетерозиготалы ұрпақтан толық доминанттылық байқалмай, аралық сипатта болады, оны толымсыз доминанттылық дейді.

6. Т.Морганзаңы. – Т.Морган жеміс шырыны дрозофилаға тәжірибе жасау арқылы «Тіркес тұқым қуалау заңын ашты»

7. Кроссинговердегеніміз не? – Гомологті хромосомалардың бөліктерінің өзара алмасуы немесехромосомалардың айқасуы.

8. Цитоплазмалықтұқым қуалау дегеніміз не? – жасуша ядросында болатын хромосомалардан тыс, оның цитоплазмасында орналасқан органоидтердің құрамындағы гендер арқылы жүретін тұқым қуалау.

9. Генетикалықкарта дегеніміз не? – Хромосомадағы жеке гендердің орналасу ретін көрсететінсызба.

10. Аллельдіемес гендердің өзара әрекеттесуінің неше типі бар? – Төрт. Комплементарлық, эпистаз, полимерия, көп аллельділік.

11. Комплементарлық әсер дегеніміз не? – Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін бірі толықтырып, жаңа белгіні жарыққа шығаруы.

12. Эпистаз дегеніміз не? – Бір ген екінші генді басып, оның белгісін жойып жібереді. Басымдық қасиет көрсететін генді супрессор деп атайды.

13. Полимериядегеніміз не? – Бір белгінің дамуын қуаттайтын бірнеше аллельді емес гендердің бірігіп қызмет атқару құбылысы.

14. Көпаллельділік дегеніміз не? – Хромосоманың ген орналасқан бөлігібірнеше рет мутацияға қшырауынабайланысты, ол генні бірнеше ретқайталануы.

15. Ген дегеніміз не? – хромосоманың белгілі бөлігінде орналасқан тұқым қуалау ақпаратының өлшембірлігі.

16. Адамдағы хромосома саны – 46

Мұғалім: Табиғат құпиясы таусылған ба?

Кездесер тірі ағзалар екі дара,

Аталық пен аналық жыныстардың

Біледі құрылысын жеке дара.

Білсеңіз айтыңызшы, бұл қайсала? ЖЫНЫС ГЕНЕТИКАСЫ

III. ТҮСІНІКЖҮЙЕСІ: Жыныс генетикасы. ( күн жады ментақырыпты дәптерге жазу)

Мұғалім: Жыныстың анықталуының генетикалықмеханизімі бойынша _______________ түсіндіреді.

www.jospar.kz

Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар

орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар

10 ұпай.

Оқушы: Баршамызға белгілі табиғатта кездесетін тірі организмдердің арасындағы аталықтар мен аналықтардың арақатынасы шаммен тең, яғни 1:1 қатынасындай. Осы құбылысты қалай түсіндіругеболады? Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардыңбіреуінің гомозиготалы (аа), ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына байланысты.Бұл

Мендель тәжірибелеріндегі талдайбудандастырудың нәтижелерімен сәйкес келеді:

P Aa x aa

Г Аа а

Ғ1 1Аа : 1аа

Жүргізілген цитогенетикалықзерттеулердің нәтижесі жануарлар мен өсімдіктердің көпшілігінде аталық жәнеаналық организмдердің хромосома жиынтығындағы бір жұп хромосоманың өзгелеріненерекше болатындығын көрсетті. Кейінірек бұл хромосомалардың жынысты анықтауғақатысы бар екендігі анықталды, сол себепті олар жыныстық хромосомалар деп аталды.. Олар Х және У деп белгіленеді. Соныңішінде Х хромосома аналықты, ал У хромосома аталықты анықтайды. Мұны дрозофилашыбыны мысалынан көруге болады.Дрозофиланың дене клеткасында болатынтөрт жұп, яғни сегіз хромосоманың алтауы аутосомалар (жыныстық емесхромосомалар), ал бір жұбы жыныстық хромосомалар болып табылады. Аналықшыбындарда олар біркелкі болады, сондықтан шартты түрде ХХ деп белгілейді. Алаталықтарда әркелкі болатындықтан ХУ деп белгілейді. Олай болса, суреттекөрсетілгендей аналық организмнің жұмыртқа клеткаларының (аналық жынысклеткасы) барлығы бірдей үш аутосомадан және бір Х хромосомадан тұрады. Алаталық жыныс клеткаларында жыныстық хромосомалар екі түрлі, яғни жартысы Ххромосомалы, қалған жартысы У хромосомалы болып келеді. Егер дене клеткасындажыныстық хромосомалар біркелкі ХХ болып келсе, ондай жынысты гомогаметалы, алкерісінше әркелкі — ХУ болса, гетерогаметалы деп атайды.

Мұғалім: Соныменоқушылар

· Табиғаттакездесетін тірі ағзалардың аталық және аналықтарының арақатынасы қандай? (1:1)

· Мұндай арақатынасМендельдің қандай тәжірибесінің нәтижелеріне сәйкес келеді?

( негізгі жыныстардың біреуі гомозиготалы, екіншісі гетерозиготалы болуына)

· Жыныс хромосомалардегеніміз? ( Жынысты анықтауға қатысы бар, өзгеше бір жұп хромосомалар)

· Аутосомалар ( адаммен жануарларда, өсімдіктерде бірдейдене хромосомалары)

· Денежасушасында жыныстық хромосомларбіркелкі ХХ болып келсе, оны… (гомогаметалы)

· Денежасушасында жыныстық хромосомлар әркелкіХУ болып келсе, оны…

( гетерогаметалы)

Мұғалім : ( әртүрліағзалардағы жыныс хромосомалар мен К.Бриджес тәжірибесін түсіндіреді)

Жыныспентіркесіп тұқым қуалау бойынша _________________ түсіндіреді.

Жыныстық хромосомалардаорналасқан гендер арқылы тұқым қуалауды жыныспен тіркесіп тұқым қуалау депатайды. Оны ең алғаш Т.Морганзерттеп ашты. Ол —дрозофиланың көзінің түсі тұқым қуалауын зерттеуге арналған тәжірибелер жасады.Бұл тәжірибеде қызыл көзді аналықты ақ көзді аталықпен, ал екіншісінде, керісінше, ақ көзді аналықты қызыл көзді аталықпен будандастырды.

Мұғалім:(Тіркесіп тұқым қуалайтын аурулар түрлерімен таныстырып, қосымша деректермен таныстыра отырып, гемофилия ауруының берілуін түсіндіреді)

Соныменоқушылар:

· Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау дегеніміз не? ( жыныстықхромосомларда орналасқан гендерарқылы тұқым қуалау)

· Оны зерттеген ғалым? ( Т. Морган)

· Крис крос жолымен тұқым қуу дегеніміз не? (Әкесінің белгілерініңқыздарына, аналарының белгілерінің ұлдарына берілуі)

· Тіркесіп тұқымқуалайтын аурулар . ( гемофилия, дальтонизм, аутизм, т б)

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС.

IV. ҚОЛДАНУ ЖҮЙЕСІ. А) Тірек мәтінмен жұмыс. 5 ұпай.

( суреттердітаңдау арқылы, тірек сөздердің анықтамасын айту)

Аутосома. Жыныс хромосомасы Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау.

Крис крос жолымен тұқым қуалау.

гетерогаметалы гомогаметалы гемофилия дальтонизм

Ү. ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ . А) Постер қорғау. 5ұпай.

І топ. Жыныстыңанықталуының генетикалық механизімі

ІІ топ. Жыныспен тіркесіптұқым қуалау

ІІІ топ. Жыныспен тіркесіптұқым қуалайтын аурулар

В) Жұптық жұмыс. Есептер шығару. 5 ұпай.

І жұп. Гетерозиготалы дальтонизм генін алып жүруші әйел, қалыпты көретін еркекпен тұрмыс құрса, ондайотбасында қандай ұрпақ күтуге болады? Белгі жыныс хромосомасымен тіркесіп беріледі.

ІІ жұп. Адам мен дрозофила шыбынында жыныс хромосомаларының жиынтығы ХХУ болса, жынысы қандай болмақ? Жауабы: Аталық жынысты. У хромосомажынысты анықтайды)

ІІІ жұп. Әкесі менбаласы гемофилия ауруымен ауырады. Ата анасының, баланың еңықтимал генотипін анықтаңдар.

ҮІ.ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ. А) Дискуссиялық өрнек.

2 ұпай Мазмұны Келісемін

Келіспеймін.

1Аралар мен құмырсқаларда жыныс хромосомалары жоқ.

2Аналық жыныс хромосома гетерогаметалы.

3У хромосома мөлшері жағынан Х хромосомадан кіші.

4Жыныспен тіркесіп тұқым қуалауды зерттеуде Т.Морган асбұршақ өсімдігін пайдаланды.

5Аталық және аналық дарақтарда

22 жұп хромосомалары бірдей болады.

6Құстарда аналық жыныс хромосомасы гетерогаметалы.

В) Сәйкестендіру. 2 ұпай

1.

Аталық және аналықағзалардың жынысын анықтайтын, әртүрлі хромосомалар.

2.

Аталық және аналықағзалардың бірдей хромосомалар жиынтығы.

3.

Белгілі бір түрге тән организмдердің барлық хромосомалар жиынтығы.

4.

ХУ

5.

ХХ

А. Кариотип. В. Гетерогаметалы. С. Гомогаметалы Д. жыныс хромосомалар

Е. денехромосомалары.

Жауабы: 1-Д. 2- Е. 3- А. 4- В. 5- С.

С) Рефлексия. ( Смайликтерді таңдау арқылы бүгінгі сабақтан алған көңіл күйлерін көрсету)

ҮІІ. БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ. ( бағалау бетшесі бойынша, балдық жүйені бағаға айналдыру)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Жыныс генетикасы. №1 есеп. № 208 бет.

Шығармашылық тапсырма. «Жыныспен тіркесіптұқым қуалайтын аурулар» реферат, эссе жазу.

�."2���_�ass=«Apple-converted-space» жұп хромосомалары бірдей болады. 6

Құстарда аналық жыныс хромосомасы гетерогаметалы.

В) Сәйкестендіру. 2 ұпай

1.

Аталық және аналықағзалардың жынысын анықтайтын, әртүрлі хромосомалар.

2.

Аталық және аналықағзалардың бірдей хромосомалар жиынтығы.

3.

Белгілі бір түрге тән организмдердің барлық хромосомалар жиынтығы.

4.

ХУ

5.

ХХ

А. Кариотип. В. Гетерогаметалы. С. Гомогаметалы Д. жыныс хромосомалар

Е. денехромосомалары.

Жауабы: 1-Д. 2- Е. 3- А. 4- В. 5- С.

С) Рефлексия. ( Смайликтерді таңдау арқылы бүгінгі сабақтан алған көңіл күйлерін көрсету)

ҮІІ. БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ. ( бағалау бетшесі бойынша, балдық жүйені бағаға айналдыру)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Жыныс генетикасы. №1 есеп. № 208 бет.

Шығармашылық тапсырма. «Жыныспен тіркесіптұқым қуалайтын аурулар» реферат, эссе жазу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Автор: Жумагельдинова Орынкул Абитаевна

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279865


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства