Ертеде бір Жалқаугүл мен Іскергүл деген екі қыз болыпты. Жалқаугүл еш шаруа істей алмайды. Ал Іскергүл болса, барлық шаруаны шапшаң істейді екен.Бір күні Іскергүл шелегін алып, құдыққа суға барады. Су алып жатқанда шелек құдықтың ішіне түсіп кетеді.Ол шелекті алуға құдыққа түссе, судың ішінде бір қария отыр екен. Ол қария қызға айтады: сен енді маған қызмет ет содан кейін шелегіңді әкетесің дейді. Іскергүл келісіп, қарияның ұсынған тапсырмасын орындайды. Жыртылған киімдерін жамайды, тамақ пісіреді,төсегін мамықтан салып береді. Пісіп тұрған нанды алып, қарияға тәтті тағам дайындап береді. Сөйтіп үйге кететін күні жақындайды. Іскергүл қарияға айтады: ата мен бүгін үйіме кетемін дейді. Қария Іскергүлге ризашылығын білдіріп, шелегіне гауhар тас салып береді де, Іскергүлді үйіне жібереді.Үйіне жете бергенде,үйінің алдынан тауықтар шығып, алақай, алақай!Іскергүл келе жатыр қолында шелегі бар, ішінде бір уыс гауhар тасы бар деп айқайлайды. Далаға жүгіріп Жалқаугүл де шығады. Оған бар болған жағдайды баяндап береді.Біраздан соң Жалқаугүл жылап, шелегін алып, құдыққа барады. Шелекті суға лақтырып жібереді де,өзі құдыққа түседі.Шашы таралмаған, үсті басы кір қызды көрген қария шошып кетеді. Ата, менің шелегім түсіп кетті соны алуға келіп едім дейді.Қария тағы тапсырма береді. Берген тапсырманы орындай алмайды. Нан пісірейін десе, қолын күйдіріп алады. Тамақты дәмсіз пісіреді. Сөйтіп кетерде қария оған шелегіне мұз салып береді. Ол жылап үйіне қайтып келеді