kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дала өсімдіктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қаражусан – жусан туысына жататын көп жылдық өсімдік. Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан, ішек бездерінің қызметін күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады. Көкпек – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Көкпекті далалы жерлерде ел отынға пайдаланады, күзде түйе жейді. Теріскен – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Аласа бұта көкпек пен теріскен көп өседі. Бұлардың барлығының ботаникадағы ғылыми аты – алабота тұқымдастар. Боз бетеге - көп жылдық өсімдік. Жақсы мал азығы. Қазақстанда 20 түрі өседі. Жаңбырлы жылдарда оны екі рет оруға болады. Жусан – жусан көрмеген, жусан иісін иіскемеген, жусан жеген малдың сүтін ішпеген бала кемде- кем болар. Өйткені жерімізде жусан көп, оның Қазақстанда 81 түрі бар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дала өсімдіктері»

Пән: Дүниетану

Тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты: Білімділік: Далалық белдеу, оның ерекшеліктері және дала жануарлары мен өсімдіктері туралы кең көлемде мағлұмат беру. Дамытушылық: Тіршілік иелерінің бір-бірімен байланысы туралы білімдерін жетілдіру; оқушылардың экологиялық білімдерін дамыту

Тәрбиелілігі:

Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд фильм, басқатырғы, дала өсімдіктері мен жануарлары, энциклопедиясы.

Техникалық құралдар: компьютер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушыларды түгендеу ә) Сабаққа назарларын аудару. ІІ Жаңа тақырыпты меңгерту.

. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Дала өсімдіктері мен жануарлары».

Кіріспе әңгіме. Дала – ормансыз жазық алқап. Қазақстанның солтүстік бөлігін негізінен далалы аймақ құрайды. Далалы аймақ 7 облыс жерін алып жатыр, яғни Қазақстан жерінің 30% - ға жуығы. ІІІ. Картамен жұмыс. Олар: Орал, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Астана, Қарағанды. Қазіргі кездегі жіктеу бойынша далалы аймақты 3 аймақ астына бөледі: топырақтың түріне қарай климаттық құрғақтығына өсімдіктердің түріне қарай. Далалы аймағында Наурызым және Қорғалжын қорықтары бар, олар Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтауда үлкен рөл атқарады. Даланың бірнеше түрі бар: Егістік - Енді, балалар, осы аталған жануарлардың әрқайсысы қай топқа жататынын анықтап,. Жылан жорғалаушылар Суыр кемурішілер Қосаяқ сүтқоректілер құмырсқа бунақденелілер Дуадақ құстар Мыңжапырақ көп жылдық өсімдікБалалар осының ішінде сендерге даланың қай түрі таныс? Шалғынды дала. Қайдан оқып білдік? Шалғын деген не? Шалғын өсімдіктерін ата. Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер өседі? Шалғынды қорғаудың қандай жолын білесің? Өте жақсы. Қуаң дала – жылудың көбеюімен, жауын – шашынның азаюымен ерекшеленеді. Қуаң даланың көрікті кезі – көктем. Топырағы көктемгі қар суымен ылғалданып, шөбі көк – майса болып, көз тартады. Далалы аймақтың ауа- райы туралы мағлұмат. Далалы аймақ үшін ауа рай қатаң, қысы суық, ұзақ, аяз, қардың қалыңдығы 20см болып, 140-160 күн жатады. Жазы керісінше ыстық, құрғақ болады. ІҮ.Оқулықпен жұмыс. Қосаяқ – сүтқоректілер класы кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы. Қазақстанда 9 туыстың 16 түрі мекендейді. Көптеген түрлері бірқатар індеттерді, оба ауруларын таратады. Саршұнақ – Қазақстанда 6 түрі бар. Астық тұқымдарымен қоректенеді, Қазақстанда жылына 2млн – ға жуық саршұнақ терісі дайындалады. Қаражусан – жусан туысына жататын көп жылдық өсімдік. Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан, ішек бездерінің қызметін күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады. Көкпек – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Көкпекті далалы жерлерде ел отынға пайдаланады, күзде түйе жейді. Теріскен – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Аласа бұта көкпек пен теріскен көп өседі. Бұлардың барлығының ботаникадағы ғылыми аты – алабота тұқымдастар. Боз бетеге - көп жылдық өсімдік. Жақсы мал азығы. Қазақстанда 20 түрі өседі. Жаңбырлы жылдарда оны екі рет оруға болады. Жусан – жусан көрмеген, жусан иісін иіскемеген, жусан жеген малдың сүтін ішпеген бала кемде- кем болар. Өйткені жерімізде жусан көп, оның Қазақстанда 81 түрі бар. Жусан – көп жылдық шөптесін өсімдік. Оның құрамында қоректік заттар мол, эфир майы бар. Әсіресе қой, ешкінің жақсы азығы. Қазжуа – лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанның далалы аймақтарында 37 түрі бар. Қазжуаның қайнатыныдысы сары ауру мен демікпеге қарсы ішеді. Ботакөз – екі және көп жылдық өсімдік. Қазақстанда 12 түрі бар. Ботакөздер – хош иісті, әдемі гүлді әсемдік өсімдіктер. Мыңжапырақ – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Мыңжапырақ – дәрілік өсімдік.Бозторғай – жыл құсы. Торғайлар тобына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы. Жылына екі рет жұмыртқалайды. Бүркіт – қырандар туысына жататын ірі жыртқыш құс. Бүркітті қолға үйретіп, баптап, саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ертеден келе жатқан өнері. Дала суыры – Қазақстандағы суыр туысының 4 түрінің бірі. Суырлар 20 жылға дейін өмір сүреді. Бұлардың жауы - қасқыр, түлкі және бүркіт. Бірақ бұларға үлкен қауіп адамнан туады, себебі оның майы және терісі үшін көптеп аулайды. Борсық - жыртқыш аң. Терісі мен майы үшін ауланады. Борсықтың май витаминге бай. Сондықтан халық медицинасында оны буын ауруларына, туберкулез және іріңді жараны емдеуге қолданады. Дала тасбақасы – қазіргі кезде көбіне орта азиялық тасбақа деп атайды. Қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап тығылатын сүйекті сауыты болады, ол төрт аяқты жыртқыштардан берік қорғайды. Ү. Дәптермен, тақтамен жұмыс. Дала өсімдіктері мен жануарларының атауын тақтаға жазу. Қызыл кітапқа енген дала өсімдіктері мен жануарларын қызыл түспен белгілеу. Қосымша дала өсімдіктері мен жануарларының тізімі. ОЙЫН: “Қоянға көмектесейік!” 1. Шалғында қандай өсімдіктер өседі? А) Бақбақ Б)Көкнәр С )Қазжуа 2. Далада қандай кеміргіштер мекен етеді? А) Кесіртке Б) Ешкіемер С) Тоқалтіс 3. Дала өсімдіктерін ата: А) Қоңырбас Б) Жантақ С) Қайың 4. Дала жануарлары: А) Аю Б) Қарақұйрық С) Таутеке 5. Ақбөкен, құлан, қасқыр, түлкі қайда мекен етеді? А) Таулы жерде Б) Далалы жердеС) Шөлді жерде 6. Қызыл кітапқа енген құстарды ата: А) Кекілік Б) Торғай С) Ителгі ҮІ .Ой толғау. Оқушылар осы тақырыпқа ой толғау жазады. Өсімдік – жер бетінің ажарын аша түсетін, сәнін келтіретін жасыл әлем. Өсімдік - денсаулыққа қажетті дәрі – дәрмек. Өсімдік – адамдар мен ұшқан құс,жүгірген аңға баспана. Экологиялық есептер. Мониторда есептердің мәтіні жазылады, әр оқушы өз бетінше орындайды. 1. Борсықтар орманда мекен етеді. Бұл пайдалы жануарлар. Олардың қорегі – орман зиянкестері. Егер бір борсық бір күнде 1кг жәндіктер мен тышқандарды жейтін болса, 1аптада қанша зиянкестерді жей алады? (7кг) 2. Қорықтағы маралдарға шөп берілді. Егер бір марал 12кг шөп жесе, үш маралға неше кг шөп керек? (36кг)

VІІ. Бекіту. Қалпына келтіру стратегиясы арқылы сабақты бекіту. Дала зонасының көп бөлігі қара топырақ болып келеді. Топырақ бетін көк майса шөп басып, ашық түсті гүлдер өседі. Жауқазын, сарыгүл , қазжуа сияқты түйнекті өсімдіктер шығып,дала құлпыра түседі. Жауқазын гүлдерінен даланы аспан түстес ботакөз гүлдері басады. ҮІІІ. Қорытынды. Рефлекси:- Бүгін сабақтан алған әсерін? -Не ұнады? - Не ұнамады?

ІХ. Үйге тапсырма. “Дала өсімдіктер мен жануарлар” мәтінін оқу. Табиғат туралы кітаптардан шалғын жануарларының тіршілігі туралы




дерек тауып оқы.

Х. Бағалау.Белсенді қатысқан оқушылардын білімдерін бағал





















Астрахан ауданы

Жамбыл орта мектебі ММ








өткізген :Жақыпова Л.Қ



















2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Дала өсімдіктері

Автор: Жакупова Ляззат Кайркельдиновна

Дата: 30.03.2017

Номер свидетельства: 404885

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Дала өсімдіктері мен жануарлары"
    ["seo_title"] => string(36) "dala_osimdiktieri_mien_zhanuarlary_3"
    ["file_id"] => string(6) "455460"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518000467"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Д?ниетану Дала ?сімдіктері мен жануарлары 4-сынып. "
    ["seo_title"] => string(53) "duniietanu-dala-osimdiktieri-mien-zhanuarlary-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "157753"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421649624"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Дала өсімдіктері мен жануарлары"
    ["seo_title"] => string(36) "dala_osimdiktieri_mien_zhanuarlary_1"
    ["file_id"] => string(6) "391222"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486979573"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Дала ?сімдіктері  мен жануарлары "
    ["seo_title"] => string(36) "dala-osimdiktieri-mien-zhanuarlary-1"
    ["file_id"] => string(6) "192749"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427519457"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""Дала  ?сімдіктері  мен  жануарлары""
    ["seo_title"] => string(31) "dalaosimdiktierimienzhanuarlary"
    ["file_id"] => string(6) "318349"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460560414"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства