kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ Сабақ тақырыбы : темір

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
• Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік - көрнекілік
Қолданылған көрнекіліктер: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру сәті
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Жаңа сабақты қорыту
5. Үйге тапсырма
6. Оқушыны бағалау
Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:
1. Темірдің периодтық жүйедегі орыны; (химик)
2. Атом құрлысы(электрон, протон, нейтрон саны, салыстырмалы атомдық масса) (химик)
3. Табиғатта таралуы және маңызы; (геолог, географ, астроном)
4. Темірдің ашылу тарихы; (тарихшы)
5. Физикалық қасиеттері; (физик)
6. Темірдің геохимиялық қасиеттері; (геолог, минералог)
7. Темірдің биологиялық маңызы; (биолог)
8. Құранда темір туралы; (дін)
9. Абайдың жұмбағы; (әдебиетші)
10. Темір туралы мақал – мәтелдер; (әдебиетші)
11. Темірдің қолданылуы.(химик)
12. Бекіту
Сәлеметсіздерме, отырыңыздар!
Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс, темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер семіп, өле бастаған. Адам денесіндегі 3г темір жойылса, тіршілігін тоқтатып, өліп қалар еді.», бұл кіріністі суреттеген, темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог, академик А. Е. Ферсман.
Химик: Темір периодтық жүйеде:
4 - период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.
26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.
4 электрондық қабат, 2) 8) 14) 2), электрондық конфигурациясы
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2
Тотығу дәрежесі 0,+2,+3, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.
Металдардың кристалдық торларының әр түрлі типтері
Физик
• Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар,
• электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін,
• магнитке тартылатын,
• жұмсақ, созылғыш металл.
• Тығыздығы 7, 864 г/см3, балқу t ═1539 С.
• Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген. Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас жасалады. Радиотехникада, электротехникада қолданылады.
• Темірдің 7690С градусқа дейін магниттік қасиеті сақталады.
Тарихшы:
• Темірдің ашылу тарихы:
• Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген, олар б. з. д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару - жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес хеттер патшасына (б. з. д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б. з. д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.
• Делидегі темір бағана (б. э. д. ІҮ - Ү ғасыр)
• (Дели) Индияда б. э. д. ІҮ - Ү ғасырда 415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы 6, 5 тонна 99, 72% таза темірден тұрады, осынша уақыт таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр.
• Эйфель мұнарасы
• 1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель
алып мұнара құрылысын аяқтады. Париж эмблемасына
айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады.
Астроном
Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған, салмағы 60т. 1895 жылыГренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған, қазір Нью - Иоркте сақталуда. Темір күн жүесінде ең көп тараған элемент. Жер ядросының 90%темір құрайды. Жер мантиясында 12%, жер қыртысында 5%темір бар. Жер қыртысында таралуы бойынша - 6 орында.
Геолог
• Темірдің табиғи минералдары:
• Fe 3O4магнитті темір немесе магнетит (72% Fe)
• Fe 2O 3 қызыл теміртас немесе гематит (70% Fe)
• Fe 2O3 • 3H2O лимонит (50% Fe)
• FeS2 пирит немесе күкірт колчеданы (52% Fe)
• FeSO4• 7H2O темір купоросы
• Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда. Онда таулар толық темірден құралған. Курск, Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар. Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов - Cарыбай).
• Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады,
• оның орташа құрамы 0, 01 - 20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.
Биолог: Темірдің биологиялық маңызы
Адам денесінде темір құрамы 3 - 7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11 - 30 мг құрайды.
Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.
Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады.
Темірдің ең көп мөлшері мына өсімдіктер, тағамдар құрамында:
МЕДИЦИНА
Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен – қан аздық(анемия ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан, экологиялық себептерден, әлсіреу, көп қан кету т. б. пайда болады.
Әдебиетші:
Бұл жерде біз данышпан Абайдан бір үзік жұмбақ келтірелік:
Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен?
Шешуі: темір.
Темір жөнінде мақал - мәтелдер:
• «Темірші – көміршіге үйір»
• «Темірді қызған кезде соқ»
• «Болат қайнауда шынығады
• Батыр майданда шынығады»
• «Алмас пышақ қап түбінде жатпас»
• «Темірдің бір басы - ыстық, бір басы - суық»
• «Көптің аузы - темір талқы»
• «Темір кессең қысқа кес,
• Ұзартуың оңай.
• Ағаш кессең ұзын кес,
• Қысқартуың оңай».
• «Болат бүгілмес - морт сынар».
• «Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме».

• «Болған іске болаттай берік бол»Төзімі темірдей - қайратты деген мағынада.
Темірдің химиялық қасиеттері
Fe 3+ ионын анықтау
FеCL3+3KSCN=Fe(SCN) 3+3KCL
қан қызыл түсті
Темірдің сапалық реакциялары
Бекіту сұрақтарын интерактивті тақтадан шығарып, оқушылардың білімділігін тексеру.
Үйге: §36.(Оқу). Темірдің қосылыстары туралы қосымша материал табу және 7, 8, 9 есептеді шығару

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ашық сабақ Сабақ тақырыбы : темір

Автор: Тургинбаева Асия Мамыровна

Дата: 17.12.2016

Номер свидетельства: 370670

Похожие файлы

object(ArrayObject)#850 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Ашы? саба?ты? та?ырыбы "Темір" "
    ["seo_title"] => string(32) "ashyk-sabak-tyn-tak-yryby-tiemir"
    ["file_id"] => string(6) "163182"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422452294"
  }
}
object(ArrayObject)#872 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Ашық сабақ Сабақ тақырыбы :Көктем"
    ["seo_title"] => string(35) "ashyk_sabak_sabak_tak_yryby_koktiem"
    ["file_id"] => string(6) "408974"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492082631"
  }
}
object(ArrayObject)#850 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Ашы? саба? Саба? та?ырыбы: Е е дыбысы мен ?рпі"
    ["seo_title"] => string(49) "ashyk_sabak_sabak_tak_yryby_ie_ie_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "346066"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1474900543"
  }
}
object(ArrayObject)#872 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Ашық сабақ Сабақ тақырыбы :Тұздар гидролизі."
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk_sabak_sabak_tak_yryby_tu_zdar_ghidrolizi"
    ["file_id"] => string(6) "367455"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481216617"
  }
}
object(ArrayObject)#850 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(148) "?аза?   ?дебиеті    п?нінен   ашы?  саба?  жоспары Та?ырыбы:  ?.Ша??ытбаев «Сабала?»  ?ле?і "
    ["seo_title"] => string(89) "k-azak-diebiieti-p-ninien-ashyk-sabak-zhospary-tak-yryby-k-shan-g-ytbaiev-sabalak-olien-i"
    ["file_id"] => string(6) "203938"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429559007"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства