Просмотр содержимого документа
«Алқа тұқымдастары»
Күні:20.02.17 Сыныбы:6
Сабақтың тақырыбы:Алқа тұқымдастар-кіріккенкүлтелі өсімдіктер Сілтеме : Оқулық 6-7 сынып, ғаламтор Google kz сайты,Биология Қазақ энциклопедиясы
Жалпы мақсаты: Алқа тұқымдастарына жататын түрлердің биологиялық ерекшеліктері, барлығына тән белгілері, табиғаттағы, шаруашылықтағыы маңызын білу; Оқу нәтижесі : Алқа тұқымдастарына жататын түрлердің биологиялық ерекшеліктері, барлығына тән белгілері, табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызын біледі.
І.Ұйымдастыру.Сыныпты топқа бөлу (кәмпит түстерімен) І топ: (қызыл түст кәмпиттер) ҚЫЗАНАҚ ІІ топ: (жасыл түсті кәмпиттер)БҰРЫШ ІІІ топ: (көк түсті кәмпиттер)БАКЛАЖАН Оқушылар бұрыш,қызанақ,баклажан топтарына бірігеді. Сұрақ қою арқылы 3 –топтан топ басшыларын сайлау
2-тапсырма
«Ғажайып гүлдер» «Кім жылдам»
1. Тікенекті өсімдік? Итмұрын
2. Раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаштектес өсімдік? Алма
3. Шырынды жемісті өсімдік? Шие
4. Раушангүлділердің жабайы өсетін түрі? Шетен
5. Тіл үйірген дәмі бар,
Сары алтын түс сәні бар.
Шақсаң егер кептіріп,
Сүйегінің дәні бар,
Баққа тұрар сән беріп,
Алқа етіп тізіп ал. Өрік
6. Қызыл күрең түрі бар,
Піскен кезде қаулайды.
Алтыннан бір аумайды,
Бал татыған нәрі бар,
Онда емнің барі бар. Шабдалы
7. Итмұрын гүлінің формуласы* Т(5)К5А͚ Ж ͚
8.* Т(5) К5 А20 Ж 1.Қай гүлдің формуласы ?Жабайы алхоры
9.
III.Жаңа сабақ «Артығын тап»
Алқалар тұқымдасынан раушангүл тұқымдасына жататын жемістерді бөліп алады.
Жоспары:
1.Алқа тұқымдасының ерекшелігі
2.Түрлері:
а/ Меңдуана,сасық меңдуана т.б
б/ Шырайгүл,қызылқұлақ т.б
с/ Баклажан,картоп,бұрыш,қызанақ т.б
3. Маңызы
4. Темекінің зияны
Алқа тұқымдастары 90-ға жуық туысты топтастыратын,тропиктік,субтропиктік тік,қоңыржай атырапта кең таралған қосжарнақты өсімдіктер.Олар Орталық және Оңтүстік Америкада өсіріледі. Олар шөптекті,бұталы немесе алма ағашы тәрізді болып келеді.Гүлі тұтасып біріккен тостағаншадан және кірігіп тұтасқан бес күлтежапырақшадан тұрады.Сондықтан кіріккенкүлтелі өсімдіктер деп аталады. Жемісі-жидек (қызанақ,қара алқа),кейде қауашақ (меңдуана,шырайгүл,темекі).
Алқа тұқымдас картоп-тағамдық,техникалық және малазықтық дақыл. Дәмді және витамині көп баклажан,қызанақ та тағамға пайдалы.Алайда алқа тұқымдасына жататын меңдуана,сасық меңдуана-улы өсімдіктер.Бұлардан құнды дәрі-дәрмектер жасалады.Темекі де улы өсімдік.Әсіресе оның улы заты никотин қанды уландырып,жүрек және тынысалу мүшелерінің жұмысын бұзады.Сөйтіп шылым шегу адамның денсаулығына зиян келтіреді.
«Темекінің зияны» - бейнеклип көру
Темекінің адам ағзасына келтіретін зиянын,одан пайда болатын ауру түрлерін атап көрсету.
IV.Бекіту 1-тапсырма
1-топ
2-топ
3-топ
V.Қорытынды.А.Б.С деңгейіндегі сурақтарды таңдау арқылы топпен жауап береді. «Мені түсін»
1) Менің 100-ге жуық туысқандарым бар.Біздер тропиктік және субтропиктік аймақтарда көптеп өсеміз. Жидек жемісім қампиып тұрғандықтан атымды соған байланысты атаған. Ал ендеше мен кіммін? /Қызылқұлақ/
2) Мені аса ешкім жақтыра бермейді.Бірақ демікпе және құрыспа ауруларына шалдыға қалса мені іздеп тауып алады. Онда да тек жапырағым мен тұқымымды ғана жинап алып,қалғанын лақтыра салады.Мені түсіндің бе? /Меңдуана/
3) Гүлім сары уақ,аса көзге түсе бермейді. Ал жемісімнен түрлі-түрлі тағамдар әзірлейді.Атап айтсам, ет және салат,бешбармақ,чипсы,фри т.б. тәтті-тәтті тағамдар дайындайды.Сонда мен кіммін? /Картоп/