kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??л?айырг?лділер т??ымдастары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  §26  ??л?айырг?лділер т??ымдастары

Саба?ты? ма?саты:

Білімділігі:     О?ушылар?а ?осжарна?тылар класына жататын ??л?айырг?лділер т??ымдасына жалпы то?тала отырып,  жа?а та?ырып ма?та туысы  ма?таны? ма?ызын, ??рылысын, пайдалануын ?алай ??делетіне толы? ма?л?матпен та?ырыпты ?амту.

Т?рбиелігі:    О?ушылар?а ма?тадан жасалатын ?німдеріне то?тала отырып болаша? маманды? та?дауына , т?рмаста ?олданылатын айта отырып, шеберлігін, ?ызы?ушылы?ын, іздемпаздылы?ын арттыру, ?оша?ан орта мен таби?атты аялау?а, ?сімдіктер мен  жануарларды ?ор?ау?а, салауатты ?мір салтын ?стану?а  т?рбиелеу.

Дамытушылы?ы:   О?ушылар?а ?осжарна?тылар класында?ы ?сімдіктер   т?рлерін о?ушылар білім сапаларына с?йкес ерекшеліктерін, г?лдеріні? формуласы мен     диаграммасы, жемістері, т??ымдары,  г?лшо?ырларыны? орналасуы, оларды? бір-бірімен салыстыра айтуына байланысты п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру, ойлау  ?абілеттері мен білімдерін дамыту. Ж?не та?ырып бойынша тапсырма беріп, шы?армашылы?, танымды? ой ж?не білімділігін  ?алыптастыру.

Саба?ты? т?рі:   аралас сипатта?ы саба?

Саба?ты? типі:   жа?а білімді толы? ме?герту

Саба? ?дісі:  с?ра?-жауап,??гімелеу, т?ртіп алу, проблемелы?- т?жірибелік мысалдар, ?зіндік  ізденіс, ?орытынды шы?ару, интерактивті та?тамен ж?мыс, т.б

Саба?ты?  к?рнекі-??ралдары:

                   а?паратты?  ??ралдар:  интерактивті та?та, компьютер

                   дидактикалы? материалдар: атлас карта, кеспе ?а?аздар макет, слайд.

                 ?німдер:  таби?и ма?та, ма?та майы, ас?аба? , орамжапыра?

П?наралы? байланыс:  химия , технология, ?дебиет, медецина, экология, физика,тарих

Саба? барысы :     І. ?йымдастыру кезе?і:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??л?айырг?лділер т??ымдастары »





63 орта мектебі













Сабақтың тақырыбы:















7 « А» сыныбы



Пән мұғалімі: Молдабекова Н.Е













2011-2012 оқу жылы



Сабақ жоспары

Бекітемін :_____________ күні:______________ сыныбы: _____________

Сабақтың тақырыбы: §26 Құлқайыргүлділер тұқымдастары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға қосжарнақтылар класына жататын құлқайыргүлділер тұқымдасына жалпы тоқтала отырып, жаңа тақырып мақта туысы мақтаның маңызын, құрылысын, пайдалануын қалай өңделетіне толық мағлұматпен тақырыпты қамту.

Тәрбиелігі: Оқушыларға мақтадан жасалатын өнімдеріне тоқтала отырып болашақ мамандық таңдауына , тұрмаста қолданылатын айта отырып, шеберлігін, қызығушылығын, іздемпаздылығын арттыру, қошаған орта мен табиғатты аялауға, өсімдіктер мен жануарларды қорғауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушыларға қосжарнақтылар класындағы өсімдіктер түрлерін оқушылар білім сапаларына сәйкес ерекшеліктерін, гүлдерінің формуласы мен диаграммасы, жемістері, тұқымдары, гүлшоғырларының орналасуы, олардың бір-бірімен салыстыра айтуына байланысты пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттері мен білімдерін дамыту. Және тақырып бойынша тапсырма беріп, шығармашылық, танымдық ой және білімділігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сипаттағы сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді толық меңгерту

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу, түртіп алу, проблемелық- тәжірибелік мысалдар, өзіндік ізденіс, қорытынды шығару, интерактивті тақтамен жұмыс, т.б

Сабақтың көрнекі-құралдары:

ақпараттық құралдар: интерактивті тақта, компьютер

дидактикалық материалдар: атлас карта, кеспе қағаздар макет, слайд.

өнімдер: табиғи мақта, мақта майы, асқабақ , орамжапырақ

Пәнаралық байланыс: химия , технология, әдебиет, медецина, экология, физика,тарих

Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу, түгелдеу

2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру

3. Оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру:

(Үй тапсырмасын тексеру)

А. Тақтамен жұмыс. Танымдық қабілеттерін арттыру .

1.асқабақ тұқымдас өсімдіктердің гүл құрылысын сипаттаңдар

2. Асқабақ тұқымдас өсімдіктердің түрі мен жеміс ерекшеліктері туралы кесте толтырыңдар

Б. Өзіндік жұмыс (кеспе қағазбен жұмыс.)

Оқушылардың жалпы алған білімдерін анықтау. (Тексеріліп бағасы журналға қойылады.)

1. Төменде берілген белгіге сәйкес, өсімдіктің әр түріне сандық және әріптік белгілеуді қолданып, кестені толтырыңыз

Асқабақ

L

3

4

A

D. N. Ж, Н

Жабайы шомыр

W

1

1

A

Z

Жабайы көкнәр

P

2

2

А

U











Белгілері:

І. Тұқымдастары: ІІ. Гүл формуласы ІІІ. Жемісі

F – алабота 2. Т2К­2+2А∞Ж∞. 2. қауашақ

P – көкнәр 4. Т4А4Ж1 4. қабақ

L – асқабақ 5. Т(5)КА ­20 Ж1 5. құрғақ

S – құлқайыргүлділер 7. Т(5)КА ∞Ж∞ 7. Жидек

ІY. Өмірлік қалпы Y. Шаруашылық маңызы

А – шөптер Z – көкөністік

В – бұталар D - мал азықтық

С – ағаштар J – арамшөп

Д – шала бұталы H - азықтық

N – сәндік

Ж – дәрілік

U - улы

2. Гүлдің диаграммасын талдап, формуласын жазыңдар.





3.Асқабақтар тұқымдасының халық шруашылығындағы маңызы.

Бiрiншiден қауын, қарбыз, қияр, асқабақтар диетикалық тағамдар. Екiншiден олардың төртеуi де дәрiлк өсiмдiктер. Шикiзат ретiнде осы өсiмдiктердiң жемiстерiнiң етжендi жұмсағы, тұқымы, шырындары пайдаланылады. Олар әртүрлi ауыруларға ем. Әсiресе қарбыздың несiп айдайтын, өттi тазартатын, iштi жүргiзетiн қасиеттерi бар. Осы қасиеттер қауын, қияр, асқабақтан да тбылады. Сонымен бiрге асқабақтың тұқымы iшек құрт ауыруына бiрден-бiр ем. Iшек – қарынның жұмысын жақсартады және зат алмасуды реттейдi.

4. Асқабақтар тұқымдасының жалпы сипаттамасы.

Асқабақтар тұқымдасына 1 мыңдай түр, 120 туыс жатады. Олар тропикалық және субтропикалық аймақтарда кең таралған өсiмдiктер, қоңыржай климатты облыстарда аздап өседi. Түрлерiнiң шыққан жерi Гималайдың шығыс бөлiгi, Азияның Оңтүстiк шығысы және Оңтүстiк Америка. Түрлерiнiң басым көпшiлiгi өрмелеп, сиректеу ұзын өркендерi арқылы жерге төселiп өсетiн бiржылдық өсiмдiктер. Көп жағайда пальмалардың арасында өседi, сабақтарының сыртын қатты, қалың түктер жауып тұады. Жапырақтары үлкен, бөбешiк жапырақтары болмайды. Жапырақ тақталары жүрек тәрiздi, шеттерi саусақ салалы тiлiмделген, сабаққа кезектесiп орналасады. Қарапайым немесе бұтақталған мұртшалары болады.

Сиректеу жемiсi жидек болып келетiн түрлерi де болады (итжүзiм). Тұқымдары көп, эндоспермi жоқ, тұқым жарнағы жалпақ болып келедi. Гүлдерiнiң формуласын былай жазуға болады:

Аталық гүл: *♂Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0; Аналық гүл: : ♀*Т(5) К(5) А0 Ж(3)

5.Негiзгi туыстарына қияр (огурец – Cucumis), сипаттама бер

қауын (дыня - Melo), қарбыз (арбуз - Citullus), асқабақ (тыква - Cucurbita) жатады.

Қияр бұтақталмайтын мұртшалары бар бiржылдық өсiмдiк. Гүл түйiнi цилиндр тәрiздi, тiкенектi түктерi болады. Африка мен Азияда таралған 30-дай түрi бар. Көкөнiстiк өсiмдiк ретiнде екпе қиярды (огурец посевной – Сucumis sativus) өсiредi. Жабайы түрi белгiсiз, қазiргi кезде көптеген аудандастырылған сорттары бар.

ІІІ. Жаңа түсінік беру.

  1. Мақсаты: жаңа сабақты оқушыларға жан-жақты меңгерту, тақырыпты ашу

А) (жалпы сипаттама беріп кету)

І. Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру

Құлқайырлар тұқымдасы (семейство мальвовые - Malvaceаe)

Құлқайырлар тұқымдасына 1600 түр, 85-тей туыс жатады. Қазақстанда табиғи жағдайда 18 түрi (7 туыс) кездеседi. Құлқайырлар тұқымдасының өкiлдерi барлық құрлықтарда өседi. Негiзiнен олар тропикалық аудандарда, әсiресе Оңтүстiк Америкада кең таралған. Гүлдерi үлкен, жалғыздан, сиректеу топтасып, жапырақтың қолтығында немесе бұтақтарында орналасады. Гүл серiгi қосарланған, 3 тостағанша асты жапырақшасы болады. Өзара бiрiккен 5 тостағанша және бос орналасқан 5 күлте жапырақшалары бар. Аналықтары мен атлықтарының саны көп. Жоғарғы жатынды. Жемiсi қауашақ немесе бiр тұқымды жаңғақшалар. Гүлiнiң формуласы: : * ♀♂ Т3+(5)К(5) А5+5Ж2-5 немесе ∞

ІІ.Жаңа сабақтың орындалу мазмұны

Тұқымдастың ең маңызды туысы мақта (хлопчатник - Gossypium). Мақтаның 66-га жуық түрi бар олардың ең маңыздысы және мәдени жағдайға ендiрiлгенi кәдiмгi мақта (хлопчатник мохнатый – Gossypium hirsutum). Шыққан жерi тропикалық және субтропикалық аймақтар. Мақта - жiп иiруге қажеттi талшық беретiн құнды өсiмдiк. Оны Индияның батысында бiздiң эрамыздан 3 мың жылдай бұрын еге бастаған. Жiп иiруге мақтасы - талшығы пайдаланылады, олар дәндерiн тығыз жауып тұрады. Бiр дәнде 7 мыңға дейiн талшық болады. Талшықтары таза клетчаткадан тұрады. Олар бiрклеткалы, ақ немесе сары түстi болады, ұзындығы 60 мм дейiн жетедi. Мақта өсiмдiгi 70—75%-ке дейiн жiп иiруге (мата тоқуға) қажеттi талшық бередi. Дәндерiнен 20-25%-ке дейiн тамақка пайдаланылатын және техникаға қажеттi сапасы жоғары май алынады. Күнжарасында 30%-ке дейiн белок болады, сондықтан да оны малға жем ретiнде бередi. Қозапаясын отынға пайдаланады. Мәдени жағдайда мақтаның 5 түрi себiледi.

  • 1. Мақта

  • 2. Мақтаның жемісі

  • 3 Мақта өнімдері

  • 4.Негізгі зиянкестері:

    • 4.1 Артықшылықтар

    • 4.2 Кемшiлiктер

5 Егу, өсіру

Мақта .

Мақта - биіктігі 1,5-2 метрге дейін жететін кіндік тамырлы, шөптекті өсімдік немесе шала бұта. Біздегі өсірілетін мақта - біржылдық өсімдік. Көпжылдық бұталы түрлері тропиктік елдерде кездеседі

Мақтаның жемісі

Мақтаның жемісі - қауашақ. Мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын көсек дейді. Қауашақ 3-5 жақтауға ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады. Талшықтардың ұзындығы кейбір мақта іріктемелерінде 50-60 миллиметрге дейін жетеді. Шит талшықтары таза жасунықтан (клетчатка) тұрады. Олар өте ширатылғыш, сондықтан тоқыма материалы (хлопок) ретінде пайдаланылады. Шитті мақтадан таза мақта өндіріледі. Мақта тұқымынан мақта майы, күнжара, мақта мамығы, басқа да құнды өнімдер алынады. Мақта тұқымының 24-26%-ы майдан тұрады. Мақта жайы тағамға, сондай-ақ техникалық мақсатта қолданылады.

Мақта өнімдері

1 т шитті Мақтадан 330–360 кг талшық (бұдан 3000 м мата тоқылады), 100–110 кг тағамдық, техникалық май, 30–40 кг қысқа талшық, 550–580 кг тұқым алынады. Тұқымында 20–25% май болады, сондықтан 1 т Мақта тұқымынан 170 кг Мақта майы, 400–420 кг күнжара, 300 кг қауыз, мақта мамығы, олифа, глицерин, т.б. құнды өнімдер алынады. Мақта – тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар – бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т.б. дайындалады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, орган. қышқылдар, целлюлоза, т.б. алуға болады және сабағы отын ретінде, күнжарасының құрамында белок болғандықтан мал азығы ретінде қолданылады

Негізгі зиянкестері:

  • өрмекші кенесі

  • мақта және күздік қоңыр көбелектердің жұлдызқұрттары

  • шегіртке

Артықшылықтар

  • жұмсақтық

  • жылы уақытқа жақсы сіңіру қабiлеттiлiгі

  • жеңіл түске боялуы

  • табиғи материал және денсаулыққа зиян келтiрмеген

Кемшiлiктер

  • оңай илейдi

Егу, өсіру

Мақта өрiсі. Ботаникалық Бақ Сухуми, 1912 жыл.

Мақта егiндерiнiң аудандары (FAOSTAT)
га.

Мемлекет

1985

1995

2005

Үндістан

7 533

9 035

9 100

АҚШ

4 140

6 478

5 586

Қытай

5 140

5 422

5 060

Пәкістан

2 364

2 997

3 096

Өзбекстан


1 493

1 390

Бразилия

3 590

1 191

1 254

Нигерия

220

431

630

Түркия

660

741

600

Түрікменстан


607

600

Мали

146

336

551


Мақта өндiрiсi (FAOSTAT)
мың тонн.

Мемлекет

1985

1995

2005

Қытай

4 147

4 768

5 700

АҚШ

2 924

3 897

5 164

Үндістан

1 484

2 186

2 475

Пәкістан

1 217

1 802

2 122

Өзбекстан


1 265

1 250

Бразилия

943

479

1 196

Түркия

518

851

800

Австралия

267

421

578

Греция

168

433

359

Сирия

170

216

331


Қазақстан .Оңтүстіктің шаруалары осы 2011 жылы 324 мың тоннадан аса «ақ алтын» жинады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мың тоннаға көп. Нәтижелі жұмыстың жоспарлы аяқталуына облыстағы Отырар ауданынан бөлек барша өңір айрықша атсалысқан. Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) шаруалары 325 мың тонна мақта жинады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 85 мың тоннаға көп,

Мақта шаруашылығы

Мақта шаруашылығы өте ертеден дамып келеді. Жыл санауға дейін 3000 жылдан бері мақта шаруашылығымен Үндістан шұғылданып келеді. Шитті мақта біздің республикадан басқа Өзбекстанда, Түрікменстанда өсірілуде. Өйткені мақта - жылу, жарық сүйетін өсімдік. Мақтадан мол түсім алу үшін 15-170С температура қажет. Көлеңке түспейтін, топырағы тыңайтылған жерде өскен қоза қауашақтарының әрқайсысынан 7 грамға дейін таза мақта алуға болады. Мақтаны бір үлескіде жылма-жыл екпей, жоңышқа егістігімен алмастырудың маңызы зор

ІІІ тәжірибенің орындалуы









ІV. Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтар

    1. Құлқайыргүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді атаңдар?

    2. Шитті мақта дегеніміз не?

    3. Көсек дегеніміз не ?

    4. Мақта гүлінің құрылысын талдау

    5. Төмендегі берілген гүлдердің формуласын жазыңдар.

А). Мақта гүлінің формуласы

Дұрысгүл, қосжынысты тостағанша жапырақшасы 8 оның 3 бірікпеген, ал 5 біріккен екі шеңбер құрып орналасады, күлте жапырақшасы 5 , аталығы шексіз біріккен, аналығы шексіз біріккен

V. Сабақты бекіту

  1. .мақтаның шығу тарихы

  2. Мақта медецинада

  3. Мақтаның өндірілуі

  4. .мақта гүлінің құрылысын талдау

  5. мақта гүлінің формуласы бойынша гүл құрылысына сипаттама бер

  6. шитті мақта дегенді қалай түсінесің

  7. мақта талшықтары қайдан алынады, оны қалай пайдаланылады

\Қорытынды


Мақтаны тұқымымен бірге негізінен машинамен жинайды. Және де мұны бірнеше дүркін қайталайды, өйткені қауашақтары бір мезгілде пісіп жетілмейді. Бұл жиналған өнім әзірге әлі шитті мақта болып табылады.




Мақтаның таразыға тартылуы






Арнаулы машиналар талшықты тұқымнан ажыратады, сонан соң оны жіп иіру фабрикаларына жөнелтеді.




Сонан соң оны жіп иіру фабрикаларына жөнелтеді. Онда мақтаны иіреді,Онда мақтаны иіреді, ал тоқыма фабрикаларында иірілген жіптен шыт, бәтес, жұқа кездеме, сәтен, бумазей, трикотаж және басқа мақта өнімдері тоқылады. Мақтадан көрпе де, вафель сүлгісі де, медициналық мақта да, пластмасса да, целлюлоза да, фотопленка да, қағаз да жасалады. Бірақ бұл мұнымен ғана бітпейді, одан және техникада қолданылатын мықты, төзімді маталар да әзірленеді.




Жіптерді арнайы станоктарга тізілуі







Мата өндірісі







Мақтадан дайындалатын маталар.


Мақтадан маталар ғана емес майларда өндіріледі. Медецина ғада үлкен үлесі бар.

Баобаб (Adansonіa dіgіtatа) — бомбакс тұқымдасына жататын ең жуан ағаш. Баобаб — Африка Саваннаның құрғақ, ылғалды маусымдары мезгіл-мезгіл ауысуы кезінде баобаб жапырақтарын түсіреді. Сөйтіп бұтақтары сидиып қалады. Осы кезде асқабаққа ұқсас ұзын жемісі де пісіп үлгіреді. Сидиған бұтақтарда ірі жемістің ілініп тұруы ерекше көрініс. Баобаб туысына жататын мұнан басқа 9 түрі Африкада, Мадагаскарда және Солтүстік Австралияда кездеседі, бірақ олар Баобабтан аласа болады. Баобабтың биіктігі 20 м-ден артық, діңі өте жуан (диаметрі 4—10 м). Жапырағы салалы, күрделі пішінді, ыстықта түсіп қалады. Ақ түсті, хош иісті, ірі гүлі (диам. 12 — 20 см) ұзын гүлтұғырына төмен қарай иіліп, дара орналасады. Гүлі жарқанаттар арқылы түнде тозаңданады. Жемісі — жеуге жарамды, етті, жұмсақ, шырынды, ұзындығы 40 см-дей қорапша. Баобабтың сүрегі жұмсақ, бос болғандықтан онда су қоры жиналады да, ағаш жиі шіриді, соның әсерінен ағаш діңі — қуыс болады. Баобабтың қабығынан арқан есетін, ау тоқитын, киім тігетін мата талшықтары алынады.

VІ. Үйге тапсырма беру

§26 Құлқайыргүлділер тұқымдастары ( мақта)

Баобаб және қытай раушаны туралы зерттеу жүргізу

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
??л?айырг?лділер т??ымдастары

Автор: Молдабекова Нургуль Ержигитовна

Дата: 23.11.2014

Номер свидетельства: 134540


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства