Ұйымдастыру кезеңі (1 мин) I. Жағымды көңілкүй (1-3 мин) | Мұғалім балалармен амандасады. Олардың хал-жағдайларын, көңіл –күйлерінің қандай екендігін сұрайды. 5 Т – ережесін еске түсіреді. 1.Тәртіп. 2.Талап. 3.Тыныштық. 4.Тазалық. 5.Татулық. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» | Оқушылар мұғаліммен амандасып, өз көңіл-күйлері жайлы айтады.. 5Т-ережесін еске түсіріп, атап шығады. Оқушылар ыңғайланып отырады. Алған әсерлерімен бөліседі. | «Хрустальная грусть» композициясы |
II. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин) | «Талаптыға нұр жауар» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: • Қос ана Абайға қандай тәрбие беруді көздеген еді? • Абайдың мінезінде қандай ерекшелік болды? • Жас Абайдың ауыз әдебиетін сүюі неден байқалады? • Ел тарихына қызығушылық Абайға қалай әсер етті? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді | |
III.Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин) | Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Абай Құнанбаев Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы. Сұрақтар: 1. Орын таппай баптанба дегенді қалай түсінесіз ? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? | Оқушылар мұғалімнің соңынан дәйексөзді хормен қайталайды. Дәптерлеріне жазып алады Дәйексөзді қалай түсінетіндерін айтады. | Оқулық |
IV.Оқиғалар айту (әңгімелесу) (3-7 мин) | Абай Құнанбайұлы (1845 - 1904) Абай – қазақ халқының ұлы ақыны. Ол 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Шыңғыстаудың баурайында Қасқабұлақ қайнарының маңында дүниеге келді. Оның азан шақырып қойған аты – Ибраһим. Алайда сүйікті немересін Зере әже: «Абай болсын, аман болсын», - деп, Абай атап кеткен. Абай – текті жердің баласы. Оның арғы атасы Ырғызбай тобықты руының батыры болған. Әкесі Құнанбай баласының дарынын ерте жастан-ақ байқайды. Ал Зере әжесі мен Ұлжан анасы қазақтың ауыз әдебиетіне қызығатын Абайды поэзия мен шығармашылыққа баулыған жандар. Әсіресе халық ауыз ертегілері мен жыр-дастандарды бала Абай сүйіп тыңдайтын. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады, сосын 3 жыл медреседе оқиды. Ол бірнеше тілдерді оқып үйренеді, озат шәкірт атанады. Абай бала жасынан кітапқа құмар болды, араб-парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен танысты. Абай қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңы мен ислам дінінің қағидаларын терең меңгерді. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлендерінің сол кездегі адамдардың тұрмыс жағдайларын түсіну үшін маңызы зор. Мысалы: Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой. Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Сұрақтар: 1. «Адам болам десеңіз» деген өлең жолын қалай түсінесіңдер? 2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту үшін не істеу керек? 3. Достарыңның бойындағы ізгі қасиеттер туралы әңгімелеп беріңдер. | Оқушылар мұғалімнің айтқан әңгімесін мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Өз ойларымен бөліседі. | |
VII. Топпен ән айту (2-3 мин) | Абай біздің бабамыз Өлеңін жазған Әбдіраш Жарасқан Әнін жазған Баянғали Әлімжан | Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды | Тақтада ән мәтіні, аудиожаз-басы көрсетіледі |
VIII. Сабақтың қортынды сәті (1 мин) | Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | Сабақта айтылғандарды естеріне түсіреді. | «Одинокий пастух» композициясы-ның аудиожазбасы |