4)Жалпақ құрттар типіндегі ағзаларда қанайналым,тынысалу жүйелері болама?
А)болады Б)болмайды В)дұрыс жауап жоқ
5) Жалпақ құрттар типіндегі ағзалар қалай тыныс
алады?
А)өкпесімен Б)желбезекпен
Ә)тыныс алу жүйесімен В)бүкіл денесімен
6)кірпікшелі құрттар класының өкілі
А)бауырсорғыш Б)сиыр цепені
Ә)ақ сұлама В)сүлік
7)алғаш жалпақ құрттарда пайда болған жүйе
А)ас қорыту Б)тыныс алу
Ә)қанайналым В)зәр шығару
8)Эктодерма мен энтодерма аралығындағы аралық жасушалық қабат
А)мезодерма Б)піллә
Ә) сірқабық В)эктодерма
9)Паразит құрттарды зерттейтін сала?
А)палеонтология Б)гельминтология
Ә)протозоология В)зоология
10)Ақ сұламаның денесінің ортаңғы қабаты
А) энтодерма Ә)эктодерма Б)мезодерма В)сірқабық
дискрипторлар
І.Тест тапсырмасы бойынша
10-9 балл - «5»
8-7 балл – «4»
6-5 балл - «3»
5 балдан төмен болса- «2»
ІІ.топта талқылау
Топ атынан қорғап шықты -3 балл
Бір екі аргумент келтірді-2 балл
Мүлдем араласпады-1 балл
ІІІ.Постер қорғау
Аудиторияға жеткізе алса-3 балл
Аудиторияны қарата алса-2 балл
Аудиторияға жеткізе алмаса-1 балл
ІҮ.биологиялық диктант
7 балл – 5
5-6 балл – 4
4 балл – 3
Бағалау парағы
Оқушы аты -жөні
Тестке жауап беруі
Топта талқылауы
Постер қорғауы
Биологиялық диктант
Жалпы ұпайы
бағасы
Класы,пәні
7 класс,биология
Тақырыбы:
Жұмыр құрттар типі. Ішексорғы мен үшкірқұрт.
Мақсаты:
Жұмыр құрт типіне жататын ішек сорғы мен үшкірқұрттың құрлысы мен тіршілік әрекетін білу.
Күтілетін нәтиже
1.Адам ішекқұрғысы мен үшірқұрттың тіршілігі мен сыртқы құрлысын біледі.
2.Паразит жұмыр құрттарды ажырата алады
3.Жалпаққұрттар мен жұмыр құрттарды салыстырып типтік атауының неге негізделгенін дәлелдей алады.
Дерексөздер
құрал –жабдықтар:
Оқулық 7 класс Қ.Қайым.Р.Сатимбеков
Әдістемелік құрал, « Биология және салауаттылық негіздері» журналы №3-2003 ж,№1,3-2005,№4,5-2007,№3,4,6-2013
стикер, флипчарт, маркер.
Онлайн тапсырма:
Түсіну дәрістері бағдарламалар, сұрақ қою және кейінгі әрекет , сто, өзін-өзі бағалау , ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
Уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Кіріспе
7 мин
Сынып оқушыларын ұйымдастыру
-психологиялық ахуал қалыптастыру (тренинг) «Штанго»«голл»,«Мимо»
-топқа бөлу: «Құрт» суреттерін таңдау арқылы
-топтық ереже
-Әр топтың көшбасшысына бағалау парағын тарады.
-үй тапсырмасын тексеру:1) тест тапсырмасын орындатады,кілтін береді.
2)топтарға сұрақтар ұсынылады,постер дайындау тапсырады.
Мұғаліммен амандасу
екі қол көтеру,
оң жақ қол,
сол жақ қол көтеру керек.
Берілген ұқсас суреттер арқылы топтасады.
Топтасып
флипчартқа топ ережесін құрады.
Әр топтың көшбасшысы бағалау парағына тобындағы оқушылардың атын жазады.
Тест тапсырмасын орындайды,жұппен бірін-бірі тексеріп, бағалайды
Әр топ постер дайындап,қорғайды.
Тұсаукесер (жаңа сабақ бастау)
15 мин
Джигсо әдісі бойынша топтарға тақырыпты бөліп беру.
І топқа Ішексорғы
ІІ топқа Үшкірқұрт
ІІІ топқа Қылқұрт
Әр топ өздеріне тапсырылған тапсырма бойынша тақырыпты, топтарында талдау өз топтарына барып түсіндіреді.
Негізгі бөлім
13 минут
Тапсырмалар :
А)Венн диаграммасы
/жалпақ және жұмыр құрттарды салыстыру/
Б)Биологиялық диктант
Венн диаграммасын құрып қорғайды.
Биологиялық диктант жазады.бірін-бірі тексереді
Сергіту сәті
3 минут
«құрттар» типін айту,ережесін түсіндіру
«құрттар» типі айтылғанда орындарын ауыстыру
Қорытынды
7минут мин
Үйге тапсырма беру.
Көшбасшылардан бағалау парағы арқылы оқушылар бағаланады.
Кері байланыс
« бес саусақ»
Топ көшбасшысы қорытындылайды, өз тобындағы оқушыларды бағалайды.
Сабакты талдау:Мен осы жаңа форматтағы оқытудың бірінші бетпе-бет кезеңін бітіріп, тәжірибе кезеңінде осы жеті модулді ықпалдастыра отырып, сабақтарымда тиімді пайдалану мақсатында жұмыстандым. Әдеттегі сабақ беру тәсіліміз дәстүрлі, қатаң түрдегі, көп өзгеріске ұшырамайтын бағытта болса, модульдік оқыту технологияларының бағыттары оқушыларды еркіндікке, өз ойын ашық білдіре алатын, бірлесе жұмыстанатын, өзгенің ойын тыңдай білетін тұлға қалыптастыруға көмегін тигізеді. Дайын білім беруге негізделген дәстүрлі стиль арқылы оқыту, оқушылардың жүйелі емес білім алу жағдайларына алып келеді. Ал сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 6-бет)
Бірінші сабағым болған соң ба өзімде қобалжу, қорқыныш болды. Сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін, дене тәрбиесі апталығының өтуіне байланысты «Штанго,голл,мимо» тренингін өткіздім . «Құрттар» суретін таңдау арқылы топтарға бөлінді. Топқа бөлгеннен кейін оқушылар бірлесіп, әр топ топтық ережені постер етіп дайындады.
Түсінуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта және сезімдердің мәні зор. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым –Авраам Маслоу (1968). Ол адамның ынталануы деңгейлерге бөліп көрсетеді. Соның алғашқы деңгейлерін бала отбасынан қажет етсе, соңғы деңгейлерді отбасынан қоса, мектеп қабырғасында қалыптастырады: олар сүйіспеншілікке және қарым-қатынасқа деген қажеттілік, өзін-өзі құрметтеуге деген қажеттілік, өз-өзін таныта білуге деген қажеттіліктер жатады (нұсқаулық, 24-бет). Аталған қажеттіліктер қанағаттандырылса, бала жігер-күшке, жетістікке ие болу ниетіне жол ашады. Мұғалімдер баланы ынталандыру үшін түрлі әдістерді пайдалана алады, ойындар ойнату, таңғы жаттығулар, сергіту сәттеріне арналған тапсырмалар арқылы. Осындай тапсырмаларды орындай отырып, қарым-қатынасқа түседі. Топқа топтың ішінен көшбасшы оқушыны өздері сайлап алды. Сабақта оқушылар өз-өздерін, топта бір-бірін бағалау мақсатында топқа бағалау парағын бердім. Көшбасшы оқушы бағалау парағына тобындағы оқушылардың есімдерін жазады. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында тест жұмысы орындалып,бір-бірін тексеріп бағалады.
Екінші тапсырма өткен тақырып бойынша сұрақтар ұсынылды,әр топ постер дайындап,қорғады.Қобалжып тұрып тапсырмалардың орнын ауыстырып орындатыппын. Болашақта өз тарапымнан кеткен кемшіліктерді жойып, дайындаған тапсырмаларымды жүйелеп, өткізуге.
Жаңа тақырыпты түсіну үшін Мұғалімге арналған нұсқаулықтың 35-бетіндегі бесінші тезиске «Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз» сүйене отырып, топтарға тақырыпты бөліп бердім. Түсінуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта және сезімдердің мәні зор. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым – Авраам Маслоу (1968). Ол адамның ынталануы деңгейлерге бөліп көрсетеді. Содан кейін барып тақырып бойынша үш топқа сыни тұрғысынан ойлау технологиясының ДЖИГСО әдісімен топтарда талқылап ,өз топтарына барып түсіндірді. Негізгі бөлімде венн диаграммасы,биологиялық диктант орындады. Мұғалімге арналған нұсқаулықтың 36-бетіндегі сегізінші тезис бойынша «Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек». Сондықтан мен сабақ барысында оқушыларды жасаған жұмыстары бойынша мадақтап, қолдап, қолпаштап, формативті бағалап отырдым. Кері байланысқа бес саусақ әдісін пайдаландым. үйге тапсырма беріліп, көшбасшы оқушылардан тобындағы оқушылардың жинаған ұпайлары бойынша, екіжақты бағаладым.
1)Барлық құрттарға тән ортақ қасиеттерін айтып беріңіз.
2)құрттар көп түрлі болғандықтан бір-бірінен қандай айырмашылық ерекшеліктеріне байланысты типтерге бөлінеді?