Просмотр содержимого документа
«Жасыл экономика жарқын болашаққа жол бастайды»
ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖОЛ БАСТАЙДЫ
Қазіргі кезде «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді.Бірі бұл елдің табиға- тын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінсе,басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндіктүрідепесептейді.Ал,үшіншілері мақсатты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп түсінеді. «Жасыл» экономика – бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-а- уқатын сақтауға бағытталған,сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайта- руды қамтамасыз ететін экономика [1]. «Жасыл» экономика бірінші кезекте,қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған пайдалы қазбалар сияқты ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқыл- майтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Жасыл экономиканың негізінде–таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр.Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту,көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағда- рысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.Жасыл экономика бұл – қорлардыңтиімділі- гін арттыру,инфрақұрылымды жетілдіру,халықтың әл-ауқатын жақсарту болып табылады. «Жасыл» экономикаға өту орасан көп пайдасын тигізуде.Атап айтсақ,пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлар- ды өте бай ел ретінде танылған.Сондықтан мұнай,газ-бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергети- калық қорлардың бірі ретінде саналады,бірақ тіпті олардың өз уақыты келгенде сарқыла- ды,демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет.Бұл ретте Қазақстанның жақсы экожүйеге жер қыртысына және орманға ие болуы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады. Сонымен қатар,қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болады. Лас көшелер,үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кезде- стіресіз.Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайтала- ма өнімі ретінде пайдалану ұсынылған.Осылайша,мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда. Таза көлікті дамытуда іске асырылуда.Қазақстандағытасымалдардың көпшілігі дизелде/ бензинде жүргізіледі.Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин негізінде жүзеге асырылады.Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарылуына жағай жасаай- ды.«Жасыл» экономикаға ауысу климаттың өзгеруі,пайдалы қазбалардың сарқылуы және су ресурстарының тапшылығы сияқты әлемдік қауіптен тәуекелдерді төмендетеді.«Жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторы- на құралдарды инвестициялауды жоспарлайды: [2]. 1-ші кесте – «Жасыл» экономиканы дамыту бағдарламалары 1 Ауыл шаруашылығы 2 Балық аулау 3 Орман шаруашылығы 4 Өнеркәсіп 5 Энергетика 6 Балық аулау 7 Су Қорларын Басқару 52 8 Туризм 9 Көлік 10 Қалдықтарды Кәдеге Жарату Және Қайта Өңдеу «Жасыл» бизнесакадемия жұмысының мақсаты табиғи және өзге де ресурстарды жинау саласындағы саясатты тұрақты дамыту үшін бағдарламалар, жобалар және оқыту курстарын әзірлеу болады. Академияда онлайн-семинарларды өткізу, инновациялық әдістерді қолдану жоспарлануда. Академияның онлайн-семинарлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы сарапшылар/мамандар арасындағы диалогқа, сондай-ақ «жасыл» өсу стратегиясын құруға бағытталған. Жасыл өсу және тұрақты даму тақырыбы бойынша жаңашыл электронды қор- лар барлық студенттер үшін қол жетімді болады. Жасыл бизнес академиясы тұрақты дамы- ту стратегиясын іске асыру жағдайында, әсіресе әлеуметтік қажеттіліктер және мәселелерді барынша ұстанатын тәжірибе, табиғи қорларды кешенді пайдалану саласында болатын ба- рынша тәжірибелік кәсіби жұмыс күшін дайындауға көмектеседі [3]. «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасыинвестициялық жобаларды іске асыру, саясат- тарды реформалау жолымен жасыл бизнестің жаңа салаларын құру және дамыту бойынша мемлекеттердің, халықаралық, ғылыми ұйымдардың және бизнестің бірлескен әрекеттерін болжайды. Бағдарламаның міндеті тек мемлекеттер мен аймақтар арасында ғана емес, со- нымен қатар мемлекет пен бизнес арасында да – серіктестіктің жаңа деңгейін құру және көптеген үдерістер арасындағы байланыс болып табылады. «Жасыл көпірдің» мәнісі – жа- сыл бизнестің жаңа салаларын дамыту және ол үшін ұзақ мерзімді және тұрақты негіздерді құру арқылы экономиканы көгалдандыру. Жасыл көпір жаңашыл жасыл технологиялар – жасыл бизнес үшін қолайлы шарттарды тудыру үшін төлемнің жаңа тетігін ұсынады [4]. «Жасыл экономика» қалыптастыруда көптеген экологиялық проблемалар алдына шығып отыр. Оның бастыларына тоқталатын болсақ, әрбір азамат өзі күн кешіп отырған отбасынан бастап, Отан аумағын таза сақтап, ластаудан қорғау, ауа мен судың бүлінуіне,кейбір өзен көл- дердіңшарасы тарылып бара жатқанын,жұрт болып жұмылып,қалпына келтіру ісіне үлес қосу. Егер біз осыайтқандарды уақытында атқара алмасақ, ата-бабамыздан қалғанбасты байлығы- мызды тоздырып алуымыз мүмкін.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың энергиясы» туралы көптен бері айтып, соны дүние жүзілік деңгейге көтеріп, EXPO-2017 Бүкіләлемдіккөр- месін ұйымдастыруда Астана төріне әкелуіне тегін болмаса керек. Атқарылатын жұмыстың арғы жағында ел тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін денсаулығын жақсарту,тіпті көңіл-күйін көтеру – бәрі өмір сүріп жатқан қоршаған ортаға тәуелді екені анық. «Жасыл экономика» бағы- тын таңдаудың негізінде осындай ғұмырлық істерді ілгерілетіп жатырмыз.Мұны жүзеге асыру кезінде азаматтар еңбек етумен қатар,ненің тиімді,неңің залалды екенін танып,білсе екен дейміз. Ауылдың көркеюі, өсіп-өнуі арқылы халықтың тұрмысын оңалтуға болады [5]. Олар- дың айналысып отырған шаруасына сай экология талаптарынан мағлұмат беру біздің басты міндетіміз саналады. Әсіресе, пайдаға аспай жатқан жерлерді игілікке жарату, су көздерін зая жібермеу жағы да өзекті проблемалардың бірі болып есептеледі. Ал, қала, ауыл, елдіме- кендердегі құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде экологиялық талаптарды сақтай отырып, көгалдандыру ісі биік дәрежеде болуын ойластыру керектігі түсінікті. Кейбір ескі ғимараттарды бұзып орнына жаңа тұрғын үй немесе мекеме мекенжайын тұрғызу барысында экологиялық талаптарбірінші кезекте ескеріліп, көгалдандыруға бөлі- нетін жер алдынала жоспарлы түрде шешілсе, ұтылмасымыз анық. Өмірдің нәрі де, әрі де су екені мәлім. Тіпті, кейбірөзен-көлдердің ернеуінен төмендеп бара жатқаны қай-қайсы- мыздың да жанымызға батпай қоймайды. Бұл тұрғыдан келгенде, Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Соңғы 60 жылда Жер шарында ауызсуды пайдалану 8 есе өсіпті, осы жүзжылдықтың ортасына қарай, көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауызсу жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда», деп қадап 53 айтуы тегін болмаса керек [6].Біздің елде сумен қамту мәселесі өте күрделі.Өйткені ағын- сыз бассейндер және көл бетінің булануының жоғары деңгейі,сондай-ақ Қытайдан,Ресей- ден,Өзбекстаннан және Қырғызстаннан басталатын трансшекаралық өзендерге тәуелділік судың айтарлықтай жұмсалуына әкеледі. Су тапшылығының және су ресурстарын тиімсіз басқарудың қауіп-қатері Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімі мен әлеуметтік дамуыүшін негізгі кедергі болуы мүмкін. Сондықтансуресурстарытапшылығынқысқартуүшінмына шараларқабылдауқажет:Ауыл шаруашылығында суды үнемдеу, яғни суарудың заманауи әдістері мен басқа да су үнемде- уші заманауи технологияларды енгізу, егіс алқаптарын тамшылатып суаруды және басқа да қазіргі заманғы су үнемдеуші технологияларды енгізу, жабық топырақ алаңдарын ұлғайту, қосылған құны неғұрлым жоғары дақылдарға және суды аз қажетсінетін дақылдарғакөшу, 2030 жылға қарай күріш пен мақтаның егіс алқаптарын 20-30 пайызға біртіндеп азайтып, су ресурстары тұрғысынан суды неғұрлым аз талап ететін көкөніске, майлы және азықтық дақылдарға алмастыру [7]. Өнеркәсіпте су пайдалану тиімділігін арттыру, яғниөнеркәсіптік кәсіпорындар үшін суды жинау және тазарту стандарттарын арттыру, сарқынды суларды қайталап пайдалану және сумен қайталама жабдықтау, энергия тиімділігі мен су үнемдеу технологияларын енгі- зу есебінен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда су тұтынуды азайту. Коммуналдық шаруашылықта суды пайдалану тиімділігін арттыру: үйлер мен коммунал- дық желілердегі судың ағыпкетуін жою, тарату тораптарындағы судың қысымын бақылау, тұрмыстық техника мен сантехникаға арналған суды үнемдеу стандарттарын арттыру.Су ресурстарының қолжетімділігі мен сенімділігін арттыру. 2-ші кесте – SWOT-талдауы Сыртқы орта Мүмкіндіктері Ауыл шаруашылығында ет,құс өнімдерінің экспортқа шығару,Шикізат ресурсатрға бай болуы.Жаңа технологиялардың арқасында халыққа тиімді дүниелердің шығарылуы. Қатерлері Ресурстардың тапшылығы,ауыл шаруашылығындағы егіс алқабтары мен мал шаруашылығында құбылыстардың табиғаттың кері әсері етуі. Ішкі орта Басымдықтары Жеке кәсіпкерлікпен шұғылдану,және соған мемлекет тарапынан көмек көрсету, жұмыспен қамтамасыз ету, қаржылай көмектің көрсетілуі,жаңа технологияны пайдалану,соның ішінде мұнай өндіретін кәсіпорындар модернизациялану процессі өткізіліп,болашақта мұнай кешенінің тиімді пайдалануы. Кемшіліктері Іс жүзінде Қазақстан қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін жаңадан түзуі қажет.Қалдықтарды ұтымды пайдалануға арналған нормалар жеткіліксіз, ал неғұрлым кешенді жүйені құру мен оның жұмыс істеуі үшін жауапкершілік бөлінбеген.Шикізатты тиімді пайдаланбай,және оны дұрыс өндіре алмаудың себебінен ең арзан бағамен сатылып жатқаны.Сонымен қатар өз елімізде тауарларды шығару жоқтың қасы.Негізінен, өз елімізде шикізатты өз зауыт,фабрикаларымызда пайдалансақ,біздегі тауарлар қымбат болмас еді.Сондықтан шет елдерге шикізат өнімдерін сатып,біз көп шығынға батудамыз.Инфрақұрылымның дамуы мен жұмыс істеуін орнықты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қаражат жоқ. Қазіргі уақытта елдегі кешенді шаралар қабылдауды қажет ететін мәселе – ауыр өнер- кәсіп, агроөнеркәсіп кешені және пайдалы қазбаларды игеруден жиналған қалдықтар. Бұл жүйені қалыптастыру қалдықтарды кәдеге жаратудың келісілген жүйесін құру, қайта өңдеу мен қайталама пайдалануды кеңінен қолдануға көше отырып, полигондар санын қысқар- 54 ту, одан тысқары да өнімді көп айналымды пайдалана отырып, тұйық цикл экономикасын дамыту, экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаға техногендік әсерді азайту тектес тәсілдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылуы қажет [