-теңіздерде, тұщы суда, топырақта, адам мен жануарларда, өсімдіктерде паразиттік тіршілік етеді;
-жұмыртқа арқылы көбейеді;
-20 000 мыңдай түрі бар.
Өкілі-ішексорғы
Ересектер мен жасөспірімдердің аш ішегінде тіршілік етеді;
Денесінің екі ұшы сүйірленіп келген, дене тұрқы 20 см, ақшыл-сарғыш түсті;
Алдыңғы ұшында аузы, соңғы бөлігінде аналь тесігі (құйрық) болады:
Аузында 3 ерні болады, сол арқылы қадалып, қан сорады;
Денесі тығыз қабықша кутикуламен қапталған;
Көлденең жолақты бұлшық еттері болмағандықтан жиырыла, қысқара алмайды, тек жан-жағына иіледі;
Бүкіл денесі арқылы тыныс алады;
Қанайналым, тынысалу мүшелері болмайды;
Дара жынысты, жұмыртқа арқылы көбейеді,
Өкілі-үшкірқұрт
Адамның, жас баланың тік ішегінде паразиттік тіршілік етеді;
Пішіні ішексорғыға ұқсас, аталығы аналыған екі есе қысқа болады;
Дене тұрқы 10 мл;
Құрттың құйрық бөлігі өте жіңішкірген, үшкір;
Аналығы жұмыртқасын аналь тесігінің шыға берісіне салады да, денені қышытады, оны қасығанда тырнақ астына жабысып, ауызға түседі;
Ол аш ішекке, бүйенге және соқыр ішекке өтіп,оларды қабыну арқылы соқыр ішекке шалдықтырады.
Өкілі-қылқұрт
Тоқтау суларда жылқы қылына ұқсас қоңыр түсті, ұзындығы 1 метрге жетеді;
Дернәсілі бунақденелілерде паразиттікпен тіршілік етеді;
Адамға еш зияны жоқ.
Өкілі-суыртқы
Ұзындығы 150 см, жуандығы 1,5 мм
Адам үшін өте қауіпті паразит
Суыртқының аналығы адамның аяқ терісіне еніп, теріні қызартады, қышытады, ісініп жараға айналады;
Бұл Иранда, Үндістан мен Африка елдерінде кездеседі.
ДЖИКСО әдісі (түсіну кезеңі)
1-топ Жіпше құрт пен үшкірқұрт
2-топ Ішексорғы
3-топ Қылқұрт пен суыртқы
Сұрақтарға жауап беру
1.Неліктен жұмыр құрттар алғашқы қуыстылар деп те атайды? (себебі, денесінің ішкі қабырғасымен ішегінің аралығында түтік тәрізді қуыс болады)
2.Жұмыр құрттар не себепті түлейді? (сыртқы сірқабық қабаты өлі ұлпа, сондықтан денесінің өсуіне мүмкіндік бермейді, өзі өспейді)
3.Жұмыр құрттар неге денесін қысқарта да, соза да алмайды? (олардың көлденең жолақты бұлшық еттері жоқ)
Сипаттамасына қарап жасырған құртты тап.
1.Ол паразит. Екі ұшы сүйір.Құйрығы үшкір.Дене тұрқы 1,5 см шамасында. Түсі ақшыл немесе сарғыш. Бұл қандай құрт? (үшкірқұрт)
2.Дара жынысты. Аналығынан аталығы қысқа, аталығы құйрық бөліміне қарай имектеніп тұрады. 200000-ға дейін жұмыртқа салады. Ішек қызметін бұзады. Бұл қандай құрт? (ішексорғы)
3.Аналығының ұзындығы 150 см, жуандығы-0,2 мм. Адам үшін өте қауіпті паразит. Оңтүстік және Орта Азияда кездеседі. Аналығы аяқ терісінің астында паразитті тіршілік етеді. Бұл қай құрт? (суыртқы)
Терминологиялық диктант (қолдану кезеңі)
Жұмыр құрттар денесінің ішкі қабырғасы мен ішегінің аралығында ........болады
Дене жабынындағы тығыз, өлі түзіліс.......деп аталады