Класы,пәні | 7 класс,биология |
Тақырыбы: | Қазақстанда жиі кездесетін паразит құрттар |
Мақсаты: | Адамның және ауыл шаруашылығы жануарларының паразиттік құрттарын жұқтырудан сақтану жолдарын ұғыну. |
Күтілетін нәтиже | 1.Қазақстанда жиі кездесетін паразит құрттардың түрлерін біледі. 2.Паразиттік құрттардың жұқтыруынан сақтану жолдарын ажырата алады 3.тазалық сақтаудың маңыздылығын түсінеді. |
Дерексөздер құрал –жабдықтар: | Оқулық 7 класс Қ.Қайым.Р.Сатимбеков Әдістемелік құрал, « Биология және салауаттылық негіздері» журналы №3-2003 ж,№1,3-2005,№4,5-2007,№3,4,6-2013 стикер, флипчарт, маркер.слайдтар |
Онлайн тапсырма: | Түсіну дәрістері бағдарламалар, сұрақ қою және кейінгі әрекет , сто, өзін-өзі бағалау , ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру. |
Сабақтың барысы: | Уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
Кіріспе | 7 мин | Сынып оқушыларын ұйымдастыру -психологиялық ахуал қалыптастыру (тренинг) «Сантики,Фантики, Лимпапо» -топқа бөлу: «Бағдаршам» түстерін таңдау арқылы -Әр топтың көшбасшысына стикер беріледі . -үй тапсырмасын тексеру: 1) «Үш қадамды сұхбат »әдісі 2)Жұмыр құрттарға тән негізгі ерекшеліктерін белгілеу тапсырмасы Жұлдызшамен бағаланады. | Мұғаліммен амандасу Қимылдарды бірге жасау,бастауышының кім екенін табу. Оқушылар түстерді таңдайды. көшбасшы стикер арқылы бағалайды. Үш оқушы шығады. 1-шісі сұрақ қояды, 2-шісі жауап береді, 3-шісі-толықтырады және орындарын ауыстырып тақырып толық ашылады. «Иә», «Жоқ» деп белгілейді |
Тұсаукесер (жаңа сабақ бастау) | 15 мин | топтарға тақырып бойынша тапсырма бөліп беру. «Галлерия шарлау» әдісі арқылы спикерлері түсіндіреді. | Әр топ өздеріне тапсырылған тапсырма бойынша тақырыпты талқылап,спикерлері түсіндіреді.сұрақтарға жауап береді. «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» арқылы бағалау |
Сергіту сәті | 3 минут | «Кемедегі би» | Музыка тоқтағанда газет бетіне сыйысу. |
Негізгі бөлім | 13 минут | Тапсырмалар : А)слайд Б) «Менен сұрақ» В) «Адасқан әріптер» | Слайд ой бөлісу Қойылған сұрақтарға жауап беру Дұрыс жауап беру Жұлдызша арқылы бағалау |
| | | |
Қорытынды | 7минут мин | Үйге тапсырма беру. Көшбасшылардың стикер санауы арқылы оқушылар бағаланады. Кері байланыс « БББ» | Топ көшбасшысы өз тобындағы оқушылардың жұлдызшасын санайды. Қолдарындағы бағдаршам түстеріне аттарын жазып баспалдаққа орналастыру |
Сабақты талдау:Екінші сабағымды «Сантики,фантики,лимпопо» тренингімен арқылы бастадым, онда оқушыларды шеңбер құрып отырғыздым. «Бағдаршам» түсін таңдау арқылы топқа бөліп, топтың ішінен көшбасшы оқушыны өздері сайлап алды. Оқушылардың үй жұмыстарын тексеру мақсатында «Үш қадамды сұхбат» әдісі қолданылды. Бір оқушы сұрақ қойды,екінші оқушы жауап берді,үшінші оқушы жауапты толықтыру керек еді ,бірақ оқушылар үй тапсырмасына дұрыс дайындалмаған.Сұрақтарға дұрыс жауап бере алмады. Екінші тапсырма бойынша жұмыр құрттарға тән негізгі ерекшеліктерін «ия», «жоқ» белгілеу тапсырмасы орындатылды. Жаңа тақырып бойынша топтарға тақырып бөлініп берілді.Әр топ тақырыптарын талдап,флипчартқа постер етіп дайындады.«Галлерия шарлау» әдісі арқылы спикерлері түсіндіреді,басқа топтар «екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалады. Сергіту сәті «Кемедегі би » деп аталды,оқушылар белсенділікпен қатынасты. «Менен сұрақ» бөлімінде жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылды. Осы тақырып бойынша жаңа сөздерге «Адасқан әріптер» тапсырмасы берілді.Сабақ соңында үйге тапсырма беріліп,оқушылардың стикерлері саналып екі жақты бағаланды.Кері байланыс ретінде БББ арқылы және топқа бөлінгендегі түстеріне аттарын жазып баспалдаққа орналастырды . |