Жорғалаушылардың нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8 000-ға жуық түрлері бар. Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар, крокодилдер т.б. жатады. Суда тіршілік ететін түрлері де бар. Бірақ олар екінші рет оралып суда тіршілік етуге бейімделген. Өйткені атмосфералық ауамен тек өкпесі арқылы ғана тыныс алады. Жорғалаушылардың дене тұрқы, пішіні әр түрлі. Құрлықта, суда, ағаш басында, топырақ астында тіршілік етеді. Оларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герптотлогия деп атайды.
Жорғалаушылардың денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтардан тұрады. Жыландарда, аяқсыз кесірткелерде аяқтар жойылған. Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөліктен тұрады. Олар: бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары және кеуде қуысы. Олардың қаңқасында алғаш рет кеуде қуысы пайда болған.Күрделі қозғалыс жасауларына баййланысты аяқтарында, жақсүйектерінде, молйынында және кеуде қуысында бұлшықеттері дамыған. Жорғалаушылардың ас қорытыу жүйесі қосмекенділерге ұқсас. Жүрегінің құрылысы қосмекенділерге құсас үш қуысты (екі құлақшадан, бір қарыншадан) тұрады. Крокодилдердің жүрегі толық төрт қуысты (екі құлақшадан, екі қарыншадан тұрады).
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Жорғалаушылар класы"»
Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар
Сабақтың мақсаты:1.Қосмекенділердің құрылысы және тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
2. Оқушылардың қосмекенділер саласы бойынша білімдерін толықтыру.
3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.
2Жаңа сабақты түсіндіру.
Қосмекенділер класы
Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар.
Қосмекенділерді атаңдар. «Қосмекенді» деп неге атаған? Өздерің білетін қосмекенділерді атаңдар.
Қосмекенділер –алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар екі отада: суда да, құрлықты да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды.
Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000-нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрісирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабіна (1996) тіркелген.
Құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер отряды. Денесі бас, тұлға және көбінесен бес саусақты төрт аяқтан тұрады. Кейбір түрлері аяқсыз және құйрықты болады. Дене тұрқы 2-3 сантиметрден 180 сантиметрге дейін жетеді. Қосмекенділердің терісі жұқа, тегіс және безді болып келеді. Бездерден бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдап, тыныс алуына жағдай жасайды. Демек олар терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды.Қосмекенділерде кіші құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болған. Қосмекенділер – дара жынысты жануарлар. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады. Дернәсілдері түрленіп, дамып, ересектеріне айналады. Қосмекенділер құрылысына, тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 отрядқа бөлінеді. Олар: аяқсыз, құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер.Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің 350-дей түрі бар. Оған тритондар мен саламандрлар жатады. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің бірі- жетісулық бақатіс. Оны жергілікті тұрғындар «аяқтя балық» деп те атайды.
Құйрықсыз қосмекенділер отряды. Бұлардың 3500-дай түрлері бар. Олардың ересектерінде құйрық болмайды. Өзімізге таныс көлбақа, тоған бақасы, құрбақалар осы отрядқа жатады.
Қорытынды:
А. 1.Класс неліктен қосмекенділер деп аталған? 2.Қосмекенділер класы қандай отрядтарға бөлінеді? 3.Ересек қосмекенділер қандай
мүшелері арқылы тыныс алады?
В. 1.Қосмекенділердің қаңқа бөлімдерін атаңдар. 2. Қосмекенділердің қан тарату жүйесінің қандай ерекешеліктері бар? 3. Жетісулық
бақатістің құрылыс ерекшеліктерін сипаттаңдар.
Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылардың дене құрлысы және тіршілік әрекеті.
Сабақтың мақсаты:1.Жорғалаушылардың құрылысы және тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
2. Оқушылардың жорғалаушылар саласы бойынша білімдерін толықтыру.
3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.2. үй тапсырмасын тексеру
3Жаңа сабақты түсіндіру.
Жорғалаушылар класы
Жорғалаушылардың дене құрылысы және тіршілік әрекеті
Жорғалаушылардың нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8 000-ға жуық түрлері бар. Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар, крокодилдер т.б. жатады. Суда тіршілік ететін түрлері де бар. Бірақ олар екінші рет оралып суда тіршілік етуге бейімделген. Өйткені атмосфералық ауамен тек өкпесі арқылы ғана тыныс алады. Жорғалаушылардың дене тұрқы, пішіні әр түрлі. Құрлықта, суда, ағаш басында, топырақ астында тіршілік етеді. Оларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герптотлогия деп атайды.
Жорғалаушылардың денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтардан тұрады. Жыландарда, аяқсыз кесірткелерде аяқтар жойылған. Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөліктен тұрады. Олар: бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары және кеуде қуысы. Олардың қаңқасында алғаш рет кеуде қуысы пайда болған.Күрделі қозғалыс жасауларына баййланысты аяқтарында, жақсүйектерінде, молйынында және кеуде қуысында бұлшықеттері дамыған. Жорғалаушылардың ас қорытыу жүйесі қосмекенділерге ұқсас. Жүрегінің құрылысы қосмекенділерге құсас үш қуысты (екі құлақшадан, бір қарыншадан) тұрады. Крокодилдердің жүрегі толық төрт қуысты (екі құлақшадан, екі қарыншадан тұрады).
Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінеді. Олар: тұмсықбастылар, қабыршақтылар, тасбақалар, крокодилдер.
Тұмсықбастылар отряды. Оның өкілі –гаттерия. Ол-Жаңа Зеландияның ұсақ аралында ғана сақталған, өте ертеден келе жатқан жануар. ХТХО-ның Қызыл кітабына тіркеліп, қатаң қорғауға алынған. Қабыршақтылар отряды. Оның өкілдері –құбылғылар (хамелеондар), жыландар, кесірткелер. Құбылғылардың денесі екі бүйірінен қысыңқы, мойны қысқа, құйрығы ұзын. Құйрығы ағаш бұтақтарын орап ұстауға бейімделген. Аяқтарын ұзын бес саусақтары болады. Корегін ұшы жалпақ ұзын тілін аузынан лақтырып жіберіп ұстайды. Үлкен екі көзі бір-біріне байланыссыз қозғала алады. Денесінің түсі тез өзгеретіндіктен , бұлар құбылғылар деп аталған.Жорғалаушылардың 6000 –нан астам түрі тікелей осы отрядқа жатады. Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. Қазақстанда жылан мен кесірткелердің түрлері көбірек таралған.
Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Қауырсын жабынды жануарлар
Сабақтың мақсаты:1. Құстардың құрылысы және тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
2. Оқушылардың құстардың жоғары класы бойынша білімдерін толықтыру.
3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.
2Жаңа сабақты түсіндіру.
Құстар жоғары класы
Қауырсын жабынды жануарлар
Қандай құстарды білесіңдер? Олар қалай бөлінеді? Құстардың ішкі құрылысы туралы айтыңдар.
ҚҰСТАР КЛАСЫ. Бұлар омырқалы жануарлардың ұшуға бейімделген тобы. Денесі қауырсынмен қапталып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Қазіргі кезде дүние жүзінің түрлі аймақтарында құстардың 8 600-ға жуық түрі таралған. Зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы-орнитология. Қазақстанда құстардың 500-ден астам түрі мекендейді. Олардың дене температурасы тұрақты, жылқықанды әрі жоғары. Құстар барлық құрлықтарда кеңінен таралған.
Құстар класына жалпы сипаттама. Құстардың денесі бас, мойын және тұлға бөлімдеріне бөлінген. Дене салмағы 1,5 грамнан (колибрилерде) 80-90 килограмға дейін жетеді. Құстардың терісі жұқа, әрі құрғақ, бездері өте аз. Тек кейбір құстарда ғана қауырсындарын майлайтын құйымшақ безі болады. Терінің қосалқы бөлімдеріне қауырсында, тұмсықтарының мүйізді бөлігі, жіліншік, саусақтарындағы мүйізді қабыршақтар жатады.
Құс қауырсындары бүкіл денесін жауып тұрады. Ірі қауырсындарының теріге еніп тұратын бөлігі-қаламша. Мүйізді өзегі –сояуы. Оның екі бүйіріндегі ұсақ шашақ тәрізді түзілістер –пәрі. Пәрі мұрттан және мұршалардан құралады. Қауырсындар құстардың ұшуына жағдай жасайды әрі денесіндегі жылуды реттейді.Құстардың тыныс жүйесінде ұшуға бейімделген белгілері айқын байқалады. Сыртқы танау тесіктері –жұтқыншақпен, ол көмекей арқылы кеңірдекпен байланысады. Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамында,ғы оттегіне қан екі рет қанығады. Құстардың мұндай тынысалу ерекшелігін қосалы тынысалу деп атайды.
Құс жұмыртқасының құрылысы. Аналық безде жетілген жұмыртқажасушасының сарыуызы мол. Жетілген жұмыртқажасуша жұмыртқажолға түсіп, ұрықтанады. Жұмыртқажолдың қабырғасындағы бездерден бөлінген қалың нәруызды және өзге де қабықтармен жұмыртқажасушаның сырты әкқабықпен қапталады. Ондай жұмыртқажасуша сарыуызының жоғарғы шетінде ұрық табақшасы болады. Ол ашық түсті дақ тәрізді болып көрінеді. Саруыз қабығының төменгі бөлігі ауыр болғандықтан ұрық табақшасы үнемі сарыуыздың жоғарғы бөлігінде жатады. Сарыуыз құрамында ұрықтың дамуына қажетті коректік заттар мен су мол болады.
Сарыуыз сыртындағы қалың нәруыз қабығы жұқа екі қабаттан тұратын қабықпен қапталған. Жұмыртқаның доғал ұшында бұл екі қабықтың арасы ауа қуысын құрайды.
Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Құстарды топқа бөлу.
Сабақтың мақсаты:1. Құстардың құрылысы және тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
2. Оқушылардың құстардың жоғары класы бойынша білімдерін толықтыру.
3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.
2Жаңа сабақты түсіндіру.
Құстар – омыртқалы жануарлардың ішінде Жер шарында кеңінен таралған жануарлар.
Құстардың дене құрлысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі. Олар: қыртөссіздер (жүгіретін құстар), жүзетін құстар (пингвиндер), қыртөстілер (ұшатын құстар).
Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар. Бұлардың төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды. Олар ұша алмайды, бірақ құрлықта өте жылдам жүгіреді. Бұған құрлықта кездесетін түйеқұстар жатады. Оларды тіршілік ететін аймақтарына сәйкес жеке отрядтарға топтастырады. Мысалы: африкалық түйеқұс (страус), австралиялық түйеқұс (нанду), Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқұс (киви) деп аталады.
Жүзетін құстар (пингвиндер) –құстардың ішіндегі ерекше тобы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Төссүйек қыры жақсы жетілген. Аяқтары қысқа әрі тұлғасының артқы жағында орналсқандықтан, денесін тік ұстайды.
Қыртөстілер (ұшатын) құстар – қазіргі кездегі құстардың ең түрі көп тобы. Төссүйекте жақсы жетілген қыр болады. Қанаттары да ұзын, сүйірленіп келеді. Қаңқа сүйектері жеңіл. Ұшатын құстар тіршілік ететін орта жағдайына байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
Сулы, батпақты жерлердегі құстар құрлысына тән белгілері –саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар. Жақсы жүзіп, жақсы сүңгиді. Көпшілігінің тұмсықтары жалпақ және тұмсығының жиектерінде араның тісі тәрізді майда «тісшелері» болады.
Орман құстарының денелері көбіне шағын, қанаттары сүйірленіп келеді. Орман құстарына тоқылдақтар, көкектер, тотықұстар, жапалақтар, торғайлардың көпшілігі жатады.
Ашық далалы алқаптардағы құстардың қанаттары кең, қалықтап ұшуға бейім болады. Кейбір түрлерінің аяқтары жақсы жетілген. Сондықтан олар жылдам жүгіре алады. Тұмсықтары қысқа, доғал, кейде иіліп келген өткір.
Құстардың тіршілігінде жыл маусымдарының алмасуының ерекше маңызы зор.
Жыл құстары күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға жылыстап, көктемде елімізге қайтадан оралады. Жұп құрып, ұя салып, жұмыртқадан балапан өргізіп көбейеді. Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарлы құс қанатының ызғары деп есептейді. Жылы жақтан ең алғаш қараторғайлар, «тыраулап» тырналар оралады.
Көшпелі құстар (полюстік үкі, кейбір жыртқыш құстар және т.б.) күзде, қыста ауа райының қолайсыздығынан солтүстіктен оңтүстікке жылыстайды.
Қыстап шығатын құстар жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді. Ешқайда жылыстамайды. Ондай құстарға қарғалар, торғайлар, сауысқандар, шымшықтар жатады.
Сұңқартәріздестер –балықшы тұйғын, жыланжегіш, бүркіт, кезқұйрық, аққұйрықты су бүркіттер, сақалтай, жұршы, құмай, ақсұңқар, ителгі, бидайық, лашын т.б. Бұл құстарды халқымыз ерекше қадірлеп, қыран құстар деп те атайды. Жыртқыш құстардың тұмсқтары, аяқтарындағы тырнақтары өткір, корегін бүріп ұстауға бейімделген. Қыран құстардың қоразы –«шәулі», мекиені –«ұябасар», балапаны –«ақүрпек» деп аталады.
Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Ұрпағын сүтпен асырайтын жануарлар
Сабақтың мақсаты:1. Сүткоректілердің құрылысы және тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
2. Оқушылардың сүткоректілер немесе аңдар класы бойынша білімдерін толықтыру.
3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.
2Жаңа сабақты түсіндіру.
Сүткоректілер жанукарлар дүниесінің жоғары сатыдағы тобын атайды. Бұған ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады.Қазіргі кезде сүткоректілердің 5 000 –ға жуық түрі жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Сүткоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммология» деп атайды.
Сүткоректілердің тері жабыны басқа омыртқалыларға ұқсас екі қабаттан тұрады.
Құрлықты мекендейтін сүткоректілер –Антрактидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде саршұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді. Тұяқты сүткоректіле: құлан, жолат, ақбөкен, қарақұйрық, арқарлар да құрлық аңдары. Бұта мен ағаш арасынан бұғы, бұлан, аю, сілеусін, бұғындарды кездестіруге болады.
Жер астында тіршілік ететін сүткоректілерге көртышқандар, соқыртышқандар, қалталы көртышқандар жатады.
Суда тіршілік ететін сүткоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланысты. Оған құндыздар, жұпаржыртқыштар, ондатралар, кәмшаттар, түлендер, киттер жатады.
Ұшатын сүткоректілерге қолқанаттылар жатады. Өте ұзын 2-5 саусақтарының арасында денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы болады. Олар жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады.
Ілкіңаңдар (алғашқы аңдар) немесе жұмыртқа салатын сүткоректілер жұмыртқа салады. Құстарға ұқсас клоакасы болады. Оған Австралия және сол аймақта кезедсетін үйректұмсық, түрпі, түрпітек жатады.
Қазіргі сүткоректілер немесе аңдар екі топқа бөлінеді. Төменгі сатыдағы аңдарды «Қалталы сүткоректілер» деп атайды.
Сүткоректілер мен жорғалаушылардың дене құрылысында, тіршілік әрекетінде көптеген құсастықтар бар. Ұрықтарының дамуы да ұқсас. Бұдан 250-180 млн жыл бұрын аңтісті кесірткелер тіршілік еткен. Олардың тістері қазіргі кездегі сүткоректілерге ұқсас күрек, сойдақ, азу тістерге жіктелген.
А. 1. Класс неліктен сүткоректілер деп аталады? 2. Сүткоректілердің терісінде қандай бездер болады? 3. Сүткоректілер қандай класс тармақтарына жіктеледі?
В. 1. Сүткоректілердің тістері қандай топтарға бөлінеді? 2. Ілкіаңдарға қандай жануарлар жатады? 3. Сүткоректілердің есту мүшесінің ерекшеліктерін атаңдар.
С. 1. Сүткоректілер қандай экологиялық топтарға бөлінеді? 2. Сүткоректілердің ұрығының даму ерекшелігін сипаттаңдар. 3. Құстар мен сүткоректілердің қанайналым жүйесінде қандай құсатық және айырмашылық бар?
Сабақтың мақсаты:1. Қазақстанды мекендейтін сүткоректілердің тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
2. Оқушылардың сүткоректілер класы бойынша білімдерін толықтыру.
3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.
2Жаңа сабақты түсіндіру.
Қазақстанның кең байтақ табиғат аймақтарында сүткоректілердің 8 отрядына жататын 178 түрі таралған. Оның 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Көпшілігінің кәсіптік мәні бар.
Бунақденелілер отряды. Бұған ертеден келе жатқан қарапайым белгілері бар сүткоректілер жатады. Миы нашар дамыған әрі ми сыңарларында иірімдері болмайды. Дене температурасы онша тұрақты емес және тістерінің құрылысы біркелкі.
Кемірушілер отряды. Бұл отрядқа күрек тістері жақсы жетілген сүткоректі жануарлардың 2 500-ге жуық түрі жатады. Олардың ішінде құрлықта, ағаш басында, суда, жер астында тіршілік ететін түрлері бар.Дене тұрқы 5 сантиметрден 1 метрге дейін жетеді. Қазақстанда кемірушілерпдің 80-нен астам түрі таралған. Оның 8 түрі Қызыл кітапқа тіркелген.
Қазақстанда қоянтектестер отрядына жататын құм, ор және ақ қоян түрлері кездеседі. Шөлді, шөлейтті жерлерде құм қоян кеңінен таралған, оның кәсіптік мәні бар.
Қолқанаттылар отрядының Қазақстанда 27 түрі кезедеседі. Түнде белсенді тіршілік етеді. Салпаңқұлақты, ақбауыр жарқанат, қатпар ерінді жарқанат түрлері шағын аймқстарды мекендейді. Саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
Жұптұяқтылар отрядына 190-ға жуық жануар түрлері жатады. Жұптұяқтылардың үшінші және төртінші саусақтары жақсы дмыған. Екінші және бесінші саусақтары нашар жетілген.
Жыртқыштар отрядына 235-тей жануарлар түрі топтастырылған, оның 31 түрі елімізде кездеседі. Олардың сойдақ және азу тістері жақсы жетілген, сойдақ тістері өте өткір. Қазақстанда аю, қасқар, мысық, сусар, тұқымдастарының өкілдері кеңінен таралған.
Қасқыр тұқымдастарына – шибөрі, қасқыр, қарсақ, түлкі, қызыл қасқыр жатады. Қасқырларға байланысты аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер көптеп кезедседі. Оны «бөрі», «көкжал» деп атайды. Ертеде қасқарға табыну дәстүрі болған.
Мысық тұқымдастарының 8 түрі Қазақстанда таралған. Қабылан, қамыс және шағыл мысықтары, сабашы, қарақұлақ шөлейтті, шөлді, далалы аймақтарды мекендейді. Сілеусін биік таулы алқапта кездеседі. Барыс мүшелдік жыл санауында 3-жыл.
Сусар тұқымдастарынан –сусар, бұлғын, құну, күзен, аққалақ, ақкіс, борсық, итаю, құндық Қазақстанда кездеседі. Бұлардың да үлбірінің бағалы, кәсіптік мәні бар.
Тақтұяқтылар отряды. Тақтұяқтылардың үшінші саусағы жақсы дамыған, қалған саусақтары нашар жетілген. Қазір үш тұқымдасының өкілдері кездеседі.
Ескекаяқтылар отрядына дене пішіні ұршық тәрізді 30-дан астам жануар түрлері жатады. Қазақстанда каспийлік түлен деген түрі ғана кездеседі. Аяқтары ескекке айналғандықтан ескекаяқтылар деп аталған.
Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Жылқы шаруашылығы.
Сабақтың мақсаты:1. Үй хайуанаттарының тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
2. Оқушылардың үй хайуанаттары және ауыл шаруашылық жануарлары саласы бойынша білімдерін толықтыру.
3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.
2Жаңа сабақты түсіндіру.
Жабайы жануарлар бұдан 10-15 мың жыл бұрын қолға үйретіле бастаған. Оны жүзеге асыру үшін адамдар көбінесе олардың жас төлдерін қолға үйретуге ұмтылған.
Жылқы –сүткоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Жылқы тұқымдасына Африкада кездесетін жолат, домбай, құлан, керқұлан, тарпаң, тұзат жатады.
Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар-тарпан мен тұзат.Ерте кездерде тарпан мен тұзат қазақ даласында көптеп кездескен. Тарпан ХІХ ғасырдың бас кезінде жойылған.
Қазақстанның жылқы өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтарында жылқының 20-ға жуық қолтұқымы өсіріледі.
Қазақстанда ерте кездерден бастап, өсіріп келе жатқан қолтұқымының бірі-қазақы жылқы. Оның негізгі тобын «жабы» деп атайды. Бұл қолтұқым көлік малы ретінде және еті, сүті үшін өсіріледі.
Қорытынды:
А. 1. Жылқылар тұқымдасына қандай жануарлар жатады? 2. Жылқы қандай өнімдері үшін өсіріледі? 3. Жылқының адам өмірі үшін қандай маңызы бар?
В. 1. Жылқы тұқымдасына жататын жабайы жануарларды атаңдар. 2. Жылқының қолтұқымдары қандай мақсаттарға сай қолда өсіріліеді?
3. Қазақстанда ерте кезден-ақ қолда өсірілген жылқы қолтұқымдарын сипаттаңдар.
С. 1. Қостанай жылқысының өзіне тән ерекшеліктерін атаңдар. 2. Жабы жылқы қолтұқымын сипаттаңдар. 3. Жылқыға байланысты қандай ұлттық спорт ойындарын білесіңдер?
Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Түйе –төрт түліктің төресі.
Сабақтың мақсаты:1. Түйе шаруашылығының маңызымен таныстыру.
2. Оқушылардың түйе шаруашылығы бойынша білімдерін толықтыру.
3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.
2Жаңа сабақты түсіндіру.
Түйе – сүткоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын күйіс қайыратын жануарү Оңтүстік Американың таулы аймақтарында таралған түйетек және түйебас та осы отрядқа жатады. Олардың денесі түйеден кіші, өркеші болмайды.
Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бұл жануарларды көнтабандылар деп атайды.
Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800кг, мойны иір және ұзын.Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атйды. Қолда өсірілетін түйелердің арға тегі-жабайы түйелер.. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен.Түйенің пірін- «Ойсылқара», кей жерде «Қаусылқазы» деп атайды.
Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен коректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұ кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
Қорытынды:
А. 1. Түйелер жататынотряд неліктен көнтабандылар деп аталған? 2. Көнтабандылар отрядына қандай жануарлар жатады? 3. Түйенің қандай өнімдері пайдаланылады?
В. 1. Көнтабандылар отрядына жататын жануарлар құрылысының ерекшеліктерін атаңдар. 2. Түйені неліктен «шөл дала кемесі» деп атайды?
3. Шұбаттың қандай пайдасы бар?
С. 1. Айыр өркешті түйеге сипаттама беріңдер. 2. Түйелердің қандай қолтұқымдарын білесіңдер? 3. Сыңар өркешті түйеге сипаттама беріңдер.
Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Қой шаруашылығы. Ірі – қара шаруашылығы. .
Сабақтың мақсаты:1. Қой, ірі қара шаруашылығының маңызымен таныстыру.
2. Оқушылардың қой ірі-қара шаруашылықтары бойынша білімдерін толықтыру.
3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.
2Жаңа сабақты түсіндіру.
Қой сүткоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады. Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа біріктіреді. Екеуін төрт түліктің бірі деп есептейді.Қой бұдан 10-11 мың жыл, ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың жабайы арғы тегі –жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған. Қой шаруашылығы-мал шаруашылығының басты саласының бірі.
Биязы жүнді қолтұқымдар. Жүні өте сапалы әрі жіңішке салалы биязы жүнді. Осы бағытта сегіз қой тұқымы өсіріледі. Әлемдік сұрыптау жетістіктердің бірі-Қазақстанда шығарылған арқар меринос қойы.
Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар. Қазақстанда бұл бағытта қарғалы және сараджын қолтұқымдары өсіріледі. Қарғалы қойы қазақтың қылшық жүнді, құйрықты саулықтарын еділбай, дегерес қойларының қошқарларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Сараджын қойы ертеде Түркменстанда халықтық сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған.
Қылшық жүнді құйрықты қолтұқымдар. Қазақстанда бұл бағытта еділбай, қазақтың қылшық жүнді және қаракөл қойлары өсірілуде. Қаракөл қойы-әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне белгілі қой тұқымы. Ол бұдан 3-3,5 мың жыл бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Оның 2-3 күндік сойылған қозыларының елтірісі өте сапалы болады. 1990 жылдары Қазақстанда қаракөл қойының саны 6 млн болса, 2000 жылғы саны 2 млн шамасында. Қаракөл қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында өсіріледі.
А. 1. Қойдың жабайы тегі қандай жануарлар? 2. Қойдан қандай өнімдер алынады? 3. Қой сүткоректілердің қандай отрядына жатады?
В. 1. Қазақстанда ертеден өсіріліп келе жатқан қойдың қолтұқымдарын атаңдар. 2. Арқар меринос қолтұқымы қалай шығарылады?
3. Қаракөл қойының қандай өнімі жоғары бағаланады?
С. 1. Қазақстанда қылшық жүнді құйрықты қойдың қандай қолтұқымдары өсіріледі? 2. Қазақстанда өсірілетін биязы жүнді қойдың қолтұқымдарын атаңдар.
Ірі –қара шаруашылығы-мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды- далалы өңірінде таралған жабайы тур.
Сиыр – сүткоректілер класының жұптыаяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі. Сиырдың пірі-Зеңгі баба. Мүшелдік жыл санауда сиыр-екінші жыл. Ірі қарадан алынатын негізгі өнім сүті мен еті болғандықтан, сиырдың қолтұқымдары негізінен екі бағытта өсіріледі.
Етті бағыттағы қолтұқымдар. Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиырлары жатады. Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа қолтұқымы.
Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Ірі – қара шаруашылығы. .
Сабақтың мақсаты:1. Қой, ірі қара шаруашылығының маңызымен таныстыру.
2. Оқушылардың қой ірі-қара шаруашылықтары бойынша білімдерін толықтыру.
3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.
2Жаңа сабақты түсіндіру.
Қой сүткоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады. Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа біріктіреді. Екеуін төрт түліктің бірі деп есептейді.Қой бұдан 10-11 мың жыл, ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың жабайы арғы тегі –жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған. Қой шаруашылығы-мал шаруашылығының басты саласының бірі.
Биязы жүнді қолтұқымдар. Жүні өте сапалы әрі жіңішке салалы биязы жүнді. Осы бағытта сегіз қой тұқымы өсіріледі. Әлемдік сұрыптау жетістіктердің бірі-Қазақстанда шығарылған арқар меринос қойы.
Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар. Қазақстанда бұл бағытта қарғалы және сараджын қолтұқымдары өсіріледі. Қарғалы қойы қазақтың қылшық жүнді, құйрықты саулықтарын еділбай, дегерес қойларының қошқарларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Сараджын қойы ертеде Түркменстанда халықтық сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған.
Қылшық жүнді құйрықты қолтұқымдар. Қазақстанда бұл бағытта еділбай, қазақтың қылшық жүнді және қаракөл қойлары өсірілуде. Қаракөл қойы-әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне белгілі қой тұқымы. Ол бұдан 3-3,5 мың жыл бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Оның 2-3 күндік сойылған қозыларының елтірісі өте сапалы болады. 1990 жылдары Қазақстанда қаракөл қойының саны 6 млн болса, 2000 жылғы саны 2 млн шамасында. Қаракөл қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында өсіріледі.
А. 1. Қойдың жабайы тегі қандай жануарлар? 2. Қойдан қандай өнімдер алынады? 3. Қой сүткоректілердің қандай отрядына жатады?
В. 1. Қазақстанда ертеден өсіріліп келе жатқан қойдың қолтұқымдарын атаңдар. 2. Арқар меринос қолтұқымы қалай шығарылады?
3. Қаракөл қойының қандай өнімі жоғары бағаланады?
С. 1. Қазақстанда қылшық жүнді құйрықты қойдың қандай қолтұқымдары өсіріледі? 2. Қазақстанда өсірілетін биязы жүнді қойдың қолтұқымдарын атаңдар.
Ірі –қара шаруашылығы-мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды- далалы өңірінде таралған жабайы тур.
Сиыр – сүткоректілер класының жұптыаяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі. Сиырдың пірі-Зеңгі баба. Мүшелдік жыл санауда сиыр-екінші жыл. Ірі қарадан алынатын негізгі өнім сүті мен еті болғандықтан, сиырдың қолтұқымдары негізінен екі бағытта өсіріледі.
Етті бағыттағы қолтұқымдар. Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиырлары жатады. Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа қолтұқымы.
Сабақтың мақсаты:1.Қосмекенділердің құрылысы және тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
2. Оқушылардың қосмекенділер саласы бойынша білімдерін толықтыру.
3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.
2Жаңа сабақты түсіндіру.
Қосмекенділер класы
Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар.
Қосмекенділерді атаңдар. «Қосмекенді» деп неге атаған? Өздерің білетін қосмекенділерді атаңдар.
Қосмекенділер –алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар екі отада: суда да, құрлықты да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды.
Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000-нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрісирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабіна (1996) тіркелген.
Құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер отряды. Денесі бас, тұлға және көбінесен бес саусақты төрт аяқтан тұрады. Кейбір түрлері аяқсыз және құйрықты болады. Дене тұрқы 2-3 сантиметрден 180 сантиметрге дейін жетеді. Қосмекенділердің терісі жұқа, тегіс және безді болып келеді. Бездерден бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдап, тыныс алуына жағдай жасайды. Демек олар терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды.Қосмекенділерде кіші құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болған. Қосмекенділер – дара жынысты жануарлар. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады. Дернәсілдері түрленіп, дамып, ересектеріне айналады. Қосмекенділер құрылысына, тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 отрядқа бөлінеді. Олар: аяқсыз, құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер.Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің 350-дей түрі бар. Оған тритондар мен саламандрлар жатады. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің бірі- жетісулық бақатіс. Оны жергілікті тұрғындар «аяқтя балық» деп те атайды.
Құйрықсыз қосмекенділер отряды. Бұлардың 3500-дай түрлері бар. Олардың ересектерінде құйрық болмайды. Өзімізге таныс көлбақа, тоған бақасы, құрбақалар осы отрядқа жатады.
Қорытынды:
А. 1.Класс неліктен қосмекенділер деп аталған? 2.Қосмекенділер класы қандай отрядтарға бөлінеді? 3.Ересек қосмекенділер қандай
мүшелері арқылы тыныс алады?
В. 1.Қосмекенділердің қаңқа бөлімдерін атаңдар. 2. Қосмекенділердің қан тарату жүйесінің қандай ерекешеліктері бар? 3. Жетісулық
бақатістің құрылыс ерекшеліктерін сипаттаңдар.
Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылардыңкөптүрлілігі, шығу тегі..
Сабақтың мақсаты:1.Жорғалаушылардың құрылысы және тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
2. Оқушылардың жорғалаушылар саласы бойынша білімдерін толықтыру.
3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.2. үй тапсырмасын тексеру
3Жаңа сабақты түсіндіру.
Жорғалаушылар класы
Жорғалаушылардың дене құрылысы және тіршілік әрекеті
Жорғалаушылардың нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8 000-ға жуық түрлері бар. Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар, крокодилдер т.б. жатады. Суда тіршілік ететін түрлері де бар. Бірақ олар екінші рет оралып суда тіршілік етуге бейімделген. Өйткені атмосфералық ауамен тек өкпесі арқылы ғана тыныс алады. Жорғалаушылардың дене тұрқы, пішіні әр түрлі. Құрлықта, суда, ағаш басында, топырақ астында тіршілік етеді. Оларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герптотлогия деп атайды.
Жорғалаушылардың денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтардан тұрады. Жыландарда, аяқсыз кесірткелерде аяқтар жойылған. Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөліктен тұрады. Олар: бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары және кеуде қуысы. Олардың қаңқасында алғаш рет кеуде қуысы пайда болған.Күрделі қозғалыс жасауларына баййланысты аяқтарында, жақсүйектерінде, молйынында және кеуде қуысында бұлшықеттері дамыған. Жорғалаушылардың ас қорытыу жүйесі қосмекенділерге ұқсас. Жүрегінің құрылысы қосмекенділерге құсас үш қуысты (екі құлақшадан, бір қарыншадан) тұрады. Крокодилдердің жүрегі толық төрт қуысты (екі құлақшадан, екі қарыншадан тұрады).
Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінеді. Олар: тұмсықбастылар, қабыршақтылар, тасбақалар, крокодилдер.
Тұмсықбастылар отряды. Оның өкілі –гаттерия. Ол-Жаңа Зеландияның ұсақ аралында ғана сақталған, өте ертеден келе жатқан жануар. ХТХО-ның Қызыл кітабына тіркеліп, қатаң қорғауға алынған. Қабыршақтылар отряды. Оның өкілдері –құбылғылар (хамелеондар), жыландар, кесірткелер. Құбылғылардың денесі екі бүйірінен қысыңқы, мойны қысқа, құйрығы ұзын. Құйрығы ағаш бұтақтарын орап ұстауға бейімделген. Аяқтарын ұзын бес саусақтары болады. Корегін ұшы жалпақ ұзын тілін аузынан лақтырып жіберіп ұстайды. Үлкен екі көзі бір-біріне байланыссыз қозғала алады. Денесінің түсі тез өзгеретіндіктен , бұлар құбылғылар деп аталған.Жорғалаушылардың 6000 –нан астам түрі тікелей осы отрядқа жатады. Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. Қазақстанда жылан мен кесірткелердің түрлері көбірек таралған.
Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Құс шаруашылығы..
Сабақтың мақсаты:1. Құстардың құрылысы және тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
2. Оқушылардың құстардың жоғары класы бойынша білімдерін толықтыру.
3.Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.
2Жаңа сабақты түсіндіру.
Құстар – омыртқалы жануарлардың ішінде Жер шарында кеңінен таралған жануарлар.
Құстардың дене құрлысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі. Олар: қыртөссіздер (жүгіретін құстар), жүзетін құстар (пингвиндер), қыртөстілер (ұшатын құстар).
Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар. Бұлардың төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды. Олар ұша алмайды, бірақ құрлықта өте жылдам жүгіреді. Бұған құрлықта кездесетін түйеқұстар жатады. Оларды тіршілік ететін аймақтарына сәйкес жеке отрядтарға топтастырады. Мысалы: африкалық түйеқұс (страус), австралиялық түйеқұс (нанду), Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқұс (киви) деп аталады.
Жүзетін құстар (пингвиндер) –құстардың ішіндегі ерекше тобы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Төссүйек қыры жақсы жетілген. Аяқтары қысқа әрі тұлғасының артқы жағында орналсқандықтан, денесін тік ұстайды.
Қыртөстілер (ұшатын) құстар – қазіргі кездегі құстардың ең түрі көп тобы. Төссүйекте жақсы жетілген қыр болады. Қанаттары да ұзын, сүйірленіп келеді. Қаңқа сүйектері жеңіл. Ұшатын құстар тіршілік ететін орта жағдайына байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
Сулы, батпақты жерлердегі құстар құрлысына тән белгілері –саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар. Жақсы жүзіп, жақсы сүңгиді. Көпшілігінің тұмсықтары жалпақ және тұмсығының жиектерінде араның тісі тәрізді майда «тісшелері» болады.
Орман құстарының денелері көбіне шағын, қанаттары сүйірленіп келеді. Орман құстарына тоқылдақтар, көкектер, тотықұстар, жапалақтар, торғайлардың көпшілігі жатады.
Ашық далалы алқаптардағы құстардың қанаттары кең, қалықтап ұшуға бейім болады. Кейбір түрлерінің аяқтары жақсы жетілген. Сондықтан олар жылдам жүгіре алады. Тұмсықтары қысқа, доғал, кейде иіліп келген өткір.
Құстардың тіршілігінде жыл маусымдарының алмасуының ерекше маңызы зор.
Жыл құстары күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға жылыстап, көктемде елімізге қайтадан оралады. Жұп құрып, ұя салып, жұмыртқадан балапан өргізіп көбейеді. Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарлы құс қанатының ызғары деп есептейді. Жылы жақтан ең алғаш қараторғайлар, «тыраулап» тырналар оралады.
Көшпелі құстар (полюстік үкі, кейбір жыртқыш құстар және т.б.) күзде, қыста ауа райының қолайсыздығынан солтүстіктен оңтүстікке жылыстайды.
Қыстап шығатын құстар жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді. Ешқайда жылыстамайды. Ондай құстарға қарғалар, торғайлар, сауысқандар, шымшықтар жатады.
Сұңқартәріздестер –балықшы тұйғын, жыланжегіш, бүркіт, кезқұйрық, аққұйрықты су бүркіттер, сақалтай, жұршы, құмай, ақсұңқар, ителгі, бидайық, лашын т.б. Бұл құстарды халқымыз ерекше қадірлеп, қыран құстар деп те атайды. Жыртқыш құстардың тұмсқтары, аяқтарындағы тырнақтары өткір, корегін бүріп ұстауға бейімделген. Қыран құстардың қоразы –«шәулі», мекиені –«ұябасар», балапаны –«ақүрпек» деп аталады.
Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілердің көптүрлілігі.