kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жор?алаушылар класы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  Жор?алаушылар класы

Саба?ты? ма?саты: Білімділік: о?ушыларды жор?алаушыларды? ??рылысыны?, тіршілік ?рекетіні? ерекшеліктерімен, сан алуан т?рлерімен таныстыру

          Т?рбиелік: о?ушыларды? д?ниетанымын ке?ейту, адамгершілік ?асиеттерін арттыру

          Дамытушылы?: о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін ж?не есте са?тау ?абілеттерін дамыту

Саба?ты? типі: ашы? саба?

Саба?ты? к?рнекілігі:  кесте, сызба-н?с?алар, с?зж?мба?

Саба?ты? барысы:

          ?йымдастыру кезе?і: (2 мин)

          ?й тапсырмасын с?рау: (10 мин)

          Жа?а саба?ты т?сіндіру: (25 мин)

          Жа?а саба?ты бекіту: (5 мин)

          ?й тапсырмасы: (1 мин)

          О?ушыларды ба?алау: (2 мин)

?йымдастыру кезе?і: -    С?леметсіздер ме?

  • Сыныпта кім кезекші?
  • Саба?та кім жо??

          ?й тапсырмасын с?рау:

I. Санмен берілген белгілерді? ?андай жануарлар?а т?н екенін салыстырмалы кестені? тиісті ба?анына ?ойып толтыры?дар:

         Балы?тар                                ?осмекенділер (ересектері)

1,2,3,5,6,8,12,14                    4,7,9,10,11,13,15



 

  1. Тері жабыны тегіс.
  2. Терісіні? сырты ?абырша?тармен ?аптал?ан.
  3. Ж?п к?кірек ж?не бір ж?п ??рса? ж?збе?анаттары бар.
  4. Иы? белдеуінде сы?ар т?с с?йегі ж?не ж?п жауырын, бір ж?п б??ана, бір ж?п ?ар?а с?йектері бар.
  5. Ж?регі ?ш ?уысты.
  6. Бір ?ана ?анайналым ше?бері бар.
  7. Екі ?анайналым ше?бері бар.
  8. Мишы?ы нашар дамы?ан.
  9. Орта??ы ??ла? ?уысы пайда бол?ан.
  10. Есту м?шесі тек ішкі ??ла?тан т?рады.
  11. Ж?регі екі ?уысты.
  12. ?анайналым ж?йесі т?йы?.
  13. Терісі ар?ылы да тыныс алады.
  14. Дерн?сілдері тек желбезектерімен тыныс алады.
  15. Су а?ыстарыны? ба?ытын, к?шін сезетін б?йір сызы?ы бар.

 

II. Мына с?ра?тар?а жауап бері?іздер:

  1. Ал?аш ??рлы?та тіршілік етуге бейімделген т?ртая?ты омырт?алы жануарларды не деп атаймыз? (?осмекенділер)
  2. ?азіргі кезде ?осмекенділерді? неше мы?нан астам т?рі кездеседі? (4000)
  3. ?осмекенділерді? терісі ?андай болады? (Ж??а, тегіс ж?не безді)
  4. То? ішекті? со??ы б?лігі не деп аталады? (Тік ішек)
  5. Ая?сыз ?осмекенділерді? 200-дей т?рі ?ай жерлерде тіршілік етеді? (Африкада, Америкада, ?нді, Цейлон)
  6. ??йры?тылар отрядына жататын ?осмекендіні? бірі (Жетісулы? ба?атіс)
  7. ??рба?аларды? т?сі ?андай болады? (?о?ыр?ай, тері б?дырлары ай?ын)
  8. Бал?аш к?ліні? ма?ында, Шу ?зеніні? айма?ында ?андай ба?а тарал?ан? (?ызылая?)
  9. ?осмекенділерде ал?аш рет кіші ?анайналым ше?бері пайда бол?ан. Оны не деп атайды? (?кпелік ше?бер)
  10. ?осмекенділер немен ?оректенеді? (Зиянды ж?ндіктермен)

 

Жа?а саба?ты т?сіндіру:  

Жор?алаушылар – на?ыз ??рлы?та тіршілік етуге бейімделген 8000-?а жуы? т?рлері бар.

         Жыландарда, ая?сыз кесірткелерде ая?тары жойыл?ан.

Терісі – ??р?а? ж?не онда бездер ?те аз. Теріні? сырты м?йізді ?абырша?тармен, ?ал?аншалармен, сауытпен ?аптал?ан. М?ндай м?йізді т?зілістер теріні ??р?ап кетуден са?тайды ?рі ?ор?аныш ?ызметін ат?арады. ?су кезінде терісі ?немі т?леп, т?сіп отырады.

Сауса?тарыны? ?шында м?йізді тырна?тары бар. К?рделі ?оз?алыс жасауларына байланысты ая?тарында, жа?с?йектерінде, мойнында ж?не кеуде ?уысында б?лшы?еттері жа?сы дамы?ан. Кеуде ?уысында?ы ?абыр?ааралы? б?лшы?еттерді? жиырылып-боса?суына с?йкес, ауа ?кпеге еніп, ?айта шы?ады.

Ас?орыту ж?йесі ?осмекенділерге ??сас. Ауыз ?уысыны? т?бінде ?оз?алмалы етті тілі ?орегін ?стау?а, айналаны сипап сезуге к?мектеседі. Жыланны? тілі жі?ішке, ?шы екі айыр, ол сипап сезу ?ызметін ат?арады. Халы? арасында?ы «жыланны? уы тілінде» деген ??ым шынды??а жатпайды. Жыланны? уы ?сті?гі жа?с?йекте орналас?ан улы тістерінде болады. Сілекей бездері ?згеріп, у б?летін бездерге айнал?ан. Сілекей бездеріні? ?зектері ауыз ?уысына ашылады.

Жор?алаушылар ?кпесімен ?ана тыныс алады. ?кпесі к?птеген кіші ?яшы?тардан т?рады. Ауа ?тетін тыныс ж?йесі – ке?ірдектен ж?не ауатамырлардан т?рады.

Ж?регіні? ??рылысы ?осмекенділерге ??сас ?ш ?уысты (екі ж?рекшеден, бір ?арыншадан т?рады). Жор?алаушылар ?арыншасыны? арасын жартылай перде екіге б?лген. Жартылай пердемен б?лінгендіктен, екі ??ла?шадан ?арынша?а ?ткен ?ан онша араласпайды. Жор?алаушыларды? да денесіне аралас ?ан тарайды. Артерия ?аны к?бірек.

Екі б?йрегі жамбас аралы?ында орналасады. З?р б?йректе т?зіледі. Т?зілген з?р екі несепа?ар т?тік ар?ылы ?уы?та уа?ытша жиналады. ?уы?тан клоака ар?ылы сырт?а шы?арылады.

Ж?йке ж?йесіндегі ми ??рылысы к?рделілеу. Алды??ы ми сы?арларыны? сыртында ж?йке жасушаларыны? шо?ыры пайда бол?ан. Аралы? мида т?бе к?зі орналас?ан. Ол ?сіресе гаттерияда жа?сы жетілген. К?рделі ?оз?алыс ?рекеттер жасайтынды?тан, мишы?ы да жа?сы дамы?ан.                                      

Иіс сезу м?шесі – танау ?уысында орналасады.

Дара жынысты, іштей ?ры?танады. Кейбір т?рі ?ры?тан?ан ж?мырт?а салады, ал кейбір т?рлері тірі туады. ?аражылан (гюрза) ж?мырт?а салады. С?ржылан (гадюка), ?ал?ант?мсы? (щитомордник) ?рпа?тарын тірі туады.  Дерн?сілдері т?рленбей, тікелей бірден ересектеріне ??сас болады. Олар ?се келе бірнеше рет т?леп, денесіні? сыртында?ы ескі ?абырша?ты терісін т?сіріп отырады. К?птеген т?рлері ыл?алы мол ?рі жылы тропиктік, субтропиктік, ?о?ыржай айма?тарда тарал?ан. Кейбір жыландар, кесірткелер ??р?а? далалы, ш?лейтті, ш?лді ж?не биік таулы аума?тарда кездеседі. Суда тіршілік ететін т?рлері (жыландар, тасба?алар, крокодилдер) ж?мырт?аларын су жа?алауында?ы жерлерге салады.

                    Жа?а саба?ты бекіту: С?зж?мба?ты шеші?дер:

I. 1. ?аза?станда кездесетін жыланны? ерекше т?рі (О?жылан)

   2. Гаттерия ?те ертеден бері тіршілік етіп келе жат?анды?тан, ол ?алай аталады? («Тірі ?азынды»)

   3. Жор?алаушыларды зерттейтін ?ылым (Герпетология)

   4. Жор?алаушыларды? терісі ?андай? (??р?а?)

   5. Жор?алаушыларды? ас?орыту ж?йесі неге ??сас (?осмекенділер)

Ж

Ы

Л

А

Н





















 

?й тапсырмасы:  Жор?алаушылар класын о?ып келу

О?ушыларды ба?алау: о?ушыларды е?бектеріне сай ба?алау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жор?алаушылар класы»

Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылар класы


Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды жорғалаушылардың құрылысының, тіршілік әрекетінің ерекшеліктерімен, сан алуан түрлерімен таныстыру

Тәрбиелік: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, адамгершілік қасиеттерін арттыру

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін және есте сақтау қабілеттерін дамыту

Сабақтың типі: ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба-нұсқалар, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин)

Үй тапсырмасын сұрау: (10 мин)

Жаңа сабақты түсіндіру: (25 мин)

Жаңа сабақты бекіту: (5 мин)

Үй тапсырмасы: (1 мин)

Оқушыларды бағалау: (2 мин)

Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме?

  • Сыныпта кім кезекші?

  • Сабақта кім жоқ?

Үй тапсырмасын сұрау:

I. Санмен берілген белгілердің қандай жануарларға тән екенін салыстырмалы кестенің тиісті бағанына қойып толтырыңдар:


Балықтар Қосмекенділер (ересектері)


1,2,3,5,6,8,12,14 4,7,9,10,11,13,15





  1. Тері жабыны тегіс.

  2. Терісінің сырты қабыршақтармен қапталған.

  3. Жұп көкірек және бір жұп құрсақ жүзбеқанаттары бар.

  4. Иық белдеуінде сыңар төс сүйегі және жұп жауырын, бір жұп бұғана, бір жұп қарға сүйектері бар.

  5. Жүрегі үш қуысты.

  6. Бір ғана қанайналым шеңбері бар.

  7. Екі қанайналым шеңбері бар.

  8. Мишығы нашар дамыған.

  9. Ортаңғы құлақ қуысы пайда болған.

  10. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады.

  11. Жүрегі екі қуысты.

  12. Қанайналым жүйесі тұйық.

  13. Терісі арқылы да тыныс алады.

  14. Дернәсілдері тек желбезектерімен тыныс алады.

  15. Су ағыстарының бағытын, күшін сезетін бүйір сызығы бар.


II. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарларды не деп атаймыз? (Қосмекенділер)

  2. Қазіргі кезде қосмекенділердің неше мыңнан астам түрі кездеседі? (4000)

  3. Қосмекенділердің терісі қандай болады? (Жұқа, тегіс және безді)

  4. Тоқ ішектің соңғы бөлігі не деп аталады? (Тік ішек)

  5. Аяқсыз қосмекенділердің 200-дей түрі қай жерлерде тіршілік етеді? (Африкада, Америкада, Үнді, Цейлон)

  6. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекендінің бірі (Жетісулық бақатіс)

  7. Құрбақалардың түсі қандай болады? (Қоңырқай, тері бұдырлары айқын)

  8. Балқаш көлінің маңында, Шу өзенінің аймағында қандай бақа таралған? (Қызылаяқ)

  9. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны не деп атайды? (Өкпелік шеңбер)

  10. Қосмекенділер немен қоректенеді? (Зиянды жәндіктермен)


Жаңа сабақты түсіндіру:

Жорғалаушылар – нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8000-ға жуық түрлері бар.


Жыландарда, аяқсыз кесірткелерде аяқтары жойылған.

Терісі – құрғақ және онда бездер өте аз. Терінің сырты мүйізді қабыршақтармен, қалқаншалармен, сауытпен қапталған. Мұндай мүйізді түзілістер теріні құрғап кетуден сақтайды әрі қорғаныш қызметін атқарады. Өсу кезінде терісі үнемі түлеп, түсіп отырады.

Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары бар. Күрделі қозғалыс жасауларына байланысты аяқтарында, жақсүйектерінде, мойнында және кеуде қуысында бұлшықеттері жақсы дамыған. Кеуде қуысындағы қабырғааралық бұлшықеттердің жиырылып-босаңсуына сәйкес, ауа өкпеге еніп, қайта шығады.

Асқорыту жүйесі қосмекенділерге ұқсас. Ауыз қуысының түбінде қозғалмалы етті тілі қорегін ұстауға, айналаны сипап сезуге көмектеседі. Жыланның тілі жіңішке, ұшы екі айыр, ол сипап сезу қызметін атқарады. Халық арасындағы «жыланның уы тілінде» деген ұғым шындыққа жатпайды. Жыланның уы үстіңгі жақсүйекте орналасқан улы тістерінде болады. Сілекей бездері өзгеріп, у бөлетін бездерге айналған. Сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады.

Жорғалаушылар өкпесімен ғана тыныс алады. Өкпесі көптеген кіші ұяшықтардан тұрады. Ауа өтетін тыныс жүйесі – кеңірдектен және ауатамырлардан тұрады.

Жүрегінің құрылысы қосмекенділерге ұқсас үш қуысты (екі жүрекшеден, бір қарыншадан тұрады). Жорғалаушылар қарыншасының арасын жартылай перде екіге бөлген. Жартылай пердемен бөлінгендіктен, екі құлақшадан қарыншаға өткен қан онша араласпайды. Жорғалаушылардың да денесіне аралас қан тарайды. Артерия қаны көбірек.

Екі бүйрегі жамбас аралығында орналасады. Зәр бүйректе түзіледі. Түзілген зәр екі несепағар түтік арқылы қуықта уақытша жиналады. Қуықтан клоака арқылы сыртқа шығарылады.

Жүйке жүйесіндегі ми құрылысы күрделілеу. Алдыңғы ми сыңарларының сыртында жүйке жасушаларының шоғыры пайда болған. Аралық мида төбе көзі орналасқан. Ол әсіресе гаттерияда жақсы жетілген. Күрделі қозғалыс әрекеттер жасайтындықтан, мишығы да жақсы дамыған.

Иіс сезу мүшесі – танау қуысында орналасады.

Дара жынысты, іштей ұрықтанады. Кейбір түрі ұрықтанған жұмыртқа салады, ал кейбір түрлері тірі туады. Қаражылан (гюрза) жұмыртқа салады. Сұржылан (гадюка), қалқантұмсық (щитомордник) ұрпақтарын тірі туады. Дернәсілдері түрленбей, тікелей бірден ересектеріне ұқсас болады. Олар өсе келе бірнеше рет түлеп, денесінің сыртындағы ескі қабыршақты терісін түсіріп отырады. Көптеген түрлері ылғалы мол әрі жылы тропиктік, субтропиктік, қоңыржай аймақтарда таралған. Кейбір жыландар, кесірткелер құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді және биік таулы аумақтарда кездеседі. Суда тіршілік ететін түрлері (жыландар, тасбақалар, крокодилдер) жұмыртқаларын су жағалауындағы жерлерге салады.

Жаңа сабақты бекіту: Сөзжұмбақты шешіңдер:


I. 1. Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі (Оқжылан)

2. Гаттерия өте ертеден бері тіршілік етіп келе жатқандықтан, ол қалай аталады? («Тірі қазынды»)

3. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым (Герпетология)

4. Жорғалаушылардың терісі қандай? (Құрғақ)

5. Жорғалаушылардың асқорыту жүйесі неге ұқсас (Қосмекенділер)






Ж













Ы











Л









А









Н









Үй тапсырмасы: Жорғалаушылар класын оқып келу


Оқушыларды бағалау: оқушыларды еңбектеріне сай бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жор?алаушылар класы

Автор: Кожабекова Айтжамал Беккалиевна

Дата: 11.02.2016

Номер свидетельства: 291971


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства