Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне қарай: тамыр оймақшасы, бөліну, сору(өсу), сору, өткізгіш деп бөлінеді.
Тамыр оймақшасы: тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесіне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады.
Бөліну: аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып 3 қабаттан тұрады.
Өсу-бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді.
Сору - өсу бөлімінен кейін орналасады. Қалың түтіктері бар бөлік. Тамыр түтіктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінді түрінде 1-3 күнде бұртиып шығады. Қабықшасы тез созылып, түк ұшынан ұзарып өсе бастайды. 10-20 күннен соң қурап түсіп, орнына жаңа түктер шығып, жаңарып отырады.
Өткізу-су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды.
Тамырдың өсуі. Тамырлар ағаш түрлеріне байланысты жылдың әр мезгілінде әрқалай өседі. Көктемде тамыр қарқыны (жылдам) өседі. Жапырақтар мен өркендер тез өседі.
Өсуі аяқталғанан кезде тамырлардың біраз бөлігі қурайды. Тамырлар қарқынды өсу кезінде қоректік заттар қоры мен суды бірқалыпты толық пайдаланады.
Y.Жаңа сабақты бекіту 8 минут
Топтық жұмыс (мазайка құрастыру)
1 топ Тамыр бөлімдері 2 топ Тамыр типтері
Жұптық жұмыс (2 топ бір - біріне сұрақ қояды)
YI.Сабақты қорытындылау 5 минут
Жеке жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)
А - деңгейлік тапсырмалар
Тамырдың бөлімдері
Атқаратын қызметі
Бөліну
Тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабаты алғашқа қабық, ішкі қабат орталық цилиндр түзеді
Өсу
Алғашқы өткізгіш ұлпаны түзеді
Сору
Жас тамырға тірек қызметін атқарады. Сору ауданың ұлғайтады
Өткізу
Су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жерүсті мүшелеріне өткізеді
В - деңгейлік тапсырмалар
1.Тамыр бөлімдерін ретімен атаңдар?
2. Тамыр түктері бар аймақты неліктен сору аймағы деп атайды?
3. Бөліну аймағы неше қабаттан тұрады?
4. Тамыр оймақшасының қызметі?
5. Жанама тамырлар қай бөлімнен дамиды?
С - деңгейлік тапсырмалар
Топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, суды өзіне сіңіру тамырдың қай бөлімінде өтетіндігін көрсет.
өсу бөлімі бөліну аймағы
тамыр түктерінің бөлімі тамыр оймақшасы
өткізу бөлімі
№ 7 зертханалық жұмыс 9 минут
Тамырдың өсу аймағын анықтау
\
Тамыр бөлімдерін атап, әрбір бөлімнің атқаратын қызметін жаз: