Күрделiгүлдiлер тұқымдасының 20 мыңдай түрi бар. Оларға бiр жылдық, көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер, жартылай бұталар, кiшiгiрiм ағаштар жатады. Жапырақтары кезектесiп немесе қарама-қарсы орналасады, бөбешiк жапырақтары болмайды. Тұкымдастың негiзгi белгiсi: гүлшоғыры себет. Мұндай гүлдер шетiнен, ортасына карай бiртiндеп ашылады. Себеттi сырт жағынан көптеген орама жапырақшалар қоршап, бiрiнiң шетiн бiрi жауып тұрады. Жалпақ немесе дөңестеу келген себеттiң бетiнде, жекелеген ұсақ гүлдерi орналасады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Күрделігүлділер тұқымдасы"»
Биология сабағы 6 «Б» сынып
Күні 26.02.16
Сабақтың тақырыбы: Күрделігүлділер тұқымдасы
Сабақтың мақсаты: Күрделігүлділер тұқымдасының құрылысы, түрлері және маңызы туралы түсіну.
Сабақтың міндеті:
Білімділік. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер түрлерінің биологиялық ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқушыларды топтық жүйемен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын еске түсіре отырып, оларды қорғауға үйрету. Экологиялық тәрбие беру.Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Түрлендірілген сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: үлкейтілген өсімдіктер суреті, үлестірмелі
материалдар, тірек-сызба нұсқасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. (2 мин)
II. Үй тапсырмасын сұрау (15 мин)
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (15 мин )
IV. Білімді бекіту. (8 мин)
V. Үйге тапсырма беру. (2мин)
VI. Оқушылардың білімін бағалау. (2 мин)
VII Сабақты қорытындылау.. (1 мин)
Ұйымдастыру кезең.
а) Оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау: оқушыдан ауызша сұраймын да, қалғандары кітаппен жұмыс беріледі.
Жаңа сабақ
Күрделiгүлдiлер тұқымдасының 20 мыңдай түрi бар. Оларға бiр жылдық, көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер, жартылай бұталар, кiшiгiрiм ағаштар жатады. Жапырақтары кезектесiп немесе қарама-қарсы орналасады, бөбешiк жапырақтары болмайды. Тұкымдастың негiзгi белгiсi: гүлшоғыры себет. Мұндай гүлдер шетiнен, ортасына карай бiртiндеп ашылады. Себеттi сырт жағынан көптеген орама жапырақшалар қоршап, бiрiнiң шетiн бiрi жауып тұрады. Жалпақ немесе дөңестеу келген себеттiң бетiнде, жекелеген ұсақ гүлдерi орналасады.
Гүлдерi алуан түрлi. Олардың бiреуi үлкен және қанық боялған, екiншiсi ұсақ, көрiксiз болады. Гүлдерiнiң бәрi 4 шеңбер түзiп орналасады. Тостағаншасы үлпек айдаршаға айналып кеткен немесе жойылған. Күлтелерi 5, аталықтарының саны 5, ал аналығы 2 жемiс жапырақшасынан тұрады. Төменгi жатынды. Жемiсi — тұқымша.
Күрделiгүлдiлердiң көпшiлiгiнiң тұқымшасында айдарша (желайдары) болады. Ол жемiстердiң желмен таралуын қамтамасыз етедi.
Күлтелерiнiң құрылысына қарай, күрделiгүлдiлер : түтiкше, тiлше, жалған тiлше, құйғы тәрiздi деп бөлiнедi.
Күрделiгүлдiлер тұқымдасына жататын кейбiр өсiмдiктердiң, мысалы, бақбақ (одуванчик - Taraxacum) себетiндегi гүлдердiң барлығы бiрдей. Гүлдiң күлтесi түп жағынан бiрiккен, ал оның жоғары бөлiгi ұзын тiлшеге ұқсайды. Сондықтан мұндай гүлдi тiлше гүл деп атайды. (31 сурет)
Тiлшенiң ұшы 5 тiсшелi болып келедi. Бұл бiрiккен күлте санын көрсетедi. Аталықтың 5 тозаңдығы түтiкке бiрiгедi. Оның iшiнде аузы қос телiмдi аналық мойны озып көрiнiп тұрады. Тостағаншасы үлпек түкшеге айналған. Үлпек айдаршаларының (желайдарының) көмегiмен жемiстерi алысқа таралады.
Күнбағыстың дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар жейді. Сабағын турап, булап шошқаға береді. Себетін кептіреді де ұнтақтайды, ол да – жақсы мал азығы.
Итошаған – дәрілік өсімдік, халық медицинасындакеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері ауруы кезінде зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Қан кетуді тоқтатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Үштармақты итошағанның жапырағы мен гүлін қайнатып, балалар шірінше (золотуха) ауруымен ауырғанда ішкізеді. Сондай-ақ жібекті, жүнді сары, ашық жасыл және қоңыр түске бояу үшін қолданылады.
Өгейшөпті өзен жағалауынан, сайлардан, аласа төбе етектерінен, өзге де жерлерден кездестіре аламыз. Ол - дәрілік өсімдік. Халықтық медицинада жапырағы, гүлі, сабағы әр түрлі дертке дәру ретінде пайдаланылады. Оның жапырағы қақырық түсіруге жиі қолданылады. Ауатамырдың қабынуына, сондай-ақ туберкулезді емдеуде де өгейшөп жапырағының маңызы зор.
Жаңа сабақты бекіту. 1.Кітаппен жұмыс:
Түрі
Өсімдік
Тағамдық
Дәрілік
Сәндік
Арамшөп
5-кезең. Зертханалық жұмыс №26
6-кезең. Үйге тапсырма
1.негізгі тапсырма.
2.шығармашылық тапсырма. Күрделігүлділерге жататын бір өсімдікті таңдап алып суретін салып, мағлұмат жазу.