kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"К?рделіг?лділер т??ымдасы-ке? тарал?ан ?сімдіктер" саба? жоспары 6 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

                    Сыныбы: 6     П?ні:   Биология      

 

   Саба?ты? та?ырыбы: К?рделіг?лділер  т??ымдасы-ке? тарал?ан ?сімдіктер

   Саба?ты? ма?саты:

       1.Білімділік: К?рделіг?лділермен  таныстыру. К?рделіг?лділер т??ымдасына жататын ?сімдіктер т?рлеріні? биологиялы? ерекшеліктері туралы т?сінік ?алыптастыру. 

     2. Дамытушылы?:  ?здігінен  ж?мыс   істей  білу, негізгілерін таба  білу ?асиеттерін  дамыту

    3.Т?рбиелілігі: К?рделіг?лділерді?  таби?аттта?ы,  халы?  шаруашылы?ында?ы  ма?ызын  т?сіндіре отырып,  оларды  ?ор?ау?а  т?рбиелеу

Саба?ты? к?рнекілігі: Суреттер, слайд, кеппеш?п

Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?, зертханалы? ж?мыс.

Саба? ?ту ?дісі: Баяндама.

Саба?ты? барысы:

I  ?йымдастыру кезе?і (1 мин):  С?лемдесу, т?гендеу.

II ?й тапсырмасы ( 12 мин):  Саба?ты о?ып келу.

«Б?рша? т??ымдастар».

ІІІ. Жа?а   саба? (10 мин):

  ?осжарна?ты, г?лді ?сімдіктерді? е? к?п тара?ан тобы – к?рделіг?лді ?сімдіктер. Жер ж?зінде, Арктика мен Антарктика м?дарыны? ?зге таралу айма?тарыны? барлы?ында к?рделіг?лділерді? 20000-нан астам т?рі белгілі. ?аза?станда к?рделіг?лділер т??ымдасыны? 700-ге жуы? т?рі ?седі.

   Б?лар – негізінен ш?птекті, с?тті шырыны болатын ?сімдіктер. Оларды? шала б?талы, б?талы, а?аштекті т?рлері де кездеседі. К?рделіг?лділер – к?бінесе к?пжылды? ?сімдіктер. Кейде біржылды? т?рлері де кездеседі. Г?лшо?ыры бір г?лден мы? г?лге дейін жина?талаынды?тан, себетг?л деп аталады. Себетг?лдегі г?лдерді? ??рылысы ?р т?рлі. Пішіні, ??рылысына байланысты себетг?лде тілші, т?тікшелі, ?осерінді, жал?ан тілшелі, ш??ыра? т?різді г?лдер орналасады. Сонды?тан да б?л топ?а жататын ?сімдіктер к?рделіг?лділер т??ымдасы деп аталады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"К?рделіг?лділер т??ымдасы-ке? тарал?ан ?сімдіктер" саба? жоспары 6 сынып »

Сыныбы: 6 Пәні: Биология


Сабақтың тақырыбы: Күрделігүлділер тұқымдасы-кең таралған өсімдіктер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Күрделігүлділермен таныстыру. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер түрлерінің биологиялық ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. 

2. Дамытушылық: Өздігінен жұмыс істей білу, негізгілерін таба білу қасиеттерін дамыту

3.Тәрбиелілігі: Күрделігүлділердің табиғатттағы, халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіре отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу


Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд, кеппешөп

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, зертханалық жұмыс.

Сабақ өту әдісі: Баяндама.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі (1 мин): Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы ( 12 мин): Сабақты оқып келу.

«Бұршақ тұқымдастар».


ІІІ. Жаңа сабақ (10 мин):

Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің ең көп тараған тобы – күрделігүлді өсімдіктер. Жер жүзінде, Арктика мен Антарктика мұдарының өзге таралу аймақтарының барлығында күрделігүлділердің 20000-нан астам түрі белгілі. Қазақстанда күрделігүлділер тұқымдасының 700-ге жуық түрі өседі.

Бұлар – негізінен шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті түрлері де кездеседі. Күрделігүлділер – көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де кездеседі. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталаындықтан, себетгүл деп аталады. Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілші, түтікшелі, қосерінді, жалған тілшелі, шұқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.

Тiлшенiң ұшы 5 тiсшелi болып келедi. Бұл бiрiккен күлте санын көрсетедi. Аталықтың 5 тозаңдығы түтiкке бiрiгедi. Оның iшiнде аузы қос телiмдi аналық мойны озып көрiнiп тұрады. Тостағаншасы үлпек түкшеге айналған. Үлпек айдаршаларының (желайдарының) көмегiмен жемiстерi алысқа таралады.

Тiлше гүлдiң формуласы: % ♀♂/ Т(5-0) К(5) А(5)Ж(2)

Өсімдік себетгүлінің құрылысы да ерекше. Мысалы, күрделігүлділер тұқымдас бақбақтың себетгүлінде тек тілше гүлдер орналасады. Түймедақтың себетгүлінен тілше және түтікшелі гүлдерді көреміз. Гүлкекіре себетгүлінде шұқырақ тәрізді гүлдер болады. Себетгүлі тек түтікшелі гүлден тұратын да өсімдіктер (сарықалуен, түйетікен) бар.

Күрделігүлділер әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Күнбағыс, мақсырдан өсімдік майы алынады. Ассүттіген, бөрігүл – көкөністік өсімдіктер. Дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған, қырмызыгүл дәрілік шөп ретінде пайдаланылады. Жералмұрт (топинамбур) – малазықтық дақыл.





Бақытгүл(хризантема), нарғызгүл (георгина) – сәндік өсімдіктер. Күрделігүлділердің арамшөп түрінде өсетіндері де бар. Оларға ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер жатады.

Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын қөсімдіктердің ортақ белгілері. Бұлардың гүлдерінде тостағанша болмайды. Тостағаншасы кейде үлпекті айдарша тәрізді өзгеріп кетеді. Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі – гүлшоғыры болады. Күлтесі 5 күлтежапырақшалардан құралады. Олардың төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп, жоғары ұшындағы 5 тісшесі болады. Ал жалған, тілшегүлдің жоғары ұшында 3 тісшесі ашылып жайылады. Күлтенің түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы бар. Тозаңдығы да түтікшеге қосылады. Жатыны төмен орналсады. Аталық түтік арқылы аналық аузы қостелімді аналық мойны өтеді. Демек, күрделігүлділерде бір ғана аналық болады. Жемісі – айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар. Күрделігүлділердің формуласы: Т0 К(5) А(5) Ж(2) (бақбақ гүлі).







Мақсыр. Бұл өсімдіктің жабайы түрі кезпеспейді. Жерорта теңізі елдерінде, Орта Азияда мақсырдың қолда өсірілетін 19 түрі бар. Қазақстанда оның 4 түрі өсіріледі. Олар: түкті мақсыр, тікенді мақсыр, сортаң мақсыр және бояу мақсыр деп аталады.

Мақсыр (сафлор)- тармақталған тік сабақты, біржылдық өсімдік. Оның қандауыр тәрізді сопақ жапырақтары өсімдік сабағына сағақсыз орналасады. Жапырақтарының жиегінде тікенектері болады. Сабақтың биіктігі – 100 см, кейде одан асып түседі. Гүлшоғыры – себетгүл. Гүлінің түсі ашық сары немесе қызыл сары болып келеді. Бір өсімдікте 5-тен 60-қа дейін себетгүл бар. Жемісі – тұқымша. Бір себетгүлдегі ақ түсті, қырлы, жылтыр тұқымшалар саны 20-дан 100-ге дейін жетеді.

Солтүстік Африка мен Азия елдерінде өсірілетіндіктен, мақсыр ыстыққа төзімді, құрғақшылыққа төтеп бере алады. Ол суды да үнемі жұмсайды. Мақсыр топырақ талғамайды. Өскіндері -6-10С температураға төзеді. Өсімді мерзімі 93-117 күн. Мақсыр ауыспалы егістікте астық дақылдылардан кейін егіледі. Оның тұқымы көктемде қатар аралығы 30-60см болатындай етіп себіледі. Егу нормасы – 1 гектарға 8-15 кг тұқым себу. Себу тереңдігі 5-8 см. Тұқымы толық пісіп, өсімдік қураған кезде комбайнмен шауып алады. Бітеугүлдену кезінде – пішен ретінде, ал гүлдеу немесе себетгүл түзу кезінде сүрлемге орып жинайды. Мақсыр – өте пайдалы өсімдік.

Қорытынды: Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің ең көп тараған тобы – күрделігүлді өсімдіктер. Жер жүзінде, Арктика мен Антарктика мұдарының өзге таралу аймақтарының барлығында күрделігүлділердің 20000-нан астам түрі белгілі. Қазақстанда күрделігүлділер тұқымдасының 700-ге жуық түрі өседі.Күрделігүлділердің май аынатын, көкөністік, дәрілік, малазықтық, сәндік, техникалық түрлері бар. Ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер – арамшөптер.

ІҮ. Бекіту кезеңі (18 мин): № 26 зертханалық жұмысы

Қорытынды сұрақтар

1.Тұқымдас неліктен күрделігүлділер деп аталған?

2.Жер жүзінде күрделігүлділердің неше мың түрң бар?

3.Күрделі гүлділердің формуласы?

4.Мақсыр қандай өсімдік?

5.Өгейшөп деп аталу себебі?

6.Күрделі гүлділердің адам өмірінде маңызы қандай?

7.Қосжарнақты гүлді өсімдіктердің ең көп тараған түрі?

8.Күрделігүлділердің түрлерін ата?


Ү. Бағалау кезеңі (2 мин):


ҮІ. Үй тапсырмасы (2 мин): «Даражарнақтылар класы. Лалагүлділер және құртқашаш тұқымдасы» мазмұнын түсініп оқу, сұрақтарға жауап беру.

№ 27 зертханалық жұмысына дайындалып келу.


































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"К?рделіг?лділер т??ымдасы-ке? тарал?ан ?сімдіктер" саба? жоспары 6 сынып

Автор: Саменова Жанерке Жаналыккызы

Дата: 14.05.2015

Номер свидетельства: 211186


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства