Просмотр содержимого документа
«Қанайналым мүшелері»
№253 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Қанайналым мүшелері.
Жүрек және қантамырларының құрылысы
Пән мұғалімі Кожахметова Жанар
2016-2017 оқу жылы
Сабақ жоспары
3 тоқсан
18.01.2017 ж
45 минут
Пәні: биология
8 сынып
Сабақтың тақырыбы
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қантамырларының құрылысы
Сілтеме
Жоспар
Негізгі мақсаты
а)Қанайналым мүшелері мен жүрек туралы ақпарат беру;
ә)Жүректің құрылысын түсіндіру;
б)Қантамырларын ажырата білуге үйрету;
Күтілетін нәтиже
а)Қанайналым мүшелері мен жүрек жөнінде білетін болады;
ә) Жүректің құрылысын түсінеді;
б)Қантамырларын ажырата білуге үйренеді;
Негізгі идеялар
Қанайналым мүшелері мен жүректің құрылысы. Қантамырларының түрлері мен құрылысы,ерекшеліктері.
Бағалау критерийі
а)Топтарды бағалау: жиынтық баға,қорытынды баға
ә)Бағдаршам; Екі жұлдыз, бір ұсыныс; Мадақтау.
Оқыту әдістері
а)Сын тұлғасынан ойлау.Жас ерекшелікке байланысты тапсырма беру.
Тапсырмалар
а)Топтық жұмыс (жоба қорғау). ә)Жеке жұмыс (құзыреттілік тапсырмалар)
Сабақ бойынша мұғалімің жазбалары: (мұғалім оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
Сынып оқушыларымен сәлемдесу,қатысулары.
- Good afternoon children?
- Good afternoon our teаcher?
- How are you?
- We are fine, thank you.
- I am glad to see you.
- So we are.
-Who is absent today?
2. Топқа бөлу.Сабағымызды бастамас бұрын топтасып отырамыз. 4 түсті жүрек суретін таратамын. Жүректеріңе жақынырақ түсті жүректі таңдап аласыздар. Сары -капилляр тобы; көк- вена тобы; ашық қызыл-артерия тобы ; қанық қызыл –жүрек тобы.
Бағалау парағы
Р/с
Оқушының
аты – жөні
жұмыс
Жинақтау
жұмысы (бағасы)
Қорытынды ұпайлары
1
2
3
4
1
2
3
4
Жалпы топтың ұпайы
ІІ. Үй тапсырмасы. Организмнің ішкі ортасы туралы топтарға сұрақтар қою техникасы (5минут)
Артерия тобының сұрақтары 1.Ағзаның ішкі ортасына не жатады? (Қан, лимфа,ұлпа сұйықтығы)
2. 1 мм3 қанда 6-8 мыңдай болатын түссіз қан жасушалары? (Лейкоциттер)
3.Қан плазмасының 90-92 % құрайды? (Су)
4.Қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары? (Эритроциттер)
5. Иммундық жүйенің орталық мүшесі? (Кемік майы және айырша без)
5. II топқа жататындардың қанын құяды? (II және IV топқа)
6. ИТИС деген қандай ауру және алғаш қайда тіркелген? (Иммунитет тапшылығын иемденген синдром,1981 ж АҚШ-тың Калифорния штатында)
Жүрек тобының сұрақтары 1.Ағзада бөгде заттарға қарсы түзілетін нәруыз? (қарсыдене)
2.Оксигемоглобин? оттекпен қосылған гемоглобин
3. Қанды қабылдайтын адам? (Реципиент)
4. Ересек адамдағы қанның мөлшері? (4-5 литр)
5. Антигендері болмайтын қан тобы? ( I топ)
6.Лимфада болатын лейкоциттер? (Лимфоциттер)
«Мадақтау» арқылы бағалау. Керемет, тамаша, жақсы .
2. Сәйкестікті тап(3минут)
1. Егу арқылы қалыптасатын иммунитет
2. Адамдардың қанша пайызы оң резус
3. Адам қанының төрт тобын ашқан
4. Эритроциттердің бірігіп қалуы
5. Оттекті тасымалдайды.
6. Лимфа түзіледі
7. Әмбебап донор
8. Ұсақ түйіршіксіз лейкоцит
9. Ерекше нәруызды зат
10. Әмбебап рецепиент
а. Ұлпа сұйықтығы
ә. Резус-фактор
б. жасанды
в. Лимфоцит
г. IV топ
ғ. І топ
д. К.Ландштейнер
ж. Гемоглобин
з. 85 пайыз
и. агглютинация
Жауаптары: 1б,2з,3д,4и,5ж,6а,7ғ,8в,9ә,10г
«Бағдаршам» арқылы бағалау
ІІІ “Миға шабуыл” (Жұмбақтар қою техникасы)(2 минут)
1.Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,
Дөрігерлер тыңдайды. (Жүрек)
2.Тарам-тарам бір ғалам,
Айқыш-ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам. (Қантамырлар)
3.Соғады күні-түні алмай тыным,
Құлайды ол тоқтаса таудай пілің. (Жүрек)
«Мадақтау» арқылы бағалау. Керемет, тамаша, жақсы.
“Ой қозғау” АКТ ны пайдалана отырып бейнеролик көрсету(3мин)
Қан айналады жүректің әмірімен,
Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен.
Ақ түсті мөлдір және қызылданып,
Адамға күш береді пәрменімен.
Сонымен бүгінгі сабағымыз не туралы ? Қанайналым мүшелері.
IV. Жаңа сабақ
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қантамырларының құрылысы Топтық жұмыс (Жоба қорғау)(15 минут)
Әр топ берілген тапсырма бойынша алдымен тапсырманы жеке оқып, болған соң топпен талдайды. Постер арқылы жоба қорғайды.
Қанайналым мүшелері.
Қан адам ағзасында ұдайы қозғалыста болады.Қанның қозғалуы-ағза мен сыртқы орта арасында газ бен зат алмасуды қамтамасыз етеді.Дененің барлық мүшелері мен ұлпалары қоректік заттар мен оттегін қабылдап зиянды заттардан тазартылады. Қанайналым жүйесіне-жүрек және қантамырлар жатады. Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді. қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға ағатын тамырлар. Олардың ішіндегі ең ірісі қолқа (аорта) Сол қарыншадан басталып, артерияларға тармақталады. Артерия қабырғасы қалың, иілгіш, серпімді. Артерия жүректен қашықтаған сайын тармақталып, капиллярға айналатын, арнасының диаметері, шамамен, 100мкм артериолаларға айналады
Артерия қан тамыры қанды жүректен мүшелерге жеткізеді. Ең үлкен артерия қан тамыры- қолқа, екіншісі- өкпе сабауы. Артериялар ірі, огрта, майда және орналасуына байланысты мүшелердің сыртындағы және олардың ішіндегі артериялар болып бөліндеді. Мүшенің артериясы артериолаларға тармақталып, капиллярларға жалғасады. Артерияның қабырғасы ішкі, орталық және сыртқы үш қабаттан тұрады.
Вена қан тамыры арқылы қан мүшелерден жүрекке ағып келеді.қан алдымен венуоллаларға одан мүшелердің ішіндегі майда венаға, одан ірі веналарға бірігеді. Денедегі барлық вена бірігіп жүреке құяды. Вена қан тамырларының қабырғасы үш қабатты. Бірақ олардың қабырғасы жұқа және серпімді талшықтары аз, ал ішкі қабатында қанды кері ағудан сақтайтын қақпақшалары болады.Капиллярлар- ең жіңішке қан тамырлары. Адамда капиллярлардың жалпы саны 2 млрд.Капиллярлардың веналық ұшы бірігіп венула түзеді, ал венулалар венаға айналады.
«Екі жұлдыз бір ұсыныс» арқылы бағалау
V. Жеке жұмыс (құзыреттілік тапсырма) «Кубизм әдісі» (5мин)
1
Зерттеңіз
Жүректің құрылысын
Жүректің жалпақ бөлігі –негізі,сүйірлеу бөлігі-ұшы. Жүректің сыртын үлпершек-перикард қаптайды.
4 қуысты: 2қарынша,2жүрекше,құлақшалар,көлденең жүлге Жүрек қабырғасы 3қабатты: эпикард,миокард,эндокард.Оң жақ жүрекше мен қарынша арасында үшжақтаулы қақпақша,ал сол жақ бөлігінде қосжақтаулы,қарынша мен олардан басталатын қан тамырлар арасында жарты ай тәрізді қақпақшалар орналасқан.Қақпақшалар эндокард қабатынан түзіледі.
2
Салыстырыңыз
Салатамыр қантамырлары
Көктамыр қантамырлары
Қанды жүректен мүшелерге таратады
Жүрекке тасмалдайды
Қабырғасы қалың серпімді
Қабырғасы жұқа серпімділігі аз
Қан қысымы жоғары
Қан қысымы өте төмен
Терең бұлшықет арасында жатады
Теріге жақын да,терең де орналасады
Ең ірі артерия тамыры-қолқа және өкпе артериясы
Ең ірі вена тамыры-төменгі жоғарғы қуысты веналар және 4өкпе веналары
3
Суреттеңіз
Қылтамырларды
Шаштан 50 есе жіңішке, дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайтын,қабырғасы жұқа, қан өте баяу ағатын,ұлпалардан зат алмасу өнімдерінқанға беретін қан тамыры.
«Бағдаршам» арқылы бағалау
Ой толғаныс (5минут )
1.Ересек адамның жүрегі? 250-300г
2.Қанның кантамырлармен қозғалысын ашқан ағылшын ғалымы? У. Гарвей
3. Жүректі қалыпты ұстауға көмектесетін элемент? магний
4.Жұмыс ауырлаған сайын жүрек жиірек соғып, тамырлардағы қанды көбірек айдайды. Бұл құбылыс қалай аталады? Резервтік күш
5. Жүректің бұлшықетті қабаты микард
6.Үшжақтаулы қақпақша орналасады? Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында
7.Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге қандай қан тасиды? Артерия қанын
8. Көмір қышқыл газына қаныққан қан ? Вена
9. Ең ірі артерия қантамыры? Қолқа
10. Қанның тұйық жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы Қанайналым
VI. Сергіту тапсырмасы (3м)
«Жүректерден жүрекке» жақсы тілек айту
VII. Рефлексия (маған ұнады, қиын болды, тілегім) (3 минут)
VIII. Үйге тапсырма(1м)
Кейінгі тапсырма : Қанайналым мүшелері туралы деректер жинақтау
Кейінгі оқу : Қанайналым мүшелері. Журек және қантамырларының құрылысы
Қосымша деректер
2001ж. Бастап 24 қыркүйек күні Дүниежүзілік жүрек федерациясы бастамасымен жүрек ауруларының қауіптілігін насихаттау атап өтіледі.
Жүректің соғуына жауап беретін гендер табылды. 22 хромосомадағы гендердің өзгеруіне байланысты жүрек аурулары пайда болады.
Ғалымдар жүрекке ұзақ жұмыс күнінің қауіпті екенін дәлелдеді. Мысалы, 11сағатқа созылған жұмыс күні инфаркттың пайда болуын 67%арттырады.
Адамның кеудесінде жүректің орналасуы, ол көбінесе біздің дене бітімімізге байланысты. Ұзын және арық адамдарда ол көбінесе тік орналасқан. Аласа бойлы үлкен кеуделі толық адамдарда көлденең орналасады. Қалыпты дене бітімді адамдарда ол 40 градус пішінмен орналасады
Жүректі қалыпты ұстауға көмектесетін элемент – магний.
Жұмыс ауырлаған сайын жүрек жиірек соғып,тамырлардағы қанды көбірек айдайды. Бұл құбылыс резервтік күш деп аталады.
Мұқағали Мақатаев «Жүрек арызы»
Оу, ием менің,
Өзіңнен бұрын жаралғам
Алдымен менмін
Сонан соң – сенсің жаралған
Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың
Аяқ пен қолың –
Барлығы менен нәр алған.
Келеді сенің кей кейде мені мұз еткің
Бәріне көндім
Қателігіңді түзеттім.
Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа
Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім.
Жалындым саған жақыны бол деп баршаның
Жан ием, сенің жақсылығыңды аңсадым.
Өткіздім сені қаншама қауіп қатерден
Ал, енді маған демалыс берші шаршадым.
Қақың жоқ сенің дем алмауға да, соқпауға.
Қарсы барамыз оттарға, әрі оқтарға
Қақым жоқ менің демалыс саған беруге
Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!
Сөздікпен жұмыс
Артерия - қан жүректен шығып,барлық мүшелер мен ұлпаларға ағатын тамырлар
Веналар - қан ұлпалар мен мүшелерден жүрекке қарай ағатын тамырлар
Капиллярлар - ең жіңішке қан тамырлары
Қанайналым -қанның тұйық тамырлары жүйесімен үздіксіз қозғалуы
Эпикард - жүректің үстіңгі бетін қаптайды
Миокард - ортаңғы бұлшық ет қабаты еріксіз жиырылатын ерекше көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан түзілген
Эндокард - ішкі қабат жүректің ішкі астарлы қабатын және жүрек қақпақшаларын түзеді