kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?анайналым м?шелері. ж?рек ??рылысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?анайналым м?шелері.Ж?рек

Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а ?ан топтары,т?рлері туралы т?сінік ?алыптасыра отырып,?анайналым м?шелері ж?не ж?рек ??рылысына толы? т?сінік беру.

Білімділік: А?заны? ішкі орта м?шелеріне сипаттама бере отырып, ?анайналым ж?йесі м?шелерімен танысу, оны? ішінде ж?рек, ж?рек  ?антамырлар  ж?не оларды? ?ызметтерімен танысу.

Т?рбиелік: О?ушыларды ?здігінен  ізденімпазды?,  ?ызы?ушылы?
да?дыларын ?алыптастыру?а  т?рбиелей отырып, салауатты ?мір салтын ?стану, ?з ойын айта отырып, ?згені де ты?дай білуге, ж?не ал?ан білімдерін ?мірде ?олдана білуге ?йрету

Дамытушылы?: Жа?а материалды ?абылдай отырып, ойлау, есте са?тау, ж?не танымды?,шы?армашылы? ?абілетін дамыту.

Саба?ты? к?ренекілігі : Кіші ж?не ?лкен ?анайналым ше?бері бейнеленген макеттер, ж?ректі? ??рлысы (макет) слайт ж?не кеспе ?а?аздар

Саба?ты? т?рі:  аралас

Саба?ты? ?дісі:   с?ра? –жауап,баяндау,суреттеу

Саба?ты? п?наралы? байланысы: химия,медицина,физиология

Саба?ты? барысы:

І  ?йымдастыру кезе?і

А)О?ушыларды? саба??а ?атысуын  т?гелдеу

?) саба??а  дайындау

ІІ.?й тапсырмасын с?рау

?й тапсырмасы тест т?рінде ж?не с?ра? т?рінде беріледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?анайналым м?шелері. ж?рек ??рылысы »

Жүрек-қан тамырлары жүйесі

Иманбаева Баян Есіркепқызы

Астана қаласы. №63 орта мектебінің

химия және биология пәні мұғалімі

Сынып: 8

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Қанайналым мүшелері.Жүрек

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қан топтары,түрлері туралы түсінік қалыптасыра отырып,қанайналым мүшелері және жүрек құрылысына толық түсінік беру.

Білімділік: Ағзаның ішкі орта мүшелеріне сипаттама бере отырып, қанайналым жүйесі мүшелерімен танысу, оның ішінде жүрек, жүрек қантамырлар және олардың қызметтерімен танысу.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен ізденімпаздық, қызығушылық
дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету

Дамытушылық: Жаңа материалды қабылдай отырып, ойлау, есте сақтау, және танымдық,шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көренекілігі : Кіші және үлкен қанайналым шеңбері бейнеленген макеттер, жүректің құрлысы (макет) слайт және кеспе қағаздар

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап,баяндау,суреттеу

Сабақтың пәнаралық байланысы: химия,медицина,физиология

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

А)Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу

Ә) сабаққа дайындау

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы тест түрінде және сұрақ түрінде беріледі.

Тест

1. Қаназдықтың себебі

А)тромбоциттердің жетіспеушілігінде

ә) эритроциттер мен гемоглабиннің     жетіспеушілігінде

2. Адамның қаны берілген қызметтің тек біреуін атқарады

А)иммунды жауап Ә)ас қорыту

3.Гемоглобиннің негізгі рөлі неде?

А) оттегіні тасымалдау Ә)қанның ұюы

4.Қанның эритроциттері

А)қанның ақ түйіршіктері             ә) сұйық ішкі орта

5.Қандай жасушалар қанның құрамына кіреді?

А)ет жасушалары                   ә) эпителий   жасушалары

Сұрақтары:

1.Иммунитет дегеніміз не?

2. Туа біткен иммунитет пен жүре пайда болған иммунитеттің айырмашылығы?

3. Қан жүйесінің маңызы.

4. Қанның құрамы  мен қасиеттері.

5. Қанның мөлшері мен құрамының жасқа байланысты өзгерістері.

6. Иммунитет және оның түрлері.

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақ барысында оқушыларға жүрекке сипаттама бере отырып, кеуде қуысындағы жүректің орналасуына және жүрек қантамырларына толық сипаттама беріліп талқыланады.

Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardiaжүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады.

Қантамырлардың түрлері және олардың құрылыс ерекшеліктері

Артериялар

Веналар

Қылтамырлар

1. Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратады

Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды

Артериялар мен веналарды бір-бірімен байланыстырады

2. Қабырғасындағы бұлшықет талшықтары калың әрі серпінді

Қабырғасындагы бұлшықет талшықтары жұқа әрі нашар дамыған

Микроскопиялық өте ұсак, кабырғасы бір қабатты

3. Қан қысымы жоғары

Қан қысымы өте төмен

Қан қысымы шамалы

4. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады

Теріге жақын да, тереңде де жатады

Дененің барлық мүшелеріне таралады

5. Ең ірі артерия тамырлары - қолқа және өкпе артериясы

Ішіндегі қақпақшалар канды кері бағытка өткізбейді. Ең ірі вена тамырлары - төменгі, жоғары куысты веналар және 4 өкпе веналары

Қылтамырлар арқылы газ және заттар алмасады, қан баяу ағады, ұсақ артериялар мен ұсақ веналарды байланыстырады

ІV. Сабақты бекіту

1.Ересек адам жүрегінің массасы:

  1. 400г

  2. 250-300г

  3. 150-180г

  4. 600г

  5. 200г

2.Адам жүрегі

  1. 2қуысты

  2. 3 қуысты

  3. 4қуысты

  4. 3 қуысты және жартылай пердесі бар

  5. Екі аортасынан қан айдайды.

3.жұрек оң жақ бөлігінде:

  1. Қос жақтаулы қақпақша бар

  2. Плазма толы

  3. Эритроциттер түзеді

  4. Лимфоциттер жиналып, лимфаға өтеді

  5. Үш жақтаулы қақпақша бар

4. Вена:

  1. Қанды мүшелерге ағызады

  2. Қанды ұлпаларға ағызады

  3. Қан мүшелермен ұлпалардан жүрекке ағатын ірі тамырлар

  4. Оттекке қаныққан қанды тасымалдайды.

  5. Лимфа тамырларына перпендикуляр жатыр.

V.Сабаққты қорытындылау

Сөйлемді толықтыр.

1. Қанайналым жүйесі тұйықталған организмдерде жасушалар тікелей қан арқылы шайылады.

2. Қанайналым жүйесі тұйықталған организмдерде қан қысымы, әдетте, жоғары және қан ағымы жылдам.

3. Лимфа - жасушааралық кеңістікке сүзілген және одан лимфа жүйесіне өткен плазмасынан түзілетін түссіз сұйықтық.,

4. Қанайналым қызметі: тасымалдаушы, реттеуіші, қорғаныш.

5. Жүрек бұлшық еті жүректің жиырылуына әсер ете алмайды.

V I.Үйге тапсырма

§36 қанайналым мүшелері

2.Жүрек құрылысы,қызметі

Қосымша тапсырма

Ізденіс жұмысы

Жүрек - қан тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу"

Қолданылған әдебиеттер:

Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008.

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?анайналым м?шелері. ж?рек ??рылысы

Автор: Иманбаева Баян Есиркеповна

Дата: 23.11.2014

Номер свидетельства: 134532


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства