kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қызықты биология.

Нажмите, чтобы узнать подробности

8-9 сыныптарға арналған іс- шара. Жаратылыстану- математикалық апталығында өткіздім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қызықты биология.»

Озерный негізгі мектебі» ММ







Сыныптан тыс іс-шара

«Қызықты биология»

8 «А»-9 «А» сынып.









Өткізген:Кенжебаева Н.Б.







2016-2017 оқу жылы



Іс-шара тақырыбы:  «Қызықты биология» сайыс сабақ

Іс-шараның мақсаты:

Білімділік:

-Оқушылардың биология пәнінен өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау,толықтыру және бекіту.
- Оқушылардың білімдерін жүйелеу оны өмірде қолдана білуге үйрету және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық:

-Оқушылардың ойлау, есте ұстау қабілеттерін дамыту,ұтымды ой қорыта білуге,шешендікке үйрету,ұйымшылдық пен ынтымақтастықты нығайту.
Тәрбиелік:

-Оқушыларды зеректікке,өзінің мүмкіншілігіне сене білуге,басқалардың пікірін сыйлап,топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: интерактивті тақтаны пайдалана отырып, топпен жұмыс жүргізу.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі іс-шарамызға 8-9 сынып оқушылары қатысып отыр. Алдымен осы іс-шара екі топ арасындағы сайыс түрінде өтетіндіктен әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Оқу ісінің меңгерушісі: Жангужина Ж.К.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Есмакова М.Н.

Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Толағай Ғ.

Келесі кезекті іс-шараның жүргізілу жоспарымен таныс болыңыздар.

1.Әр топтың аты, ұраны болу керек.

2. «Бәйге» кезеңі

3. « Нақты жауап тап!» Жүргізуші сұрақтарды оқып шығады, сол бойынша жылдар мен суреттер немесе жазулар берілген олардың бір-біріне сәйкестігін табу керек.

4. «Көп сөйлеме» ойыны.

5. «Ұлы тұлғалар»

6. Терминдер.

7. «Сөзжұмбақ»


1.Әр топтың өздерін таныстыруы.

2. «Бәйге» кезеңі» (сұрақ-жауап), әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 5 ұпаймен есептеледі. Сұрақтарға тез, әрі жылдам жауап беру керек.10 сек.

1 топқа.

1. Жасушаның «энергетикалық станциясы». Митохондрия.

2. Гуморальдық реттелуде негізгі рөл атқаратын заттар: Гормондар

3 Инсулин жетіспегенде болатын ауру: Қант ауруы

4.Дүние жүзіндегі ең алып құс? (түйеқұс)

5. Жасушадағы органикалық қосылыстар: Нәруыздар, май,көмірсулар

6. Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым. Генетика
7. Қан беретін адам. Донор

8.Организмдер ұрығының дамуын зерттейтін ғылым саласы? Эмбриология.

9.Қанды мүшелер мен ұлпалардан жүрекке апаратын қан тамыр? Вена.

10.Адреналин гормонын қандай без бөледі? Бүйрекүсті безі.

2 топқа.
1. Ең тез өсетін өсімдік? (бамбук)

2.. Ең ежелгі астық дақылы? (бидай)

3. Арқа омыртқаларының саны: 12
4.Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: Дальтонизм

5. Нәруызды түзетін аминқышқылдардың саны: 20
6. Басыңқы гендерді қалай атаймыз. Доминантты
7. Қан қабылдайтын адам. Реципиент.

8.Өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым саласы? Палеонтология.

9.Жүректен қанды барлық мүшелер мен ұлпаларға жеткізетін қан тамыр? Артеррия.

10.Тимозин гормонын қандай без бөледі? Тимус безі.

3. « Нақты жауап тап!» Жүргізуші сұрақтарды оқып шығады, сол бойынша жылдар мен суреттер немесе жазулар берілген олардың бір-біріне сәйкестігін табу керек.

1топ.

1.Адам дене жаушасында қанша хромасома бар? 46

2.1 г май ыдырағанда қанша энергия бөлінеді? 38,9 кДж.

3.Ересек адамның миының салмағы қанша ?1300-1400г.

4.Адам қаңқасында қанша сүйек бар? 200

5.Қан құрамында қанша мөлшерде қан плазма бар? 55-60%

6.Бүйректің салмағы қанша? 150г.

2 топ.

1.Адамда қанша қаңқа бұлшықеттер бар? 600.

2.Қалыпты жағдайда қанның құрамындағы гемоглобиннің мөлшері 120-150 г/л

3.Тоқ ішектің ұзындығы. 1,5-2 м

4.12-16 жастағы оқушылар неше сағат ұйықтау керек? 9 сағ.

5.Кеңірдектің ұзындығы 9-13см.

6.Бауырдың салмағы қанша 1500г.

4. «Көп сөйлеме» ойыны. Ойынның шарты: Жүргізуші биологияның кез-келген саласына жататын бір заттың атауын әрбір ойыншыға жазбаша түрде көрсетеді.Ол өз тобына сол затты қимылмен салады. Қалған топ ойыншылары тауып алу керек.Ойынға Осылай 5 атауды жасыру керек.

1 топ. Жуа, тоқылдақ, гүл,алма, ұлу,піл,кенгуру, тасбақа,

2 топ. Өрмекші,сарымсақ, қарлығаш,алмұрт,мысық,түйе, балық,түлкі.

5. «Ұлы тұлғалар» биология саласына үлес қосқан ғалымдардың суреттері беріледі сол бойынша кім екенін, қандай еңбегі бар екенін табу керек. Уақыт 1 минуттан артық берілмейді.Әр топқа 5 ғалымнан жасырылады.


1 топ

1.Әр гектардан 174 центнерден күріш алған екі мәрте Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлық иегері , күріш өсіруші (Ыбырай Жақаев).

2.Ол бірінші болып эфирлі наркозды, сүйек сынғанда гипс таңғышты, жара іріңдегенде спирт пен иодты пайдаланды.Хирургиялық операциялар жасаудың жолдарын ұсынып,практикада қолданды.(Николай Иванович Пирогов) .

3.Тірі табиғатты тарихи даму жолдарын, оның қозғаушы күштерін айқындап көрсететін эволюцияның ғылыми теориясын құрастырушы (Чарлз Дарвин).

4.Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын ашып, генетика ғылымының негізін қалады.( Грегорь Мендель)

5.Жүректің бұлшық етті мүше екенін және қан тамырлары қанайналымның екі тұйық шеңберін құрайтынын дәлелдеді.(Уильям Гарвей)

6.Имунитет теориясын жасап, фагацитоз құбылысын ашқан. (Илья Ильич Мечников).

2 топ.

1.Өсімдік қабығынан ең алғаш микроскоппен жасушаны көрген. (Роберт Гук).

2.Қанайналым және асқорыту саласындағы зерттеулерімен Нобель сыйлығын алған ғалым. (Иван Петрович Павлов).

3. Еліміздің жануарлар әлемін зерттеп, «Жануартану» оқулығын жазған қазақ биолог-ғалымы (Х.Д.Досмқхамедов)

4. Гектарына 165-175 центнерге дейін түсім жинаған әйгілі қазақстандық тары өсіруші кім? (Шығанақ Берсиев)

5.Қанның тыныстық қызметін зерттеп, орталық жүйке жүйесінің тежелу құбылысын ашты. (Иван Михайлович Сеченов)

6. Жануарлар әлемін жүйелеудің негізін қалаушы.(Карл Линей)

6. Терминдер. Тақтада терминдердің тізімі жазылып тұрады, әр топ өз білетін терминдерге анықтама жазып береді.2 минут.

1.Микология (саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым)

2.Цитология (Жасушаны)

3.Генетика (Тұқымқуалау және өзгергіштікті)

4.Вирусология (Вирустарды)

5.Нейрондар (Жүйке жасушалары)

6.Эволюция (Жер бетіндегі тіршіліктің тарихи дамуы)

7.Тромбоциттер (Қанның ұюын қамтамасыз ететін қан пластинкалары)

8.Лейкоциттер(Канның ядросы бар, бөгде заттардан қорғайтын ақ қан жасушалары)

9.Жүрек циклі (Жүрекшелердің бір жиырылуынан екінші жиырылуына дейінгі кезең )

10.Спирометр (өкпенің сыйымдылығын анықтайтын құрал)

7. «Сөзжұмбақ» бұл кезеңде ойыншылардың көздерін байлап қояды. Жүргізуші сұрақтар қояды жауаптары 4 сөзден ғана тұрады. Ойыншылардың қолдарына әріптер беріледі , әріптерден жауабын құрастыру қажет жылдам әрі тез орындауға тиісті. Уақыт 30 сек. тан аспау керек.

1-топ сұрақтары:


1.Тыныс алу мүшесі. Өкпе.

2. Қосмекенді. Бақа

3. Сақалды, мүйізді үй жануары. Ешкі.

4.Құрылысы, түзілуі және атқаратын қызметтері ұқсас жасушалар менжасуша аралық заттар жиынтығы. Ұлпа.

5.Бәріміз сүйіп жейтін жеміс. Алма.


2-топ сұрақтары.

1.Ас қорытудың басталар жері.Ауыз.

2.Адамдар, жануарлар үшін қауіпті қан сорғыш жәндік.Кене.

3.Ең сұлу құс.Аққу.

4.Шөлге төзімді жануар. Түйе

5. Қорқақ аң. Қоян.

8.Тез ойла,құрастыр. Топ басшылар арасында сайыс. Топ басшыларға сөздер беріледі. Сол сөзден басқа бірнеше сөздер құрастыру керек. Саңырауқұлақ.

Қорытынды. Бүгінгі «Қызықты биология» атты сыныптан тыс іс-шарамыз өз мәресіне жетті.Келесі кезекті қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына береміз.

Марапаттау: Бүгінгі іс-шараға қатысушы 8-9 сынып оқушыларына көп рахмет. Алдағы уақытта білімдерің артып,шыңдала берсін.Мақтау қағаздары, сыйлықтар беріледі.

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,

Тоқысақ жалықтыра қоймайтұғын.

Ғалымдар патшасы боп, дараланып,

Биология қызыққа тоймайтұғын.

Өткен сабағымызды өлең шумағы арқылы қорытындылау. 

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын,

Ауамыз таза болсын,

Жан-жануарымыз аман болсын.

Бәріміз аман сау болайық. Сау болыңдар!








































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қызықты биология.

Автор: Кенжебаева Назыгул Балтабековна

Дата: 22.02.2017

Номер свидетельства: 394699

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) ""?ызы?ты биология" факультативтік курс ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(54) "k-yzyk-ty-biologhiia-fakul-tativtik-kurs-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "160234"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1422016587"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "?ызы?ты биология"
    ["seo_title"] => string(20) "k-yzyk-ty-biologhiia"
    ["file_id"] => string(6) "272943"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452091866"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""?ызы?ты биология"  сайысы"
    ["seo_title"] => string(27) "k-yzyk-ty-biologhiia-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "315882"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459967166"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Сыныптан тыс сайыс саба? та?ырыбы "?ызы?ты биология""
    ["seo_title"] => string(46) "synyptantyssaiyssabaktakyrybykyzyktybiologhiia"
    ["file_id"] => string(6) "330916"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464448216"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Қызықты биология"
    ["seo_title"] => string(22) "k_yzyk_ty_biologhiia_1"
    ["file_id"] => string(6) "412628"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1493696023"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства