Просмотр содержимого документа
«Экология ел тағдыры»
Сабақтың тақырыбы: Экология – ел тағдыры. Мақсаты: Экология ілімінің негізгі қағидаларын негізге ала отырып, білімділіке, салауаттылыққа және тәрбиелікке мән беріп, еліміздің экологиясын қорғауға және өзіндік үлес қосуға шақыру. Сабақ түрі: сайыс сабақ.
1 - жүргізуші. Әділет Елбасымыз Н. Ә. Н “Қазақстан – 2030” стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында“Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал - ақуалы жақсы болуы тиіс” деп атап кеткен болатын. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да тәрбиелі, ауасы таза, көк желекті дамыған елде тұру керек. Сол бағдарламаны негізге ала отырып,10 сыныптар арасында «Экология ел тағдыры» атты кешімізге қош келдіңіздер.
2 - жүргізуші. Маржан “Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады” деп айтылғандай, қазіргі уақытта көптеген аурулар дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе, сондықтан әрбір адам осыны білсе мұның алдын алуға болады. Экология бөтен сөз, бір туғаның бірақ та. Білгенге бұл көсем сөз, мәңгі қалар құлақта. Эко, деген - үй, Отан Ежелден - ақ грекше, Сөз патшасын ұнатам жүрегіме гүл ексе. Бізше ғылым - логия, тұтқасы бар әлемнің, Онсыз мекен, жоқ ұя, жоқ киесі өлкенің. “ Өз үй - өлең төсегің” табиғат болып қалады, Оған айтқан кесегін өз басынды жарады.
1 - жүргізуші. Әділет Шу аз ба қазір, Шаң аз ба? Бәріне соның алаңмын. Дүңкиген анау “Камаздар”- Динозавры даланың. Көгалға кілем төсейтін, Қап - қара асфальт төседік. Даналық қолы сызғанша Даланың шаңын бір қақтық. Су таппай жүріп біз қанша Батпақты қолдан құрғаттық
3 - бөлім Ой бөлісу бөлімі. Фаст - фуд өнімдерінің денсаулыққа әсері
Жұмбақтар
Адам мен жануардан бөлінеді Өсімдіктін торына ілінеді (со2) Ол болмаса асыңның дәмі кірмес Кім бар екен ортада оны білмес (NaCl)
4 - бөлім Менің өнерім бөлімі. Өз өнері
5 - бөлім Сұрақ - жауап бөлімі. 20 сұрақ 1 бал
1 Ағзаға өте қажетті бейорганикалық зат? (су, минеральды тұздар) 2 Қарынның орташа қызу градусы қанша? (38 - 40) 3 Қауіпті тіс ауруы? (тіс жиегі) 4 Қарын сөзінің синонимы? (асқазан) 5 Асқазанның жылу қоры? ( май) 6 Мексидема ауруы қайдан пайда болады? 7 Атмосферадағы азон қабатының маңызы неде? 8 Қазақстанның халық саны қанша? (17 миллион) 9 Адам күніне қанша литр су ішеді? (2 - 3л) 10 Шыбындармен тарақандар қандай ауру таратады? 11 Хромосома саны? (46) 12 Адамның зертханасы (бауыр) 13 Мидың ақ затында болатын элемент? (молибден) 14 Атқаратын қызметі бірдей клетка? (ұлпа) 15 Ұйқы безінде болатын элемент? ( никель) 16 Экология ғылымы нені зерттейді? 17 Азон тесігі ұғымына қандай түсінік беріңіз? 18 Өзіміздің Бейнеу ауданының экологиясы туралы не айтар едіңіз? 19 Қазақстынның өзен көлдерінің экологиясы қандай жағдайда? 20 Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуінен қандай аурулар пайда болады деп ойлайсың? (тері аурулары)
1 – жүргізуші. Әділет Табиғатты сүю - парыз, Сүю үшін қорғау - парыз. Табиғатсыз күнің жоқ, Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ
6 – бөлім Табиғат аппаттарынан болатын эколгиялық жағдай (видио)
2 – жүргізуші .Маржан Аспанымыз ашық болсын! Жеріміз кең болсын! Ауамыз таза болсын! Суымыз тұнық болсын! Гүліміз жайқалып өссін! Құрметті оқушылар! Міне, бүгін өздеріңмен экология ел тағдыры - атты тақырыбында қазіргі заманымыздағы өзекті мәселелердің бірі - экология жайында біршама сөз қозғап, өз ойымызды ортаға салдық. Әрине, экологиялық мәселелерді бір күнде шеше алмаймыз, бірақ та әрбір мектеп оқушысы өзінің туған жерінде қоршаған ортасының тазалығына жауапкершілікпен қарай білсе, бұл мәселе біртіндеп шешілері сөзсіз.
1 – жүргізуші Әділет
Табиғатты қорғау үшін күресейік бәріміз, Бір - бір ағаш егейік. Текке отырмай жасымызбен кәріміз, Таза ауа үшін терімізді төгейік. Қорытынды бөлім. Қонақтарымызғ сөз берейік.