Сабақ кезеңдері/ уақыты | Жоспар мазмұны | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Кіріспе 2 мин. | «Шаттық шеңбер» әдісі Мақсаты: ынтымақтастық орта орнату | Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу. Амандасу жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырады. | Сәлемдеседі. Сабаққа дайындалады. «Шаттық шеңберін» құрып, бір-біріне жылы лебіз білдіреді: Күн! Мен сенен жылу аламын, Жүрегіме саламын. Досыма сыйлаймын, Сәттілік тілеймін! | Формативті бағалау: Жарайсыңдар! | 1-слайд |
2 мин. 1 мин. | Оқушыларды шағын топтарға бөлу Топ ұстанымы | Балаларға түрлі түсті тастармен, топтарға бөледі. - Бүгін біз екі топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. 1-топ: « Жасыл тас» тобы 2-топ: «Қызыл тас» тобы Шағын топқа топ ұстанымын еске түсіртеді | Тастардың түстерін таңдап алып, топтарға бөлінеді. Әр топ өз тобының басшысын сайлайды. Топ ұстанымын еске түсіреді. | Формативті бағалау: Өте жақсы! | Түрлі-түсті тастар Топ ұстанымы |
5 мин. | «Бір қадам артқа» әдісі Мақсаты: сұрақ қою және жауап беру дағдысын нығайту. | -Өткен сабақта қандай сөздермен таныстық? Апта күндері туралы не айтасыңдар? What do you do Monday? What does he\she do on Tuesday ? Wednesday? Thursday? Friday? Saturday? Sunday?
| Оқушылар түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтарына жауап қайтара отырып, өз ойын еркін жеткізеді. | Смайликпен бағалау | 2-слайд смайликтер |
Тұсаукесер 4 мин. | «Ой қозғау» әдісі Мақсаты: ой-өрісті кеңейту
| Шашыраған әріптерден бүгінгі өтетін kite, nine,bike,smile, shine, white, line, prize жаңа сөздерін тауып жазу. | Балалар топпен ақылдаса отырып, жаңа сөздерді табады. Әр шағын топ өз тапсырмаларына жауап береді. | Формативті бағалау: шапалақ | Дәптермен жұмыс |
Негізгі бөлім 10 мин. | «Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі Мақсаты: тақырыпқа ену, сабақ мақсатын айқындау Оқулықпен жұмыс | 1.ЭО –тағы «Менің жұмыс күнім» мәтінін тыңдау. 2.ЭО – тағы №1 интербелсенді тапсырмадағы әңгімені оқып-ұғынуға бағыттайды.
Оқулықтың 12 бетін ашқызып, «What’s the time?» cұрағын қоя отырып, сағат тілдеріне қарап, жазу. | «Менің жұмыс күнім» мәтінін оқиды. Оқушылар жұптаса отырып, дәптерлеріне күнді, уақытты жазады, мақсатқа тартылады. | | ЭО Оқулық Ағылшын тілі Алматы, «Атамұра» 2015 ж. |
3 мин. | Сергіту сәті 1.«Би билейік әндетіп!» | «Hello, how are you?» | Оқушылар қимыл қозғалыстар жасайды, ән салады. | | 3-слайд Әуен |
5 мин. 5 мин. | Мағынаны тану «Ойлан, тап!» Сен білесің бе? Мақсаты: жаңа ұғым қалыптастыру | -Ендеше, балалар, ЭО-тағы «Менің жұмыс күнім» мәтінін тыңдағаннан кейін, №2,3 интербелсенді тапсырмаларды орындату. Слайдтағы суреттерді қарап, уақыт мезгілдерін сәйкестендіру. In the morning In the afternoon In the evening At night | Оқушылар топ ішінде берілген сұрақтарды талқылап, оған жауап береді.
Әр шағын топ ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды. Білімдерін кеңейтеді. | Формативті бағалау: шапалақ Формативті бағалау: мадақтау | ЭО интербелсенді тапсырма 4-слайд АКТ, интернет материалдары |
Қорытынды 5 мин. | «Семантикалық карта» әдісі Мақсаты: мәтінмен жұмыс жасай білу, тақырыптық-мазмұндық талдау жасау. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» | «Семантикалық карта» арқылы оқушыны тақырыптық-мазмұндық талқылауға тарту: Мәтін аты | Мәтін авторы | Кейіпкер | Негізгі ой | Түйген ой | | | | | | | Оқушылар семантикалық кестені толтырады, таным белсенділіктерін арттырады. | | Флипчарт, маркерлер, кесте |
1 мин. | Үйге тапсырма | 1.Жаңа сөздерді жаттау. 2. Эссе «My day!» | Күнделіктеріне үй жұмысын жазады. | «Сіздер мықтысыздар!» | күнделік |
2 мин. | Бағалау | Бағалау парақшасымен жұмыс. | Өзін-өзі және өзара бағалау әрекетін жүзеге асырады. | Формативті бағалау | Бағалау парағы |