Сабақ: | Ағылшын тілі |
Күні: 08.02.2017 | Мұғалімнің есімі: Жаакпекова Жанар Ебраевна |
Сынып: 8 в | Қатысқандар саны: 12 | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Revision of Future Tenses (мектеп бағдарламасында берілген болашақ шақтарды қайталау, бекіту сабағы) | |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | Future Simple, Future Continuous, Future Perfect шақтарын қайталау, сөлемдерді жазбаша құрастыру, сураулы, болымсыз сөйлемдер құрастыру, тақырып бойынша мәтіннің идеясын ашу, сыни тұрғыдан ойлауға дағдаландыру. |
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
| Мәтіннің идеясы арқылы лексикалық тақырыптың маңыздылығын ашады, танымдық білімдері кеңейеді, грамматикалық сауатты сөйлемдер құрастырады, аталған тақырыпта шағын әңгіме жазуға қадам жасайды |
ТҮЙІНДІ ИДЕЯ
| Ағылшын тілінде нақты өмірімен тығыз байланысты мәтіндерді оқуға қызығушылықтары артады, етістіктердің берілген шағын басқа шақтарға ауыстыру арқылы грамматикалық ережелерді жаттауға ынталанады. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
Future Simple, Future Continuous, Future Perfect шақтарының формуласын біледі, қарапайым сөйлемдер құрай алады, лексикалық тәрбиелік мәні зор мәтіннің маңызын түсінеді |
Оқушылардың басым бөлігі: |
Future Simple, Future Continuous, Future Perfect шақтарында сұрақтарға ДҰРЫС жауап бере алады, өздері ДҰРЫС сұрақ қоя алады, мәтінді талдай алады |
Кейбір оқушылар: |
Future Simple, Future Continuous, Future Perfect шақтарында ойлануды қажет ететін «жуан» сұрақтар, күрделі сөйлемдер құрай алады. Мәтінді толық түсінеді, шығарма кейіпкерлерінің өмірдегі тағдырына қызығушылық танытады |
Тілдік мақсат | Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
Лексикалық тақырыптың және грамматикалық бірліктердің байланысы |
Талқылауға арналған тармақтар: |
Prove that the sentences in the text are not given in Future Simple, Future Continuous, Future Perfect tenses? Why do you think it’s time to open the shoebox? Is it time to open only the box? What can you say about…? |
Do you like or don’t you like this text?Why? Whether the text is useful in real life? |
Жазылым бойынша ұсыныстар: Болашақ шақтардың формалары: will/shall + V; will/shall+ be + V ing; will have + V3; |
Алдыңғы тақырып | «Professions we choose» тақырыбы бойынша «Here on Skye…» атты автобуспен қалаға баратын және жол бойы адамдарға көмектесетін пошташы туралы мәтінді аудару (сабақта 2 рет тыңдалған) |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | 45 минут | Ресурстар |
Басталуы | I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларға сабақта сәттілік тілеу.Осы сабақта қалаған орындарына отыруға, қалаған адамдарымен топтасуға болатындығын айту. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Үй тапсырмасы «Professions we choose» тақырыбы бойынша «Here on Skye…» мәтініне қатысты сұрақтарға жауап. 1 рет тыңдалғаннан кейін «Спаркофф» әдісін қолдану 5-мин Мақсат: сөйлеу дағдыларын қалыптастыру | Үлестірмелі қағаздар Аудиофайл |
Танысу | ІІІ. Сабақтың мақсатын ашу. Future Simple, Future Continuous, Future Perfect шақтарын, яғни граматикалық қайталауды қалай ұйымдастыруға болатындығын балалармен ақылдасу, текстпен қайталау мүмкіншілігін ұсынғанда сынып бөлмесіндегі мәтіндерге көңіл аударту, қалаған топтарға ұйымдасып мәтінді оқу 7-мин Мақсат: оқу дағдыларын қалыптастыру | Қабырғадағы үш түрлі түспен жазылған мәтін Презентация Презентация Презентация |
Білу Түсіну Жинақтау Талдау Қолдану Бағалау Жинақтау | ІҮ. Оқылған ақпарат бойынша қандай «біртүрлі» елеулі ерекшелікт бар екендігін анықтау. Мәтіндегі үш түсті сөйлемдердің себебін оқушылар анықтайды, ал мұғалім сұрақтар арқылы мәтінді түсінгендіктерін анықтайды (көк түс – автордың сөзі немесе жалпы отбасы туралы сөлемдер; қызыл түс – әйел адам туралы сөйлемдер; жасыл түс – ер адам туралы сөйлемдер;) 2-мин «Болжау» әдісі Мұғалім мәтін үш түсті болғандықтан және болашақ шағының үшеу болғандығынан әр түстегі сөйлемдер әр шақта жазылғанын айтып оқушыларды сендіруге тырысады (көк түс - Future Simple; қызыл түс - Future Continuous; жасыл түс - Future Perfect) 2-мин Мақсат: сыни тұрғыдан ойлау, өз ойларын айту дағдыларын қалыптастыру Топтық жүмыс Мәтіннің бұл шақтарда берілмегендігін дәлелдеу мақсатында 3 топқа бөлініп әр түстің сөйлемдерін ағымдағы грамматика бойынша алмастыру 7-мин Маңызды мәлімет: шақтарды ауысқанда тек ЕТІСТІКТЕР ғана өзгереді 1 - топ. Future Simple автордың сөзі немесе жалпы отбасы туралы сөлемдер; 2 - топ. Future Continuous әйел адам туралы сөйлемдер; 3 - топ. Future Perfect ер адам туралы сөйлемдер; Мақсат: жазу дағдыларын қалыптастыру Ү. Ой жинақтау. Мәтінді «Тірек сурет, схема» арқылы мәтінді еске түсіру 5-мин ҮІ. «Қос шеңбер» әдісі. Жұптық жұмыс. WHAT…? WHEN…? WHY…? HOW…? Сұрақтар құрастыру және жауап беру. Сұрақтар мен жауаптардың грамматикалық ережеге байланысты сақталуын қадағалаушыларды сайлау 7-мин Қадағалаушы Жауап беруші Сурық қоюшы Мақсат: сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойын шартын сақтауға үйрету ҮІІ. «Ойлаудың алты қалпақтары» 6-мин – information facts – positive thinking – emotions – creativity - problems – generalization of facts Мәтін бойынша сезімдерін айту, сөздік қор аздау болғандықтан мұғалім балалардың эмоцияларын түсіну мақстаында қазақша, орысша сөйлеуге рұқсат береді |
Аяқталуы | ҮІІІ. Бағалау Балалар сабақта қандай жаттығу ұнағандығын, нені дұрыс орындағанын, қай жаттығу қате болғанын талдап әзірше қалыптастырушы бағамен бағалайды. Келесі сабақта нақты баға жиналады.2-мин ІХ. Үйге тапсырма Future Simple, Future Continuous, Future Perfect шақтарын қолданып 10-15 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрастыру 1-мин | |