МКҚК «Сандуғаш» бөбекжай балабақшасы
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-қызмет
Тақырыбы: «My family»
Тобы: «Гүлдер» ортаңғы тобы
Өткізген: Кайрлгужиева М. О.
«Сандуғаш» балабақшасының
ағылшын тілі мұғалімі
Доссор – 2017 жыл
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-қызмет
Білім беру саласы: Қатынас
Пән атауы: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «My family»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын «My family» – «Менің жанұям» тақырыбына байланысты сөздермен толықтыру. Ағылшын тілінің [ð] спецификалық дыбысын дыбыстауын үйрету. Ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік құралдар: Карточкалар, түрлі түсті қарындаштар, «Жанұя» суреттері слайд, CD диск
Жаңа сөздер мен сөйлемдер: Mother, father, sister, brother, grandfather, grandmother
Биллингвиалдық компонент:, a mother - ана, a father - әке, a sister - әпке, a brother - аға, іні
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру. Сұрақ-жауап. Монолог түрінде сөйлесу дағдыларын дамыту
Тақпақтар мен өлеңдер, ойындар: «My family» poem, «Who is missing? -Кім жоқ? »
Оқу іс-қызметтің өту барысы:
Ынталадыру, мотивациялық-қозғаушылық кезеңі:
Педагог балалармен амандасады:
- Hello, children. -Қараңдаршы, балалар, бүгін қандай тамаша күн. Бүгін ерекше күн. Бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Hello, hello! The sky is blue! I am happy! I am happy, too
Hello, hello! The sky is blue! The Sun is shining! I am happy!
I am happy, too. Hello, hello! The sky is blue! It isn't raining!
I am happy! I am happy, too.
тақпағын айтып, балаларға жаттауға ұсынады.
-Sit down, children. (деп балаларға отыруға рұқсат беріп, өз орындарына отырғызады.)
(Балалармен тілдік жаттығу жасау)
Балалар, бүгін біз Рекс атты күшікпен серуенге шығамыз. Рекс серуендеп бара жатырып кезкелген кездескендерге былай деп дыбыстайды: [r]-[r]-[r]. Сөйтіп келе жатырған кезде алдынан шөптер арасынан жулан шықты да : [Ɵ], [Ɵ], [Ɵ] деді. Рекс жыланға қарап [r]-[r]-[r], деді бірақ жылан оған қатты дыбыспен [Ɵ], [Ɵ], [Ɵ] деді. Содан Рекс жыланнан қорқып әрі қарай кетті. Ол секіріп -жүріп ойнап бара жатырған кезде алдынан шөптер арасынан бір маса шықты да: [ð], [ð], [ð] деді. Рекс масаға қарап [r]-[r]-[r], деді бірақ маса оған қатты дыбыспен [ð], [ð], [ð] деді.Ол секіріп -жүріп әдемі алаңқайға келді де жұпар иісті гүлдерді иіскеп жүрген кезде аралар ұшып келді де: [dʒ], [dʒ], [dʒ], деді. Рекс араға қарап [r]-[r]-[r], деді бірақ ара оған қатты дыбыспен [dʒ], [dʒ], [dʒ] деді. Рекс аралардан қашып қатты жүгірді де шаршап қалды және былай дыбыстады: [h], [h], [h]. Бір ағаштың астына барып демаламын деп. Жатып ол ұйықтап қалды. Бір мезгілде ол мынадай дыбысты естіп:[ w]-[w]-[w]. Рекс басын көтеріп қараса ол үкі екен. Рекс үкіден қорқып үйіне қарай қашып кетті
Ізденістер, ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар, бүгін біздер «Жанұя» тақырыбымен танысамыз. Балаларға сөздік жұмысын өткізеді. Балаларға сурет бойынша отбасы мүшелерінің атауларымен таныстырады:
Mother, father, sister, brother, grandfather, grandmother сөздерін буындап айтып балаларға айтқызады.
Балалардың назарларын суретке аударып отбасы мүшелерін қалай айту керек екендігін үйретеді:
Hello. This is my family. This is my father. This is my mother. This is my brother. This is my sister. This is my grandmother. This is my grandfather.
Балаларға отбасы тақырыбына байланысты тақпақтар үйрету:
«Family»
«Here is my father
Here is my mother
Here is my sister
Here is my brother
Father, mother,
Sister, brother
Hand in hand
With one another.»
«Family»
«This is daddy,
This is mummy,
This is sister,
This is brother,
This is me, me, me,
And my whole family.»
Балалармен «Find and say. Who is missing? - Кім жоқ?» ойыны ойналады. Суреттерге мұқият қарауға ұсынады да балалар көзін жұмған кезде біреінің суретін алып тастайды , кім жоқ екекнін балалар тауып айтады.
«Find and say. Who is this? – Мынау кім?» ойыны ойналады. Суреттерге мұқият қарауға ұсынады да балаларға «Who is this?» деген сұрақ беріледі, балалар жауап береді.
Сергіту сәтін өткізу: балалар шаршаған болармыз, аздап тынығып алайық:
Clap, clap, clap your hands. Clap your hands together
Stamp, stamp, stamp your feet
Stamp your feet together
Turn, turn, turn around. Turn around together
Sing, sing, sing a song
Sing a song together
Dance, dance, dance a dance. Dance a dance together.
Ал енді саусақ жаттығуларын жасаймыз.
Мына саусақ - father.
Мына саусақ – mother
Мына саусақ - sister.
Мына саусақ - brother.
Мына саусақ мен
Менің отбасым.
Рефлексиялық-түзетушілік, өзі-өзін бағалау:
Педагог ҰОІӘ қорытындылайды, балалармен жаңа «Менің жанұям» тақырыбындағы сөздерді қайталайды, «My family»
This is my mother
This is my father
This is my brother Paul
This is my sister
This is granny
How I love them all.
Балаларды мадақтап, қоштасады:
Good bye, good bye, good bye, my doll,
Good bye, good bye you all
Күтілетін нәтиже:
Біледі: «Менің жанұям» тақырыбындағы сөздерді
Орындайды: «Менің жанұям» тақырыбындағы сөздерді сурет бойынша көрсетеді
Қолданады: «Менің жанұям» тақырыбындағы сөздерді, ағылшын тілінің [ð] спецификалық дыбысын.