1. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. . | Дайындық бөлімі Гимнастикалық жүру мен жүгіру жаттығулар: Залды жеңіл жүгіріспен айналып жүгіру Аяқтың ұшымен, өкшемен және табанның сырт жақ қырымен жүру және жүгіру; Аяқтың ұшынан басып жүру; аяқтың ұшымен жүгіру; еңкейіп және бұғып жүру; тізені жоғары көтеріп жүру; жүрелеп, жартылай жүрелеп жүру; бір жақа бүйірге,алға және артқа қарай адымдап жүру; артқа қарай теріс қарап жүру; қолмен аяқтың ұшынан ұстап отырып, төмен еңкейіп, аяқты тура ұстап жүру. Жалпы дамыту жаттығулары: Гимнастикалық таяқшамен жұптасып жасалатын жаттығулар: I. Б.қ: қарама-қарсы тұру, таяқ алда, төмен ұсталады. 1. Сол аяқты жанға сілтеген мезгілде, таяқты жоғары көтеру. 2. Б.қ. келу. Екінші аяқпен де осылай жасау. II. Б.қ: бір – біріне арқасын беріп тұру, таяқ бастан жоғары ұсталады. 1. Бір мезгілде сол аяқпен алға аттау. 2. Бастапқы қалыпқа келу. Екінші аяқпен де осылай жасау. III. Б.қ: «А» - аяқ арасын иық кеңдігінен алшақ немесе иық кеңдігіндей етіп ұстайды, шынтақ буынынан бүгілген қолдарымен таяқтан ұстайды. 1- 2. «а» солға иіледі; «Б» таяққа шамалы ғана салмақ салып, иілуге көмектеседі. 3. Б.Қ келу. IV. Б.Қ: арқаларын бір – біріне беріп, аяқтарын тіке жазып отырады, таяқты көтеріп ұстайды. 1. «А» алға еңкейеді; «Б» аяқтарын бүге, табанымен еденге тіреле «А» - ның иығына жатады. 2. Б.Қалыпқа келу. V. Б.Қ: «А» етпеттеп жатады, таяқ жауырында, ол желкеге қарай иілген қолдарымен қысылған, саусақтар айқасқан; «Б» аяғын алшақ қойып тұрады. Таяқтың екі шетінен ұстап, ілгері еңкею жасалады. «А» 1-2. Артқа баяу шалқаяды, «Б» таяқтышамалап қана жоғары тартады. 3-4. «А» бастапқы қалыпқа баяу келеді: «Б» таяқты жеңілдеу тартып ұстайды VI. Б.Қ: таяқ «А» - ның жауырынының астында, шалқалап жатады, саусақтар айқасқан; « Б» - ның аяқтары алшақ қойылған, еңкейгенде екі қолмен таяқты ұстайды. «Б» таяқты 1- 2 рет жоғары тартып, «А» - ны аяғына тұрғызады, қыз балалар – отыру жағдайына дейін Б.Қ келу. VII. Б.Қ: аяқты алшақ қойып, қарама-қарсы тұру. 1. Оң қолды алға жоғары көтеріп, сол қолды алда, төмен ұстап, араларында тіке орналасқан таяқтан ұстау. 2-3. «А» серігінің қолынан таяқты бұрып, тартып алмақшы болады, «Б» сабырлы түрде қарсылық жасайды. 4. Б.қалыпқа келу. VIII. Б.Қ: «А» шалқалап жатып, таяқты екі шетінен көлденең ұстап, қолды кеуде тұсында ұстайды; «Б» қолдарымен таяқты тіреп ұстап, серігінің бас жағында тіреліп жатады. 1. «А» қолдарын тіке, бастан асыра, жазып ұстайды, «Б» қолдарын жазады. 3. «А» - қолдарын бүгеді, «Б» - ның қолдары тіке жазылып ұсталады. 4. Б.қалыпқа келу.
IХ. Б.Қ: бір- біріне арқаларын беріп, таяқты жоғары созып, көлденең ұстайды. «А», 1,2. Алға еңкейіп, «Б» -ны жауырында көтеріп ұстайды.»Б» 3-4. Екі қолмен таяқтан ұстап, артқа қарай аударылып түсіп, еденге тұрады. 4. Б.қалыпқа келу. Х. Б.Қ: «А» аяқтарын алшақ қойып, таяқтыңоң жақ шетінен екі қолмен алға көлденең ұстап тұрады; «Б» таяққа қарсы тұрып, сол қолмен таяқтың бос шетінен ұстайды. «Б» аяқтарын бүгіп, таяқ арқылы секіруді 1-2 рет орындайды. ХI. Б.Қ: үш – төртадым қашықтықта бір- біріне қарама- қарсы тұрады. Екі қолмен таяқты көлденең бір- біріне лақтыру, таяқты жоғары және төменгі жағынан ұстау. Бір қолмен де осылай жасау. 30- 50 сек ішінде орындалады. Оқушылар төмендегілерді орындауы тиіс: Киініп – шешінетін бөлмеде шешініп, спорттық киімдерін кию; Өзге шұғылданушылар үшін қауіп тудыратын заттарды өзінен шешіп, алып қою ( сағат, сағатбаулары, шығыршық және т.б ) Спорттық киімнің қалтасынан үшкір және басқазаттарды алып қою; Мұғалімнің пәрмені бойынша сапқа тұру. Негізгі бөлім: Бөрене: Тепе – теңдік жаттығулары. Жүгірістің әр түрі аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтере, алға аттап басып, қосарланған адымдармен, төбеге зат қойып жүру,көзді байлап, аяқтың ұшымен жүру, адымдап секіре алға қозғалып жүру. Орнында тұрып бұрылу ( табандар бір тұзу сызықтың бойында болды, оңға оңға кері айналу, солға, солға кері айналу, бір аяқпен тепе- теңдік сақтау ( Қарлығаш). Бөрененің ұзына бойымен жүгіріп өту. Эстафеталық ойын: Оқушыларды екі жаққа бөлу Топтың атымен, ұранымен танысу Төсбелгімен таныстыру Эстафетаның түрлерімен таныстыру « кедергілерден өту» Гимнастикалық орындықтың үстінен отырып өту, алдыға домалап түсу, кіші аттан секіріп өту. «Кім жылдам» Екі төсеніш төсеп алдыға домалап түсіп, математикалық есепті шығару . « акробатикалық элементермен пирамида жасау» Топ болып жасау. 50 мин. Қортынды бөлім: Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабақты қортындылау. Оқушыларды бағалау. Сыныппен қоштасу. | 15 мин 6-8 рет 5-6 рет 7-9 рет 4-6 рет 3-5 рет 3-4 рет 5-9 рет 3-4 рет 4-5 рет 3-4 рет 25 мин 5 мин |
Ұйымдасқан түрде дұрыс жүру дағдысын меңгеру Денені түзу ұстап Толық орындау
Қолды алда Ара қашықтықты сақтау. Сол жақ иықпен артқа қарау Қол аяқ ұшын ұстап Дененің жеке құрлысына сәйкес келетін мүсін жасау көп еңбек пен ұқыптылықты талап етеді. Оқушыларды саппен залдан шығару. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтау, мадақтау. Жаттығу жасағанда кеткен қателіктерін айтып өту |