Просмотр содержимого документа
«How do you spend your free time?»
Реферат
Дайындаған:Т.Жания
Тексеретін:М.Эльмира
1643-1647 жылдары қазақ-жоңғар соғысы басталды. Жазба көздерге сүйенсек, осы оқиғалардың жүйелігінің уақытын белгілеу арқылы соғыс кезін өршітпеуге тырысқан құжаттар әрбір жылдың соғыспен өткенін айтады. Соғыс өткен жылдардың оқиғалары жоңғар феодалдарының және Батыр хан тайшының тілегімен дайындалған еді. 1643 жылы Батыр хан тайшы екі рудың: Алай қырғыздарының және Тоқмақтың жерін басып алды. (1635-1654 ж. Орыс-Моңғол қатынасы. Құжаттар жиынтығы. СПб 1774 ж. 444 беті, А.П.Чулочников «Түрік тайпаларының жалпы тағдырымен байланысты казак-қырғыз халықтарының тарихы туралы очерктер, Орынбор; 1924 ж. 154-155 беттері). Бұл жерлердің біреуі – қазақтың, екіншісі – қырғыз руларының жері екендігі туралы жорамалдар бар. Қоңтайшы Батырдың соғыс ашудағы мақсаты – Жетісудың мал бағуға қолайлы бай жерін басып алу еді. Оған апаратын тура жол – Тарбағатайдың таулары және Аякөздің өзендері арқылы жүретін жерлер. Әрі қарай Жетісу. Оның басқа да жолы болды. Ол айтылған жолдармен салыстырғанда қолайлы – Жамыр, Үркашар, Барлық тауларының жанымен Жоңғар қақпасы арқылы Жетісудың: Лепсі, Ақсу, Қаратал, Көксу өзендеріне жетеді. Бұл екі жол да Батырды қанағаттандырмады. Онда қазақ әскерлерімен соғысуға тура келген болар еді. Ол өте қауіпті. Қазақ хандарының Түркістандағы ордасы бұны тез түсіне қойды. Қазақ және қырғыз қауымын басып алғаны жедел шаралар қолдануға мәжбүр етті. Негізгі қимыл туралы ой Жәңгірден туған болуы керек. Ол әмір Жалаңтөстен көмек сұрайды. Бұхар ханының атақты, беделді шенеунігі Тянь-Шань қырғыздарының өкіметімен де келісім жасауға қол жетті. Олар өз көмектерін беретіндіктеріне серт берді. Тарбағатайдың батысындағы, Боғда Ұланың солтүстік жағындағы моңғол Алатауы тауларының бауырындағы өз отрядтарын жинап, Қоңтайшы Батыр Сайран-Нұр көлінің тұсымен таулы төбелер арқылы жасырынып, Жетісуға өтіп алып, Іле өзені тұсында қазақ көштерін оңтүстік жағындағылардан бөліп тастамақшы және Іле өзенінің жанындағы ойлаған жерлеріне де Тышқантау, Қояндытау, Алтынемел, Шолақ атты биік таулардың жоталарымен жасырын түрде өтпекші болды. Таудан ағатын Хорос, Борохудзир өзендерінен қар, таудағы мұз ерімей тұрған кезде өтіп алу қажет. Жазғы қардың еруі бұл жерде маусым аяғында басталып, тамыз айының басына дейін созылады. Осыған байланысты маусымның аяғы жорыққа аттануға тегін белгіленбеген болар. Таудың іші жылы, жылқыларға жем жеткілікті, тау өзендерінде су аз. Тянь-Шяньнің батысындағы таулардың арасымен өту маусым айының аяғында қолайлы. Осы жағдай болған оқиғаның мерзімін анықтауға мүмкіндік береді. Жоңғар әскерлерінің қозғалысы туралы хабар қазақ хандарының астанасы Түркістанға белгілі болды. Жоңғардан келген хабар шұғыл шешім жасауды талап етті. Жедел түрде аздаған отряд Жетісуға жөнелтілді. Жолда оларға жаңа күш қосылды. Қаратау шыңынан асып, Ақсу, Талас, Шу жазығынан өтті. Іледен өтетін асудан кейін Жәңгірге жаңа жасақ қосылды. Сөйтіп, Жәңгірдің отряды 6000 адамға жетті. Жоңғарлардың тау арасынан өтіп келе жатқан өткелдері белгілі болды. Жәңгір отрядын басқарып, Жоңғар Алатауының тау сілеміне шықты. Жәңгір толығымен жауынгерлік шешімге батыл бел байлады. Ол жоңғарлардың алға жылжуына бөгет жасау ғана емес, таулы жерлерді пайдаланып жауға соққы беруді ойлады. Жәңгір ханда барлығы 6000 қаруланған атты әскер болды. Олардың ішінде Шапырашты Қарасай, Арғын Ағынтай, Алшын Жиембет, Қаңлы Сарбұқ, Найман Кексерек, Дулат Жансығұл, Суан Елтынды бар. Жоңғарлармен шайқаста Жәңгір тапқырлық көрсетіп, дұрыс шешім қабылдады. А.И.Левшин: «Ол ашық шайқастан қашып, аздаған адамдарының бір бөлігін екі таудың арасымен сайға орналастырды. Олар жерді терең етіп қазып, биік қорған дуалын жасады, ал жауынгерлердің екінші бөлігі таудың арғы жағында тығылып отырды. Жоңғарлар қорғанға таяп келіп, оған шабуыл жасады. Көп адамынан айырылған соң, оларды қоршап алуға алаңның тарлығы мүмкіндік бермеді. Сол кезде Жәңгір олардың ту сыртынан шабуылдады. Ойламаған жерден болған соққының, әрі жауынгерлердің батылдығының арқасында, мылтықтарының өте сапалы болуынан Богатырға (Батырға В.Г.) қатты соққы берді», – деп сипаттайды. Жәңгір әскерінің аз болуы екі жағдаймен қарастырылады. Бірінші себебін М.Тынышпаев: «Жәңгір өкіметі әлі күшейген жоқ» – деп түсіндіреді. Ол кезде Есім ханның өлген жылы әлі толық белгісіз болатын. М.Тынышпаевтың айтуынша, бұл кез әлі хан сайланбаған кез еді. Дегенмен де 1628-1643 жылдар аралығы өте ұзақ мерзім. Сондықтан Жәңгір әскерінің мұндай аз болу себебі, уақыттың тығыз болғандығына байланысты болар. Өкінішке қарай, бізге Жәңгірдің хан болып жарияланған нақты күні белгісіз. Ол 1635 жылы әлі де сұлтан болған. Орбұлақ шайқасы кезінде Жәңгір әлі хан болып жарияланбаған да болар. ХVІІ ғасырдың алғашқы 30-жылында жоңғарлар қазақ көшіне таяды. Абыржу да болды. Жәңгір аздаған күшпен тәуекелге бел байлады. Хан сайлауының созылып кетуі осы шешімге итермеледі. Бірақ бұл ойланған шешім еді. Дегенмен де Жәңгір әскерінің аздығын әлдеқайда қысқаша түсіндіруге болады. Дәлелі бар түсінік беруге де болады. Таудың арасындағы ұрысқа, тұтқиылдан тосып алуға аздаған ғана жауынгер қатынасқаны дұрыс. Таудағы бар жауынгерді И.Фишердің айтуынша, «…Жәңгір оларды қалай пайдалану керектігін білді». Артық адам ойлаған мақсаттың іске асуына тек қана бөгет жасайды. Таудың ішінде Жәңгір жағдайды зерттеп, жартылай таныс жерлерде алдағы қимылдың жоспарын жасады. Артта Алтынемел шыңы бар. Жақсы Алтынемелдің тауларын өтті. Енді Қоянтау шыңының таулы төбелері болды. Күренкей тауында тоқтады. Жаркент уезінің революцияға дейінгі картасында бұл жерлер толық көрсетілген еді. Қоянды тау шыңының бауырының шығыс жағында Күренкей тау, Аламантау, Куянатытау, Сарытау, Боңқан таулары созылып жатыр. Көкжеті тауының арғы жағы жоңғарлар. Ескі картада Күренкей тауынан екі-екі жарым шақырым әр таудан аққан өзендердің қиылыстары бар. Олар тау өзендері: Ұзынбұлақ, Қарабұлақ, Орбұлақ. Оның барлығы Айнабұлақ өзеніне құяды. Ол Күренкей тау шыңының батыс жағында ағып жатады. Бұл жер тактикалық жағынан қызықтырады: ұзындығы 200 метрдей екі биік таудың сілеміндегі тар сай, биіктігі 2000-2500 метр теңіз биіктігімен өлшегенде. Батыстан Қоянды тауының шыңдарында Күренкейдің шығуға қиын шыңдары, Оңтүстік батысында Кача-таудың жоталарында терең сай бар. Ол жерге көп салттыларды орналастыруға болады. Ал оның сол жағындағы жерден қазылған бекіністің тастармен қаланған жерінде қазақтың ерікті жасақшылары орналасқан. Әскерлердің бұл бөлігінің басшылығына Жиембет және Жақсығұл батырларды қойған. Олардың желке жағында төмен түсуге болатын жер және бірнеше жүз ат орналасуға болатын сай бар. Одан таудың етегімен келе жатқан жоңғарларға шұңқырда отырған қазақ жауынгерлері де, олардың аттары да көрінбейді. Мұның барлығын осы жерлерді көзбен бір шолып өткенде байқауға болады. Осы жардың астында қазақтардың жоңғарлармен шайқастары басталған. Жоңғарлардың отрядтары ойлы-қырлы жерлермен кезеңге шығып, оқты қарулармен қаруланған қазақтармен соғысуға мәжбүр болды. Жоңғарлардың қару-жарақтары туралы Ю.Крижанович: «Қалмақтар соғысқа өте мықты қаруланып шығады. Дулығамен, найзамен және сауытпен. Олардың садақтары мен қылыштары біздердікінен қысқа және ұшы қайырылмаған. Оны римдіктердің «siccae» атты қаруларымен салыстыруға болады. Өздері оны лақтыратын найза деп атайды. Дегенмен де соғыса келе, олар өте жақсы ойланған қақпанға түскендерін, кезеңге шабуыл жасаудың оларға жеңіс әкелмейтінін түсінді. Бірақ әскерді тоқтату мүмкіндігі тіпті болмады. Артта келе жатқан әскерлер олардың тығыздығын көбейте бастады. Ол жоңғарлардың жауынгерлік ұрандарын, көпшілігінің тез алға ұмтылуын әлсіретті. Ақырында мағынасы жоқ шабуылды тоқтатудың сәті түсті. Барлық әскерлерге қоманда жетіп, олар төменгі жерге түсіп, қазақтың жауынгерлерін өзеннің маңайында айналып өтуге шешім қабылдады. Жоңғарлар төменге бет алды. Айнабұлақ өзенінің ағысының ойылған жерінде өткел бар, оны альпинистер «цирк» деп атайды. Қазақтың атқыштары оларды сол жерге қуып тықты. Осы арада жоғарыдан асылып тұрған тастар төмен құлай бастады. Ол атқа немесе әскеріне тиіп, қырыла бастады» – дейді. Аман-есен шыққандары қазақ жауынгерлерінің оғынан қаза тапты. Шайқас бір жағдайда ғана тоқтауы мүмкін еді, ол – жоңғарлар жағдайды түсініп, кезеңге шығу үмітінен бас тартулары тиіс. ХVІІІ ғасырдың тарихшысы И.Фишер осы оқиғаны: «Олардың бір бөлігіне (Қазақ әскерлерінің – В.Г.) таулардың арасындағы қалмақтар бекіністен тар өткелмен өткенде қоршап алу бұйыса, екіншісіне тауда жасырыну бұйырды. Ол қалай ойласа, солай болды. Қоңтайшы бекініске шабуыл жасады. Содан ерлікпен қорғана бастады. Осы кезде Жәңгір сұлтан жауға сырт жағынан шабуылдады. Винтовкасымен соққы берді. Жаулар жағынан 10000-ға дейін адам қырылды» – деп сипаттайды. Жоңғар Алатауының оқиғасы бүгінде мұрағат құжаттарымен де дәлелденді. Онда әңгіме былайша айтылады. Жәңгір жарты адамдарын тауға орналастырды. Ол үшін жерді қазып кішірек қорған жасады. Деректерде олар бекініс деп аталады. Жоңғардағы орыстың елшісі, Тобыл казактарының атаманы Гавриил Ильиндер: «Жәңгір тастардың арасынан бекініс қазып, оған 300 адамды отырғызып қойды. Өзі 300-дей әскермен тастың арғы жағында оларды қорғауға дайын тұрды. Тайшы атты әскери адамдарымен бекініске шабуыл жасады. Сол бекіністе Қонтайшының көптеген адамын жойып жіберді». (1636-1654 ж. Орыс-моңғол қатынастары. Құжаттар жиынтығы М.ГРВЛ, 1974 ж. 239-беті), – деп жазады. Жоңғарлар тағдырмен ойнамай, кейін шегінді. Таудағы шайқас Жәңгірге қанат бітірді. Оқиға аяқ астынан ойламаған шешім қабылдатты. Енді жоңғарлар шайқасқа ашық жерлерді іздей бастады. Ондай жер Орбұлақтың шет жағынан табылды. Жаркент уезінің картасында Күренкей таудан тура Іле өзеніне қарай көптеген бағдарлама белгіледі. Қату таулары, Бостан, Түгірік шатқалдары. Одан да жақын Айнабұлаққа жақын жазықта: «Қалмақ күрес шатқалы». Әрине, картаны жасаған кезде көшіп-қонушылар басқармасының тәжірибелі шенеуніктері ХVІІ ғасырдың оқиғалары туралы ойлаған жоқ. Дегенмен де аудармашы қазақ О.Жұмабековтің көмегімен картаға қазақтың жер аттарын нақты түсірген. Басқаша болуы мүмкін емес, өйткені жерді пайдалануды зерттеу кезінде жер бетінің құрылысын картаға түсіру негізгі элемент болып есептелді. Соныменен, жоңғарлармен шайқастың тағы бір жері анықталды. Жәңгір үшін басқа жауапты мәселе шешілді: көмек келді. Жедел жүріспен Алшын руынан батыр Жалаңтас Самарқаннан Жетісуға дейін жасақшыларды жинай отырып, Қоянтау шыңының іргесінде 20 мыңдай әскерді алып келді. И.Фишердің ізін суытпай А.И.Левшин ешбір өзгеріссіз соған ұқсас өз әңгімесін жалғайды. Тек оның мәтінінде Жалаңтөстің атын дұрыс бермеген. Ол «…Дәл сол кезде қырғыз-қайсақтарға татар князь Алантушь 20 мың тың әскерімен көмекке келді. Жоңғарлар шегінуге мәжбүр болды. Өзінің өшін жолда кездескен тұтқындарды көбейту арқылы қайтармақшы» деп жазған. Шындығында, екінші шайқаста Батыр қоңтайшы ауыр жағдайдан жеңіл құтылды. Тіпті өзімен бірге 10 мыңдай тұтқынды алып кетті. Іс көздерінде ол тұтқындардың көшіп-қонып жүргендері ме, әлде әскерлерден бе, ол жағы айталмаған. Дегенмен де өте жауапты ескерту бар. Жоңғардың елшісі Абылай тайшысы Бахтый Тобылдың қолбасшысы Куракинмен 1644 жылы сөйлескенде Батыр қоңтайшының «Жетісу қазақтары мен қырғыздарының шайқаста аса үлкен шығынға ұшырағанын айтыпты» (Ьурковский А.Ф. Қырғыз халқының ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы өзінің азаттығы үшін күресі. (Ескі тарих және Қырғызстанның материалды мәдениеті (Совет заманына дейін), Фрунзе 1975 ж. 78-беті). Осыған қарағанда, ол жасақшыларды емес, жолдағы бейбіт ауылдарды шауып, адамдарды тұтқындаған. Тактикалық әдіс түрінде Орбұлақ шайқасы күштерді біріктіре білгендікті көрсетті. Екі шайқасты біртұтас шайқас деп атауға болады. Қазақ шежірелерінде және халық аңыздарында соғыс жоңғар Алатауында, Орбұлақ деген жерде болған. Бұл шайқас қазақ халқының тарихында басқа да ірі оқиғалармен бірдей орын алды. Жәңгір «Салқам» (айбатты) деген бүркеншек атқа ие болды. Бұл соғыс ойрат қоғамына өз әсерін тигізді. Олардың өзара қырқысын бастауға әкеліп соқты. Ескі феодалдар арасындағы өзара қайшылықтары жарыққа шықты. Батыр қоңтайшы қазақ хандарымен жаңа күресті бастауға әрекет жасады. Қазақ даласына жаңа жорықты бастауға дайындық жүргізіле бастады. 1646 жылы Батыр қоңтайшы өткендегі жеңілісіне байланысты жаңа жорықты бастауға бет бұрды. Ол туралы Тобылдың ақсүйегі Данил Аршинский: «Данилов және оның жолдастары келгенше Қоңтайшы қазақ ордасына ханның ізбасары Жәңгірге қарсы соғыс ашып, көп адамдарды қырғынға ұшыратты. Жәңгірдің туысын, қатыны және балаларын тұтқынға алды» (1636-1654 жылдардағы орыс-моңғол қарым-қатынасы. 277-беті) – деп хабарлаған. 1647 жылы Жәңгірдің елшісі Хорохай Долдин Томның өкіметіне хабарлады: Қоңтайшы мен қарақалмақ Күнделен-Үбәштің арасында соғыс болды. Ол қазақ ордасымен соғысқан, одан кейін олармен татуласты. Енді онда ашу жоқ», (Сол аталғанда. 305 беті) – деп жеткізген. Қазақтың Есім ханы жоңғар тайшаларымен қарым-қатынастың дұрысталуына көп күш жұмсады. ХVІІ ғасырдың екінші жартысында жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ халқының күресін Жәңгір хан басқарды. Ол қазақ руларының басын біріктіре алды. Сөйтіп, оларды қалмақтарға қарсы күреске жұмылдырды. Мәмілегерлік өнерімен хан Батыс Түркістанның, Бұхараның, Тянь-Шань қырғыздарының басқарушыларымен одақ құру дәрежесіне жетті. 1643-1644 жылдары Жәңгірдің әскери өнерін көрсетті. Ол оқиға болып жатқан кезде не істеу керектігін тез ұға білді. Шешуші кезеңде жауынгерлерді жігерлендіріп өзінің тікелей соғысқа қатынасуымен шешіп кетіп отырды. Осы ерекшеліктерімен Орбұлақ шайқасында көзге түсті. Қазақ жауынгерлері өздерінің ерліктерімен, өздерінің жан аямайтындықтарымен өз жерінің тәуелсіздігін және халықтың бостандығын қорғай алатындығын дәлелдеді (Моисеев В.А. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы жоңғар хандығы және қазақтар. Алматы, 1991 жыл, 46 беті).