Данный труд доступно обьясняет грамматику английского языка с примерами. Статья включает в себя все разделы и темы изучающиеся в средней школе. Статья написана доступным языком и для школьников и для преподавателей иностранных языков. Отдельные темы можно использовать как раздаточный материал на уроках. Надеюсь что статья будет очень полезна и позновательна.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«The Rules of English Grammar»
English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшыналфавиті)
Ағылшын тілінің алфавиті латын қарпіне негізделген. Алфавит 26 әріптен тұрады: 21 дауыссыз (Consonants (консэнэнтс)), 5 дауысты (Vowels (вауэлз)). Y және W әріптері кейде дауысты кейде дауыссыз бола алады.
Бас әріптер (үлкен әріптер) – upper case немесе capital letters, ал кіші әріптер –lower case немесе small letters деп аталады. Letter (летэр) – әріп.
Кестеде қызылмен жазылғандары – дауыстылар.
Мұндағы қос нүкте (:) қойылған әріп созылыңқы айтылады. Мысалы: bi:.
dʒ деген дж қосарлы әріптерін білдіреді. Сол сияқты:
ʒ – ж
tʃ – ч
ʃ – ш
j – и ʌ – а (жуан)
Askarbekov Beksultan
English Grammar. Lesson 2: Articles (Артикльдер)
Артикльдер – зат есімдердің алдына қойылатын қызметші сөздер. Ағылшын тіліндегі артикльдер затқа қосымша сипаттама береді, яғни, қосымша ақпарат беріп тұрады. Қазақ және орыс тілдерінде артикльдер жоқ.
Ағылшын тілінде артикльдердің екі түрі бар: белгілілік артиклі (the definite article) және белгісіздік артиклі (the indefinite article). Бұл екеуінен бөлек, артикль қойылмайтын кездердегі бос орынды Zero article (нөл артикль) деп атайды.
The indefinite article: a (an) Белгісіздік артиклі
A (an – дауыстылардың алдында) артиклі көне ағылшын тіліндегі An (бір) деген сөзден шыққан. A артиклі өзінен кейін тұрған заттың көп заттың ішіндегі бір зат екендігін білдіреді. Ол зат көп заттардың арасындағы кез-келген біреуі болуы мүмкін. Ол зат жайлы алдын-ала айтылмаған. Әңгімелеуші адам алғаш рет айтып, таныстырып отыр.
Мысалы: I am a student (Мен – студентпін). Көп студенттің бірімін. Егер мен студенттердің арасындағы ерекше студент болсам, онда басқаша айтылған болар еді.
This is an apple (Бұл – алма). Адам санап болмайтын алмалардың біреуі ғана. Ол алманың нақты қандай алма екендігі туралы ештеңе айтылып тұрған жоқ.
Байқасаңыздар, белгісіздік артикльдеріне келтірілген жоғарыдағы мысалдарда студент пен алма жайлы ешқандай тура дерек, сипаттама, ақпарат жоқ. Тек студент екендігі алма екендігі ғана айтылды. Ал қалған ақпараттар мәлім емес. Мысалдардан белгісіз студент пен белгісіз алманы ғана білдік.
Ескерту! Белгісіздік артикльдері тек жеке түрдегі зат есімдердің алдына қойылады. Көпше түрдегі нұсқасында артикль түсіп қалады. Мысалы: I am a student. | We are students (Біз – студентпіз).
…………………………………………………………………………………………………….
The definite article: The (зэ) Белгілілік артиклі The белгілілік артиклі ағылшын тілінде көнеден келе жатқан that (анау, әлгі) нұсқаулық артиклінен шыққан. The артиклі заттардың барлық (жекеше/көпше) түрлеріне қолданылады.
Белгілілік артиклінің қолданылуы:
1) Сөз (әңгіме) белгілі зат жайында болғанда Мыс.: Where is the bag (Сөмке қайда?)? Бұл жердегі сөмке деп отырғанымыз белгілі сөмке. Ол менің немесе сіздің сөмкеңіз екендігі анық.
2) Зат есімдер асырмалы шырайда тұрса (мыс: Ең күшті, ең …), алдында реттік сан есімдері болса Мыс.: What is the longest river in Kazakhstan (Қазақстандағы ең ұзын өзен қандай)? Satpaev is the first geologist in our country (Сәтбаев – еліміздегі ең алғашқы геолог).
3) Географиялық атаулардың (тау, теңіз, көл, өзен т.с.с. атаулары) алдында Мыс.: The Caspian sea, the North, the Indian ocean, the Alatau mountains
5) Өзінің тобының (өзіне ұқсас заттардың арасында) жалғызы ғана болатын зат есімдердің алдында Мыс.: The Nile is the longest river in the world (Ніл – әлемдегі ең ұзын өзен). Ніл өзені ғана әлемдегі ең ұзын өзен. Одан ұзын өзен жоқ.
6) Кейбір сөз тіркестерінде Мыс.: in the morning, in the afternoon
…………………………………………………………………………………………………….
Zero article (Нөл артикль) Zero article дегеніміз ешқандай артикль емес, жай ғана бос орын. Нөл артикльдің қолданылуы, яғни, ешқандай артикль қолданылмайтын жағдайлар:
1) Жинақтық, жалпылай айтылатын зат есімдердің алдында Мыс.:Crime is a problem in most cities (Қылмыс – көптеген қалалардағы мәселе). Қылмыстың қандай түрі екендігі айтылмайды. Жалпы алғандағы қылмыс жайлы айтылып тұр. Life is good (Өмір жақсы). Өмірдің де түр-түрі болмайды. Жай ғана түсінік.
2) Ел-жер, адам аттарының алдында Мыс.: Mr. Mamyrov, Astana, Kazakhstan, China Ескерту! Отбасыны немесе әулетті фамилиясына байланысты атаса, онда The артиклі қойылады. Мысалы: The Johnsons (Джонсондар отбасы немесе әулеті)
3) Жыл мезгілдерінің, ай аттарының және апта күндерінің алдында Мыс.: Autumn is rainy. July is the hottest month. We don’t work on Saturday.
Кеңес Егер зат есімнің алдына қандай артикль қою керек екендігін ажырата алмасаңыз, сол зат есімді «кез-келген», «көптің бірі» деген сөздермен байланыстырып, оқып көріңіз. Егер логикаға сай тіркес шықса, онда a (an) артиклі, ал «әлгі», «нағыз», «ең» деген сөздермен байланыстырып оқығанда ақылға қонымды тіркес пайда болса, онда the артиклі қойылады.
Ағылшын тілі грамматикасы. 3-сабақ: Зат есімнің көпше түрлері
Plural Noun Forms Ағылшын тілінде зат есімнің көпше түрін жасау үшін зат есімге -s немесе -es жалғауын жалғау үрдісі кеңінен тараған. Алайда бұл екі жалғаудан бөлек те көпше түрдегі зат есімдер жасалады. Ол жайлы осы сабақта кеңінен түсіндіретін боламыз. -s және -es формалы көптік жалғаулары зат есімнің жекеше түрін көпше түрге түрлендіруші негізгі жалғаулар. Мысалы:
-es жалғауы жалғанатын зат есімдер -ch, -x, -sh, z немесе s-ке ұқсас әріптерге аяқталатын зат есімдерге -es жалғауы жалғанады. Мысалы:
Ескерту! Осының алдындағы сабағымызда (Артикльдер сабағы) жазғанымыздай, көпше түрдегі зат есімдерде белгісіздік артиклі (a немесе an) болмайды.
Соңы o әрпімен аяқталатын зат есімдердің соңына, әдетте, -es жалғауы жалғанады. Мысалы:
Бірақ итальян және испан тілдерінен енген немесе қолданысқа кейіннен енген, соңы о әрпімен аяқталатын зат есімдерге -s жалғауы жалғанады. Мысалы: Тағы бір ерекшелік – o әрпімен аяқталатын кейбір сөздердің соңына -s және -es көптік жалғауларының бірдей жалғануы. Екі түрлі жалғау жалғанған нұсқалары да дұрыс.Мысалы:
Соңы -y әрпіне аяқталатын зат есімдерге -es көптік жалғауы жалғанады, -y әрпі i әрпіне айналып кетеді, егер -y әрпінің алдындағы әріп дауыссыз болса. Мысалы: a dictionary – dictionaries, an army – armies, a city – cities, a lady – ladies.
Ал соңы -y әрпіне аяқталып, -y әрпінің алдында дауысты дыбыс тұрса, онда, зат есімге -s көптік жалғауы жалғанады, -y әрпі өзгеріске ұшырамайды. Мысалы: a boy – boys, a day – days. Зат есімдердің соңы -f немесе -fe әріптеріне аяқталатын болса, оларға -es көптік жалғауы жалғанады, ал -f әрпі -v әрпіне айналады. Мысалы: Бірақ, соңы -f немесе -fe әріптеріне аяқталғанымен, жоғарыдағы ережеге бағынбайтын сөздер бар. Ондай зат есімдердің соңына -s көптік жалғауы жалғанады, -f әрпі өзгеріске ұшырамайды. Мысалы:
Екі түрлі жағдайда да дұрыс болатын зат есімдер: a hoof – hoofs/hooves, a scarf – scarfs/scarves
Ерекше жағдай
Зат есімнің көпше түрінің жасалу ережелерін (жолдарын) жоғарыда қарастырдық. Енді аталған ережелердің ешқайсысына бағынбайтын ерекше жағдайлар бар. Ол сөздерді жаттап алған дұрыс болады.
Шет тілдерінен енген сөздердің көпше түрі
Ағылшын тіліне басқа тілдерден енген сөздердің көпше түрлері сол сөздердің негізгі тілдерінде қалай жазылса, ағылшын тілінде де ережеден ауытқымай, өз қалпында жазылады. Ондай зат есімдердің кейбірінің екі түрлі көпше түрдегі нұсқасы болады. Қолданылуына байланысты екеуініңмағынасы екі түрлі болуы да мүмкін. Шет тілдерінен енген зат есімдердің біразы төмендегі кестеде көрсетілген.
Зат есімдердің саналмайтын түрлері
Зат есімдердің саналмайтын түрлері болады. Мысалы: шаш, сүт, ақша, жаңалықтар, т.с.с. Ешқашанда «Бес сүт іштім» немесе «Менің 100 ақшам бар» деп айтпаймыз.
Тек жеке түрде қолданылатын саналмайтын зат есімдер.
Milk, news, money, coffee, meat, water, hair …
Мысалы: My hair is blond. Your news is not good.
Екінші мысалдағы news сөзі -s көптік жалғауымен аяқталғанымен, жекеше түрдегі етістіктермен бірге қолданылады. Оған ұқсас «physics», «politics» секілдісөздер бар.
Тек көпше түрде қолданылатын саналмайтын зат есімдер.
Мысалы: Where are my jeans? There are few people. The police are looking for the murderer.
Үнемі көпше түрде жазылатын ұлттардың атаулары
Кей ұлт атауларының алдына the артиклі қойылып жазылады және олар -s көптік жалғауынсыз-ақ үнемі көпше түрде қолданылады. Мысалы: the Dutch, the English, the French, the British, the Spanish, the Welsh
Ағылшын тілі грамматикасы. 4-сабақ: Апострофтың қолданылуы
Апостроф (‘) — орфографиялық таңба. Ағылшын тілінде апострофты қолданатын үш түрлі жағдай бар:
зат есімнің тәуелденуі;
айтылмайтын (оқылмайтын) әріптердің орнын ауыстыру;
сандардың, бас әріптердің және аббревиатуралардың (қысқарма) көпше түрлері s арқылы жасалғанда.
Зат есімдердің тәуелденуі
Ағылшын тілінде зат есімдерді тәуелдеген кезде ’s тіркесі қолданылады. алайда, бұл барлық жағдайлар үшін жарамды емес. Егер “Менің кітабым” деген тіркесті ағылшыншаға аударсақ “My book” болады. Ал “Ер баланың кітабы” деген тіркесті аударсақ “the boy’s book” Болады. Бұдан шығар қорытынды: Зат есімді зат есімге тәуелдегенде ’s тіркесі қолданылады.’s тіркесті жалғауы “of” көмекші сөзін ауыстырады. Мысалы:
the girl’s bag = the bag of the girl (қыздыңсөмкесі)
the boy’s T-shirt = the T-shirt of the boy (баланыңфутболкасы)
♦ егер көпше түрдегі зат есім -s әрпіне аяқталса, онда, зат есімнің соңғы -s әрпінен соң тек қана апостроф қойылады: the friends‘ book, the houses‘ roof
♦ егер көпше түрдегі зат есім басқа әріптермен аяқталса, онда, апостроп зат есімге -s әрпінен бұрын жалғанады: the children‘s game, the men‘s sock
Апострофқойылмайтынжағдайлар
Егер затты тәуелдеп тұрған “of” көмекші сөзі болса, “of”-тан кейін үй, ғимарат, объект немесе жиһаз деген сөздер тұратын болса, оларды ’s формасында тәуелдегенде ешқандай апостроф, s әрпі жазылмайды. Мысалы: door of the car = car door, room of the hotel = hotel room, leg of the table = table leg
Естесақтаңыз!
Бір зат екі немесе бірнеше сөздерден топтанып тұратын зат есімге тәуелденіп тұрса, ’s тәуелдік жалғауы соңғы сөзге жалғанады. Мысалы:
the brother-in-low‘s sister, Sapar and Madina‘s son,
Айтылмайтын (оқылмайтын) әріптердіңорнынауыстыру
Байқасаңыздар, ағылшын тіліндегі кейбір сөздер бір-біріне кіріге біріккенде араларындағы әріптер түсіп қалып, олардың орнына апостроф қойылады. Оған ең қарапайым мысал: I‘m = I am, do not = don‘t, can not = can‘t, who is = who‘s, т.с.с.
Сандар қысқартылып жазылған жағдайда да апостроф қойылады. Мысалы: ‘60 = 1960
Сандардың, бас әріптердің және аббревиатуралардың (қысқарма) көпше түрлері s арқылы жасалғанда апостроф қойылатын да қойылмайтын да жағдайлар бар. Мысалы:
He has a problem with r’s (“Р” әріптерінайтуғақиналады. Мысалы, мәтіндегі “Р” әріптері).
Егер апострофтың алдында сан, таңба (символ) немесе бас әріп келетін болса, апостроф түсіп қалады да тек s әрпі жалғанады. Мысалы: I have got tree Samsung H1s = three of Samsung H1 mobile phones.
the 1970s = from 1970 to 1979 (70-шіжылдар).
Ескерту
Тәуелділік есімдіктеріне (possessive pronouns) ешқандай ’s жалғауы жалғанбайды. Мысалы:
wrong (қате) and right (дұрыс) forms
wrong: my’s pen, right: my pen (менің қаламым)
wrong: hi’s ball, right: his ball (оның добы)
wrong: a friend of yours’, right: a friend of yours (сенің досың)
Ағылшын тілі грамматикасы. 5-сабақ: Реттік сан есімдердің жасалуы
Ordinal numbers | Реттік сан есімдер
Ағылшын тіліндегі реттік сан есімдердің жасалу жолы қарапайым. Бірден үшке дейінгі реттік сандар, яғни, бірінші, екінші және үшінші дегендер ерекше болады. Төрттен бастап, ары қарайғы сандардың негізгі түбіріне -th жалғауы жалғанады. Мысалы:
20th=20th
Он екінші (twelfth) дегеннің ерекшеленіп жазылуына келсек, негізгі түбірінде twelve болып жазылады. Бұның алдындағы зат есімнің көпше түрінің жасалу жолдары жайлы сабақта көптік жалғауы жалғанғанда -v әрпінің -f әрпіне өзгерітінін айтқан болатынбыз. Сол секілді реттік сан есім жасалатын кезде негізгі түбірдегі -v әрпі -f әрпіне өзгеріп отыр.
Соңы -y әрпіне аяқталатын сан сандардан реттік сан жасалғанда олардың соңындағы -y әрпі -i әрпіне өзгереді, -eth жалғауы жалғанады. Мысалы:
20th — twentieth
30th — thirtieth
40th — fortieth
Мұнда 40 саны реттік сан ретінде fourtieth болып емес, fortieth болып
жазылады. -u әрпі түсіп қалады.
Реттік сан есімдерді жасаудың тағы бір ерекшелеу түрі бар. Оған мысал ретінде жиырма бірінші, жиырма бесінші, т.с.с. Сандарды келтіруге болады. Ондай сан есімдерден реттік сан есімдерді жасағанда ондығы мен бірлік сандарының арасына дефис қойылады, -th жалғауы соңғы сөзіне жалғанады (first, second, third дегендерден басқа). Мысалы:
Адамның аттарына қатысты реттік сан есімдер
Тарихта патшалар мен патшайымдардың аттарында екінші (II), бесінші (V) дегендей Рим цифрынан тұратын қосымшалар болады. Мысалы:
Пётр I – Peter the First, Эдвард V – Edward the Fifth
Ағылшын тілі грамматикасы. 6-сабақ: Сын есім (The Adjective)
Ағылшын тіліндегі сын есім (the Adjective) де қазақ тіліндегі секілді анықтамаға ие, яғни, заттың сипатын, сынын, сапасын білдіреді. Мысалы: deep sea – терең теңіз, fresh air – таза ауа.
Сын есімнің екі түрі болады:
1) сапалық (негізгі) сын есім: big – үлкен, tall – биік, small – кішкентай, т.с.с.
2) қатыстық (туынды) сын есім: central – орталық, golden – алтын (алтыннан жасалған), т.с.с.
Қатыстық сын есімдер салыстырмалы шырайда (түрде) болмайды және «very – өте» сөзімен бірге жазылмайды ().
Сапалық сын есімдер жай шырайда, салыстырмалы шырайда және асырмалы шырайда болады. Мысалы: big (үлкен) – bigger (үлкенірек) – the biggest (ең үлкен).
Сын есімдердің түрленуі
Бір буынды сын есімдердің салыстырмалы шырайлысына -er жалғауы, ал асырмалы шырайлысына -est жалғауы жалғанады. Асырмалы шырайдағы сын есімнің алдына кей жағдайларда the артиклі қойылады (the oldest man in our town (біздің қалашықтағы ең қарт кісі), my the newest socks (менің ең жаңа шұлығым)).
Соңы -y әрпіне бітетін бір буынды сын есімнің соңындағы -y әрпі -i әрпіне өзгереді.
Жай шырай
(Normal form)
Салыс-лы шырай (Comparative form)
Асырмалы шырай (Superlative form)
small (кіштентай)
smaller
(the) smallest
clean (таза)
cleaner
(the) cleanest
new (жаңа)
newer
(the) newest
dry (құрғақ)
drier
(the) driest
old (ескі, үлкен)
older
elder
(the) oldest
(the) eldest
long (ұзын)
longer
(the) longest
big (үлкен)
bigger
(the) biggest
fat (семіз, қабақ)
fatter
(the) fattest
Мысалы:
Abai is smaller than me – Абай менен кішілеу (кішірек). Ескерту! Бұл сөйлемде бойының кіші екендігін айтып жатыр.
This book is the newest of all the books – Мына кітап – барлық кітаптардың ішіндегі ең жаңасы.
Егер сын есімнің соңында жалғыз ғана дауыссыз тұрса, оның алдында тұрған дауысты да жалғыз болса, онда, салыстырмалы және асырмалы шырайларда соңындағы дауыссыз екі еселенеді (bigger, fatter). Old сөзінің салыстырмалы және асырмалы шырайлы түрлерінде асты сызылып көрсетілген екі сөз (elder, the eldest) бар. Elder және the eldest екеуінен басқа older жәнеthe oldest деген сөздерден мағыналық жағынан ерекшеленеді. Біз older мен the oldest дегендерді адамдар мен заттарға қатысты қолданамыз. Мысалы: My book is older than yours (your book) – Менің кітабым сеніңкінен (сенің кітабыңнан) ескірек. That woman is oldest theacher in our school – Анау әйел – біздің мектептегі ең қарт мұғалім.
Elder және the eldest екеуі отбасындағы туысқандық қатынастарды сипаттауға арналған. Бұл екеуін зат есімдерге қодана алмаймыз. Мысалы: My elder brother can’t dance – Менің үлкен ағам билей алмайды. Zhanar is my eldest sister – Жанар – менің ең үлкен әпкем.
…………………………………………………………………………………………
Кейбірекібуынды сын есімдердегі екпін екінші буынына түсетін болса немесе -y, -ow, -er, -le жалғауларына аяқталатын болса, ондай сын есімдер де бір буынды сын есімдер секілді түрленеді.
Жай шырай
(Normal form)
Салыс-лы шырай (Comparative form)
Асырмалы шырай (Superlative form)
polite (сыпайы)
politer
(the) politest
sunny (күн шуақты)
sunnier
(the) sunniest
easy (оңай)
easier
(the) easiest
shallow (ұсақ)
shallower
(the) shallowest
narrow (тар)
narrower
(the) narrowest
clever (ақылды)
cleverer
(the) cleverest
simple (қарапайым)
simpler
(the) simplest
Мысалы:
I’m not cleverer than Azat – Мен Азаттан ақылдырақ емеспін.
Sara is the politest girl in my group – Сара – біздің топтағы ең сыпайы қыз.
…………………………………………………………………………………………
Екібуындысынесімдердің біразы мен екіденкөпбуындардан құралатын сын есімдердің салыстырмалы шырайлылары more (более) және less (менее) сөздерінің көмегімен жасалады. Ал асырмалы шырайлылары most (ең) least (наименее) сөздерінің көмегімен жасалады. Сын есімдерге салыстырмалы және асырмалы шырайларда ешқандай жалғау жалғанбайды
Мұнда more, less және least сөздерінің орыс тіліндегі аудармасын жазу себебім, қазақ тілінде ол сөздерді қысқа қа нұсқа сипаттайтын сөздер жоқ. Бір сөз тура келгенімен, ол сөз басқа бір сын есімге сай келмейді. Тіпті, «Более деген сөздің қазақша аудармасы қандай?» деген сұрақ туады. Түсінуге оңай болғанымен, нақты аудармасын беру өте қиын.
Жай шырай
(Normal form)
Салыс-лы шырай (Comparative form)
Асырмалы шырай (Superlative form)
important (маңызды)
more important
the most important
interesting (қызықты)
more interesting
the most interesting
difficult (қиын)
more difficult
the most difficult
careful (сақ, ұқыпты)
more careful
the most careful
Мысалы:
This task is more difficult than last one – Мына тапсырма соңғысынан (соңғысына қарағанда) қиынырақ.
The most careful man does not injure himself – Ең ұқыпты кісі өзін жараламайды.
Салыстармалы шырайда да асырмалы шырайда да ерекше жолмен жасалатын сын есімдер бар. Олардың салыстырмалы және асырмалы шырайлардағы түрлері негізгі (түбір) сын есімге (жай шырайдағы түріне) мүлдем ұқсамайды.
Жай шырай
(Normal form)
Салыс-лы шырай (Comparative form)
Асырмалы шырай (Superlative form)
good (жақсы)
better
the best
bad (жаман)
worse
the worst
much, many (көп)
more
the most
little (кішкентай)
less
the least
far (алыс, қашық)
farther
further
the farthest
the furthest
Мұндағы farther және the farthest сөздері тек кеңістіктегі ара қашықтыққа (дистанция) қатысты қолданылады. Ал further және the furthest сөздері кеңістіктегі ара қашықтыққа қатысты және уақыттағы ара қашықтыққа (айырмашылық) қатысты да қолданыла береді. Мысалы: Furthest star system – Ең алыстағы жұлдыз жүйесі. The furthest time zome from Shymkent is Managua (capital of Nicaragua) – Шымкенттегі уақыт зонасынан ең қашық уақыт зонасы – Манагуа (Никарагуаның астанасы).Шымкент пен Манагуадағы уақыт айырмашылығы – 12 сағат.
Ағылшын тілінің грамматикасы. 7-сабақ: Салыстырмалы шырайдың көмекші сөздері
Ағылшын тіліндегі сын есімнің салыстырмалы шырайы тікелей сын есімдер арқылы және арнаулы сөздер арқылы жасалады. Тікелей сын есімдерден (more көмекші сөзімен қоса) жасалатын салыстырмалы шырайдағы сын есімдерді өткен сабақта талқыладық. Бұл сабақта as … as, not so … as, салыстырмалы шырай+ than, the+салыстырмалы шырай …, the+ салыстырмалы шырай деген салыстырмалы шырайдың арнаулы сөздерін қарастырамыз.
Ескерту! Көп нүктелердің орнында сын есім тұрады.
Мысалдар келтіріп, түсіндермес үшін кішкене ескерту жасай кетейін.
Ағылшын тіліндегі көптеген сөздер мен сөйлемдердің құрылымы мен жасалу жолы қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдердің құрылымына сай келмейді, үйлеспейді. Ондай сөздерді тікелей аудару мүмкін емес. Оған мысал ретінде осы сабақта қарастырылатын сөздерді келтіруге болады.
——————————————————————————————–
as … as тіркесінің қазақша тікелей аудармасы жоқ. Орыс тілінде такой … как деген аудармасы бар. Қазақша мағынасын “сияқты (секілді)+сын есім” деген арнаулы тіркеспен білдіруге болатын секілді. Мысалы:
Aizhan is as tall as her brother — Айжан ағасы сияқты ұзын (бойлы).
Sanzhar’s car is as fast as mine — Санжардың машинасы меніңкіндей (менің машинам секілді) жылдам.
——————————————————————————————–
not so … as тіркесі as … as секілді. Бірақ мағынасы керсінше, яғни, болымсыз түрде. Орыс тіліндегі аудармасы “не такой … как” болады. Ал қазақша мағыналық баламасы “сияқты (секілді)+сын есім+ емес” Мысалы:
Abai is not so brave as Oraz — Абай Ораз секілді (сияқты) батыл емес.
Astana is not so big as Almaty — Астана Алматы сияқты үлкен емес.
——————————————————————————————–
салыстырмалы шырай+ than сөзі бір зат есімнің сынын екінші бір зат есімнің сынымен салыстырғанда қолданылады. Орыс тілінде “чем” деген аудармасы бар. Қазақша баламасын “шығыс септігінің жалғауы (-дан, -ден; -тан, -тен; -нан, -нен)+ салыстырмалы шырай“. Мысалы:
My car is faster than Abai’s car — Менің машинам Абайдың машинан жылдамырақ.
Sabyr is cleverer than Aizhan — Сабыр Айжаннан ақылдырақ.
салыстырмалы шырай+ than тіркесіне қатысты тағы бір қазақша баламасын атап өтуге болады. Ол — “барыс септігінің жалғауы (-ға, -ге; -қа, -ке, -на, -не)+қарағанда+ салыстырмалы шырай“. Мысалы:
My car is faster than Abai’s car — Менің машинам Абайдың машинасына қарағанда жылдамырақ.
Sabyr is cleverer than Aizhan — Сабыр Айжанға қарағанда ақылдырақ.
——————————————————————————————–
The+ салыстырмалы шырай … the+ салыстырмалы шырай деген тіркес күрделілеу көрінгенімен, шынында, өте оңай. Орыс тіліндегі аудармасы “чем … , тем” болады. Қазақ тіліндегі баламасын “неғұрлым …, солғұрлым” деген сөздермен немесе “сайын” деген сөзбен ұқсатуға болады. Дұрыс түсіну үшін мысал келтірейін.
The farther south you go, the warmer the weather becomes — Неғұрлым оңтүстікке ұзағырақ барған сайын, ауа-райы солғұрлымжылырақ болады.
Thehigher you climb, thefarther you fall — Жоғарырақ шыққан (өрмелеген) сайын, тереңірек (қаттырақ) құлайсың. (Бұл бір нақыл сөз болатын).
Есімдіктер (ағл.: Pronouns) — тұлғаға, затқа, заттың сынына және санына, үстеуге сілтеме жасап (олардың орындарын ауыстырып), бірақ оларды атамай, басқаша сөздермен (есім сөздермен) алмастыратын сөз табы. Есімдіктердің лексикалық мағынасы жоқ, сөйлемнің мағынасын өзгертпейді. Есімдіктер алдыңғы сөйлемде немесе ойда айтылған сөздердің орнын ауыстырады. Мысалы:
Асан сыныптағыларды жақсы танымайды. Өйткені ол сыныпқа жаңадан келді.
Жоғарыдағы мысалда екінші сөйлемдегі “ол” деген есім сөз (жіктеу есімдігі) алғашқы сөйлемдегі “Асан” сөзін алмастырып отыр. Мысалдар арқылы есімдіктер қазақшасында түсінікті болар. Енді ағылшынша мысал келтірейін. For example:
John studies at Alash National University. He is one of the best students — Джон Алаш Ұлттық Университетінде оқиды. Ол — үздік студенттердің бірі.
Ағылшын тілінде есімдіктердің төмендегіше көптеген топтары мен түрлері бар:
жіктеу есімдігі (Personal Prn.) — I (мен), you (сен, сіз), he (ол — муж. род), she (ол — жен. род), it (ол — сред. род), we (біз), they (олар);
тәуелдеу есімдігі (Possessive Prn.) — my (менің), your (сенің, сіздің, сіздердің), his (оның), her (оның), its (оның), our (біздің), their (олардың);
сілтеу есімдігі (Demonstrative Prn.) — this (мынау), that (анау), these (мыналар), those (аналар);
сұрау есімдігі (Interrogative Prn.) — who немесе whom (кім немсе кімге), what (не), whose (кімнің), which (қайсы);
белгісіздік есімдігі (Indefinite Prn) — some, any, (some мен any-дің туындылары: somebody (белгісіз біреу), anybody ( кез-келген біреу), somewhere (бір жерде), anywhere (кез-келген жерде), something (бірдеңе, бір нәрсе), anything (кез-келген бірдеңе), someone (біреу), anyone(к-к біреу)), one (біреу, кей біреу);
қатыстық есімдігі (Relative Prn.) — who (те, кто немесе тот, кто (который)) немесе whom (которого не-се кого), what, which (который), whose (чья, чей), that (что не-сето, что);
Ескерту! Қатыстық есімдіктердің қазақ тілінде тікелей аудармасы жоқ. Қатыстық есімдіктер мен сұрау есімдіктерінің жазылулары бірдей болғанымен, мағыналық айырмашылығы жер мен көктей. Шатастырып алмаңыздар. Екеуіне екі бөлек тоқталатын боламыз алда. Бұл тақырыпқа толығырақ толталғанша бастарыңыз қатпасын деп, қазір тек бір мысал келтіре кетейін. Мыс:The man who was here is our boss — Осында болған кісі — біздің бастығымыз. Ал орысшасы: Человек, который был здесь, наш шеф.
ортақтық (өзаралық) есімдігі (Reciprocal Prn.) — each other (бір-бірін — адамдар мен заттарға қатысты), one another (бір-бірін — екі немесе одан көп адамдарға және заттарға қатысты);
болымсыздық есімдігі (Negative Prn.) — no (… емес), none=no one (ешкім), neither (ешкім, ешбірі), nobody (ешкім), nothing (ештеңе), no one (ешкім).
Байқаған болсаңыздар, бас қататындай-ақ сабақ. Есімдіктерді бір немесе екі-үш сабақпен қорытып, игеріп кету өте қиын (жоғарыда жазылғандары әлі барлығы емес). Тіпті, сабақты жасаған менің өзім түсіндіру барысында қиналыңқырап қаламын. Себебі, көп жағдайларда қазақ тілі мен ағылшын тілдерінің табиғаттары екі бөлек болып келеді. Қазақша ешбір баламасы (аудармасы) жоқ сөздер бар. Есесіне, орыс тіліндегі баламалары сабақты тез әрі нақты түсінуге көмектеседі. Егер орыс тілін де түсінбейтін болсаңыз, қам жемеңіз. Қазақша сөйлемдермен ұзақ әрі ұғынықты түсіндіруге тырысып бағамын. Бұдан бөлек тағы 3-4 сабақ осы есімдіктердің түрлерін игеруге арналатын болады.
Бұл сабақтан үйренеріңіз:
есімдіктерді топтарына қарай жаттау;
есімдік топтарының ағылшынша атауларын жаттау.
Ағылшын тілі грамматикасы. 9-сабақ: жіктеу және тәуелдеу есімдіктері
Жіктеу есімдігі (Personal Pronoun) Ағылшын тіліндегі жіктеу есімдіктері екі септікте болады: атау септік және объективтік септік. Объективтік септік қазақ тіліндегі барыс және табыс септіктерін қамтиды. Барыс септігі: кімге? неге?; табыс септігі: кімді? нені? Ағылшын тілінде үшінші жақта қазақ тіліндегідей тек қана бір сөз («ол» деген есімдік) қолданылмайды. Ер адамға he, әйел адамға she және жансыз заттарға (абстрактылы түсініктерге және сабиге (егер жынысы сөйлеушіге белгісіз болса), өсімдіктер мен жануарларға it есімдігі қолданылады) әр түрлі есімдіктерді қолданады. Бірақ барлығының аудармасы «ол» дегенді білдіреді.
Мысалдар:
She is my sister — Ол — менің әпкем (қарындасым).
You are my best friend — Сен менің жақын (жақсы) досымсың.
They can not swim — Олар жүзе алмайды.
I lend him my car — Мен оған машинамды (уақытша пайдалануға) бердім.
Let us (let’s) go! — Қанекей, жүрейік!
We have not seen them — Біз оларды көрмедік.
He told us about new cars — Ол бізге жаңа машиналар жайлы айтып берді.
… Arman tried to break it — … Арман оны (шөлмекті, ыдысты) сындыруға тырысты.
It is I = It is me(ауызекі тілде) — Бұл — мен.
«It is I» = «It is me» екеуінің мағыналары бір, бірақ екеуінің екі түрлі жазылуы — ескеретін жағдай. Бұл жайлы алдағы уақытта арнайы тақырыпта жазамын.
. . . . . . . . . . . .
Тәуелдеу есімдігі (Possessive Pronoun)
Әрбір жіктеу есімдігінің тәуелденген түрі (формасы) бар. Олар өз алдына «Тәуелдеу есімдіктерін» құрайды. Ағылшын тіліндегі тәуелдеу қазақ тіліндегі секілді кімнің? кімдікі? ненің? ненікі? деген сұраққа жауап іздейді. Ағылшын тіліндегі сұрағы: whose?
Тәуелдеу есімдігі (Possessive Pronoun) негізгі және абсолюттік болып екі формаға бөлінеді.
«Менікі = меніңкі» — екеуі де бірдей.
Мысалдар:
This is not my bag, mine is blue — Бұл менің сөмкем емес, меніңкі көк түсті.
Her father works for Sony Company — Оның (қыздың) әкесі Sony Company-да жұмыс істейді.
… is yours better than ours? — … сіздердіңкі біздердіңкінен жақсырақ па?
I went to him, but that house was not his — Мен оған бардым, бірақ ол үй оныңкі болмады.
Мысалдардан байқаған боларсыздар, негізгі формадағы тәуелдеу есімдігі бар жерде міндетті түрде зат есім қатар жүреді. Мысалы, бірінші сөйлемдегі «my bag (менің сөмкем)». Ал егер абсолюттік формадағы тәуелдеу есімдігі келсе, онда ол жерде зат есім болмайды. Мысалы, «mine is blue (менікі көк түсті)». Мұндағы меніңкі есімдігі сөйлемнің алғашқы бөлігінде аталған сөмкені атамай-ақ сөйлеуші адамға тәуелдеп тұр. Сол себептен де мұндай сөйлемдерде (зат есімі қатыспаған) «менің» есімдігі емес «менікі» есімдігі қолданылады. Яғни, меніңкі көк түсті = менің сөмкем көк түсті.
Қазақ тілінде өздік есімдігі бар. “Өз” деген түбірден шығатын есімдіктер солай аталады. Ағылшын тілінде қазақ тіліндегі өздік есімдігінің арасында біраз айырмашылық бар. Қазақша өздік есімдігін ағылшынша тәуелдік есімдіктермен де жасауға болады. Мысалы:
I always use my toothpaste — Мен әрқашан өзімнің тіс пастамды қолданамын.
Бұл мысалды қазақша “Мен менің тіс пастамды қолданамын” деп айту қате болып саналады.
……………………
Кестелер сурет ретінде қойылды. Үстінен басып үлкейтуге болады.
Ағылшын тілі грамматикасы. 10-сабақ: Сілтеу есімдігі (Demonstrative Pronoun)
Көзге көрініп тұрған адамды, затты т.б. меңзегенде (нұсқағанда, көрсеткенде) сілтеу есімдіктері қолданылады. Сілтеу есімдіктері қазақ тілінде де ағылшын тілінде де мағыналық және атқаратын қызметтері жағынан ұқсас болып келеді.
Ағылшын тіліндегі сілтеу есімдіктері мынадай: this (мынау), that (анау), these (мыналар), those (аналар). Мұндағы these пен those, тиісінше, this пен that сілтеу есімдіктерінің көпше түрлері.
Егер сілтенетін зат немесе т.б. жақын жерде немесе қолда тұрса, онда this есімдігін (көпше түрде these) қолданамыз. Ал егер сілтенетін зат немесе т.б. алыс жерде, қол жетпейтіндей қашықтықта тұрса, онда that есімдігін (көпше түрде those) қолданамыз. Мысалы:
This is my hat — Мынау — менің қалпағым (бас киім).
These books are interesting — Мынау кітаптар қызықты.
That pencil is yours — Анау қалам — сеніңкі.
Those flowers smell good — Анау гүлдер хош иіс шығарады.
Қазақ тілінде ағылшын тіліндегідей зат есімді сипаттайтынam, is, are (to be етістігі) көмекші сөздер жоқ. Ағылшын тілінде зат есімді зат есім ретіндесипаттағанда (мыс: The tiger is an animal) әлгі көмекші сөздер қолданылады. Ал қазақ тілінде ондай сөздер болмағандықтан бастауышы да баяндауышы да затесімнен тұратын сөйлемде «— (дефис)» таңбасы қойылады. Мысалы: Мен — оқушымын.
Ескерту! Ағылшынша сөйлем мен қазақша сөйлемдердің арасына қойылған дефис бол ережеге қатысты емес. Екі тілдегі сөйлемдер бір-бірінен бөлек тұру үшінғана қойылған.
This және that сілтеу есімдіктері уақытқа қатысты сөйлемдерде қолданылады. Бірақ қазақша баламасы «анау», «мынау» деген сөздер болмайды. Мысалы, «Мынау жылы мен он беске толамын» деген сөйлемдегі «Мынау» сөзі мағынасы жағынан түсінікті болғанымен, грамматикалық тұрғысынан дұрыс емес. Дұрысы — «Осы жылы мен он беске толамын». «Осы жылы» деген сөзді «үстіміздегі жылы», «биыл» деген сөздермен алмастырып қолдануға болады. «Анау жылы» деген болмайды, оның орнына «өткен жылы» деген тіркес қолданылады. Бірақ, ауызекі тілде «ана(у) жылы» деген тіркес бар. «Биыл» деген сөз «бұл жыл» дегеннен шыққан.
Сілтеу есімдіктері абстрактылы (көзге көрінбейтін, қолмен ұсталынбайтын) зат есімдерге сілтеме жасағанда да қолданылады. Мысалы, уақытқа қатысты сілтеу есімдігін айтуға болады. This дәл осы уақыт немесе үстіміздегі жыл жайлы айтылғанда қолданылады, that дәл осы уақыт немесе өткен жыл (өткен кездер) жайлы сөз болғанда қолданылады. «Өткен жылы жазда Алатауға бардым. Ол кезде күн суық болды.» деген сөйлемді ағылшынша жазсақ, «Last year in summer I went to Alatau. That summer was rainy»
Ағылшын тіліндегі сілтеу есімдіктері сын есімдік-сілтеу есімдігі және зат есімдік-сілтеу есімдігі болып екіге бөлінеді.
Сын есімдік-сілтеу есімдігі сөйлемдегі зат есімнің алдында келіп, оны айқындап, зат есім туралы нақтырақ мәлімет береді, сөйлеушінің белгілі бір затқа сілтеме жасап тұрғанын көрсетеді. Егер зат есімнің алдында сын есім болатын болса, онда сілтеу есімдігі сын есімнің алдында тұрады. Мысалы:
I live in that house — Мен анау үйде тұрамын.
I live in that big house — Мен анау үлкен үйде тұрамын.
I take this one — Мен мынау біреуін аламын.
I want to take this red one — Мен мынау қызыл біреуін аламын.
Зат есімдік-сілтеу есімдігі сөйлемде зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы:
What is this? — Бұл не?
This is my pen — Бұл — менің қаламсабым (ручка).
These are my apples and those are yours — Мыналар — менің алмаларым, ал аналар — сенің алмаларың.
How do you write this? — Сен бұны қалай жазасың?
Ағылшын тілі грамматикасы. 11-сабақ: to be етістігі
Ағылшын тілінің грамматикасы сабақтарын тым қатты тереңдетіп жазғаннан кейін бе, әйтеуір, ең басты, ең оңай деген тақырыпты ұмытып кетіппін. Ол тақырып “to be етістігі” деп аталады. Осы сабақты, кеш болмай тұрып, сіздерге ұсынып отырмын.
verb — етістік
to be естістігінің түрленуі
Ағылшын тілінде “to be (болу)” деген етістік бар. Етістік болғанда қазақ тіліндегідей “отыру”, “тұру” дегендей қимылды, әрекетті білдіретін етістік емес. Қазақ тілінде “to be” етістігі жоқ. Есесіне, жалғаулар арқылы білдіріледі. Мысалы: I am a student — Мен — студентпін.
Жоғарыдағы мысалға қарап, ағылшын тіліндегі to be етістігінің am деген түрін қазақша -мын, -мін, -пын, -пін деген сияқты жалғаулармен түсіріндіруге болатын сияқты. Бірақ әрқашан да солай екен деген түсінік қалыптаспасын. Кей кездері ешқандай аудармасы да баламасы да болмайды. Мысалы: Aman is here — Аман осында (жүр). Мұнда алдыңғы мысалдағыдай -мын, -мін, -пын, -пін (жіктік жалғаулар )деген жалғаулар жоқ. Осыған қарап, бұл тақырыпты ағылшын тілінің ерекше табиғаты ретінде қабылдау керек сияқты. Бұл сабақты орыс тілінде түсіндіру де ешқандай дәлдікпен іске аспайды. Қазақшасына ұқсас. Мысалы: I am a student — Я — студент. Немесе Я есть студент.
to be түріндегі етістік негізгі (оригинал) етістік болып саналады. Бірінші тұрған to деген қазақ тіліндегі етістіктердің соңындағы -у әрпіне ұқсас қызмет атқарады. to beетістігі әр жақта (I жақ, II жақ, III жақ) әр түрлі болып жазылады және көпше түрінде де басқаша жазылады. Тағы бір ескертетіні, кестедегі түрленулер тек осы шақтағы to be етістігі. Ал өткен шақтағы to be етістігі алдағы уақыттарда қарастырылады.
Бұл тақырып — ең оңай тақырып. Бір-екі оқығаннан-ақ игеріп кетуге болады. Егер сұрақтарыңыз бен ескертулеріңіз болса, пікір ретінде осында жазуларыңызға болады.
Кестедегі мысалдар аудармасымен бірге
I am not a teacher.
Мен – мұғалім емеспін.
You are taller than me.
Сіз менен ұзынырақсыз.
She is my sister.
Ол – менің сіңлім (әпкем, қарындасым).
It’s a book.
Ол – кітап.
We are students.
Біз – студентерміз.
You are not lazy.
Сендер (сіздер) жалқау емессіңдер (емессіздер).
They are students.
Олар – студенттер.
“Ол кітап жақсы” деген мен “Ол – жақсы кітап” деген сөйлемдердің жазылуында айырмашылық бар. Сол сияқты грамматикалық тұрғыда да айырмашылықтары бар. Мысалы: Ол кітап сатылмай қалды. | Ол – кітап.
Ағылшын тілі грамматикасы. 12-сабақ: Сұрау есімдігі (Interrogative Pronoun)
Сұрау есімдіктеріне мыналар жатады: who (whom), what, whose, which.
Who (ху) және whom (хум)
Who есімдігі – қазақша «кім» деген сұрау есімдігі. Мысалы:
Who played football yesterday? – Кеше кім футбол ойнады?
Who is that girl? – Анау қыз кім?
Whom есімдігі – қазақ тіліндегі «кімді» «кімге» деген сұрау есімдіктері. Мысалы:
Whom did you meet last night? – Кешегі түні кімді кездестірдің?
To whom did you tell about it? – Ол жайлы кімге айттың(ыз)? (немесеWho did you tell it to? | Who did you tell about it?)
What (уат)
What дегініміз қазаша «не» деген сұрау есімдігі. What есімдігі, негізінен, жансыз заттарға қатысты қолданылады. Мысалы:
What is this? – Бұл не?
What do you want to eat? – Не жегің(із) келеді?
What has happened? – Не болды?
What есімдігі адамдарға да қатысты қолданылатын ерекше жағдайлар бар. Мысалы, бір адамның мамандығы мен қызметін білгіңіз келсе, what сұрауесімдігі арқылы сұрайсыз.
What are you? – Сіз (мамандығыңыз бойынша) кімсіз?
What is your son? (He is an English teacher.) – Сіздің ұлыңыз кім (болып істейді)? (Ол – ағылшын тілінің мұғалімі)
What сұрау есімдігі лепті сөйлемдерде көңіл-күй мен эмоциялық жағдайларды білдіру үшін қолданылады. What есімдігінен соң a (an) белгісіздік артикліқойлады. Мұндай сөйлемдердегі what есімдігінің қазаша мағынасы «қандай» деген сөзге өзгереді. Мысалы:
What a wonderful day! – Қандай керемет күн!
What a nice car! – Қандай әдемі машина!
What an incredible day! – Қандай ғажайып (адам нанғысыз) күн!
Whose (хуз)
Whose сұрау есімдігі дегеніміз қазақ тіліндегі «кімнің» деген сұрау есімдігі. Whose есімдігі үнемі өзіне қатысты зат есімнің алдында тұрады. Мысалы:
Whose pen is this? – Мынау кімнің қаламы?
Whose father is that man? – Анау кісі кімнің әкесі?
Whose ball did you take? – Кімнің добын алдың(ыз)?
Which (уич)
Which есімдігі дегеніміз қазақ тіліндегі «қайсысы», «қай» деген сұрау есімдіктері.Бұл сұрауесімдігі көптің арасынан бір зат есімді анықтап алу үшінқолданылады. Which сұрау есімдігі жаны бар зат есімдерге де жаны жоқ зат есімдерге де бірдей қолданыла береді. Мысалы:
Which book did you read? – Сіз қай кітапты оқыдыңыз?
Which city is better: Astana or Shymkent? – Астана мен Шымкент қалаларының қайсысы жақсырақ?
Which of you speaks german? – Араларыңызда қайсыңыз немісше сөйлейсіздер? (Бұл жердегі “қайсыңыз” деген сұрау есімдігінің мағынасы “кім” дегенді білдіреді).
“It is me” немесе “It is I”
Ағылшын тілінде “Бұл — менмін” дегенді “It is I” немесе “It is me” деп айтады, жазады. Мен “It is me” дегенді үйренгенде таң қалдым. Өйткені қазақшаға аударсаңыз “Бұл — мені” немесе “Бұл — маған” деген тіркестер шығады. Бірақ “Ағылшын тілінің көп ерекшеліктерінің бірі болар” деген оймен ол жайлы көп ізденбедім. Кейін күндердің бір күнінде “It is I” деген тіркеске ұшырастым. Қате жазған дейін десем, үлкен жазушының немесе ағылшын тілі ана тілі болып саналатын шетелдіктің еңбегі екен. Оның үстіне, менің тіл білімім оныңкімен салыстырғанда түк те емес еді. Содан, бас қатты. “Қалай айтқан дұрыс екен?” деген сұрақ мазалады.
XVIII ғасырдағы ағылшын тілінің грамматикасында “It is I” деген тіркес дұрыс деп саналған. Әдеби шығармаларда осы тіркес қолданылған. Ағылшын грамматикасындағы осынау ереженың негізі латын тілінің грамматикасына негізделген екен. Бірақ бұл ереже “It is me” деп сөйлейтіндер үшін ешқандай кедергі болмады.
It is I — грамматикалық тұрғыдан алғанда, ережеге сай келетін тіркес. Грамматика бойынша жіктеу есімдігің атау септігендегі түрі (негізгі түрі) қолданылады.
It is me — идиомалық тіркес. Бұл идиомалық тіркесті басқа тілге аударғанда сіз негізгі мағынадағы тіркесті ала алмайсыз. Идиоманың ерекшелігі осында.
Қорытынды
“It is I” және “It is me” тіркестерінің екеуі де дұрыс, екеуі де қалауыңызға қарай қолданыла береді. Ауызекі сөйлеу тілінде “It is me” тіркесі көп қолданылады. Оны өздеріңіз де байқаған боларсыздар. “It is I” деп сөйлетін адамды кездестіру біраз қиындау.
“It is me” тіркесі әдеби шығармаларда да келе береді. Демек, ағылшын тілінің грамматикасы жазба әдебиет саласында “It is me” тіркесін қателікке шығара алмайды.
This is I немесе This is me
Бұл екеуінің мағыналары жоғарыда айтылған екі тіркеске тиесілі. “It” емес “This” болуының себебі әңгімеге арқау болып отырған адамның немесе заттың қолмен нұсқалып тұрғандығында. Мысалы, суреттен өзіңізді көрсетіп жатсаңыз, “This is me” немесе “This is I” дейсіз. “It is I” немесе “It is me” деген тіркестер жалпылама алғанда немесе көрінбей тұрған жағдайда қолданылады. Мысалы, есікті біреу тоқылдатты. Сіз: “Who is there?” деп сұрайсыз есікті ашпай тұрып. Есіктің арғы жағындағы адам: “It is I (me), Abai.” деп жауап береді.
Ағылшын тілі грамматикасы. 13-сабақ: Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдіктері (Indefinite Pronoun) сілтеніп тұрған тұлғаның кім екенін немесе заттың не екенін анықтамайды. Тек белгісіз түрде ғана сілтеме жасайды. Белгісіздік есімдіктеріне мыналар жатады: some, any, (some мен any-дің туындылары: somebody (белгісіз біреу), anybody ( кез-келген біреу), somewhere (бір жерде), anywhere (кез-келген жерде), something (бірдеңе, бір нәрсе), anything (кез-келген бірдеңе), someone (біреу), anyone(к-к біреу)), one (біреу, кейбіреу) …
Белгісіздік есімдіктері өте көп. Олардың барлығын бірден игеріп кету қиын әрі оның пайдасы да шамалы. Біздің сабақтарымыз бастауыш деңгейінде болғандықтан, сол деңгейге қажетті белгісіздік есімдіктерін қарастырамыз.
some және any
some есімдігі болымды сөйлемдерде, ал any есімдігі болымсыз, шартты және сұраулы сөйлемдерде қолданылады. Бұлар “бірнеше”, “кез-келген”, “қандай да бір” деген мағыналарды береді. Мысалы:
Sara has some difficult questions — Сараның бірнеше қиын сұрақтары бар.
Do you have any questions — (Қандай да бір) сұрақтарыңыз бар ма?
My brother don’t like any meat — Менің ағам ешқандай етті ұнатпайды.
Байқасаңыздар, соңғы сөйлемдегі (болымсыз сөйлем) any есімдігінің мағынасы қазақ тілінде “ешқандай” деген болымсыздық есімдігінің мағынасын беріп тұр. Бірақ оған қарамастан ағылшын иіліндегі мағынасы белгісіздік есемдігіне тиесілі болып қала бермек.
Алғашқы мысалдығы some есімдігі белгісіз түрде мөлшерлік мағына беріп тұр.
Егер some және any есімдіктерін дұрыс түсінсеңіздер, ол екеуінен туындайтын басқа да белгісіздік есімдіктерін түсіну оңай болады. Олардың соңғы бөлігінде тұрған сөздер есімдіктердің неге қатысты екенін көрсетіп тұрады. Мысалы, “somewhere” есімдігінің белгісіз бір мекенге, орынға қатысты айтылып тұрғаны көрініп тұр. Сол сияқты, “anything” есімдігінің кез-келген бір затқа сілтеме жасап тұрғанын біле аламыз. Өйткені “thing” сөзінің мағынасы “зат (нәрсе)” дегенді білдіреді.
Есте сақтаңыз!
someone, somebody, anyone, anybody білгісіздік есімдіктері адамға қатысты қолданылады. Ал something, anything белгісіздік есімдіктері заттарға (жансыз заттарға) қатысты қолданылады.
Ағылшынтіліграмматикасы: 14-сабақ: ‘Have’ немесе ‘have got’
Have немесе have got сөздерінің қайсын қолдану керек екенін білу көбіне оңай соқпайды. Дегенмен, ол өте қарапайым тақырып. Жақсы түсіну үшін мысалдарға дұрыстап назар аударыңыздар және салыстырып көріңіздер.
Have немесе have got сөздері сіздің бір затқа иелік ететіндігіңізді, сізге тиесілі заттың бар екенін білдіреді. Болымсыз түрде алдыңғы сөйлемімізде түсіндіргендерге қарама-қарсы мағынаны, яғни, сіздің иелігіңізде бір заттың (сөйлеушіге қатысты зат) жоқ екендігін білдіреді. Зат деген тек қана жансыз заттар деген ой болмасын (зат есім деп түсінген дүрыс болар). Олардан бөлек туыстық, жақындық және таныстық қатынастар жайлы айтылғанда да осы have немесе have got сөздері қолданылады.
……………………………………………………………..
Текқанаhaveсөзініңқолданылуы
Have арқылы сізге тиесілі заттар мен сіз істейтін әрекеттерді түсіндіруге болады. Мысалы:
I have a little shop in our village — Біздің ауылда (менің) кішігірім дүкенім бар.
I usually havebreakfast at 8 o’clock — Әдетте мен сағат сегізде таңғы асты жеймін. Немесе, әдетте, менің таңғы асым сағат сегізде.
to havebreakfast — таңғы аспен тамақтану, таңғы асты жеу.
……………………………………………………………..
Have gotсөзініңқолданылуы
Have got сөзін тек қана бір заттың сізге тиесілі екендігін (сізде бір заттың бар екенін) айту үшін қолданасыз. ағылшын тілінің грамматикасы бойынша, жасайтын әрекеттеріңіз жайлы айту үшін Have got сөзін қолдана алмайсыз. Мысалы:
I have got a little shop in our village — Біздің ауылда (менің) кішігірім дүкенім бар.
Wrong!
I usuallyhave got breakfast at 8 o’clock. Бұл мысал қате болып табылады.
……………………………………………………………..
Болымызтүрлері
Have: do not have, have no (Мыс: I don’t have a car. I have no computer);
Have got: have not got, have got no (Мыс: I have not got a car. I have got no computer).
Ескерту! have no мен have got no тіркестері қолданылатын сөйлемдерде ешқандай артикль болмайды. Мысалы:
I have no a computer. I have got no a computer.
……………………………………………………………..
Сұрақтүріндегіформасы
Do you have a cat? — Сенде/сізде мысық бар ма (Мысығың(ыз) бар ма)?
Have you got a cat? — Сенде/сізде мысық бар ма (Мысығың(ыз) бар ма)?
……………………………………………………………..
Өткен шақта қолданылуы
Өткен шақтағы сөйлемдерде have сөзі (had түрінде) қолданылады. Мысалы:
I had a car. I had got a car.
Ағылшын тілі грамматикасы. 15-сабақ: Ортақтық (өзаралық) есімдік (Reciprocal pronoun)
Ағылшын тілі грамматикасында Ортақтық (өзаралық) есімдігі (Reciprocal pronoun) бар. Оған “each other” және “one another” деген есімдіктер жатады. Екеуінің қазақ тіліндегі мағынасы “бірін-бірі”, “бір-бірімен” … дегенді береді. each other — адамдар мен заттарға қатысты (екі қатысушы), one another — екі немесе одан көп адамдарға ( немесе заттарға) қатысты. Алайда қазіргі кездегі грамматикада екеуінің ара жігін ажыратып жатқандарды кездестіре бермейсіз.
Ортақтық есімдігін қолданудағы мақсат — іс-әрекетке қатысып отырған екі адамдының немесе заттың бірдей әрекет жасап жатқандығын білдіру.
Айтылған анықтамамыз сіздерге ары қарай түсінікті болуы үшін бір-екі мысал келтіре кетейін.
Azat and Laura love each other. — Азат пен Лаура бір-бірін сүйеді.
They can’t see each other. — Олар бір-бірін көре(көрумағынасында) алмайды.
The students in this class use one another’s book. — Бұл сыныптағы студенттер бір-бірінің кітабын пайдаланады.
The teachers congratulated one another on World Teachers’ day. — Мұғалімдер бір-бірлерін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен құттықтады.
Қосымша айта кетер жағдай: “each other” және “one another” есімдіктерінің алдына көмекші сөздер жалғану арқылы сөйлемнің мағынасы өзгеріп отырады. Мысалы:
for each other – бір-бірі үшін;
to each other – бір-біріне;
from each other – бір-бірінен;
about each other – бір-бірі жайлы (туралы).
Ағылшын тілінің грамматикасы. 16-сабақ: “There is/are” тіркесі
Ағылшын тілінде бір заттың бар екендігін сипаттау үшін “There is (зериз)” және “There are (зера)” тіркестері қолданылады. Екі тіркестің де мағынасы бір, тек жекеше және көпше түрдегі формалары.
Заттың бар екендігін айтқанда ол заттың біреуге тиесілі екендігін айтпайды. Мысалы, “Менде алма бар” дегендей мағынада емес, “Дастарханда (үстелдің үстінде) алма бар” деген мағынада қолданылады.
Мысалы:
There is an apple in garden — Баудаалмабар.
I have two apples — Менде алма бар.
“There is/are” тіркесі арқылы жасалатын сөйлемнің құрылымы:
There is/are + зат есім + мекенпысықтауыш (қайда? деген сұраққа жауап береді)
There is/are тіркесіндегі “there” сөзі басқаша тұрғыдан қарағанда “анда (анау жерде)” деген мағынаны білдіреді. Егер сөйлемде анда (анау жерде) деген сөз кездессе, онда ағылшынша жазғанда сөйлемнің соңына мекенді (орынды) білдіретін “there” мекен үстеуі қолданылады. Мысалы: There is a couple of books there — Анау жерде 2 кітап бар.
Мысалда келтірілген “couple” сөзінің мағынасы “жұп” немесе “екеу” деген сөздерді береді. Олай болса неге “There are” емес “There is” тіркесі қолданылып тұр? Екікітап болса көпше түрдегі “There are” тіркесі қолданылуы тиіс емес пе? дегендей сұрақ тууы мүмкін. Жауап: “couple” жекеше түрде болғандықтан “There is” тіркесі қолданылды. Бұл жағдайда сіздің ойыңыздағы мысал мынадай болуы керек: There are two books there.
“There is/are” тіркесі осы шақта айтылып тұр. Оның өткен шақтағы нұсқасы “There was/were“, келер шағы: There will be
English Grammar. 17-сабақ:Сұраулысөйлемніңтүрлері
Бұл сабағымызды сұраулы сөйлемдердің түрлеріне (сұрақтың түрлері) арнаймыз.
Ағылшын тілінің грамматикасында қолданылатын сұраулы сөйлемдердің негізгі төрт түрлі формасы бар. Олар:
Yes/no questions (closed questions) немесе General questions
WH questions немесе Special questions
Tag questions немесе Disjunctive questions
Alternative questions……………………………………………………………………………………..
Yes/no questions (иә/жоқ) — сұралған сұраққа берілетін жауап жабық болады (closed question), яғни, “иә” немесе “жоқ” деген жауаптардың біреуі қайтарылады, жауаптарға қарап сұрақтың қандай сұрақ екендігін ажырата алмайсыз. Мысалы:
Are you from Russia? — No. (No, I am not)
Do you know about new neighbour? — Yes. (Yes, I do)
Естесақтаңыз! Жақшаның ішіндегі жауаптар аз ғана созылыңқы (толығырақ) түрде берілген жауаптар болып табылады. Екеуінің (жақшадағы және жақшаның алдындағы) де мағыналары бірдей.
Жабық сұраулы сөйлемдердің жоғарыда келтірілгендерден де басқа түрлері бар. Мысалы, жасыңыз бен тұратын қалаңыз, т.б. жайлы сұрақтар болса, онда сіз ондай сұрақтарға бірауыз сөзбен, қысқаша түрде жауап бересіз. Ол жауаптар жабық жауаптардың қатарына жатады. Дегенмен, грамматикалық тұрғыда жабық сұрақ жайлы айтылғанда, көбінесе, “yes” немесе “no” жауаптары бар сұраулы сөйлемдер негізгі анықтаманы береді.
……………………………………………………………………………………………………
WH questions — what, when, why, who, where, whose, whom, which, how деген арнайы сұраулы сөздер арқылы жасалатын сұраулы сөйлемдердің келесі бір формасы. WH дегеніміз әр бір сұраулы сөздің бастапқы екі әріптер. Бірақ, жалғыз ғана how сұраулы сөзі жазылуы бойынша басқаларынан өзгеше.
Мысалы:
What is your name? — My name is Assan.
Where do you live? — I live in Taraz.
How long do you sleep? — I sleep about 8 hours a day.
……………………………………………………………………………………………………
Tag questions (ілмектісұрақтар) — сұраулы сөйлемнің алдыңғы бөлігінде айтылған сөздерге қосымша ілмек-тіркес жалғанып жасалатын сұраулы сөйлемнің бір формасы. Соңынан жалғанатын ілмек-тіркес алдыңғы бөліктегі сөйлемге тікелей байланысты және үтір арқылы жазылады. Мысалы, алғашқы бөлікте to be етістігі болымды түрде қолданылса, ілмек-тіркесте to be етістігінің болымсыз түрі қолданылады. Алдыңғы бөлікте to be етістігін, ал кейінгі бөлігінде басқа түрдегі етістіктерді қолдана алмайсыз. Мысалы:
You are smart, aren’t you? — Сенақылдысың, солайемеспе?
She comes tomorrow, doesn’t she? — Олертеңкеледі, солайемеспе?
Жоғарыда келтірілген мысалдар болымды түрде болса, төмендегі мысалдар болымсыз түрде. Дұрыстап қарап, барынша дұрыс түсінуге тырысыңыздар.
They aren’t students, are they? — Оларстудентемес, солайемеспе (солайғой)?
Yes, they aren’t —Иә, солай (оларстудентемес).
We don’t play today, do we? —Бізбүгінойнамаймыз, солайемеспе?
No. We play — Жоқ, олайемес.Ойнаймыз.
Естесақтаңыз!
I am a teacher, am I not? деген сұрақ дұрыс емес. Дұрысы: I am a teacher, aren’t I? болады. Егер ақылға салып, салыстырмалы түрде қарасаңыз, алғашқысы дұрыс болуы керек. Алайда, ағылшын тілі грамматикасының ережесіне сай келетіні тек екіншісі. Егер алғашқы нұсқасының қолданылуын кездестірсеңіз, таңа қалмаңыз. Ауызекі тілде ондай жағдайлар қалыптасып қалған. Ол жерде ол нұсқаны қате дей алмайсыз.
…………………………………………………………………………………………………….
Alternative questions (Баламалы сұрақтар) кемінде екі немесе одан да көп жауаптарды ұсынады, яғни, көп жауаптың ішінен біреуін ғана таңдайсыз немесе біреуі ғана дұрыс болады. Бірақ бұл қатып қалған ережесі емес. Бірнеше баламалы жауаптар ерекше интонациямен айтылады.
Мысалы:
Would you like tea, coffee or milk? — Шай, кофенемесесүтқалайсызба?
Coffee —Кофе. Қысқаша жауап, бірақ нақты.
Will you come today or tomorrow? — Сізбүгінкелесізбе, ертеңкелесізбе?
I will come tomorrow — Менертеңкелемін. Толығырақ жауап, нақты жауап.
Сабақтытүсіріпалыңыз
18-сабақ:Ауыспалыосышақ (Present Simple Tense)
Осы шақ — әңгіме болып жатқан шақта болып жатқан оқиғалар мен іс-әрекеттерді сипатттайтын, күнделікті өмірде істейтін әрекеттерді сипаттайтын етістіктің шағы. Ағылшын тілінде осы шақтың 4 түрі бар (қазақ тілінде осы шақтың 2 түрі бар: ауыспалы осы шақ, нақ осы шақ):
Present simple (ауыспалыосышақ);
Present continuous немесе Present progressive (нақосышақнемесесозылыңқыосышақ);
Жоғарыда атағанымдай екі тілдегі осы шақтың түрлері әр түрлі болып келеді. Қазақ тілі мен ағылшын тілінде сәйкес келетіндері: ауыспалы осы шақ (Present simple) пен нақ осы шақ (Present continuous). Бұл сабағымызда ағылшын тіліндегі осы шақтың осы алғашқы түріне тоқталамыз. Алдағы сабақтарда нақ осы шақ (Present continuous) тақырыбы қарастырылады. Ал одан басқа екеуі келесі деңгейдің сабақтарына жатады.
Present simple — ауыспалыосышақ
“Present simple” тіркесін қазақшаға сөзбе-сөз аударатын болсақ, “жай осы шақ” деген мағына шығады. Жай осы шақ дегеніміз қазақ тілі грамматикасындағы ауыспалы осы шақ. Мысалы: ойнаймын, оқимын, келеміз, жүзесің, ойланады, …
Present simple осы шақта айтылатын қалыпты, күнделікті тіршілікте қалыптасып кеткен іс-әрекеттерді сипаттайды. Іс-әрекеттерге күн сайын істейтін ұйқыдан тұру (get up), жуыну (wash up), жүру (go), т.б. секілді етістіктерді жатқызуға болады. Кесте бойынша немесе күнделікті режимге кіретін әрекеттер де Present simple арқылы сипатталады. Мысалы: I get up at seven o’clock — Мен сағат жетіде оянамын (ұйқыдан тұрамын).
Болымды түрі: He plays (олойнайды). || We speak English (Бізағылшыншасөйлейміз).
Болымсыз: He does not play (Олойнамайды). || We do not speak English (Бізағылшыншасөйлемейміз).
Сұраулы: Does he play (Олойнайдыма?)? || Do we speak English (Бізағылшыншасөйлеймізбе?)?
English Grammar. 19-сабақ: Нақ осы шақ (Present Continuous)
Present Continuous Tense (Present Progressive Tense) — нақ осы шақ немесе созылыңқы осы шақ — тура әңгіме болып жатқан кездегі іс-әрекеттерді сипаттайды. Мысалы: I am writing a letter — Мен хат жазып отырмын.
Ағылшын тіліндегі нақ осы шақтың жасалу жолы (формуласы)
Мысалы: Azat is eating — Азат тамақтанып отыр
Azat — Subject
is — to be verb
eating — verb+ing
Ағылшын тіліндегі нақ осы шақ -ing (АйЭнДжи) жалғауының жалғануы арқылы ерекшеленсе, қазақ тіліндегі нақ осы шақ “отыр”, “жатыр”, “тұр” етістіктері арқылы жасалады.
Нақ осы шақтағы сөйлемдердің түрлері
Жай сөйлем: We are playing football.
Сұраулы: Are we playing football?
Болымсыз: We are not playing football.
English Grammar. 20-сабақ:Өткеншақ (Past Simple Tense)
Ағылшын тілінде өткен шақтың 4 түрі бар:
Past Simple;
Past Continuous;
Past Perfect;
Past Perfect Continuous.
Бұл сабағымызда тек Past Simple Tense тақырыбын қарастыратын боламыз.
Өткен шақта болған іс-әрекеттерді етістіктің өткен шақтағы түрімен сипаттаймыз. Өткен шақ етістіктерінің қарапайым түрі — Past Simple Tense.
Past Simple Tense өткен шақта болған әрекетті нақты сипаттайды. Ол сипаттап тұрған уақыт осы шақтан бұрын болған, яғни, қазіргі уақытпен еш байланысы болмайды. Мысалы:
We played — Бізойнадық.
She washed her car — Ол (қыз) машинасынжуды.
I studied in Almaty — МенАлматыдаоқыдым.
Әдетте, өткен шақта тұрған етістіктердің соңы -ed жалғауымен аяқталады. Бірақ бұл ережеге бағынбайтын етістіктер де жетерлік. Оларды жаттап алуларыңыз керек. Жоғарыдағы ережеге бағынбайтын етістіктердің тобын бұрыс етістіктер (Irregular Verbs) деп атайды. Бұрыс етістіктердің кейбірі төмендегі тізімде.
Regular form
Irregular form
Қазақша мағынасы
go
went
бару
come
came
келу
speak
spoke
сөйлеу
drink
drank
ішу
begin
began
бастау
do
did
істеу
eat
ate
жеу
fall
fell
құлау
feel
felt
сезу
fly
flew
ұшу
get
got
алу
give
gave
беру
make
made
жасау
run
ran
жүгіру
say
said
деу, айту
see
saw
көру
sell
sold
сату
stand
stood
тұру
swim
swam
суға шомылу, жүзу
take
took
алу
tell
told
айту
think
thought
ойлану
throw
threw
лақтыру
understand
understood
түсіну
wear
wore
киіну
win
won
Жеңу, ұту
write
wrote
жазу
Regular және Irregular түрде де бірдей жазылатын бұрыс етістіктер бар. Олар:
Өткеншақтағы “to be” және “to have” етістіктерініңөткеншақтағытүрлері (кестелердің үстінен шертіп үлкейтуге болады).
Ағылшын тілі грамматикасы. 21-сабақ: Келер шақ (Future Tense)
Келер шақ арқылы болашақта орындалатын іс-әрекеттер мен жоспарлаған іс-әрекеттерімізді әңгімелей аламыз.
Ағылшын тіліндегі келер шақ Future Tense (Future Simple Tense) деп аталады. Оның бірнеше жасалу жолдары бар.
Future Tense, әдетте, shall және will көмекші сөздері арқылы жасалады (will+verb).
Ереже! Грамматикалық ережелерге сай “shall” сөзі тек бірінші жақта жекеше және көпше түрде (I shall, We shall) қолданылады. Басқа жақтарда (екінші, үшінші жақтар: you, he/she/it, they) “will” көмекші сөзі қолданылады. Бірақ, қазіргі кездегі ағылшын тілінде бірінші жақта да “will” сөзі қолданыла береді.
Мысалы:
I (or We) shall learn English — Мен (немесе біз) ағылшын тілін үйренемін (үйренеміз).
Askhat will come tomorrow — Асхат ертең келеді.
My grandfather will go to Astana — Менің атам Астанаға барады.
Болымсыз: Your mother will not (wil not=won’t) work on next week — Сенің анам келесі аптада жұмыс істемейді.
Сұраулы: Will they call us? — Олар бізге телефон соға ма?
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Present Simple арқылы келе шақтың жасалуы
Ауыспалы осы шақ (Present Simple) арқылы келер шақтағы сөйлемді жасау үшін осы шақ сөйлемінде міндетті түрде келер шаққа қатысты мезгіл үстеуі болу керек. Мысалы:
We have an exam on next Friday — Келесі жұмада біздің емтиханымыз бар.
Sayat comes tomorrow — Саят ертең келеді.
The bus goes tonight — Автобус бүгін кешке (түнде) жүреді.
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Futere Tense сөйлемдері нақ осы шақ (Present Continuous) арқылы да жасалады. Бірақ сөйлемде келер шақтың мезгіл үстеуі болу керек.
Мысалы:
I am visiting you tomorrow — Мен ертең сізге (саған) қонаққа барамын.
What are you doing on next Sunday? — Келесі жексенбіде не істегелі жатырсыз?
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
“going to” тіркесі арқылы да келер шақ сөйлемдерін жасауға болады. Оның формуласы мынадай: going to + verb
Мысалы:
I am goint to have a test — Мен(алдағы уақытта)тест тапсырғалы жатырмын.
My brother going to study Mechanical Engineering — Менің ағаммашина жасау мамандығын оқиды.Алдағы уақытта сол мамандыққа түседі.
Are you going to do this work later? — Сен бұл жұмысты кейінірек жасайсың ба? _ _ _ _ _ _
22-сабақ: Many & much (how many/how much)
Many және much сөздерінің мағыналары бірдей. Екеуі де “көп” деген мағынаны білдіретін сөздер. Бірақ неге екеуі екі түрлі? – деп, өзіңізден өзіңіз сұрауыңыз мүмкін. Олай болса, сұрақ өте орынды қойылған болады.
Many мен much — мөлшерді білдіретін сөздер(ағылшынша: мөлшер есімдіктері – Quantitative pronouns).
Екеуінің де мағынасы бір, бірақ қолданылуы екі түрлі. Мысалы, заттардың арасында саналатын және саналмайтын заттар бар. Many саналатын заттардың мөлшері (саны) көп екендігін білдірсе (көпше түрдегі зат есімдермен бірге жазылады), much саналмайтын заттардың мөлшері көп екендігін білдіреді.
Мысалы: Ақшаны “10 ақша, 30 ақшалар, 50 ақша” деп санай алмаймыз. Сондықтан ол much арқылы жазылады — much money
Теңгені санай аламыз (many tenge (теңгенің көпше түрі де теңге. Сондықтан соңына -s жалғауы жалғанбайды), many dollars), бірақ қазақша “көп теңге(лер)” деген тіркес дұрыс емес. Оның орнына “көп ақша (much money)” деген тіркесті қолданамыз.
many
My sister has many books — Менің әпкемде көп кітаптар бар.
My neighbor has many friends — Менің көршімнің көп дос(тар)ы бар.
much
My sister has much work to do — Менің әпкем көп жұмыс істеу керек.
There is much money — Көп ақша бар.
. . . . . .
How many және how much
Бұл екі тіркес те жоғарыдағы екеуі секілді саналатын немесе саналмайтын заттарға қолданылады. Бірақ сұраулы сөйлемдерде қолданылатындығын есте сақтаңыз. Сол себепті де мағынасы “көп” емес, “қанша” дегенді білдіреді.
Мысалы:
How many tenge (dollars) have you paid? — Қанша теңге (доллар) төледің?
How much money does your father have? — Сенің әкеңде қанша ақша бар?
. . . . . .
How much = a lot of
Кейде how much-тың орнына a lot of тіркесі қолданылады. Бірақ сөйлемнің мағынасы өзгермейді. Мысалы:
I have much money.
I have a lot of money.
How much money do I have? . . . . . Сабақты түсіріп алу
_________________________________________
Тақырып бойынша жаттығу
How ____ songs do you know?
He has so ____ friends.
Hurry up! We don’t have so ____ time.
You have too ____ money. Can you lend me?
How ____ tenge do you need?
There are ____ students in the theatre.
How ____ of you speak English?
How ____ brothers do you have?
My father doesn’t drink ____ coffee.
There are too ____ children in our house.
How ____ does this T-shirt cost?
How ____ tenge does this cap cost?
It is not easy to say how ____ books I have.
How ____ litres do these cows produce?
How ____ milk should you drink?
Too ____ teachers get no respect from pupils.
We use „____“ with countable nouns, „____“ with uncountable nouns.
many – much, 18. much, 19. much, 20. much – many – many
Ағылшын тілінің грамматикасы. 23-сабақ: A lot and a lot of/lots of
Бұл тақырып бойынша шатаспайтын адам кем де кем болар, сірә. Егер осы үш сөзді шатастырып алатын болсаңыз, қам жемеңіз.
Бір-біріне өте ұқсас үш тіркес бар. Олардың біреуінің мағынасы өз алдына бір бөлек болса, екеуінің мағынасы бірдей.
lot — көп.
A lot of=Lots of — мөлшерді білдіретін сөздер (ағылшынша: мөлшер есімдіктері – Quantitative pronouns).
A lot of және Lots of тіркестерінің мағыналары бірдей. Олар бір заттың немесе адамдардың мөлшерінің немесе санының көп екендігін білдіреді.
Үнемі көпшетүрдегі саналатын зат есімдердің және жекеше түрдегі саналмайтын зат есімдердің алдында тұрады.
A lotof пен Lots of екеуі осының алдындағы сабақта өткен Many және Much екеуінің бейресми баламасы, яғни, informal түрі.
Мысалы:
A lot ofstudents do not like mathematics.Lots ofstudents do not like mathematics.
Жоғарыдағы екі сөйлемнің де мағынасы бірдей: Студенттердің көбісі (Көптеген студенттер) математиканы ұнатпайды.
A lot of және Lots of тіркестері саналатын (countable) және саналмайтын (uncountable) зат есімдермен де қолданыла береді.
with countable nouns:
They need a lot of people to dance “Kara zhorga” — “Қара жорға”-ны билеу үшін оларға көп адам қажет.
There are lots of books on my table — Менің үстелімнің үстінде көп кітаптар бар.
with uncountable nouns:
They need a lot of money to buy a new car — Жаңа машина алу үшін оларға көп ақша керек.
There is (still) lots of snow in Astana — Астанада (әлі де) қар көп.
Қараңыз!
Саналатын заттарға (көпше түрінде) мысал келтіргенде There are болды, ал саналмайтын заттарға мысал келтіргенде There is болды. Неге? Бұл ереже жайлы мынажерден біле аласыздар.. . . . . . . . . .
A lot ≠ A lot/ Lots of
A lot сөзінің сөзбе-сөз мағынасы “көп” дегенді білдіргенімен қолданылу аясы, яғни, сөйлемдегі мағынасы мүлдем бөлек. Ол adverb (үстеу) ретінде қолданылады. Мағынасы: өте көп, көп, өте жиі, жиі, (кейде әлдеқайда дегенді де білдіреді). A lot ешқашан зат есімнің алдында келмейді, көбінде сөйлемнің соңында келеді.
Мысалы:
Students play football a lot — Студенттер футболды өте көп (жиі) ойнайды.
We go to the biggest swimming pool a lot — Біз ең үлкен хауызға (бассейнге) көп барамыз.
She doesn’t go there a lot anymore — Ол (қыз) ол жаққа енді жиі (көп) бармайды.
He feels a lot better — Ол (жігіт) өзін әлдеқайда жақсы сезінеді.. . . . . . .
Тақырып бойынша жаттығу
I like Almaty ____.
She has ____ friends in Aktau.
Timur bought ____ coins for his collection.
My father has ____ experience.
I would like to have ____ books.
I would like to read it ____.
He likes to put ____ sugar in tea.
It helped me ____ in my career.
He helped me to change ____ money.
You enjoy swimming ____.
Kuralai has ____ money. She has _____ jewellery.
I go shopping ___. But I don’t save ____ my money.
I don’t see ____ things in my room.
Turan went to Shymkent ____ last year.
It was ____ better last month.
Our professor did ____ researches. We did not see him ____.
Ағылшынтілініңграмматикасы. 24-сабақ: to do етістігі
I do (мен істеймін), they do (олар істейді), she does (ол (қыз) істейді) …
to do — көмекші етістік
Сұраулы сөйлемдерде “Do you …”, “Do they …” деп келетін түрлеріндегі to do етістігі көмекші етістік ретінде қолданылады. Көмекші етістіктерді ағылшын тілінде “auxiliary verbs” деп атайды. Көмекші етістіктері бар сөйлемде міндетті түрде негізгі етістік болады және ол алғашқы формасында жазылады. Мысалы:
Do you come tomorrow? | Did he take the ball?
. . . . . . . .
to do екпінмен айтылатын болымды лепті сөйлемдерде
to do етістігі бұл түрде көп қолданылмайды. Ағылшын тілі грамматикасында бұл түр, көп жағдайларда, қарастырылмайды. Сондықтан да, кейбіріңіз үшін жаңалық болуы да мүмкін.
to do етістігі қатысатын екпінді сөйлемдер міндетті түрде болымды түрде және лепті сөйлем болуы тиіс. To do сөйлемге екпін береді (emphasis). Мұндай сөлемдерде қалыпты сөйлемдегідей негізгі етістігі болады, оған to do тек қосымша, үстеме ретінде қосылады. Мысалы:
I do like this film! — Мен мына фильмді ұнатамын!
Saken did like this shirt! — Сәкен мына жейдені ұнатты!
Ағылшын тілі грамматикасы. 25-сабақ: A little/a few and little/few
Тақырыптың жазылуы қандай түсініксіз болса, сабақ та солай түсініксіз тақырып төңірегінде болмақ. Түсініксіз дегенге мүлдем түсініксіз екен деген ой болмасын. Түсінесіз, қазір осы сабақты оқып отырып түсінесіз, бірақ үйренгеніңізді қолданбасаңыз қайтадан түсінбей қаласыз. Назар салып қараңыз, a little мен little сөздерінің жазылуы бірдей емес, тек ұқсас. A few мен few сөздері де сол секілді.
A little and a few
A little және a few сөздерінің мағынасы бірдей, “аз, аздаған” және “бірнеше” дегенді бідіреді. Бірақ қолданылу ерекшеліктері аздап басқаша. Болымды сөйлемдерде қолданылады. A little және a few сөздерінен кейін келетін саналатын зат есімдер көпше түрде болады, ал саналмайтын зат есімдер негізгі формасында болады. Саналмайтын зат есімдердің кейбірінің мағынасы көпше түрдегідей мағынаны береді (мысалы: су. Су саналмағанымен оның мөлшері көп).
A little дегенді саналмайтын зат есімдермен (uncountable nouns) бірге болымды сөйлемдерде (мағыналық жағынан да болымды сөйлем) қолданамыз. Мысалы: a little milk –аздаған, аз сүт, a little honey – аздаған бал, a little money – аздаған ақша. 3 money (қате) – a little money (дұрыс).
A few-дің де мағынасы “аздаған, бірнеше” дегенге саяды. Бірақ a little секілдісаналмайтын емес, керсіне, саналатын заттармен қолданылады. Мысалы: 3 friends – a few friends (бірнеше дос), a few dogs (бірнеше ит, аздаған ит (саны көп емес)), a few apples (бірнеше алма).
Little and few
A little ≠ little (a few ≠ few). Формула түсінікті болар. A артиклінсіз жазылатын little және few сөздерінің мағынасы “аз, шектеулі мөлшерде аз” және “мүлдем аз”, “небары бірнеше, бар болғаны бірнеше-ақ” дегендей мағыналарға сай келеді. Көбінде, болымсыз немесе мағынасы болымсыз сөйлемдерде қолданылады. Төмендегі мысалдарға мұқият қараңыз. Айырмашылықтарын барынша есте сақтауға тырысыңыз.
Мысалы:
We need a little money — Бізге аздаған ақша керек.
We need little money — Бізге аз-ақ (аз ғана) ақша керек.
A few friends visited me — Бірнеше досым қонаққа келді.
Few friends visited me — Небары бірнеше-ақ досым қонаққа келді.
Күнделікті өмірде Little and few сөздері қолданыла бермейді. Дегенмен, оларды қолдану қате болып саналмайды. Олар ресми түрдегі сөздер қатарына жатады. Little-дің орнына much/many сөздерін қолдану тиімдірек. Мысалы:
I need little money = I don’t need much money.
Few friends visited me = Not many friends visited me.
26-сабақ: Prepositions of Time (in, on, at, ago, after)
Preposition — қазақ тілінде: көмекші сөз — сөйлемнің мүшесі болып, оның мағынасына өз үлесін қосатын, бірақ жеке тұрғанда ешқандай грамматикалық мағынасы жоқ сөз, көмекші сөз.
Грамматикалық мағынасы болмағандықтан да олардың қазақ тіліндегі нақты аудармасы бола бермейді. Мысалы, on Sunday — жексенбіде (жексенбі күні), in box — қорапта (қораптың ішінде).
Бұл тақырыпта ағылшын тіліндегі уақытқа, мезгілге қатысты көмекші сөздерді қарастырамыз. Ескертетін жәйт: ағылшын тіліндегі уақытқа қатысты барлық prepositons қамтылмайды. Ең негізгі деген, бастауыш деңгейді үйренушілерге қажетті дегендерін өтеміз.
in — уақытқа қатысты қолданылатын көмекші сөздердің бірі. Ол қазақ тіліндегі -да (-де, -та, -те), -ы (жыл-ы) дегендей жалғаулар сияқты сөйлемге мағына береді. Кей кездері оған лайықты қазақша жалғау да болмайды. Мысалы: in October – қазанда (ай), in 1932 – 1932 жылы, in two week – екіаптада, in the morning – таңертең, in 90s – 90-шыжылдары.
Preposition
Use (қолданылуы)
Examples (мысалдар)
in
Months (айлар)
in July, in September, in February
Year (жыл)
in 1985, in 1999, in 90s,
Seasons (мезгілдер)
in summer; in the summer of 69
Part of the day (күннің бөліктері)
in the morning, in the afternoon, in the evening
Duration (уақыт ұзақтығы)
in a minute, in two weeks, in three months
on — уақытқа қатысты қолданылатын көмекші сөздердің бірі. Ол апта күндерімен, күндермен (даталармен) және, т.б. уақыттық сөздермен бірге қолданылады. Мысалы:on Sunday – жексенбіде, on september 11st. – 11-ші қыркүйекте.
Preposition
Use (қолданылуы)
Examples (мысалдар)
on
Days of week (апта күндері)
on Friday; on Saturday,
Day/date (күн)
on 26th october; on that day, in 2008
Special holydays (арнайы мерекелер)
on Good Day; on Easter Sunday, on my Birthday
a part of a special day ( ерекше күннің бір бөлігі)
on the morning of October 15th
at — бұл да бір уақытқа қатысты көмекші сөз. Бұл, көбінде, қалыптасып кеткен тіркестер мен сағатқа қатысты уақытты айтқанда қолданылады. Мысалы: at 5 o’clock, at night.
Preposition
Use (қолданылуы)
Examples (мысалдар)
at
time of day (күндегі уақыт)
at 6 o’clock, at 11.45 (11:45)
fixed phrases (қалыптасқан тіркестер)
at the same time, at the moment, at present, at weekend
Celebrations (мерекелер, мейрамдар)
at Christmas, at Easter
Part of the day (күннің бөліктері)
at night, at midnight,
ago — уақыттық көмекші сөз. Бастауыш деңгейді меңгерген адам білуі тиіс. Мағынасы: бұрын, алдын. Ago сөйлеп тұрған кез бен өткен уақыттың арасындағы уақытты білдіреді. Мысалы: five years ago – бес жыл бұрын, 10 months ago – он ай бұрын (алдын), long ago – ұзақ уақыт бұрын.
after — уақыттық көмекші сөз. Бастауыш деңгейді меңгерген адам білуі тиіс. Мағынасы: соң, кейін. After сөзінен кейін үнемі уақытты білдіретін негізгі сөз келе бермейді. Мысалы: after school, after jogging, after 6 o’clock.
to do етістігі: қатемен жұмыс
Ағылшын тілін енді үйреніп келе жатқандардың біразында кездесетін қателік, олар үшін қиындық, болып табылатын кейбір есте сақтар ескертпелер бар. Соларға тоқталайық.
do, does, did — көмекші етістік ретіндегі to do-дың түрлері
do, does — to do көмекші етістігінің осы шақтағы түрі
did — to do көмекші етістігінің өткен шақтағы түрі
to do етістігінің жазылуы үш түрлі кездеседі: do, does, did. Олардың әр қайсысының өздеріне тән қолданылу ережелері бар, бір-бірінің орындарын ауыстыруға болмайды. to do етістігі туралы.
do + infinitiveto do етістігін қолданып сөйлем құраған кезде сөйлемнің негізгі етістігі ретінде алынатын етістіктің дұрыс жазылуында қате кетеді. to do етістігі келген сөйлемдегі негізгі етістік алғашқы формасында, яғни, инфинитив формасында жазылады. Ал егер үшін жақта етістіктің алғашқы формасына -s жалғауын жалғасаңыз, онда сөйлеміңіз қате болады. Мысалы:
| Does she speak Russian? — Ол (қыз) орысша сөйлей ме?
Жоғарыда айтылғандар to do етістігінің өткен шақтағы түріне (did) де қатысты. Did-ті қолдана отырып та етістіктің алғашқы формасына -s жалғауын жалғап қоятындар болады. Мысалы: | Did he play football yesterday? — Ол (бала) кеше футбол ойнады ма?
Ағылшынтілініңграмматикасы. 27-сабақ: Prepositions of Place (1): in, on, at, above, below, over, under
Ағылшын тілінде орынға (мекенге) және қозғалыс бағытына арналған көмекші сөздер бар. Олардың кейбірі уақытқа қатысты да қолданылабереді. Мысалы, осының алдындағы сабақта өткен уақытқа қатысты көмекші сөздерден in, on және at дегендері орынға қатысты да қолданылады.
in — кеңістік, бөлме, ғимараттың түрлері, көше, қала (ауыл), кітап, көлік, сурет, қағазға, теңіз-көлдерге қатысты қолданылатын көмекші сөз. Мағынасы қазақ тіліндегі “ішінде” дегенді білдіреді. Бірақ бұл сөзбе-сөз аудармасы емес. Қазақша аудармасы жоқ. Мысалдар:
in English
Қазақша
in the air
ауада, әуеде
in the kitchen
ас үйде
in the book
кітаптың ішінде, кітапта
in the sea (river)
теңізде (өзенде)
in the box
қорапта, қораптың ішінде
in Almaty
Алматыда
in the city
қалада
in Kazakhstan
Қазақстанда
in a park
саябақта
on — бір заттың екінші бір заттың үстінде, бетінде, кей сөздерде ішінде екендігін білдіретін көмекші сөз. Көшеге, тегіс беті бар заттарға және қоғамдық көліктер мен теледидар (радиоға) қатысты қолданылады. Мысалы:
English
Қазақша
on the box (table)
қораптың (үстелдің) үстінде
on the 3rd floor
3-ші қабатта
on Main Street
орталық (басты) көшеде
on 2nd Avenue
екінші даңғылда
on the surface
бетінде (жазықта)
on the radio (TV)
радиода (теледидарда)
on the bus
автобуста
Ал бағытқа қатысты: оң жақта, сол жақта, алды да деген сияқты сөздермен бірге қолданылады. Мысалы: on the right (оң жақта), on the left (сол жақта), straight on(алдында, турасында).
at — бір заттың белгілі бір орында, жерде, бір заттың айналасында, маңында тұрғандығын сипаттағанда және концерт, кино секілді адам жиналатын жағдайларды сипаттағанда қолданылады. Мысалы: at ther corner (бұрышта), at the bus stop (аялдамада), at the concert (концертте)…
in English
Қазақша
at the door
есікте, есіктің маңында
at the top of page
беттің жоғары жағында
at the meeting
кездесуде
at the conference
конференцияда
at the end of street
көшенің соңында
at the cinema
кинотеатрда
‘
Осылай қалыптасқан тіркестер.
above — жоғары. Above сөзінің синонимі — over. Бірақ екеуінің екі бөлек түсінік беретін кездері де болады.
Бір зат екінші бір заттан жоғары тұрған болса, және екі заттың арасында ашық орын (кеңістік) болса, онда above көмекші сөзі қолданылады және ауа-райын айтқанда да қолданылады. Мысалы:
The picture hangs above your bed — Сурет сенің кереуетіңнің жоғарысында (үстінде) ілініп тұр.
Our plane is above the clouds — Біздің ұшағымыз бұлттардың үстінде (яғни, бұлттардан жоғары биіктікте ұшып келеді).
Three degrees above zero — Үш градус нөлден жоғары.
below — төмен. Below сөзінің синонимі — under. Бірақ екеуінің екі бөлек түсінік беретін кездері де болады. Below сөзі above сөзіне антоним болғандықтан түсіндірмесі толықтай керсінше болады. Мысалы:
The Karakiya Depression is located 132 m below sea level — Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 метр төмен(дікте) орналасқан.
The Temperature is below zero — Температура нөлден төмен.
over — үсті, үстінде. Over сөзінің above сөзіне ұқсас болуы: екеуі де бір заттың жоғарғы жағында орналасады. Above заттың үстіне тимей тұрған жағдайда, ал over тиіп тұрған жағдайда қолданылады. Мысалы:
Put your jacket over your shirt — Күртешеңді жейдеңнің үстіне қой.
The cat jumped over the wall — Мысық қабырғаның үстінен секірді.
under — асты, астында. Under көмекші сөзі over көмекші сөзіне антоним болғандықтан түсіндірмесі over-нің түсіндірмесіне толықтай кері болады. Мысалы:
The cat is sleeping under the table — Мысық үстелдің астында ұйықтап жатыр.
I have found three apples under the apple tree — Алма ағашының астынан үш алма тауып алдым.
Ағылшын тілінің грамматикасы. 28-сабақ: Prepositions of Place (2): by, beside, next to, close to, near, in front of, behind
by, beside, next to, close to, near, in front of, behind
Бұл сабақта бұған дейін басы басталған орынға (мекенге) қатысты көмекші сөздерді жалғастырамыз.
by — қолданылу аясы өте кең көмекші сөздердің бірі. Бұл сабақта оның орынға, мекенге қатысты қызметін қарастырамыз.
by көмекші сөзі “маңында”, “жанында”, “қасында”, т.с.с. мағыналарды береді. Мысалы:
We live in a large cottage by the sea — Біз теңіздің жанында үлкен коттеджде тұрамыз.
The ball is by the bed (the bed is by the window) — Доп кереуеттің жанында тұр (кереует терезенің жанында).
beside = by = next to
beside және next to көмекші сөздерінің мағыналары by көмекші сөзінің мағынасымен пара-пар.
close to — бір заттың екінші бір заттың жақын маңында (қасында, жанында) бірақ нақты қай жағында тұрғаны белгісіз екендігін білдіру үшін қолданылады. Екі заттың арасында басқа да заттар болуы мүмкін. Ал by, beside, next to сөздері арасында ештеңе болмайтын кезде қолданылады. Мысалы:
Your house is close to the railway station — Сендердің (сіздердің) үйлерің(із) темір жол станциясына (вокзалға) жақын маңда.
The school is close to the hospital — Мектеп аурухананың жанында (өте жақын жерде).
near = close to
near көмекші сөзінің мағынасы тура close to көмекші сөзініңкіндей.
in front of — “алдында (алдынғы жағында)” деген мағынаны беретін көмекші сөз. Мысалы:
The cat is sleeping in front of the chair — Мысық орындықтың алдында ұйықтап жатыр.
I parked my car in front of the garage — Мен машинамды гараждың алдына қойдым (жайғастырдым).
behind — “артында (арт жағында)”, “бір заттан кейінгі жер” деген мағыналарды береді. behind көмекші сөзі in front of көмекші сөзінің антонимі (қарама-қарсы мағынада) болады. Мысалы:
Our school is behind the supermarket — Біздің мектеп супермаркеттің арт жағында (артында).
The car park is behind the big building — Авто тұрақ үлкен ғимараттың артында (арт жағында).
What is the difference between “How do you do?” and “How are you?”
What is the difference between “How do you do?” and “How are you?”?
“How do you do?” мен “How are you?” арасындағы айырмашылық қандай?
Ағылшын тіліндегі сәлемдесулер ресми және бейресми болып екіге бөлінеді. Әдетте, бейресми сәлемдесулер мен амандық-саулық сұраулар көп қолданылады. Мысалы, Hi! How are you?, Fine, thanks, And you? т.с.с.
Ресми сәлемдесуге тоқтайтын болсақ, “Good morning! How do you do?” деп айтамыз. Ресми сәлемдесулер іскер адамдардың арасында немесе алғаш танысқан адамдардың арасынқа қол алу арқылы іске асады. Бірақ өтеее сирек жағдайларда болады. Жастардың арасынан бұлай амандасатындарын сирек кездестіруге болады.
Егер сізге біреу “How do you do?” деп қолын созса, саспай “How do you do?” деп жауап бересіз. Егер “Fine, thanks” деген жауап қайтарсаңыз, онда қателескен боласыз. Себебі, How do you do? дегенде How do you do? деп жауап беру ғана дұрыс болады.
Prepositions of Place (3): between, opposite, inside, outside, among
Prepositions of Place (3) сабағы орынға (мекенге) қатысты көмекші сөздердің соңғы сабағы болады. Бұған дейінгі сабақтыр мынадай болып еді:
Prepositions of Place (1): in, on, at, above, below, over, under
Prepositions of Place (2): by, beside, next to, close to, near, in front of, behind
between — арасында, екеуінің ортасында. Екі заттың (зат есім) арасында тұрған заттың орнын сипаттағанда осы between көмекші сөзін пайдаланамыз. Мысалы:Our house is between the hospital and the university — Біздің үйіміз аурухана мен университеттің арасында.
I’m sitting between Aidos and Yerzhan — Мен Айдос пен Ержан екеуінің ортасында отырмын.
opposite — қарама-қарсы бетте (жақта). Екі зат есімнің бір-бірлеріне бетпе-бет орыналасқанын сипаттау үшін қолданылады. Мысалы:
Our university is oppsite the central library — Біздің университет орталық кітапхананың қарсы жағында (екеуі бетпе-бет орыналасқан).
inside — ішінде, ішкі жағында. Бір заттың ішінде, ішкі жағында орыналасқан зат есімді сипаттаған қолданылады. Мысалы:
Is there anything inside the box? — Қораптың ішінде не бар?
He put the money inside the wallet — Ол ақшаның әмиянына (әмиянның ішіне) салды.
outside — сыртында, сыртта. Бұның мағынасы inside-қа қарама-қарсы екені көрініп тұр. Мысалы:
He is waiting outside — Ол сыртта күтіп тұр.
Assan left his muddy boots outside the door — Асан лас (батпақ) бәтеңкесін есіктің сыртында қалдырды.
among — арасында, ортасында. Топтың ішінде, заттардың (адамдардың) арасындағы зат есімді сипаттау үшін қолданылады. Мысалы:
His money will be divided among his children — Оның ақшасы балаларының арасында бөлінеді.
We like being among people — Біз адамдардың ортасында (арасында) болуды ұнатамыз.
English Grammar: Prepositions of Direction (down, up, from, to)
Ағылшын тілі грамматикасы. 30-сабақ
Бұл сабақтың тақырыбы: Prepositions of Direction, яғни, бағыт-бағдарға қатысты көмекші сөздер: down, up, from, to
down — төмен қарай, төменге қарай, төменге. Қозғалыстағы дене биік, жоғары орыннан төмен орынға қарай бағытталғанда down сөзін қолданамыз. Мысалы:
He came down the hill — Ол қырдан төмен қарай түсті (келді).
My sister is coming down the stairs — Менің әпкем (қарындасым) баспалдақпен төменге қарай түсіп келе жатыр.
up — жоғары қарай, жоғарыға. Бұл сөздің мағынасы жоғарыдағы down сөзінің мағынасына қарама-қарсы. Қозғалыстағы дене төменнен жоғарыға қарай бағытталғандаup көмекші сөзін қолданамыз. Мысалы:
He went up the hill — Ол қырға (жоғарыға) қарай кетті.
Қазақ тілінде бұл мысалдағы “қырға” және “жоғарыға” деген сөздерді қатар қолдануға болмайтындықтан (екеуі бір мағынаны береді) “жоғарыға” деген сөзді алып тастауымызға болады. Немесе, “Қырға қарай шығып кетті” деп айтуымызға да болады.
from — қозғалыстың қандай орынан (мекеннен) бастау алғандығын білдіреді. From-ның қазақша тікелей немесе жанама аудармасы жоқ, қолданыс аясы өте кең көмекші сөз. Дегенмен, бағытқа қатысты қолданылатын жағайда “жақтан” деген көмекші сөзді балама етіп алуымызға болады. Тағы шығыс септігінің (кімнен? неден? қайдан?) -нан (-нен), -тан (-тен), -дан (-ден) жалғауларын зат есімге жалғау арқылы сөйлемдегі from көмекші сөзінің орнын толтыруға болады. Мысалы:
Where is Anar from? — Анар қай жақтан (қайдан) болады?
She is from Aktau — Ол — Ақтаудан (Ақтау жақтан).
to — қозғалыстың қандай орынға (мекенге) бағытталғанын білдіреді. To-дың қазақша тікелей немесе жанама аудармасы жоқ, қолданыс аясы өте кең көмекші сөз. Дегенмен, бағытқа қатысты қолданылатын жағайда “жаққа” деген көмекші сөзді балама етіп алуымызға болады. Тағы барыс септігінің (кімге? неге? қайда?) -ға (-ге), -қа (-ке) жалғауларын зат есімге жалғау арқылы сөйлемдегі to көмекші сөзінің орнын толтыруға болады. Мысалы:
I’m going to Aktobe — Мен Ақтобеге (Ақтөбе жаққа) барғалы жатырмын.
Can you come to me? — Сіз маған (менің үйіме) келе аласыз ба?
From мен to көмекші сөздеріне қатысты екі түрлі тұжырымдама:
A) Бір жерден екінші жерге қарай бағытталған қозғалыс: From мен to көмекші сөздерінің мағыналары мен бағыттарын down және up көмекші сөздері секілді антонимдер (мағыналары қарама-қарсы) ретінде қарастыруға болмайды. From мен to көмекші сөздері қозғалыстағы дененің шыққан жері мен баратын жерін бағыт арқылы ғана білдіреді. Яғни, бір жерден екінші жерге баруды түсіндіреді. Мысалы: From Almaty to Shymkent — Алматыдан Шымкентке;
B) Бір жерге (орынға) ғана қатысты қозғалыс: From мен to көмекші сөздерінің мағыналары мен бағыттары бір-біріне қарама-қарсы болып келеді. Себебі, қозғалыстағы дене бір жерден шығып, сол жерге қайта оралады (қайтады). Мысалы: I’m coming from Almaty — Мен Алматыдан келе жатырмын; I’m going to Almaty — Мен Алматыға келе жатырмын.
Соңғы екі мысалдан қозғалыстың бағытына байланысты, жерге (орынға) байланысты from және to көмекші сөздерінің мағыналарының әр түрлі екендігін көреміз. A нұсқасында бағыттас, B нұсқасында қарама-қарсы бағытта.
Модальді етістіктер (Modal verbs)
Модальді етістіктер деген түсінік қазақ тілінде мүлдем жоқ. Ал егер қазақ тілінде болмаса, онда оларды грамматикалық емес (қазақ тілі грамматикасында болмағандықтан) түрде түсіндіреміз.
Модальді етістіктер — сөйлемге қатысатын негізгі емес (көмекші есімдіктермен (do, does, did) шатастырмаңыз) етістіктердің тобы. Олардың қатарына мына етістіктер жатады (жақшада өткен шақтағы түрі): can (could), could, may (might), might, must (have to), have to, ought to, should, would, need to.
Модальді етістік қатысқан сөйлемнің мағынасы толық болуы үшін, ол сөйлемде міндетті түрде негізгі етістік болуы тиіс. Мысалы: You can play (Сізойнайаласыз). Сұраулы сөйлемге жауап ретінде тек модальді етістікті қолдануға болады. Мысалы: — Can you speak English? — Yes, I can.
Модальді етістіктердің қолданылуы
Модальді етістіктер негізгі етістік болмағандық қосымша мағына беру үшін ғана қолданылады. Мысалы, бір әрекетті істеуге тыйым салынғандығы, істей алатындығыңыз (мүмкіншіліктің болуы), істегеніңіз жөн болатындығы, әрекеттің ықтималдылығы жайлы қосымша мағына беру үшін модальді етістіктер қолданылады.
Модальді етістіктерді қолдану ережері
Модальді етістіктерді қарапайым етістіктерге қатысты ережелерге сай қолдануға болмайды. Бұл топтағы етістіктер жіктелмейді, есімше түрінде келмейді, герундий және инфинитив түрінде (infinitive) кездестіре алмайсыз. Енді осы айтылғандарды мысалмен өрнектейік.
Модальді етістіктер жіктелмейді. Осы шақта барлық есімдіктермен бірдей түрде жазылады. Мысалы, can (әрекетті істеуге мүмкіншілік болу) модальді етістігін әдеттегі етістіктер секілді үшінші жақта етістіктің соңына -s жалғауын жалғай алмаймыз. Немесе жекеше түрде басқаша, көпше түрде басқаша етіп қолданбаймыз.
Есімше (зат есім және сын есім болып келетін етістіктің туындысы) түрінде келмейді. Есімшені ағылшынша Participle дейміз. Мысалы, most played game (көп ойналған ойын) тіркесіндегі “played” сөзі — өткен шақтағы есімше (past participle). Can модальді етістігін “canned” деп қолданбаймыз. Тіпті, одальді етістіктің олай қолданылуы қисынға келмейді, түсініксіз тіркес шығады.
Герундий (Gerund) түрінде келмейді. Герундий дегеніміз заттанған (зат есімнің роліндегі) етістік. Ағылшын тілінде етістікке -ing жалғауы жалғану арқылы герундий жасалады. Мысалы: sleeping (ұйықтау), swimming (жүзу, малту). Swimming is the best for you to be healthy (Шомылу — сіз үшін салауатты (денсаулығы мықты) болудың ең жақсысы). Бұл мысалдағы “swimming” нақ осы шақтағы “шомылып жатыр” деген мағынада емес. Қазақ тіліндегі “шомылу” сөзі етістік емес, зат есім ретінде қолданылып тұр. Мағынасы ауқымды.
Жоғарыда түсіндіргеніміз жеткілікті болса, модальді етістіктің геріндий болмайтынына мысал келтірейік. Мысалы, бір әрекетті жасай алу ең дұрыс амал делік. Оны ағылшынша “Canning is the best” дей алмаймыз. Мұндай ереже грамматикада жоқ.
Ескерту! Canning сөзі ағылшын тілінде “консервілеу” деген сөзбен сәйкес келеді. Бірақ тек жазылуы ғана (омонимдер)
Инфинитив түрінде келмейді. Инфинитив (Infinitive) дегеніміз етістіктің бастапқы формасы. Ол “to” қосымшасы арқылы да қосымшасыз да жасалады.
Модальді етістікті “to” қосымшасымен бірге жазбаймыз. Мысалы: to can немесе to must.
Модальді етістіктердің әр қайсысына алдағы сабақтарымызда жеке-жеке тоқталып, олардың арасындағы айырмашылықтарын айқындап жазамыз.
Prepositions for, about, of
for — көп мақсатта (көп мағынада) қолданылатын көмекші сөз (шылау). Бұл сабақта for шылауының “үшін” деген мағынасын қарастырамыз. Ескертетіні, бұл шылау көп жағдайларға да қазақ тіліне тікелей аударылмайды. for — үшін, барыс септігі+ арналған. “Біреу үшін”, “бір зат үшін” деген типтегі тіркестерде қолданылады. Мысалы:This present is for you — Мына сыйлық сіз үшін (сізге арналған). I go to the supermarket for a water — Мен су (алу) үшін супермаркетке барамын. about — туралы (жайлы). Бұл көмекші сөз де көп мақсатта (көп мағынада) қолданылады. Мысалы: We are talking about a new film — Біз жаңа фильм туралы әңгімелесіп отырмыз.What do you know about Abai? — Абай туралы не білесіз? of (off дегенмен шатастырмаңыз) — қазақ тіліндегі ілік септігі жалғауларының (-ның (нің), -тың (тің), -дың (дің)) мағынасын беретін көмекші сөз. Of шылауының сөзбе-сөз аудармасы жоқ. Мысалы: Citizens of Kazakhstan — Қазақстанның азаматтары. All of you — сіздердің барлықтарыңыз. Can you repair the roof of the house? — Сіз үйдің шатырын жөндей аласыз ба? The picture of a mountain — Таудың суреті.
Can модальді етістігі (modal verb)
Болымды түрі: can [кән, кэн]; болымсыз түрі: can not [кә(э)ннот, кә(э)ннат] немесе cannot; болымсыз түрінің қысқарған түрі: can’t [кәнт, кант]
cannot пен con not екеуінің еш айырмашылығы жоқ. Жазылулары әртүрлі болғанымен, мағынасы бір.
Can модальді етістігі қазақшаға сөзбе-сөз аударылмайды. Мағыналық тұрғыдан қарастырсақ, бір істі, әрекетті істеуге мүмкіншіліктің болуын білдіреді. Қазақ тілінде балама болу ғалайықты деп, “етістік + алу” деген грамматикалық формуланы ереже етуімізге болады. Мұндағы “етістік” дегеніміз етістіктің түбіріне —а, -е, -и, -йжалғауларының жалғанған нұсқасы. Ал “алу” дегеніміз көмекші етісік, жіктеледі (аламын, аласың, алады, …). Болымсыз түрінде “алу” көмекші етістігі “алмау” болып қолданылады. Мысалы: айта алмау, бара алу, келе алу, оқи алу
I can speak English — Мен ағылшынша сөйлей аламын.
He can not come — Ол келе алмайды.
She is very shy. So she can not ask anything — Ол (жынысы: әйел) — ұялшақ. Сондықтан ештеңе сұрай алмайды.
Can модальді етістігінің өткен шақтағы нұсқасы: could [куд] (could not, couldn’t [куднт])
When I was 5-year-old, could not ride a bicycle — Мен бес жасымда (бес жаста болғанда) велосипед тебе алмадым.
Could I use your computer to surf Internet? — Мен сіздің компьбтеріңізді Интернетке кіру (Интернетті шолу) үшін пайдалана аламын ба?
Can модальді етістігінің “could” нұсқасы сыпайылық түрдегі сөйлемдер мен шартты сөйлемдерде (Conditional Sentences) де қолданылады.
May модальді етістігі
May [meı] — ықтималдылықты (болуы мүмкін), рұқсат сұрауды немесе рұқсат беруді білдіретін модальді етістік. Өткен шақта may және might екеуін де қолдана беруге болады.
Examples:
Possibility (ықтималдылық)
— Where is Doszhan? (Досжан қайда?)
— He may be in the garden (Мүмкін, ол бақшада болар)
Request permission (рұқсат сұрау)
May I come in? (Кіруге рұқсат па?)
May I use your towel? (Сіздің сүлгіңізді пайдалануыма бола ма?)
Give permission (рұқсат беру)
Yes, you may come in (Иә, кіруіңе болады (кіруге болады))
No, you may not use it. I give you another one (Жоқ, он қолдануыңа болмайды. Қазір басқа біреуін беремін).
May модальді етістігінің өте сыпайы түрі: Might [maıt]
Might модальді етістігін May-дің баламасы ретінде де қолдана беруге болады. Сондай-ақ, біреуге ұсыныс жасағанда, шартты сөйлемдерде Might қолданылады. Might модальді етістігінің болымсыз түрі: might not, mightn’t [maıtnt]
Examples:
Your socks might be in the bathroom (Сенің шұлықтарың жуынатын (вана) бөлмеде болуы мүмкін).
Might I borrow your mobile phone? (Мен сіздің ұялы телефоныңызды ала тұрсам бола ма?). Your parents might visit me next week (Сенің ата-анаң маған келесі аптада келе алады) ұсыныс ретінде
Must модальді етістігі
Must [mʌst] модальді етістігі жүктелген міндетті, тыйым салынған немесе қатаң түрде бекітілген нұсқауды, бұйрықты айтып жеткізу кезінде қолданылады. Must етістігінің болымсыз түрі: mus not [mʌsnt].
Ескерту! must модальді етістігі өткен шақты қолданылмайды. Оның орнына баламалы тіркестер қолданылады. Мысалы: have to, allowed to.
Must модальді етістігіне мысалдар:
This must be the right answer! — Бұл дұрыс жауап болуы тиіс.
Students must pass an entrance examination — Студенттер қабылдау емтиханынан өтулері керек.
Erbol, you must not play in the street! — Ербол, сен көшеде ойнамауға тиіссің.
I must play football — Мен футбол ойнауға тиістімін (міндеттімін).
He must work hard if he wants to pass his exam — Ол емтиханнан өткісі келсе, белсенді (үздіксіз) еңбектенуі керек.
Ағылшын тілі грамматикасы. 25-сабақ: A little/a few and little/few
Тақырыптың жазылуы қандай түсініксіз болса, сабақ та солай түсініксіз тақырып төңірегінде болмақ. Түсініксіз дегенге мүлдем түсініксіз екен деген ой болмасын. Түсінесіз, қазір осы сабақты оқып отырып түсінесіз, бірақ үйренгеніңізді қолданбасаңыз қайтадан түсінбей қаласыз. Назар салып қараңыз, a little мен little сөздерінің жазылуы бірдей емес, тек ұқсас. A few мен few сөздері де сол секілді.
A little and a few
A little және a few сөздерінің мағынасы бірдей, “аз, аздаған” және “бірнеше” дегенді бідіреді. Бірақ қолданылу ерекшеліктері аздап басқаша. Болымды сөйлемдерде қолданылады. A little және a few сөздерінен кейін келетін саналатын зат есімдер көпше түрде болады, ал саналмайтын зат есімдер негізгі формасында болады. Саналмайтын зат есімдердің кейбірінің мағынасы көпше түрдегідей мағынаны береді (мысалы: су. Су саналмағанымен оның мөлшері көп).
A little дегенді саналмайтын зат есімдермен (uncountable nouns) бірге болымды сөйлемдерде (мағыналық жағынан да болымды сөйлем) қолданамыз. Мысалы: a little milk –аздаған, аз сүт, a little honey – аздаған бал, a little money – аздаған ақша. 3 money (қате) – a little money (дұрыс).
A few-дің де мағынасы “аздаған, бірнеше” дегенге саяды. Бірақ a little секілдісаналмайтын емес, керсіне, саналатын заттармен қолданылады. Мысалы: 3 friends – a few friends (бірнеше дос), a few dogs (бірнеше ит, аздаған ит (саны көп емес)), a few apples (бірнеше алма).
Little and few
A little ≠ little (a few ≠ few). Формула түсінікті болар. A артиклінсіз жазылатын little және few сөздерінің мағынасы “аз, шектеулі мөлшерде аз” және “мүлдем аз”, “небары бірнеше, бар болғаны бірнеше-ақ” дегендей мағыналарға сай келеді. Көбінде, болымсыз немесе мағынасы болымсыз сөйлемдерде қолданылады. Төмендегі мысалдарға мұқият қараңыз. Айырмашылықтарын барынша есте сақтауға тырысыңыз.
Мысалы:
We need a little money — Бізгеаздағанақшакерек.
We need little money — Бізгеаз—ақ (азғана) ақшакерек.
A few friends visited me — Бірнешедосымқонаққакелді.
Few friends visited me — Небарыбірнеше—ақдосымқонаққакелді.
Күнделікті өмірде Little and few сөздері қолданыла бермейді. Дегенмен, оларды қолдану қате болып саналмайды. Олар ресми түрдегі сөздер қатарына жатады. Little-дің орнына much/many сөздерін қолдану тиімдірек. Мысалы:
I need little money = I don’t need much money.
Few friends visited me = Not many friends visited me.
26-сабақ: Prepositions of Time (in, on, at, ago, after)
Preposition — қазақ тілінде: көмекші сөз — сөйлемнің мүшесі болып, оның мағынасына өз үлесін қосатын, бірақ жеке тұрғанда ешқандай грамматикалық мағынасы жоқ сөз, көмекші сөз.
Грамматикалық мағынасы болмағандықтан да олардың қазақ тіліндегі нақты аудармасы бола бермейді. Мысалы, on Sunday — жексенбіде (жексенбі күні), in box — қорапта (қораптың ішінде).
Бұл тақырыпта ағылшын тіліндегі уақытқа, мезгілге қатысты көмекші сөздерді қарастырамыз. Ескертетін жәйт: ағылшын тіліндегі уақытқа қатысты барлық prepositons қамтылмайды. Ең негізгі деген, бастауыш деңгейді үйренушілерге қажетті дегендерін өтеміз.
in — уақытқа қатысты қолданылатын көмекші сөздердің бірі. Ол қазақ тіліндегі -да (-де, -та, -те), -ы (жыл-ы) дегендей жалғаулар сияқты сөйлемге мағына береді. Кей кездері оған лайықты қазақша жалғау да болмайды. Мысалы: in October – қазанда (ай), in 1932 – 1932 жылы, in two week – екіаптада, in the morning – таңертең, in 90s – 90-шыжылдары.
Preposition
Use (қолданылуы)
Examples (мысалдар)
in
Months (айлар)
in July, in September, in February
Year (жыл)
in 1985, in 1999, in 90s,
Seasons (мезгілдер)
in summer; in the summer of 69
Part of the day (күннің бөліктері)
in the morning, in the afternoon, in the evening
Duration (уақыт ұзақтығы)
in a minute, in two weeks, in three months
on — уақытқа қатысты қолданылатын көмекші сөздердің бірі. Ол апта күндерімен, күндермен (даталармен) және, т.б. уақыттық сөздермен бірге қолданылады. Мысалы: on Sunday – жексенбіде, on september 11st. – 11-ші қыркүйекте.
Preposition
Use (қолданылуы)
Examples (мысалдар)
on
Days of week (апта күндері)
on Friday; on Saturday,
Day/date (күн)
on 26th october; on that day, in 2008
Special holydays (арнайы мерекелер)
on Good Day; on Easter Sunday, on my Birthday
a part of a special day ( ерекше күннің бір бөлігі)
on the morning of October 15th
at — бұл да бір уақытқа қатысты көмекші сөз. Бұл, көбінде, қалыптасып кеткен тіркестер мен сағатқа қатысты уақытты айтқанда қолданылады. Мысалы: at 5 o’clock, at night.
Preposition
Use (қолданылуы)
Examples (мысалдар)
at
time of day (күндегі уақыт)
at 6 o’clock, at 11.45 (11:45)
fixed phrases (қалыптасқан тіркестер)
at the same time, at the moment, at present, at weekend
Celebrations (мерекелер, мейрамдар)
at Christmas, at Easter
Part of the day (күннің бөліктері)
at night, at midnight,
ago — уақыттық көмекші сөз. Бастауыш деңгейді меңгерген адам білуі тиіс. Мағынасы: бұрын, алдын.Ago сөйлеп тұрған кез бен өткен уақыттың арасындағы уақытты білдіреді. Мысалы: five years ago – бес жыл бұрын, 10 months ago – он ай бұрын (алдын), long ago – ұзақ уақыт бұрын.
after — уақыттық көмекші сөз. Бастауыш деңгейді меңгерген адам білуі тиіс. Мағынасы: соң, кейін. After сөзінен кейін үнемі уақытты білдіретін негізгі сөз келе бермейді. Мысалы: after school, after jogging, after 6 o’clock.
Ағылшын тілінің грамматикасы. 27-сабақ: Prepositions of Place (1): in, on, at, above, below, over, under
Ағылшын тілінде орынға (мекенге) және қозғалыс бағытына арналған көмекші сөздер бар. Олардың кейбірі уақытқа қатысты да қолданылабереді. Мысалы, осының алдындағы сабақта өткен уақытқа қатысты көмекші сөздерден in, on және at дегендері орынға қатысты да қолданылады.
in — кеңістік, бөлме, ғимараттың түрлері, көше, қала (ауыл), кітап, көлік, сурет, қағазға, теңіз-көлдерге қатысты қолданылатын көмекші сөз. Мағынасы қазақ тіліндегі “ішінде” дегенді білдіреді. Бірақ бұл сөзбе-сөз аудармасы емес. Қазақша аудармасы жоқ. Мысалдар:
in English
Қазақша
in the air
ауада, әуеде
in the kitchen
ас үйде
in the book
кітаптың ішінде, кітапта
in the sea (river)
теңізде (өзенде)
in the box
қорапта, қораптың ішінде
in Almaty
Алматыда
in the city
қалада
in Kazakhstan
Қазақстанда
in a park
саябақта
on — бір заттың екінші бір заттың үстінде, бетінде, кей сөздерде ішінде екендігін білдіретін көмекші сөз. Көшеге, тегіс беті бар заттарға және қоғамдық көліктер мен теледидар (радиоға) қатысты қолданылады. Мысалы:
English
Қазақша
on the box (table)
қораптың (үстелдің) үстінде
on the 3rd floor
3-ші қабатта
on Main Street
орталық (басты) көшеде
on 2nd Avenue
екінші даңғылда
on the surface
бетінде (жазықта)
on the radio (TV)
радиода (теледидарда)
on the bus
автобуста
Ал бағытқа қатысты: оң жақта, сол жақта, алды да деген сияқты сөздермен бірге қолданылады. Мысалы: on the right (оң жақта), on the left (сол жақта), straight on (алдында, турасында).
at — бір заттың белгілі бір орында, жерде, бір заттың айналасында, маңында тұрғандығын сипаттағанда және концерт, кино секілді адам жиналатын жағдайларды сипаттағанда қолданылады. Мысалы: at ther corner (бұрышта), at the bus stop (аялдамада), at the concert (концертте)…
in English
Қазақша
at the door
есікте, есіктің маңында
at the top of page
беттің жоғары жағында
at the meeting
кездесуде
at the conference
конференцияда
at the end of street
көшенің соңында
at the cinema
кинотеатрда
‘
Осылай қалыптасқан тіркестер.
above — жоғары. Above сөзінің синонимі — over. Бірақ екеуінің екі бөлек түсінік беретін кездері де болады.
Бір зат екінші бір заттан жоғары тұрған болса, және екі заттың арасында ашық орын (кеңістік) болса, онда above көмекші сөзі қолданылады және ауа-райын айтқанда да қолданылады. Мысалы:
The picture hangs above your bed — Сурет сенің кереуетіңнің жоғарысында (үстінде) ілініп тұр.
Our plane is above the clouds — Біздің ұшағымыз бұлттардың үстінде (яғни, бұлттардан жоғары биіктікте ұшып келеді).
Three degrees above zero — Үш градус нөлден жоғары.
below — төмен. Below сөзінің синонимі — under. Бірақ екеуінің екі бөлек түсінік беретін кездері де болады. Below сөзі above сөзіне антоним болғандықтан түсіндірмесі толықтай керсінше болады. Мысалы:
The Karakiya Depression is located 132 m below sea level — Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 метр төмен(дікте) орналасқан.
The Temperature is below zero — Температура нөлден төмен.
over — үсті, үстінде. Over сөзінің above сөзіне ұқсас болуы: екеуі де бір заттың жоғарғы жағында орналасады. Above заттың үстіне тимей тұрған жағдайда, ал over тиіп тұрған жағдайда қолданылады. Мысалы:
Put your jacket over your shirt — Күртешеңді жейдеңнің үстіне қой.
The cat jumped over the wall — Мысық қабырғаның үстінен секірді.
under — асты, астында. Under көмекші сөзі over көмекші сөзіне антоним болғандықтан түсіндірмесі over-нің түсіндірмесіне толықтай кері болады. Мысалы:
The cat is sleeping under the table — Мысық үстелдің астында ұйықтап жатыр.
I have found three apples under the apple tree — Алма ағашының астынан үш алма тауып алдым.
Ағылшын тілінің грамматикасы. 28-сабақ: Prepositions of Place (2): by, beside, next to, close to, near, in front of, behind
by, beside, next to, close to, near, in front of, behind
Бұл сабақта бұған дейін басы басталған орынға (мекенге) қатысты көмекші сөздерді жалғастырамыз.
by — қолданылу аясы өте кең көмекші сөздердің бірі. Бұл сабақта оның орынға, мекенге қатысты қызметін қарастырамыз.
by көмекші сөзі “маңында”, “жанында”, “қасында”, т.с.с. мағыналарды береді. Мысалы:
We live in a large cottage by the sea — Біз теңіздің жанында үлкен коттеджде тұрамыз.
The ball is by the bed (the bed is by the window) — Доп кереуеттің жанында тұр (кереует терезенің жанында).
beside = by = next to
beside және next to көмекші сөздерінің мағыналары by көмекші сөзінің мағынасымен пара-пар.
close to — бір заттың екінші бір заттың жақын маңында (қасында, жанында) бірақ нақты қай жағында тұрғаны белгісіз екендігін білдіру үшін қолданылады. Екі заттың арасында басқа да заттар болуы мүмкін. Ал by, beside, next to сөздері арасында ештеңе болмайтын кезде қолданылады. Мысалы:
Your house is close to the railway station — Сендердің (сіздердің) үйлерің(із) темір жол станциясына (вокзалға) жақын маңда.
The school is close to the hospital — Мектеп аурухананың жанында (өте жақын жерде).
near = close to
near көмекші сөзінің мағынасы тура close to көмекші сөзініңкіндей.
in front of — “алдында (алдынғы жағында)” деген мағынаны беретін көмекші сөз. Мысалы:
The cat is sleeping in front of the chair — Мысық орындықтың алдында ұйықтап жатыр.
I parked my car in front of the garage — Мен машинамды гараждың алдына қойдым (жайғастырдым).
behind — “артында (арт жағында)”, “бір заттан кейінгі жер” деген мағыналарды береді. behind көмекші сөзі in front of көмекші сөзінің антонимі (қарама-қарсы мағынада) болады. Мысалы:
Our school is behind the supermarket — Біздің мектеп супермаркеттің арт жағында (артында).
The car park is behind the big building — Авто тұрақ үлкен ғимараттың артында (арт жағында).
What is the difference between “How do you do?” and “How are you?”
What is the difference between “How do you do?” and “How are you?”?
“How do you do?” мен “How are you?” арасындағыайырмашылыққандай?
Ағылшын тіліндегі сәлемдесулер ресми және бейресми болып екіге бөлінеді. Әдетте, бейресми сәлемдесулер мен амандық-саулық сұраулар көп қолданылады. Мысалы, Hi! How are you?, Fine, thanks, And you? т.с.с.
Ресми сәлемдесуге тоқтайтын болсақ, “Good morning! How do you do?” деп айтамыз. Ресми сәлемдесулер іскер адамдардың арасында немесе алғаш танысқан адамдардың арасынқа қол алу арқылы іске асады. Бірақ өтеее сирек жағдайларда болады. Жастардың арасынан бұлай амандасатындарын сирек кездестіруге болады.
Егер сізге біреу “How do you do?” деп қолын созса, саспай “How do you do?” деп жауап бересіз. Егер “Fine, thanks” деген жауап қайтарсаңыз, онда қателескен боласыз. Себебі, How do you do? дегенде How do you do? деп жауап беру ғана дұрыс болады. Неге? Өйткені ол тіркестің мағынасы “Сәлем” дегенге келеді.
Prepositions of Place (3): between, opposite, inside, outside, among
Prepositions of Place (3) сабағы орынға (мекенге) қатысты көмекші сөздердің соңғы сабағы болады. Бұған дейінгі сабақтыр мынадай болып еді:
Prepositions of Place (1): in, on, at, above, below, over, under
Prepositions of Place (2): by, beside, next to, close to, near, in front of, behind
between — арасында, екеуінің ортасында. Екі заттың (зат есім) арасында тұрған заттың орнын сипаттағанда осы between көмекші сөзін пайдаланамыз. Мысалы:Our house is between the hospital and the university — Біздің үйіміз аурухана мен университеттің арасында.
I’m sitting between Aidos and Yerzhan — Мен Айдос пен Ержан екеуінің ортасында отырмын.
opposite — қарама-қарсы бетте (жақта). Екі зат есімнің бір-бірлеріне бетпе-бет орыналасқанын сипаттау үшін қолданылады. Мысалы:
Our university is oppsite the central library — Біздің университет орталық кітапхананың қарсы жағында (екеуі бетпе-бет орыналасқан).
inside — ішінде, ішкі жағында. Бір заттың ішінде, ішкі жағында орыналасқан зат есімді сипаттаған қолданылады. Мысалы:
Is there anything inside the box? — Қораптың ішінде не бар?
He put the money inside the wallet — Ол ақшаның әмиянына (әмиянның ішіне) салды.
outside — сыртында, сыртта. Бұның мағынасы inside-қа қарама-қарсы екені көрініп тұр. Мысалы:
He is waiting outside — Ол сыртта күтіп тұр.
Assan left his muddy boots outside the door — Асан лас (батпақ) бәтеңкесін есіктің сыртында қалдырды.
among — арасында, ортасында. Топтың ішінде, заттардың (адамдардың) арасындағы зат есімді сипаттау үшін қолданылады. Мысалы:
His money will be divided among his children — Оның ақшасы балаларының арасында бөлінеді.
We like being among people — Біз адамдардың ортасында (арасында) болуды ұнатамыз.
English Grammar: Prepositions of Direction (down, up, from, to)
Ағылшынтіліграмматикасы. 30-сабақ
Бұл сабақтың тақырыбы: Prepositions of Direction, яғни, бағыт-бағдарға қатысты көмекші сөздер:down, up, from, to
down — төмен қарай, төменге қарай, төменге. Қозғалыстағы дене биік, жоғары орыннан төмен орынға қарай бағытталғанда down сөзін қолданамыз. Мысалы:
He came down the hill — Ол қырдан төмен қарай түсті (келді).
My sister is coming down the stairs — Менің әпкем (қарындасым) баспалдақпен төменге қарай түсіп келе жатыр.
up — жоғары қарай, жоғарыға. Бұл сөздің мағынасы жоғарыдағы down сөзінің мағынасына қарама-қарсы. Қозғалыстағы дене төменнен жоғарыға қарай бағытталғанда up көмекші сөзін қолданамыз. Мысалы:
He went up the hill — Ол қырға (жоғарыға) қарай кетті.
Қазақ тілінде бұл мысалдағы “қырға” және “жоғарыға” деген сөздерді қатар қолдануға болмайтындықтан (екеуі бір мағынаны береді) “жоғарыға” деген сөзді алып тастауымызға болады. Немесе, “Қырға қарай шығып кетті” деп айтуымызға да болады.
from — қозғалыстың қандай орынан (мекеннен) бастау алғандығын білдіреді. From-ның қазақша тікелей немесе жанама аудармасы жоқ, қолданыс аясы өте кең көмекші сөз. Дегенмен, бағытқа қатысты қолданылатын жағайда “жақтан” деген көмекші сөзді балама етіп алуымызға болады. Тағы шығыс септігінің (кімнен? неден? қайдан?) -нан (-нен), -тан (-тен), -дан (-ден) жалғауларын зат есімге жалғау арқылы сөйлемдегі from көмекші сөзінің орнын толтыруға болады. Мысалы:
Where is Anar from? — Анар қай жақтан (қайдан) болады?
She is from Aktau — Ол — Ақтаудан (Ақтау жақтан).
to — қозғалыстың қандай орынға (мекенге) бағытталғанын білдіреді. To-дың қазақша тікелей немесе жанама аудармасы жоқ, қолданыс аясы өте кең көмекші сөз. Дегенмен, бағытқа қатысты қолданылатын жағайда “жаққа” деген көмекші сөзді балама етіп алуымызға болады. Тағы барыс септігінің (кімге? неге? қайда?) -ға (-ге), -қа (-ке) жалғауларын зат есімге жалғау арқылы сөйлемдегі to көмекші сөзінің орнын толтыруға болады. Мысалы:
I’m going to Aktobe — Мен Ақтобеге (Ақтөбе жаққа) барғалы жатырмын.
Can you come to me? — Сіз маған (менің үйіме) келе аласыз ба?
From мен to көмекшісөздерінеқатыстыекітүрлітұжырымдама:
A) Бір жерден екінші жерге қарай бағытталған қозғалыс: From мен to көмекші сөздерінің мағыналары мен бағыттарын down және up көмекші сөздері секілді антонимдер (мағыналары қарама-қарсы) ретінде қарастыруға болмайды. From мен to көмекші сөздері қозғалыстағы дененің шыққан жері мен баратын жерін бағыт арқылы ғана білдіреді. Яғни, бір жерден екінші жерге баруды түсіндіреді. Мысалы: From Almaty to Shymkent — Алматыдан Шымкентке;
B) Бір жерге (орынға) ғана қатысты қозғалыс: From мен to көмекші сөздерінің мағыналары мен бағыттары бір-біріне қарама-қарсы болып келеді. Себебі, қозғалыстағы дене бір жерден шығып, сол жерге қайта оралады (қайтады). Мысалы: I’m coming from Almaty — Мен Алматыдан келе жатырмын; I’m going to Almaty — Мен Алматыға келе жатырмын.
Соңғы екі мысалдан қозғалыстың бағытына байланысты, жерге (орынға) байланысты from және to көмекші сөздерінің мағыналарының әр түрлі екендігін көреміз. A нұсқасында бағыттас, B нұсқасында қарама-қарсы бағытта.
Модальді етістіктер (Modal verbs)
Модальді етістіктер деген түсінік қазақ тілінде мүлдем жоқ. Ал егер қазақ тілінде болмаса, онда оларды грамматикалық емес (қазақ тілі грамматикасында болмағандықтан) түрде түсіндіреміз.
Модальді етістіктер — сөйлемге қатысатын негізгі емес (көмекші есімдіктермен (do, does, did) шатастырмаңыз) етістіктердің тобы. Олардың қатарына мына етістіктер жатады (жақшада өткен шақтағы түрі): can (could), could, may (might), might, must (have to), have to, ought to, should, would, need to.
Модальді етістік қатысқан сөйлемнің мағынасы толық болуы үшін, ол сөйлемде міндетті түрде негізгі етістік болуы тиіс. Мысалы: You can play (Сізойнайаласыз). Сұраулы сөйлемге жауап ретінде тек модальді етістікті қолдануға болады. Мысалы: — Can you speak English? — Yes, I can.
Модальдіетістіктердіңқолданылуы
Модальді етістіктер негізгі етістік болмағандық қосымша мағына беру үшін ғана қолданылады. Мысалы, бір әрекетті істеуге тыйым салынғандығы, істей алатындығыңыз (мүмкіншіліктің болуы), істегеніңіз жөн болатындығы, әрекеттің ықтималдылығы жайлы қосымша мағына беру үшін модальді етістіктер қолданылады.
Модальдіетістіктердіқолдануережері
Модальді етістіктерді қарапайым етістіктерге қатысты ережелерге сай қолдануға болмайды. Бұл топтағы етістіктер жіктелмейді, есімше түрінде келмейді, герундий және инфинитив түрінде (infinitive) кездестіре алмайсыз. Енді осы айтылғандарды мысалмен өрнектейік.
Модальдіетістіктержіктелмейді. Осы шақта барлық есімдіктермен бірдей түрде жазылады. Мысалы,can (әрекетті істеуге мүмкіншілік болу) модальді етістігін әдеттегі етістіктер секілді үшінші жақта етістіктің соңына -s жалғауын жалғай алмаймыз. Немесе жекеше түрде басқаша, көпше түрде басқаша етіп қолданбаймыз.
Есімше (зат есім және сын есім болып келетін етістіктің туындысы) түрінде келмейді. Есімшені ағылшынша Participle дейміз. Мысалы, most played game (көп ойналған ойын) тіркесіндегі “played” сөзі — өткен шақтағы есімше (past participle). Can модальді етістігін “canned” деп қолданбаймыз. Тіпті, одальді етістіктің олай қолданылуы қисынға келмейді, түсініксіз тіркес шығады.
Герундий (Gerund) түрінде келмейді. Герундий дегеніміз заттанған (зат есімнің роліндегі) етістік. Ағылшын тілінде етістікке -ing жалғауы жалғану арқылы герундий жасалады. Мысалы: sleeping (ұйықтау), swimming (жүзу, малту). Swimming is the best for you to be healthy (Шомылу — сіз үшін салауатты (денсаулығы мықты) болудың ең жақсысы). Бұл мысалдағы “swimming” нақ осы шақтағы “шомылып жатыр” деген мағынада емес. Қазақ тіліндегі “шомылу” сөзі етістік емес, зат есім ретінде қолданылып тұр. Мағынасы ауқымды.
Жоғарыда түсіндіргеніміз жеткілікті болса, модальді етістіктің геріндий болмайтынына мысал келтірейік. Мысалы, бір әрекетті жасай алу ең дұрыс амал делік. Оны ағылшынша “Canning is the best” дей алмаймыз. Мұндай ереже грамматикада жоқ.
Ескерту! Canning сөзі ағылшын тілінде “консервілеу” деген сөзбен сәйкес келеді. Бірақ тек жазылуы ғана (омонимдер)
Инфинитив түрінде келмейді. Инфинитив (Infinitive) дегеніміз етістіктің бастапқы формасы. Ол “to” қосымшасы арқылы да қосымшасыз да жасалады.
Модальді етістікті “to” қосымшасымен бірге жазбаймыз. Мысалы: to can немесе to must.
Модальді етістіктердің әр қайсысына алдағы сабақтарымызда жеке-жеке тоқталып, олардың арасындағы айырмашылықтарын айқындап жазамыз.
Prepositions for, about, of
for — көп мақсатта (көп мағынада) қолданылатын көмекші сөз (шылау). Бұл сабақта for шылауының “үшін” деген мағынасын қарастырамыз. Ескертетіні, бұл шылау көп жағдайларға да қазақ тіліне тікелей аударылмайды. for — үшін, барыс септігі+ арналған. “Біреу үшін”, “бір зат үшін” деген типтегі тіркестерде қолданылады. Мысалы: This present is for you — Мына сыйлық сіз үшін (сізге арналған). I go to the supermarket for a water — Мен су (алу) үшін супермаркетке барамын. about — туралы (жайлы). Бұл көмекші сөз де көп мақсатта (көп мағынада) қолданылады. Мысалы: We are talking about a new film — Біз жаңа фильм туралы әңгімелесіп отырмыз. What do you know about Abai? — Абай туралы не білесіз? of (off дегенмен шатастырмаңыз) — қазақ тіліндегі ілік септігі жалғауларының (-ның (нің), -тың (тің), -дың (дің)) мағынасын беретін көмекші сөз. Of шылауының сөзбе-сөз аудармасы жоқ. Мысалы: Citizens of Kazakhstan — Қазақстанның азаматтары. All of you — сіздердің барлықтарыңыз. Can you repair the roof of the house? — Сіз үйдің шатырын жөндей аласыз ба? The picture of a mountain — Таудың суреті.
Can модальді етістігі (modal verb)
Болымды түрі: can [кән, кэн]; болымсыз түрі: can not [кә(э)ннот, кә(э)ннат] немесе cannot; болымсыз түрінің қысқарған түрі: can’t [кәнт, кант]
cannot пен con not екеуінің еш айырмашылығы жоқ. Жазылулары әртүрлі болғанымен, мағынасы бір.
Can модальді етістігі қазақшаға сөзбе-сөз аударылмайды. Мағыналық тұрғыдан қарастырсақ, бір істі, әрекетті істеуге мүмкіншіліктің болуын білдіреді. Қазақ тілінде балама болу ғалайықты деп, “етістік + алу” деген грамматикалық формуланы ереже етуімізге болады. Мұндағы “етістік” дегеніміз етістіктің түбіріне —а, —е, —и, —й жалғауларының жалғанған нұсқасы. Ал “алу” дегеніміз көмекші етісік, жіктеледі (аламын, аласың, алады, …). Болымсыз түрінде “алу” көмекші етістігі “алмау” болып қолданылады. Мысалы: айта алмау, бара алу, келе алу, оқи алу
I can speak English — Мен ағылшынша сөйлей аламын.
He can not come — Ол келе алмайды.
She is very shy. So she can not ask anything — Ол (жынысы: әйел) — ұялшақ. Сондықтан ештеңе сұрайалмайды.
Can модальді етістігінің өткен шақтағы нұсқасы: could [куд] (could not, couldn’t [куднт])
When I was 5-year-old, could not ride a bicycle — Мен бес жасымда (бес жаста болғанда) велосипед тебеалмадым.
Could I use your computer to surf Internet? — Мен сіздің компьбтеріңізді Интернетке кіру (Интернетті шолу) үшін пайдалана аламын ба?
Can модальді етістігінің “could” нұсқасы сыпайылық түрдегі сөйлемдер мен шартты сөйлемдерде (Conditional Sentences) де қолданылады.
May модальді етістігі
May [meı] — ықтималдылықты (болуы мүмкін), рұқсат сұрауды немесе рұқсат беруді білдіретін модальді етістік. Өткен шақта may және might екеуін де қолдана беруге болады.
Examples:
Possibility (ықтималдылық)
— Where is Doszhan? (Досжан қайда?)
— He may be in the garden (Мүмкін, ол бақшада болар)
Request permission (рұқсатсұрау)
May I come in? (Кіруге рұқсат па?)
May I use your towel? (Сіздің сүлгіңізді пайдалануыма бола ма?)
Give permission (рұқсатберу)
Yes, you may come in (Иә, кіруіңе болады (кіруге болады))
No, you may not use it. I give you another one (Жоқ, он қолдануыңа болмайды. Қазір басқа біреуін беремін).
May модальді етістігінің өте сыпайы түрі: Might [maıt]
Might модальді етістігін May-дің баламасы ретінде де қолдана беруге болады. Сондай-ақ, біреуге ұсыныс жасағанда, шартты сөйлемдерде Might қолданылады. Might модальді етістігінің болымсыз түрі: might not, mightn’t [maıtnt]
Examples:
Your socks might be in the bathroom (Сенің шұлықтарың жуынатын (вана) бөлмеде болуы мүмкін).
Might I borrow your mobile phone? (Мен сіздің ұялы телефоныңызды ала тұрсам бола ма?). Your parents might visit me next week (Сенің ата-анаң маған келесі аптада келе алады) ұсыныс ретінде
Must модальді етістігі
Must [mʌst] модальді етістігі жүктелген міндетті, тыйым салынған немесе қатаң түрде бекітілген нұсқауды, бұйрықты айтып жеткізу кезінде қолданылады. Must етістігінің болымсыз түрі: mus not [mʌsnt].
Ескерту! must модальді етістігі өткен шақты қолданылмайды. Оның орнына баламалы тіркестер қолданылады. Мысалы: have to, allowed to.
Must модальдіетістігінемысалдар: