kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Педагог имиджі

Нажмите, чтобы узнать подробности

               ХХI   ғасыр  педагогының  имиджі.

                                                                    Мұғалімдер-  қоғамның  ең  білімді, 

                                                                    ең  отаншыл,  білгілеріңіз  келсе, ең

                                                                    «сынампаз» бөлігі  болып  табылады.

                                                                                                       Н.  Ә. Назарбаев.

Мұғалім-  мектептің  айнасы, бәйтерегі. Мұғалім  еңбегінің  әлеуеттік  мәніне, елдің  мәдени  өміріндегі  белсенді  рөліне кезінде  қазақ  зиялылары  көп  көңіл  бөлген.  Ахмет  Байтұрсынұлы:  «Жақсы  мұғалім  мектепке  жан  кіргізеді,  басқа  кемшілігі  болса,  мұғалімнің  жақсылығы  жабады,  білдірмейді» - деген  болатын.  Мұғалім  білім  нәрін  себуші, мұғалім  жақсы  білімді  болса,  білген  білімін  алдында  отырған  шәкірттеріне  үйрете  білсе,  ол  мектептен  бала  көбірек  білім  алып  шығады. Өсіп  келе  жатқан  ұрпақ – адамзаттың  болашағы,  жалғасы.  Артта  қалған  ұрпақ  саналы  болса,  адам  баласының  жер  бетінде  жасауы  да  сан  ғасырларға  жалғаса  береді.  Білім  күші  құдіретті.  Ол  бар  жерде  үздіксіз  даму  үрдісі  жүреді.  Бұдан  біз  білімнің  қаншалықты  маңызды  екеніне  көз  жеткіземіз.  Тәуелсіз  ел  атанып,  төбемізге  ту  тігіп,  тіліміздің  мәртебесі  артып,  әлемге  атымызды  танытып  жатқан  кезде  ұлттың,  елдің  болашағы – жас  ұрпақ  тәрбиесіне  де  мықты  көңіл  бөлінуі  қажет.  Осыегеменді,  тәуелсіз  Қазақстанда  өркениетке  бастар  жолдың  бастауы – мектеп  десек, мектептің  басты  тұлғасы,  жүрегі – мұғалім.

Адамның  адам  болып  қалыптасуына  ата- аналармен  қатар,  мұғалімнің  де  рөлі  зор.

Ұрпақ  болашағы,  халқымыздың  келешегі  қазіргі  ұстаздардығһң  қолында.

                       Ұстаз  болу – жүректің  батырлығы,

                       Ұстаз  болу – сезімнің  ақындығы.

                       Ұстаз  болу – мінездің  күн  шуағы,

                       Азбайтұғын  адамның  алтындығы – деп  ақын  Ғ. Қайырбеков  жырлағандай,  сөзі  маржан,  үні  ән  ұстаздардың  бар  болғаны  әрине  мақтаныш. Ұстаздың  әсерлі  үнімен,  асықпай  мәнерлеп  сөйлеген  сөзінен  әрбір  оқушыға  деген  қамқорлықтың  аналық,  әкелік  сезімнің,  дана  ойдың  ыстық  лебі  есіп  тұрғандай.  Ұстаз  болу  қиынның  қиыны.  Өйткені  ол  әлі  қалыптасып  үлгермеген  жас  өскін,  балғын  баламен  жұмыс  істейді.  Сен  баланың  қабағына  қарайсың, ал  бала  сенің  қабағыңа  қарайды.  Ата  ананың  мейіріммен  үлпілдеп  отырған  сәбиінің  мектеп  жасына  жеткендегі  жанашыр  тәрбиешісі,  қамқоршысы  мұғалім. Біздің  әр  басқан  қадамымыз  педагогика.  Ал  осында  кез  келген  адам  педагог  бола  алмайды.  Педагогика- шыдамның,  төзімнің, сабырлы,  салмақтылықтың  адамдық  ерекше  қасиеті. Үйретуден  балаға,- дегенде  баланың  ығына  жүгіруді  айтып  отырған  жоқ, балаға  барынша  жақсы  мен  жаманның  ара  жігін  ажыратуды,  түсіндіріп,  өмірге  бейімделуді  айтып  отыр.  Оқыту - өлі  жаттау  емес,  айтқан  мен  оқығанын  бойына  дарыту.Ұлы  ғұлама  Әл-  Фараби: «Ұстаз.жаратылысынан  өзіне  айтылғанның  бәрін  жадында  жақсы  сақтайтын,  бұлардың  ешнәрсені  ұмытпайтын.алғыр да  аңғарымпаз  асыл  иесі.,мейлінше  шешен,  өнер – білімге құштар  қанағатшыл  жаны  асқақ  және  ар- намысын  ардақтайтын,  жақындарына  да,  жат  адамдарына  да  әділ.,  жұрттың- бәріне.  жақсылық  пен  ізгілік  көрсетіп.  қорқыныш  пен  жасқану  дегенді  білмейтін  батыл,  ержүрек  болуы  керек» дейді.

Адам  бойындағы  құштарлық  пәнге  қызығушылықты  тудыру,  оны  ояту  үшін  мұғалімнің  өзі  қызығатындай  өмір  бойы  қызығып  жүргендей,  айтқанына  баурап  тартатындай  шама  болу  керек.

Ел  ішінен  шыққан  ерекше  тұлға,  бала  жанын  шын  түсінгісі  келген  және  жас  ерекшелігіне  қарай  түсіне  білген  Ы.  Алтынсарин «Егер  балалар  бірдемені  түсінбейтін  болса,  онда  оқытушы  оларды  түсіндіре  алмай  отырған  өзін  кінәлауға  тиіс,»- дейді.  Адам  сенімге  ие  болғанда  ғана  сендіре  алады.  Мұғалімгше  шын  сенгенде  ғана  оқушы  шынын  айтады.

Академик  жазушы  Ғ.  Мүсірепов «Оқушы  жастардың  ең  сенімді  ұстазы,  сыр  жасырмай  ашық  айтатын  адамы- мұғалім,» -деп  шәкірт  көзімен  қарайды.Ұстаздың  дүние  тануы,  оның  өмірі,  әрбір  құбылысқа  қалай  қарайтындығы  әрбір  шәкіртіне  әсер  етеді. Сондықтан  да  мұғалім  өзінің  мінез-құлқы, әрекеттері  дүние  жүзіндегі  бірде  бір  адамдарда  болмайтын  күшті  бақылауда  екендігін  сезінуі  керек.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Педагог имиджі»

ХХI ғасыр педагогының имиджі.

Мұғалімдер- қоғамның ең білімді,

ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең

«сынампаз» бөлігі болып табылады.

Н. Ә. Назарбаев.

Мұғалім- мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуеттік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы: «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді» - деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады. Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осыегеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім.

Адамның адам болып қалыптасуына ата- аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардығһң қолында.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғаны әрине мақтаныш. Ұстаздың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Ұстаз болу қиынның қиыны. Өйткені ол әлі қалыптасып үлгермеген жас өскін, балғын баламен жұмыс істейді. Сен баланың қабағына қарайсың, ал бала сенің қабағыңа қарайды. Ата ананың мейіріммен үлпілдеп отырған сәбиінің мектеп жасына жеткендегі жанашыр тәрбиешісі, қамқоршысы мұғалім. Біздің әр басқан қадамымыз педагогика. Ал осында кез келген адам педагог бола алмайды. Педагогика- шыдамның, төзімнің, сабырлы, салмақтылықтың адамдық ерекше қасиеті. Үйретуден балаға,- дегенде баланың ығына жүгіруді айтып отырған жоқ, балаға барынша жақсы мен жаманның ара жігін ажыратуды, түсіндіріп, өмірге бейімделуді айтып отыр. Оқыту - өлі жаттау емес, айтқан мен оқығанын бойына дарыту.Ұлы ғұлама Әл- Фараби: «Ұстаз...жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын...алғыр да аңғарымпаз асыл иесі...,мейлінше шешен, өнер – білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар- намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың- бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» дейді.

Адам бойындағы құштарлық пәнге қызығушылықты тудыру, оны ояту үшін мұғалімнің өзі қызығатындай өмір бойы қызығып жүргендей, айтқанына баурап тартатындай шама болу керек.

Ел ішінен шыққан ерекше тұлға, бала жанын шын түсінгісі келген және жас ерекшелігіне қарай түсіне білген Ы. Алтынсарин «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс,»- дейді. Адам сенімге ие болғанда ғана сендіре алады. Мұғалімгше шын сенгенде ғана оқушы шынын айтады.

Академик жазушы Ғ. Мүсірепов «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы- мұғалім,» -деп шәкірт көзімен қарайды.Ұстаздың дүние тануы, оның өмірі, әрбір құбылысқа қалай қарайтындығы әрбір шәкіртіне әсер етеді. Сондықтан да мұғалім өзінің мінез-құлқы, әрекеттері дүние жүзіндегі бірде бір адамдарда болмайтын күшті бақылауда екендігін сезінуі керек.

А. Байтұрсынов «Мектеп керектері еңбегінде былай делінген»: ...Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Олай болса ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс істейді. Сол жас бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай ізденісте болу үшін заман талабына сай жаңа білім, жаңа тәрбие керек. Мұғалім - сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ , өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтік мәртебесін биік ұстай алады. Қазіргі қоғамда қажетті де осындай ұстаздар. Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытатын- ғылымы мен білімі.

«Мектеп-«леуметтік мәселенің ең өзектісі»-деп Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев Үкіметпен жұртшылық назарын жалпы білім беретін мектептің қызметін көтеруге аударып отырған жағдайда жаңа заман мұғалімінің жауапкершілігі арта түсуде. «Маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі»-деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай; қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екені аян. Бүгінгі таңда мұғалімнің ұстаздық тұлғасын қалыптастыру күшеймесе кеміген жоқ. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектеп ойшыл, зерттеуші жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім болуы керек. Қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді, қоғамдық қасиеттер һзгерді, ата-ана мен бала психологиясы өзгерді. Ұлттық рухта тәрбиеленіп, ізгілік жақсылықты тек өз ата- анасынан, бабасынан здейтін бала жоқ қазір. Қазіргі балалар еш нәрседен қорықа қоймайтын, өзінің өміріне тек тиімділік тұрғысынан қарайтын іскерлікке бейім, романтик қиялшыл емес жауапкершілікті жете қабылдамайтын, көп нәрсеге сене бермейтін, бауырмалдығы аз адамдар. Сондықтан кез- келген мұғалімді олардың жан дүниесі қабылдай бермейді. Олардың сұранысы өте биік. Бүгінгі күні мектеп мұғалімі жан- жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар болғанда ғана жаңа формациядағы ұстаз бола алады.

XXI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалі жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болуы керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеруі қажет, ғаламдасуға байланысты «Интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет.

XXI ғасыр- бұл ақпараттық- қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейге көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде ғана баға беру немесе пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді.

Мұғалім- қоғам айнасы. Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрелік. Бүгінгі мұғалім ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім оқытушы, мұғалім-ұстаз, мұғалім- оқулық авторы, мұғалім- технолог, мұғалім- жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Белгілі педагог К. Ушинский: « Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды»- деген. Сондықтан ұстаз- шәкірт-ұстаз болуы қажет. Белгілі педогог ғалымдар: С. Қалиев, Ә. Нысанбаев, Ш, Таубаева, Қ. Жарықбаев, Б. Барсай тағы да басқа ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, Мұғалімнің мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын бірнеше бөліктермен анықтауға болады.


Мұғалімнің сыртқы Мұғалімнің кәсіби мә-

келбетінің мәдениеті. дениеті, әдебі,сөйлеу

шеберлігі,шешендік

Мұғалім мәдениеті қасиеті,дем алуы,дауыс

мен шеберлігі,ител- ырғағы,сазы.

лектуалдығы.

Мұғалімнің өзін-өзі Ілтипаттылығы, сенім

басқару шеберлігі. әділдігі, сабыр сақтауы.


Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің иновациялық іс- әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі- маңызды мәселелердің бірі. Ұстазсыз мектепті, мектепсіз ұстазды көз алдыңа елестету қиын.

Мектеп жұмысының ішінде ең басты мәселелердің бірі- кадр мәселесі.

Ұстаз саяси сауатты жан- жақты білімді өз бойындағы сол білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдістемелік шебер болуы керек. Мұғалімнің шығармашылық шеберлігін арттыру, сөйтіп оқушы мен мұғалім арасындағы шығармашылығ байланысты нақты танымдық іске, іскерлік әрекетке ұластыру, озат тәжірибені орынды пайдалануға мүмкіндік туғызу- әрбір мұғалімнің басты міндеті. Б. Т. Лихачев педагогикалық шеберлікті педагогикалық өнердің бір белгісі ретінде қарастыра отырып былай талдайды: « Педагогтың кәсіби әуестенуімен, педагогикалық ойлаумен өмірге деген эстетикалық қатынасының мықты ерікпен біріктірілген педагогикалық-психологиялық білім, қабілет және дағдылы жиынтығын толық меңгеруі».

XXI ғасырдың іскер азаматы-бәсекеге қабілетті, ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, адамдармен дұрыс қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда өз орны бар, іскер жеке тұлға деп білуіміз керек. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан- жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру педагогтың интеллектуалдық,кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып,оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Білім жолы қиын да қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу- ұстаз алдында тұрған ең басты жауапты міндет. Ұстаз міндеті- жас ұрпаққа сапалы білім беру, ғылымға баулу, сапалы тәрбие беру. Шәкірттің жақсы болуы-ұстаздың айтқан сөзінде ғана емес, көрсеткен үлгісінде. Меніңше, ұстаз, ұстаз болып танылуы үшін оған ең алдымен, үлкен білім мен білік, ұйымдастырушылық қабілет қажет.

Ғ. Мүсірепов: «Жазушы жазуын қойған күні –өлгені,» -деген екен. Сол секілді мұғалім оқуын, іскерлік қабілетін тоқтатқан күні мектеп табалдырығын аттамағаны дұрыс. Ұстаз күнделікті оқу арқылы ойы мен бойына білім қорын жинауы тиіс. Оқушының білім сапасын заман талабына сай көтеру үшін оқытудың жаңа технологиясын күнделікті сабақ жоспарына енгізген, үнемі ізденуден жалықпайтын жаңа әдәсті меңгерген ұстаз нәтижелі табысұа жете алады.

XX ғасырдың басында Ж. Аймауытов: “ «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер,» -деген екен. Сондықтан педагогика жаңалығының тиімді әдістерін таңдап тәжірибеде қолдану мұғалімнің еркінде.Ахмет Байтұрсынов: «Мұғалім әдістерді көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне с.йеніш, қолғабыс ету әрбір маманның жадында болуға тиіс»-деген.

Ұстаз қашан да білім беруден жалықпайтын, шығармашылығы мол ең-

бекқор әрі парасатты адам болғаны жөн. Өйткені өз ісіне берілген,жаңа-

лыққа жаны құмар, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отыр-

ып шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайық-

ты тұлғасы деуге болады. Мұндай лайықты тұлғаға жету үшін үнемі із-

деністе жүру қажет. Ең алдымен ұстаз бала жанының тамыршысы бл-

луы тиіс. Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігінен, бейімді-

лігінен, айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен кө-

рінеді. Осы үшеуі ұстаз мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы

бола алады. Біз қанша ізденіп білсек сонша нәрсе қолымыздан келеді.

Өзен қайтсе үлкейеді? Өзіне келіп құйған бұлақтардың бәрін қабылдай

берсе. Білімділікте солай, құр оқып қана қоймай шәкірт бойына білім

нәрін сіңіре білсең ғана білімдар ұстаз болатының анық. Білім алушы-

ға ұстаздың сөзі, жүріс-тұрысы, оның киіне білуі әсер етеді және оларға

үлгі. Ұстаздың әдемі сөйлеген сөзі, жағымсыз жекіген сөзі бала жүрегі-

нен орын алады.

А. П. Чехов «Адамдағы барлық нәрсе:жүзі де, киімі де, жаны да, ойы да

көркем болуы тиіс,»-деген ұлағатты сөзі ұстаздарға айтылған сияқты.

Орынсыз бояну, шектен асқан сәнді, жасанды киіну,табиғи өзін өзгерту-

ге әуестену немесе өте салақтық күтінбей жүру мұғалімдік этикаға үй-

леспейді. Педагог өміріндегі ең тамаша нәрсе- оның оқушылармен оқу

үрдісін тиімді ұйымдастырып, тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс тәсіл-

дерін қолданып, оқушының білім алуда мақсатты деңгейді игеріп, ал-

ған білімін әрі қарай дамытуына мүмкіндіктер туғызу.

Қорыта айтқанда ең әуелі мектепте керегі- білікті маман жаңашыл ұстаз.

Әрбір ұстаз алдын ала өзін-өзі педагогикалық жұмысқа іштей бейімдеуі

Керек,иновациялық ынталықпен табандылыққа үйренуі ұажет және өз

Сенімін оқушыға жеткізе білуі керек.

Ұлы неміс педагогы А. Дистервергтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім

беру ісіне басшылық» атты еңбегінде: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі

айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,

ойлауға үйретеді,»-деген.Мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру

ісін рухани, дамыта отырып,иновациялық ізденіспен жұмыс істеп, білігі

мен білімі жоғары ұлағатты болуы керек. Міне осы талаптарды әрбір

педагог тұрақты ұстанып басшылыққа алып отырса, мұғалімнің күш

қуаты, көңіл-күйі әрдайым жоғары еңбегі жемісті болмақ.

Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары өз кезегінде оның жеке кәсіби педа-

гогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңаша өмірге бет

бұрып жаңаша ой түзегшен егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен су-

сындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға мәдениеті

мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім-ғасыр көшін бастаушы болып

табылары анық.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Педагог имиджі

Автор: Молдакулова Куляш Абитхановна

Дата: 12.11.2016

Номер свидетельства: 358053

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Деловая игра для педагогов «Имидж современного педагога»"
    ["seo_title"] => string(39) "delovaia_igra_dlia_pedagogov_dou_imidzh"
    ["file_id"] => string(6) "505871"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1554289487"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Деловая игра для педагогов «Имидж современного педагога»"
    ["seo_title"] => string(57) "delovaia_igra_dlia_pedagogov_imidzh_sovremennogo_pedagoga"
    ["file_id"] => string(6) "564613"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1606410156"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Профессиональная культура педагога "
    ["seo_title"] => string(39) "profiessional-naia-kul-tura-piedaghogha"
    ["file_id"] => string(6) "137551"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1417367172"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""История формирования имиджа педагога""
    ["seo_title"] => string(42) "istoriia-formirovaniia-imidzha-piedaghogha"
    ["file_id"] => string(6) "275838"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452620798"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "«Основные принципы формирования образа педагога»"
    ["seo_title"] => string(52) "osnovnyie-printsipy-formirovaniia-obraza-piedaghogha"
    ["file_id"] => string(6) "277878"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453015864"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства