kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ағылшын тілін оқытудағы дидактикалық ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Статья : Дидактические игры в изучении английского языка (на казахском языке)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ағылшын тілін оқытудағы дидактикалық ойындар»

АҒЫЛЫШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР

Әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының,ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысымен қызығушылығын арттыратын ойын оқушылардың ара-қатынас үлгісіне,шығармашылыққа,оқытуға үйретеді.

«Дидактикалық ойын» сөзі оқыту үшін арнайы ойындар деген түсінікті алғаш рет Ф.Фребель және М.Монтесорри енгізген.

Оның мақсаты: грамматиканы оқып үйрену арқылы шетел тіліндегі мәтіндерді түсіну және оқу.

Қазіргі кезде оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту үшін қолданылатын ойын түрлерінің әрбірінің белгілі бір мақсаты және ерекше спецификасы бар. Кейбір ойын топтары: шығармашылық ойындар , сюжеттік-рольдік ойындар қолданылады. Бұл ойындар рольдік және симуляция (ситуация көріністері) түрлеріне бөлінеді.Біріншісі оқу-әрекеті түрлерінің төменгі,ал екіншісі жоғарғы деңгейі болып есептелінеді.

Интеллектуалдық ойындар: бұл ойын түрлері танымдық әрекеттерін белсендіреді, міндеттерді шешудің проблемалық сипатына тән.

Дидактикалық ойындар :бұл ойындар оқу міндеттерін шешу үшін арналған дайын ережелермен әзірленген ойын түрі. Бұл топқа өзіндік лингвистикалық ойындар кіреді.

Лингвистикалық ойын кезінде ойынға қатысушылардың санына қарай жеке,жұптық және топтық болып бөлінеді. Жеке ойын түріне – кроссвордтар, анаграммалар, ал жұптық және топтық ойындарға сұрақтардың көмегімен белгісіз суреттердің орнын табу, «суретті» диктант жазу ойындары жатады. Ойындық ситуацияларды жасау үшін, суреттер ситуациялық жағдайды бейнелеу, нұсқаулар, техникалық құралдар, мәтіндер кеңінен қолданылады.

Ағылшын тілі сабақтарында бұл әдістің тиімді жақтары «жүйелілік ұстанымдары». Біріншіден, коммуникативтік қарым-қатынас жасауда баланың ана тіліндегі білімі мен сөйлеу дәрежесі негізге алынады. Ал екіншіден, тілдік материал жүйелілік ұстанымға негізделе құрылып, қарапайымнан күрделіге қарай күнделікті қарым-қатынас жасау мақсатында іріктеліп беріледі.

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерінің қолданылуының негізгі 6 мақсаты бар. Олар:

1.Белгілі бір дағдыларды қалыптастыру.

2.Белгілі бір тілдік білімдерін дамыту.

3.Қарым-қатынас жасай алуға үйрету.

4.Қажетті пмихикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту.

5.Танымдық

6.Тілдік материалды есте сақтау.

Бірақ танымдық сауықшылдық ойын түрлерін екіге бөлуге болады.Біріншіден дайындық ойындары, оның мақсаты тілдік дағдыларды қалыптастыру. Бұл ойындар тобы сабақ кезінде оқушының пайдалы және қызықты шығармашылық,тілдік әрекетін грамматиканы және лексиканы қолдану арқылы ойды дамытуды жаттықтыратын лексикалық түрлері.

Екіншіден, оқушының тілдік біліктілігін дамытуға мүмкіндік болатын – шығармашылық ойындар.Осы ойын түрлерінің ішінде драмалық және рольдік ойындар ең маңыздысы болып табылады.

Сонымен ойын – жағымды эмоционалды күй құралы ретінде дәрісханада жалықтыратындай көңіл – күйге түсіретін белгілі тапсырмаларды бірқалыпты орындауға қарағанда оқушы мен оқытушының қызығушылығын және еңбекке қабілеттілігін жоғарылатады.

Ағылшын тілі сабағында ойындарды 3 топқа бөліп өткізуге болады.Олар:

1.Фонетикалық ойындар.

2.Сөйлеуге дағдыландыру ойындары.

3.Жазба жұмысындағы ойындар.

1.Фонетикалық ойындарды сабақта 5-6 минут жарыс түрінде өткізуге болады.

а)Мұғалім оқушыларды топқа бөліп,ағылшынша сөз айтады.Сол айтылған 4 сөздің ішінде біреуі 3 сөзден жазылуы басқаша. Сол сөзді тапқан топ жеңеді.Мысалы:

Man – man – men – man Ship – sheep – ship – ship

Bad – bed – bad – bad Live – leave – live – live

ә)Сабақ барысында өтіп кеткен қандай да бір дыбыс бойынша жүргізуге болады.Мұғалім әр топқа кезек-кезекпен осы дыбыс бар сөздерді айтқызады.Қай топ көп сөз айтса,сол топ жеңеді.

б)Мысалы ,сыныптағы бір оқушы (Еділ) тақтаға шығады. Еділ оқушы балаларға қарамай теріс қарап тұрады.Мұғалім қолымен партада отырған Даниярды көрсетеді. Данияр: «Good morning,Edil!» дейді. Егер де Еділ Даниярдың дауысын таныса «Good morning,Daniar!» деп жауап береді.Содан тақтаға Айдана шығып ойын жалғаса береді.

2. Сөйлеуге дағдыландыру ойындары:

а)Тақта жанында 2 орындық тұрады. Біреуінде «дұрыс» ,ал екіншісінде «қате» деген жазу тұрады.Мұғалім : «The weather is fine!» дейді. Бірақ бұл кезде далада жаңбыр жауып тұр.Мұғалім бір баланың атын айтады.Аты аталған бала «қате» деген жазуы бар орындыққа отырады да «The weather is bad» - деп қатесін дұрыстайды. Бұл ойынды да топ арқылы жарыстыруға болады.

3.Жазба жұмысындағы ойындар:

а)Мұғалім тақтаға қандай да бір сөз жазып қояды. Мысалы: Schoolchldren.Осы жазылған сөздерден оқушылар жаңа сөздер құрастырып шығару керек. Шығатын сөздер мыналар : she,child,he,school,children,son,ill,doll,line,red т.б.

ә)Мұғалім оқушыларды топқа бөледі де,бірінші топқа black деген сөз айтады.1-топ сөзді аударады,2-топ сөздің антонимін табады.Осылай ойын әрі қарай жалғаса береді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ағылшын тілін оқытудағы дидактикалық ойындар

Автор: Жандарбекова Молдир Маратовна

Дата: 24.05.2017

Номер свидетельства: 418409

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(182) "БАЯНДАМА: А?ЫЛШЫН ТІЛІ САБА?ЫНДА ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАР АР?ЫЛЫ КОММУНИКАТИВТІК ??ЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ. "
    ["seo_title"] => string(105) "baiandama-ag-ylshyn-tili-sabag-ynda-didaktikalyk-oiyndar-ark-yly-kommunikativtik-k-u-ziriettilikti-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "184140"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425999205"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "А?ылшын  тілі  саба?ында  о?ушыларды?  танымды?  ??зырлылы?тарын  ?алыптастыру  жолдары ."
    ["seo_title"] => string(90) "ag-ylshyn-tili-sabag-ynda-ok-ushylardyn-tanymdyk-k-u-zyrlylyk-taryn-k-alyptastyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "311390"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459187694"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Шетел тілін ерте жастан о?ытуды? ма?ызы ж?не оны? ерекшеліктері"
    ["seo_title"] => string(67) "shietieltiliniertiezhastanokytudynmanyzyzhnieonynieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "273217"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452172484"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер"
    ["seo_title"] => string(64) "zhanartylgan_bilim_mazmuny_boiynsha_okytudagy_zhana_dis_t_silder"
    ["file_id"] => string(6) "548425"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1588220981"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "П?нді о?ытуда  интерактивті -коммуникативтік технологияларды ?олдану жолдары "
    ["seo_title"] => string(82) "p-ndi-ok-ytuda-intieraktivti-kommunikativtik-tiekhnologhiialardy-k-oldanu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "217194"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1433263727"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства