kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

New Zealand beautiful country

Нажмите, чтобы узнать подробности

The West African country of Burkina Faso is one of the poorest in the world in terms of GDP and receives only a small number of visitors each year. However, the tourism industry in the country is growing, perhaps encouraged by the geniality of its people. The scenery of Burkina Faso is breath-taking, ranging from natural waterfalls to wildlife parks. It also boasts a thriving artistic and musical community and is full of historical sites, making it one of the most appealing destinations on the continent for those who want to soak up some African culture.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«New Zealand beautiful country»

Қазақстан Республикасының Су кодексі

Су кодексі— жер үсті және жер асты суларын экономиканың түрлі салаларында пайдалану шараларын белгілеп, оларды іске асыратын, сондай-ақ суды қорғау және оның зиянды әсерімен күресумен айналысатын халық шаруашылығы саласы. Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, коммуналдық шаруашылықты сумен қамтамасыз етуге, жерді мелиорациялау бағдарламасын орындауға, гидротехника мен су көлігін, балық шаруашылығы мен құс шаруашылығын өркендетуге, денсаулық сақтау ісін нығайтуға септеседі. Қазақстанда үлкенді-кішілі 85 мың өзен, уақытша сай-салалар (бұлардың жалпы үзындығы 720 млн км), 48 мыңнан астам көл (ауданы 36 мың км², Каспий және Арал теңіздерін қоспағанда) бар. Ірі өзендерде кеме қатынайды. Өзен суының көп жылдық орташа ресурсы 100 км3 шамасында, оның 56 км3-і Қазақстанда қалыптасады. Ол республика аумағында біркелкі таралмаған. Жалпы алғанда республика суға тапшы. Республикада су ресурстарын реттеу 1993 жылы 31 наурызда қабылданған № 2061—XII және Қазақстан Республикасының 24.12.1996 жылы № 58-1, 4.05.1999 жылы № 381-1, 23.01.2001 жылы № 151-И заңдарымен толықтырылған "Су Кодексіне" сәйкес жүргізіледі. Оған дейін 1972 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі бекіткен "Су кодексі" қолданылып келген болатын. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1993 жылы 31 наурызда қабылданды. Су кодексі 123 бап, 6 бөлім, 26 тараудан тұрады.

Су кодексінің қай бөлімінде, қандай ережелер жайлы мағлұмат беріледі тоқтала өтсек:

Бірінші бөлімінде жалпы ережелер;

Екінші бөлімінде суды пайдалану;

Үшінші бөлімінде суды қорғау және оның зиянды әсерін болдырмау;

Төртінші бөлімінде су пайдалануды есепке алу және жоспарлау;

Бесінші бөлімінде су дауларын шешу және заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық;

Алтыншы бөлімінде халықаралық шарттар;

  1-бап. Су заңдарының мiндеттерi

      Қазақстан Республикасы Су Заңдарының мiндеттерi халықтың, экономика салалары мен айналадағы табиғи ортаның мұқтаждары үшiн суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.

      2-бап. Су заңдары

      1. Қазақстан Республикасында Су қатынастары осы Кодекспен және соған сәйкес шығарылатын Қазақстан Республикасының заңдық құжаттармен, өзге де қалыпты құжаттармен реттелiп отырады. 
      2. Жер және орман қатынастарын, сондай-ақ жер қойнауын, атмосфера ауасын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау мен пайдалану жөнiндегi қатынастарды Қазақстан Республикасының арнаулы заңдары реттеп отырады.

      3-бап. Су қоры

      1. Мемлекет аумағындағы барлық су Қазақстан Республикасының су қорын құрайды. 
      2. Су қоры мыналарды қамтиды: 
      өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар, су қоймалары, басқа да жер бетiндегi су ресурстары, сондай-ақ каналдар мен магистральды су құбырларының сулары; 
      жер астындағы сулар; мұздықтар; 

      4-бап. Су меншiгi

      1. Қазақстан Республикасындағы су мемлекеттiң меншiгi болып табылады. 
      2. Су меншiгi құқығын тiкелей немесе жасырын түрде бұзатын әрекеттердiң заңды күшi жоқ және заңдарда көзделген жауаптылыққа әкелiп соғады. 
      3. Суды басқа мемлекеттердiң, сондай-ақ шетелдiк заңды ұйымдар мен азаматтардың пайдалануына беру шарттық негiзде жүзеге асырылады. 
      4. Суды пайдалануға беру және су меншiгi құқығын iске асыру жөнiндегi басқа да әрекеттер жасау Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органының мiндеттi түрде қатысуымен жүзеге асырылады.

5-бап. Суды басым пайдалану

      Су ең алдымен халықтың ауызсу және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн пайдалануға берiледi.

      6-бап. Суды басқару принциптерi

      1. Қазақстан Республикасындағы суды басқару су ресурстарын қорғау мен толықтыруды, су пайдаланудың оңтайлы шарттарын, айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз ететiн су шаруашылығы-бассейндiк және әкiмшiлiк-аумақтық принциптердi үйлестiру негiзiнде жүзеге асырылады. 
      2. Су шаруашылығы-бассейндiк принцип өзен, көл бассейндерi және басқа да сутоғандар шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасында су ресурстарын бөлу кезiнде iске асырылады.

7-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң құзыретi

      Су қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына мыналар жатады: 
      су заңдарын әзiрлеу және жетiлдiру; 
      су қатынастарын реттеу мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттарды бекiту мен олардың күшi жойылуын мәлiмдеу. 

 8-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар – мәслихаттардың құзыретi

      Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттардың қарауына мыналар жатады: 
      суды ортақ пайдаланудың шарттарын белгiлеу; 
      судың пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау жасау. 

11-бап. Суды мемлекеттiк басқару органдары

      1. Республикада суды мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар, су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк орган, сондай-ақ арнайы уәкiлдiк берiлген өзге де мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. 
      2. Жер асты суларын басқару геология және жер қойнауын қорғау органдарымен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.

      12-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Суды басқару саласында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына мыналар жатады: 
      су ресурстарын пайдалану, ұдайы молықтыру және қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру; 
      су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың, су шаруашылығын дамытудың негiзгi бағыттарын бекiту; 
      су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемаларын және су шаруашылық баланстарын бекiту; 
      сутоғандар мен су көздерiн сақтау және қалпына келтiру жөнiндегi республикалық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету; 
      суды мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу және оны пайдалану тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ мемлекеттiк су кадастры мен су мониторингiн жүргiзу; 
      суды пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; 
      су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы ереженi бекiту; 
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, ерекше мемлекеттiк маңызы немесе ерекше ғылыми құндылығы бар сутоғандарының тiзбесiн бекiту; 
      судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа объектiлердi орналастыру мен iске қосу тәртiбiн, сондай-ақ сутоғандарда, олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, су түбiн тереңдету және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын белгiлеу; 
      сутоғандарды жеке пайдалануға беру; 
      республика облыстары арасындағы су қатынастарын реттеу; 
      жер үстi су көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы ставкаларын белгiлеу; 
      Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен суды пайдалану мен қорғау мәселелерi жөнiндегi қатынастары саласындағы шараларды жүзеге асыру. 

 13-бап. Облыстық атқарушы органның құзыретi

      Облыстық атқарушы органның қарауына мыналар жатады: 
      Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органының ұсынуы бойынша облыстың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi, салалар мен жекелеген су пайдаланушылар арасында су тұтыну лимиттерiн бөлу; 
      Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органымен келiсiм бойынша заңды ұйымдар мен азаматтарға сутоғандарын жеке пайдалануға беру; 
      судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа объектiлердi орналастыруды және iске қосуды, сондай-ақ сутоғандарында және су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, су түбiн тереңдету және басқа жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiсу; 
      облыстың су ресурстарын кешендi пайдалану схемаларын келiсу мен бекiту; 
      су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу; 
      суды пайдалану мен қорғауды бақылау; 
      суды пайдалану құқығын доғару.

      14-бап. Аудандық, қалалық атқарушы органның құзыретi

      Аудандық, қалалық атқарушы органның қарауына мыналар жатады: 
      Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органының ұсынуы бойынша ауданның, қаланың су тұтыну лимиттерiн су пайдаланушылар арасында бөлу; 
      су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша заңды ұйымдар мен азаматтарға сутоғандарын жеке пайдалануға беру; 
      судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа объектiлердi орналастыруды және iске қосуды, сондай-ақ сутоғандарда және су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, су түбiн тереңдету және басқа жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiсу; 
      су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу; 
      су пайдалану мен қорғауды бақылау; 
      суды пайдалану құқығын доғару.

      14-1-бап. Поселке, ауыл (село) әкiмiнiң құзыретi

      Тиiстi елдi мекендердiң аумағындағы поселке, ауыл (село) әкiмiнiң қарауына мыналар жатады: 
      суды ортақ пайдаланудың шарттарын белгiлеу; 
      судың пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау жасау. 

 15-бап. Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органның құзыретi

      1. Қазақстан Республикасының тапсыруы бойынша су ресурстарын басқаруды өз қызметiн тiкелей немесе бассейндiк, облыстық және өзге де бөлiмшелер арқылы атқаратын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органы табиғатты қорғау органдарының және осыған арнайы уәкiлдiк берiлген өзге де мемлекеттiк органдардың қатысуымен жүзеге асырады. 
      2. Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органының қарауына мыналар жатады: 
      бассейндердiң, облыстар мен аудандар шегiнде су тұтыну лимиттерiн белгiлеу; 
      суды және оның пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алу; 
      мемлекеттiк су кадастрын және су мониторингiн жүргiзу; 
      табиғатты қорғау органдарымен келiсiм бойынша суды арнайы пайдалануға рұқсаттар беру; 
      су пайдаланудың барлық түрлерiне техникалық шарттар беру; 
      экологиялық талаптарды ескере отырып су ресурстарын кешендi пайдалану негiзiнде олардың аймақаралық, облысаралық, ауданаралық және салааралық бөлiнуiн қамтамасыз ету; 
      өзендердi, көлдер мен басқа да сутоғандарын сақтау және олардың жай-күйiн жақсарту, судың зиянды әсерiн болдырмау және жою жөнiндегi шараларды жүзеге асыру; 
      өзендер бассейндерiнiң су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 
      су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру; 
      шектес мемлекеттермен су қатынастарын реттеу мәселелерi жөнiнде ынтымақтасу. 
      3. Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органының суды пайдалану мен қорғау мәселелерi жөнiндегi өз құзыретi шегiндегi нұсқаулары барлық азаматтар, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн қай ведомствоға бағынатынына және меншiк түрiне қарамастан мiндеттi болып табылады.

      16-бап. Суды пайдалану мен қорғау саласындағы басқарудың осыған арнайы уәкiлдiк берiлген  өзге де мемлекеттiк органдары

      Суды пайдалану мен қорғау саласындағы басқарудың осыған арнайы уәкiлдiк берiлген өзге де мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде табиғатты, жер қойнауын, балық қорларын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғауды, мемлекеттiк санитарлық және мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар болып табылады.

      17-бап. Суды пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау

      1. Суды пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылаудың мiндетi барлық министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың су ресурстарын пайдаланудың және оларды есепке алудың белгiленген тәртiбiн сақтауын, суды қорғау, оның зиянды әсерiн болдырмау және жою жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету болып табылады. 
      2. Суды пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары және осыған арнайы уәкiлдiк берiлген өзге де органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

      18-бап. Суды пайдалану мен қорғауға бақылауды жүзеге асыруға қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың қатысуы

      1. Қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтар мемлекеттiк органдарға жәрдемдесiп, суды пайдалану мен қорғауға, су пайдаланушылардың өз мiндеттерiн атқаруына бақылауды жүзеге асыруға қатысады. 
      2. Мемлекеттiк органдар суды ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру кезiнде қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың негiзгi ұсыныстарын ескеруге мiндеттi.

   19-бап. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу  шарттары

      1. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа объектiлердi орналастыру, жобалау және салу кезiнде мыналар қамтамасыз етiлуге тиiс: 
      суды ұтымды пайдалану; 
      сутоғандарынан алынатын судың есебiн жүргiзу, жер бетiндегi және жер астындағы суларды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғау жөнiндегi шараларды орындау; 
      балықты, суда жүзетiн құстарды, су хайуанаттарын және жағалаудағы экожүйелердi қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру; 
      судың зиянды әсерiн болдырмау, жердi су басудан, су астында қалудан, сортаңданудан және құрғаудан қорғау; 
      айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау. 
      2. Өндiрiс жағдайы бойынша қайталамалы сумен жабдықтауға және қалдықсыз технологияға көшiрiле алмайтын кәсiпорындарды қоспағанда, өнеркәсiп орындарын сумен жабдықтаудың тура ағыс жүйелерiн жобалауға және салуға жол берiлмейдi.

 20-бап. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа  объектiлердi орналастыруды, жобалауды,  салуды және iске қосуды келiсу

      Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа объектiлердi орналастыру, жобалау, салу және iске қосу шарттары табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен, жергiлiктi атқарушы органдармен, сондай-ақ жер қойнауын, балық қорларын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғауды, санитарлық және мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асырушы органдармен келiсiледi.

      21-бап. Су қорғау аймақтары мен белдеулерi

      1. Өзендердiң, көлдердiң, теңiздер мен су қоймаларының жағалауы бойымен, бұлақтардың, мұздықтардың, батпақтардың айналасында, сондай-ақ каналдарды, су желiлерi мен басқа да су шаруашылық құрылыстарын бойлай ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi. 
      2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерi судың ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға, оның экологиялық тұрақтылығын және тиiстi санитарлық жай-күйiн сақтауға арналған. 
      Сел қатерi бар өзендер бассейндерiнде су қорғау аймақтары ықтимал су басатын шекаралар ескерiле отырып белгiленедi. 
      3. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi. 
      Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы шешiмде жердi және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланудың ерекше шарттары анықталады. 
      4. Су қорғау аймақтары мен белдеулерi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      22-бап. Сутоғандарында және су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде жұмыс жүргiзу

      1. Сутоғандарында немесе су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, су түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, кабель, труба құбырлары мен басқа да коммуникацияларды жүргiзу, ағаш кесу, бұрғылау, ауыл шаруашылық жұмыстары және өзге де жұмыстар табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен, жергiлiктi атқарушы және осыған арнайы уәкiлдiк берiлген басқа да органдармен келiсiм бойынша жүргiзiледi. 
      2. Кеме қатынасы жолдарындағы жердi қазып пайдалану жұмыстары барлық су пайдаланушылардың мүдделерi және айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтаудың талаптары ескерiле отырып жүргiзiледi. 
      3. Сутоғандарында және олардағы су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, су түбiн тереңдету және басқа жұмыстарды жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      23-бап. Судың жай-күйiне әсер ететiн объектiлердi  пайдалануға беруге тыйым салу

      Мыналарды: 
      судың зиянды әсерiн, су қорғау аймақтары мен сутоғандар белдеулерiнiң ластануы мен былғануын болдырмайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген, сондай-ақ суды тұтынуды және пайдаланылған ақаба судың сыртқа төгiлуiн есепке алу аспаптарымен жарақтандырылмаған жаңа және қайта құрылған объектiлердi; 
      суды реттеушi құрылғылармен жабдықталмаған және санитарлық қорғау аймақтары белгiленбеген судағы скважиналарын; 
      бекiтiлген жобаларға сәйкес балық қорғау құрылғыларынсыз бас саға құрылыстарын; 
      жобаларда көзделген судың жайылуын, жердiң су астында қалуын, батпақтануын, сортаңдануын және топырақ эрозиясын болдырмайтын шараларды жүргiзгенге дейiн суару және суландыру жүйелерiн, су қоймалары мен каналдарды;
      бекiтiлген жобаларға сәйкес су қабылдағыштар мен басқа да құрылыстар әзiр болғанға дейiн құрғату жүйелерiн пайдалануға беруге тыйым салынады.

  24-бап. Суды пайдалану құқығы

      1. Қазақстан Республикасының барлық заңды ұйымдары мен азаматтары суды пайдалануға құқылы. 
      2. Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген реттерде өзге ұйымдар мен адамдар да суды пайдаланады.

      25-бап. Суды пайдалану тәртiбi мен шарттары

      1. Қазақстан Республикасында суды пайдалану осы Кодекспен белгiленген тәртiпте және шарттарда жүзеге асырылады. 
      2. Мемлекетаралық сутоғандарынан суды пайдалану тәртiбi мен шарттары мүдделi мемлекеттер арасындағы келiсiмдермен белгiленедi.

      26-бап. Суды пайдалану түрлерi

      Суды пайдалану: 
      жалпы және арнайы; 
      жеке және бiрлесiп; 
      бастапқы және қосалқы су пайдалануға бөлiнедi.

      27-бап. Жалпы су пайдалану

      1. Жалпы су пайдалану су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекiтiп бермей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданбай халықтың ауызсуға және өзге де мұқтажын қанағаттандыру үшiн жүзеге асырылады. 
      2. Жалпы су пайдалануды жүзеге асыру үшiн арнайы рұқсаттар алудың қажетi жоқ. 
      3. Жалпы су пайдалануға экологиялық, техникалық және санитарлық қауiпсiздiк мақсатында шек қойылуы немесе тыйым салынуы мүмкiн.

      28-бап. Арнайы су пайдалану

      1. Арнайы су пайдалануға халықтың ауызсуға және тұрмыстық мұқтажын, ауылшаруашылығының, өнеркәсiптiң, энергетиканың, су көлiгiнiң, суға деген қажетiн қанағаттандыру үшiн, өзге де қажеттер үшiн, сондай-ақ өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, кәрiз және басқа да пайдаланылған ақаба суды төгу үшiн, жер бетiндегi және жер астындағы суларды пайдалану жатады, аталған су пайдалану мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды: 
      а) жер бетiндегi суды және теңiз суын механикалық және өздiгiнен ағызып алу жөнiндегi тұрақты, жылжымалы және жүзбелi құрылыстарды; 
      б) жер асты суын алу үшiн сорап қондырғылармен жабдықталған бас саға құрылыстарын; 
      в) жер асты суын пайдалануға арналған, су деңгейiн ерiксiз төмендетпей жұмыс iстейтiн шегендi құдықтар, су көздерiнiң қоршаулары мен басқа да шағын құрылыстарды; 
      г) өнеркәсiптiк коммуналдық-тұрмыстық, тоспалық-кәрiздiк, нөсер суын және басқа да пайдаланылған ақаба суды, сондай-ақ шахталардан, карьерлерден, разрездерден айдап шығарылған суды жер бетiндегi және теңiз суына ағызуға арналған су бұрғыш құрылыстарды; 
      д) пайдаланылған ақаба суды жер астының сулы қабатына төгуге арналған сiңiргiш скважиналар мен құдықтарды; 
      е) ақаба суды егiс алаңын суландыруға жiберуге арналған құрылыстарды; 
      ж) бөгендер және басқа да су жинау мен суды реттеушi құрылыстарды (оның iшiнде уақытша қалқалаушы құрылыстарды); 
      з) гидравликалық электр станцияларды; 
      и) сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды төгуге арналған, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылық құрылыстарын; 
      к) суару, суландыру, суару-суландыру және құрғату жүйелерiн; 
      л) су жинау құрылыстары арқылы кемелер мен салдардың өтуiн қамтамасыз ететiн кеме өткiзетiн және ағаш өткiзетiн құрылыстарды; 
      м) судың жай-күйiне әсер ететiн басқа да техникалық құрылғыларды қолдану арқылы жүргiзiледi. 
      2. Заңды ұйымдар мен азаматтар арнайы су пайдалануды осы Кодекстiң 34-бабымен белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат негiзiнде жүзеге асырады.

      29-бап. Суды жеке пайдалану

      1. Суды жеке пайдалануды талап ететiн қызметтi жүзеге асыру үшiн заңды ұйымдар мен азаматтарға сутоғандар немесе олардың бөлiктерi жеке пайдалануға берiледi. 
      2. Басқа су пайдаланушылардың жеке пайдалануға берiлген сутоғандарын пайдалануына осы Кодекстiң 36-бабында көзделген жағдайларда жол берiледi.

      30-бап. Суды бiрлесiп пайдалану

      1. Жеке пайдалануға берiлген сутоғандарды немесе олардың бөлiктерiн қоспағанда, сутоғандар түрлi заңды ұйымдар мен азаматтардың бiрлесiп пайдалануында болуы мүмкiн. 
      2. Суды бiрнеше пайдаланушыға берген кезде төмен орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi бiрiншi кезекте қанағаттандырылады. 
      3. Су пайдаланушылар өзара мүдделердi ескеруге, бiр-бiрiне суды пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және зиян келтiрмеуге мiндеттi.

      31-бап. Бастапқы су пайдалану

      Арнайы рұқсат негiзiнде су тоғандарынан су алуды жүзеге асыратын заңды ұйымдар мен азаматтардың суды пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.

      32-бап. Қосалқы су пайдалану

      1. Бастапқы су пайдаланушылардан су алатын заңды ұйымдар мен азаматтардың суды пайдалануы қосалқы су пайдалану болып табылады. 
      2. Бастапқы су пайдаланушылар арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда көзделген лимиттерге және шарттарға сәйкес су көздерiнiң сулылығын ескере отырып қосалқы су пайдаланушыларға су беруге кепiлдiк бередi.

      33-бап. Сутоғандарын жеке пайдалануға беретiн органдар

      Толық немесе iшiнара жеке пайдалануға мыналар: 
      а) Қазақстан Республикасының Үкiметi - республика аумағында орналасқан кез келген тұйық /ақпайтын сутоғандарды/; 
      б) су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша: 
      облыстық атқарушы орган - облыстың әкiмшiлiк шекаралары шегiнде орналасқан, ауданаралық пайдаланудағы тұйық /ақпайтын/ сутоғандарын; 
      аудандық атқарушы орган - ауданның әкiмшiлiк шекаралары шегiнде орналасқан тұйық /ақпайтын/ сутоғандарын; 
      қалалық атқарушы орган - қала шекарасы шегiнде орналасқан тұйық /ақпайтын/ сутоғандарын бередi.

      34-бап. Арнайы су пайдалануға рұқсат беретiн органдар

      1. Арнайы су пайдалануға рұқсатты: 
      үстiңгi қабаттағы суларын пайдалануға - табиғатты қорғаудың мемлекеттiк органымен келiсiм бойынша су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк орган; 
      жер асты суларын пайдалануға - су ресурстарын және табиғатты қорғайтын мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша геология және жер қойнауын қорғайтын мемлекеттiк орган бередi. 
      2. Арнайы су пайдалануға келiсу және рұқсаттарды беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      35-бап. Жалпы су пайдалануды жүзеге асыру

      1. Жалпы су пайдалану кезiнде табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органның және мемлекеттiк санитарлық қадағалауды, жер қойнауын, балық қорларын қорғауды жүзеге асыратын, кеме қатынастары мен ағаш ағызуды реттейтiн органдардың талаптарын, сондай-ақ суда адамдардың өмiрiн қорғау ережелерiн сақтау мiндеттi болып табылады. 
      2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында шомылуға, қайықпен жүзуге, ауызсу мен тұрмыс мұқтаждары үшiн су алуға, мал суаруға тыйым салынатын жерлердi белгiлейдi, сондай-ақ өздерiнiң әкiмшiлiк шекаралары шегiнде орналасқан сутоғандарда жалпы су пайдаланудың басқа да шарттарын анықтайды. 
      3. Жалпы су пайдалану шарттары туралы ұсыныстарды табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, санитарлық қадағалау жасайтын мемлекеттiк органдар және басқа да мүдделi органдар енгiзедi. 
      4. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өздерi белгiлеген жалпы су пайдалану шарттары туралы күнiлгерi хабарландыруға мiндеттi.

      36-бап. Жеке пайдалануға берiлген сутоғандарда жалпы су пайдалану

      1. Жеке пайдалануға берiлген сутоғандарда табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдар белгiлеген шарттармен жалпы су пайдалануға жол берiледi. 
      2. Жеке пайдалануға сутоғанын алған су пайдаланушы жалпы су пайдаланудың шарттары немесе оған тыйым салынғаны туралы хабарландыруға мiндеттi.

      37-бап. Су пайдалану мерзiмдерi

      1. Сутоғандары тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiледi. 
      2. Күнiлгерi белгiленген мерзiмсiз су пайдалану тұрақты пайдалану деп танылады. 
      3. Уақытша су пайдалану қысқа мерзiмдi - үш жылға дейiн және ұзақ мерзiмдi - жиырма бес жылға дейiн болуы мүмкiн. 
      4. Су пайдалану мерзiмдерi су пайдалану құқығын куәландыратын тиiстi құжат алынған күннен бастап есептеледi. 
      5. Қажет болған кезде су пайдалану мерзiмi ұзартылуы мүмкiн. 
      6. Жалпы су пайдалану мерзiмi мен шектелмейдi. 
      7. Уақытша су пайдалану мерзiмдерiн өзгертудi немесе доғаруды мүдделi су пайдаланушылардың өтiнiшi бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат берген немесе сутоғанын жеке пайдалануға беру туралы шешiм қабылдаған мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

      38-бап. Суды мақсатты пайдалану

      1. Сутоғандары халықтың ауызсу, тұрмыстық, емдiк, курорттық, сауықтыру және өзге де мұқтаждарын, ауыл шаруашылық, өнеркәсiптiк, энергетикалық, құрылыс, көлiк, балық шаруашылығы мен өзге де қажеттердi қанағаттандыру үшiн пайдалануға берiледi. 
      2. Су бiр немесе бiрнеше мақсаттар үшiн пайдалануға берiлуi мүмкiн. 
      3. Су пайдаланушылар суды берiлген кездегi көзделген мақсаттарға ғана пайдалануға тиiс.    

      39-бап. Су пайдаланушылардың негiзгi құқықтары

      Су пайдаланушылардың: 
      осы Кодекстiң 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген мақсаттарды жүзеге асыру үшiн суды пайдалануға; 
      кейiннен пайдалану үшiн су шығарып алуға; 
      су шаруашылық құрылыстары мен құрылғыларын орнатуға; 
      берiлген судың мөлшерi мен сапасын тексеруге; 
      осы Кодекстiң 40-бабында көзделген реттердi қоспағанда, лимит бойынша алынбаған судың өтемiн талап етуге; 
      суды пайдалану жөнiнде заңмен тыйым салынбаған басқа да әрекеттердi жүзеге асыруға қақысы бар.

      40-бап. Су пайдаланушылардың құқықтарына шек қою

      1. Су мүлде азайған, сутоғандарында авариялық жағдайлар болған, жұқпалы аурулар мен iндеттердiң пайда болу қаупi туған кезде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де реттерде басқа су пайдаланушылардың мүдделерiне орай су пайдаланушылардың құқықтарына шек қойылуы мүмкiн. 
      Су пайдаланушылардың құқықтарына шек қою халықтың ауызсу және тұрмыс мұқтаждары үшiн суды пайдалану жағдайларын нашарлатпауға тиiс. 
      2. Су пайдаланушылардың құқықтарына: 
      суды жеке пайдалануға - сутоғанын жеке пайдалануға берген орган; 
      арнайы су пайдалануға - арнайы су пайдалануға рұқсат берген орган; 
      қосалқы су пайдалануға - су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк орган шек қоюы мүмкiн.

      41-бап. Су пайдаланушылардың құқықтарын қорғау

      1. Су пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады. Заңда көрсетiлмеген негiздермен су пайдалану құқығынан ешкiм айрыла алмайды. 
      2. Су пайдаланушылардың бұзылған құқықтары Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртiпте қалпына келтiрiлуге жатады.

      42-бап. Су пайдаланушылардың негiзгi мiндеттерi

      Су пайдаланушылар: 
      суды мақсатты және оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануына; 
      табиғи ортаға және шаруашылық объектiлерiне зиян келтiрмеуге; 
      суды үнемдi жұмсауға; 
      ағынды судың сапасын жақсарту жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыруға; 
      басқа су пайдаланушы құқыларының бұзылуына жол бермеуге; 
      пайдаланылатын сутоғандарын қалыпты ұстауға және көркейтуге; 
      құрамында ластайтын заттары бар сарқынды судың сутоғанына құйылуына жол бермеуге; 
      судың жай-күйiне әсер ететiн тазарту және басқа су шаруашылық құрылыстары мен техникалық құрылғыларды түзiк күйде ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға; 
      судың бас сағаларын есепке алу құралдарымен жабдықтауға және белгiленген тәртiпте су пайдаланудың есебiн жүргiзуге; 
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.

      43-бап. Су пайдалану құқығын доғару негiздерi

      1. Заңды ұйымдар мен азаматтардың су пайдалану құқығы мынадай реттерде: 
      су пайдаланудың қажетi болмай қалған немесе одан бас тартқан; 
      су пайдалану мерзiмi өткен; 
      заңды ұйым таратылған, азамат қайтыс болған; 
      сутоғандарын белгiленген тәртiпте басқа заңды ұйымдар мен азаматтарға берген; 
      суды пайдалану және қорғау шарттары бұзылған; 
      суды көзделген мақсатқа пайдаланбаған реттерде толық немесе iшiнара доғарылуға жатады. 
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында заңды ұйымдар мен азаматтардың су пайдалану құқығын доғарудың басқа да негiздерi көзделуi мүмкiн.

      44-бап. Су пайдалану құқығын доғару тәртiбi

      1. Су пайдалану құқығы арнайы немесе жеке су пайдалануға берiлген рұқсаттың күшiн жою арқылы доғарылады. 
      2. Су пайдалану құқығын доғару: 
      арнайы су пайдалану құқығы - оған рұқсат берген органның шешiмi бойынша; 
      қосалқы су пайдалану құқығы - су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      3. Сутоғандарын жеке пайдаланудан толық немесе iшiнара алып қою сутоғанын жеке пайдалануға берген органның шешiмi бойынша жүргiзiледi.

      45-бап. Сутоғандарын пайдалануға шек қою немесе тыйым салу

      1. Айрықша мемлекеттiк немесе ғылыми маңызы, сондай-ақ мейлiнше сел қауiпi бар сутоғандарын пайдалануға беруге iшiнара шек қойылуы немесе толық тыйым салынуы мүмкiн. 
      Мұндай сутоғандары тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
      2. Ядролық қаруды сынау, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге де түрлерiн /химиялық, бактериологиялық, биологиялық және басқада қару түрлерiн/ сынау полигондарын салу және олардың жұмыс iстеуi, олардың қалдықтарын көму үшiн сутоғандарын немесе олардың бөлiктерiн пайдалануға тыйым салынады.

      46-бап. Су шаруашылық шараларын жүргiзуден келтiрiлген зияндарды өтеу

      Су шаруашылық шараларын жүргiзуден, сондай-ақ су пайдаланудың доғарылуынан немесе шарттарының өзгеруiнен заңды ұйымдар мен азаматтарға келтiрiлген зияндар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте және көлемде өтелуге жатады.

  47-бап. Су пайдалануға ақы төленетiндiгi

      1. Қазақстан Республикасында жалпы су пайдалану тегiн жүзеге асырылады. 
      2. Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалану ақылы болып табылады. 
      3. Жалпы су пайдаланудан басқа, су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы меншiк және шаруашылық жүргiзу түрлерiне қарамастан алынады. 
      4. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы судың сапасы, сутоғанының орналасқан жерi және суды пайдалану шарттары ескерiле отырып алынады. 
      5. Жер үстi су көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетiн ақыны бюджетке есептеу мен төлеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес белгіленеді.

49-бап. Су пайдаланушыларға көрсетiлген қызметтер үшiн ақы төлеу

      1. Су алу мен беру жөнiнде су пайдаланушыларға көрсетiлетiн қызмет үшiн ақы алынады. 
      2. Көрсетiлген қызметтер үшiн төленетiн ақы су алу мен беру, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын атқару жөнiндегi шығындарды қамтиды. 
      3. Су пайдаланушыларға көрсетiлген қызмет үшiн ақы алудың тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

 50-бап. Халықтың ауызсу, тұрмыстық және өзге де мұқтаждары үшiн берiлетiн сутоғандары

      Суының сапасы белгiленген мемлекеттiк стандарттарға сәйкес келетiн сутоғандары ауызсумен және тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн, сондай-ақ халықтың өзге де мұқтаждары үшiн берiледi.

      51-бап. Халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау

      1. Сутоғандарын халықтың ауызсу, тұрмыстық және өзге де мұқтаждары үшiн орталықтандырылған сумен жабдықтау тәртiбiнде пайдаланған кезде шаруашылық-ауызсу құбырлары меншiгiнде немесе пайдалануында болатын заңды ұйымдар бас саға құрылыстарының бекiтiлген жобаларына және арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарына сәйкес сумен жабдықтау көздерiнен су алып тұруға қақылы. 
      2. Аталған заңды ұйымдар алынатын судың есебiн алуды ұйымдастырып, сумен жабдықтау көздерiндегi судың жай-күйiн үнемi байқап отыруға және жергiлiктi өкiлдi әрi атқарушы органдарына, табиғат қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, санитарлық қадағалау жасайтын, геология және жер қойнауын қорғайтын мемлекеттiк органдарға су көздерiндегi, су сапасының белгiленген мемлекеттiк стандарттардан ауытқуы туралы хабарлап отыруға мiндеттi.

      52-бап. Халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау

      1. Сутоғандарын халықтың ауызсу, тұрмыстық және өзге де мұқтаждары үшiн орталықтандырылмаған сумен жабдықтау тәртiбiнде пайдаланған кезде заңды ұйымдар мен азаматтар жалпы және арнайы су пайдалану талаптарын сақтай отырып суды тiкелей жер бетiндегi немесе жер астындағы су көздерiнен алуға қақылы. 
      2. Осы мақсаттарға арналған бас саға құрылыстарын пайдалану су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша аумағында бас саға құрылыстары орналасқан атқарушы органдар белгiлеген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. 

53-бап. Жер астындағы iшуге жарайтын суды  ауызсумен және тұрмыстық сумен жабдықтауға  байланысты емес мұқтаждар үшiн пайдалану

      1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген реттердi қоспағанда, жер астындағы iшуге жарайтын суды ауызсумен және тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мұқтаждар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. 
      2. Жер бетiндегi қажеттi су көздерi жоқ және жер астындағы iшуге жарайтын судың жеткіліктi ресурстары бар аудандарда су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк орган табиғат пен жер қойнауын қорғау органдарымен келiсiм бойынша ауызсумен және тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн бұл суды уақытша пайдалануға рұқсат бере алады.

54-бап. Сауықтыру мақсатындағы сутоғандары

      1. Табиғи емдiк факторға ие, сондай-ақ алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы сутоғандары сауықтырғыш сутоғандар категориясына жатқызылады. 
      2. Денсаулық сақтайтын, табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, геология және жер қойнауын қорғайтын мемлекеттiк органдардың ұсынуы бойынша мұндай сутоғандар тiзбесiн: 
      республикалық маңызы барларын - Қазақстан Республикасының Үкiметi; 
      жергiлiктi маңызы барларын - жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi. 

55-бап. Сауықтыру мақсатындағы сутоғандарын пайдалану

      1. Сауықтырғыш категориясына жатқызылған сутоғандар ең алдымен емдiк және курорттық мақсаттар үшiн пайдаланылады. 
      2. Айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе денсаулық сақтайтын, табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, геология және жер қойнауын қорғайтын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша атқарушы органдар сауықтырғыш категориясына жатқызылған сутоғандарын арнайы су пайдалану жағдайында басқа мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат беруi мүмкiн. 

 56-бап. Сутоғандарын демалыс мақсаттары үшiн пайдалану

      1. Сутоғандарын демалыс мақсаттары үшiн пайдалануға, сел қауiпi бар аймақтарда орналасқан өзендердi қоспағанда, ерекше рұқсатсыз-ақ жол берiледi. 
      2. Табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, санитарлық қадағалау жасайтын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша атқарушы органдар белгiлеген жерлерде сутоғандары көпшiлiктiң тынығуы, туризм және спорттық мақсаттар үшiн пайдаланылады. 

 57-бап. Ауыл шаруашылығына суды пайдалану

      1. Суды ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану жалпы және арнайы су пайдалану тәртiбiнде жүзеге асырылады. 
      2. Арнайы су пайдалану кезiнде суару, суландыру, құрғату және өзге де су шаруашылық құрылыстары мен құрылғылары қолданылады.

      58-бап. Ауыл шаруашылығына су пайдаланушылардың мiндеттерi

      1. Ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн сутоғандарын пайдаланатын заңды ұйымдар мен азаматтар: 
      су пайдаланудың белгiленген лимиттерiн, ережелерiн, нормалары мен режимiн сақтауға; 
      су шаруашылық жүйелерiнде судың шығынын жоюға және қысқартуға шаралар қолдануға; 
      бас сағаларды балық бөгегiштермен жабдықтауға; 
      бас сағаларды суды есепке алатын құралдармен қамтамасыз етуге; 
      су көздерiнiң ластануына  және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi. 
      2. Сутоғандарын ауыл шаруашылық мұқтаждары үшiн пайдаланатын заңды ұйымдар мен азаматтарға өз бетiнен: 
      сутоғандарындағы бас саға құрылыстарын реттеуге; 
      сутоғандарында уақытша бөгеттер, сорап станцияларын және басқа құрылыстар салуына; 
      су шаруашылық скважиналарын бұрғылауға; 
      каналдар мен өзге шаруашылық құрылыстары арқылы осы мақсаттар үшiн арнайы белгiленбеген жерлерден мал айдауға, көлiк құралдарын, өздiгiнен жүретiн машиналар мен механизмдердi өткiзуге; 
      басқа су пайдаланушылардың мүдделерiне нұқсан келтiретiн өзге де әрекеттер жасауға тыйым салынады.     

      59-бап. Маусымдық су көздерiн ауыл шаруашылығына пайдалану

      1. Заңды ұйымдар мен азаматтардың шабындық жерлерге, жайылымдарға және көлдетiп суару учаскелерiне су қаптату үшiн қар суын, жаңбыр суы мен тасқын суын пайдалануға қақысы бар. 
      2. Қар суын, жаңбыр суын және тасқын суын тоқтату арнайы су пайдалану тәртiбiнде жүзеге асырылады.

      60-бап. Суды жайылымдарды суландыру үшiн пайдалану

      1. Заңды ұйымдар мен азаматтар мал суаруды қамтамасыз ету мақсатымен жайылымдарды суландыру үшiн жер бетiндегi және жер астындағы суды пайдаланады. 
      2. Жайылымдарды суландыру үшiн суды пайдалану шегендi және құбырлы құдықтарды, тоғандарды, апандарды, суландыру каналдары мен басқа да құрылыстарды салу арқылы жүзеге асырылады. 
      3. Суару алаңдары мен басқа да құрылғылар болғанда суды мал суару үшiн пайдалануға жол берiледi.

      61-бап. Суды жеке меншiк қосалқы шаруашылық, бақ өсiру мен бақшашылық мұқтаждары үшiн пайдалану

      1. Жеке меншiк қосалқы шаруашылық жүргiзетiн, бақ өсiру мен бақшашылықпен айналысатын азаматтарға белгiленген лимиттерге сәйкес суару үшiн су бөлiнедi. 
      2. Жергiлiктi су ресурстары болмаған кезде суару үшiн су бұрыннан бар су пайдаланушылардың лимиттерiн қайта бөлу есебiнен бөлiнуi мүмкiн.

      62-бап. Пайдаланылған ақаба сумен жер суару

      Ауыл шаруашылық дақылдарын өсiру үшiн жердi пайдаланылған ақаба сумен суару санитарлық және мал дәрiгерлiк қадағалау жасайтын, табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

 63-бап. Суды өнеркәсiп мұқтаждары үшiн пайдалану

      Суды өнеркәсiп мұқтаждары үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртiбiнде жүзеге асырылады.    

      64-бап. Сутоғандарын өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн пайдаланатын су пайдаланушылардың мiндеттерi

      1. Сутоғандарын өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн пайдаланатын су пайдаланушылар су пайдаланудың белгiленген лимиттерiн, технологиялық нормалары мен ережелерiн сақтауға мiндеттi. 
      2. Өндiрiс жағдайларына қарай айналмалы сумен жабдықтауға және қалдықсыз технологияға көшiрiле алмайтын кәсiпорындарды қоспағанда, сумен жабдықтаудың тура ақпалы жүйесiндегi өнеркәсiп объектiлерiн жобалауға және iске қосуға тыйым салынады. 
      3. Айналмалы сумен жабдықтау жүйесi жоқ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар үшiн табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша айналмалы сумен жабдықтауға көшiру мерзiмi белгiленедi.

      65-бап. Ауызсуды өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн пайдалануға шек қою

      1. Технологиялық процеспен ауызсуды пайдалану көзделген кәсiпорындарды қоспағанда, басқа сападағы су көздерi болған жағдайда ауызсуды өнеркәсiптiк мақсаттарға пайдалануға жол берiлмейдi. 
      2. Дүлей апаттар, авариялар болған ретте және басқа да ерекше жағдайларда жергiлiктi атқарушы органдар халықтың ауызсу және тұрмыстық мұқтаждарының бiрiншi кезекте қанағаттандырылуын ескере отырып өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн ауызсуды тұтынуға уақытша рұқсат беруге қақылы. Ауызсуды өнеркәсiптiк мұқтаждар үшiн тұтыну мерзiмдерi табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша белгiленедi.

      66-бап. Жер астындағы суды өндiрiстiк мұқтаждар үшiн пайдалану

      Ауызсу немесе шипалы су категорияларына жатқызылмаған жер асты суы техникалық сумен жабдықтау, олардың құрамындағы химиялық элементтердi айырып алу, жылу энергиясын алу және басқа да өндiрiстiк мұқтаждар үшiн арнайы су пайдалану жағдайында пайдаланылуы мүмкiн.

  67-бап. Сутоғандарын гидроэнергетика мұқтаждары үшiн пайдалану

      Сутоғандарын гидроэнергетика мұқтаждары үшiн пайдалану табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен, ал сел қауiпi бар аудандарда -  селден қорғау органдарымен келiсiм бойынша экономиканың басқа да салаларының мүдделерi, суды кешендi пайдалану талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

      68-бап. Гидроэнергетикалық кәсiпорындардың су пайдалану жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi

      1. Гидроэнергетикалық кәсiпорындардың: 
      бекiтiлген жобаларға сәйкес электр энергиясын өндiру үшiн суды пайдалануға; 
      егер бұл суды кешендi пайдалану және қорғау талабын бұзбайтын болса, энергетика мақсаттары үшiн сутоғандарын пайдалануды жақсартуға мүмкiндiк беретiн шараларды жүзеге асыруға; 
      заңды ұйымдар мен азаматтардан гидроэнергетиканың мұқтаждары үшiн сутоғандарын дұрыс пайдалануды қамтамасыз ететiн ережелердi сақтауын талап етуге қақысы бар. 
      2. Гидроэнергетикалық кәсiпорындар: 
      су қоймаларын толтыру мен жұмысқа қосудың, олардан су өткiзудiң, жоғары және төменгi аралықта су деңгейi ауытқуының белгiленген режимiн сақтауға; 
      кемелер мен салдардың кедергiсiз және қауiпсiз өтуiн, жобаларға сәйкес санитарлық және табиғатты қорғау мақсатында су жiберу шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге; 
      балық қорғау құрылыстарын және балықтардың уылдырық шашатын жерлерге өтетiн жолдарын тиiстi техникалық күйде ұстауға; 
      мүмкiн болатын сел тасқындары, су тасқындары мен басқа да дүлей апаттары жағдайларында тiрек құрылыстардың берiктiгiн арттыруды, техникалық авариясыз пайдалануды қамтамасыз етуге мiндеттi.

69-бап. Кеме қатынайтын су жолдары

      Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдары категорияларына жатқызылған өзендерi, көлдерi, су қоймалары мен теңiз сулары жалпы пайдаланудағы су жолдары болып табылады, бұған оларды осы мақсаттар үшiн пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар жеке пайдалануға берiлген реттер кiрмейдi.

      70-бап. Су жолдарын кеме қатынайтын су жолдары категориясына жатқызу

      Су жолдарын кеме қатынайтын су жолдары категориясына жатқызу, кеме қатынасы үшiн ашылған су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану ережелерiн белгiлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      71-бап. Кеме қатынайтын су жолдарындағы су пайдаланушылардың мiндеттерi

      1. Су пайдаланушылар: 
      суды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге; 
      кеме қатынасын реттейтiн органдардың талаптарын орындауға; 
      сутоғандарының арналары мен жағалауларының, гидротехникалық және басқа да құрылыстардың бұзылуына жол бермеуге; 
      басқа да заңды ұйымдар мен азаматтардың құқықтарын бұзбауға мiндеттi. 
      2. Кеме қатынайтын жолдарды басқа мақсаттар үшiн пайдаланатын заңды ұйымдар мен азаматтар кеме қатынасын реттейтiн органдардың талаптарын орындауға мiндеттi.

      72-бап. Кеме қатынайтын жолдарды шағын көлемдi кемелерде жүзу үшiн пайдалану

      1. Кеме қатынайтын су жолдарын шағын көлемдi кемелерде жүзу үшiн пайдаланатын азаматтар белгiленген ережелердi орындауға мiндеттi. 
      2. Кеме қатынайтын жолдарды шағын көлемдi кемелерде жүзу үшiн пайдалануға жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары шек қоюы немесе тыйым салуы мүмкiн.

      73-бап. Сутоғандарын әуе көлiгiнiң мұқтаждары үшiн пайдалану

      Сутоғандарын әуе кемелерiнiң ұшуы және қонуы үшiн, сондай-ақ әуе көлiгiнiң басқа да мұқтаждары үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте және шарттарда жүзеге асырылады.

      74-бап. Ағашты салсыз ағызуға, сондай-ақ сүрек ағашты кемемен сүйремей буып және топтап ағызуға тыйым салу

      Ағашты салсыз ағызуға, сондай-ақ сүрек ағашты кемемен сүйремей буып және топтап ағызуға: 
      кеме қатынайтын жолдарда; 
      тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен сутоғандарда тыйым салынады.

      75-бап. Ағаш ағызушы ұйымдардың ағаш ағызу жолдарын тазарту жөнiндегi мiндеттерi

     1. Ағаш ағызушы кәсiпорындар ағаш ағызу жолдарын суға батқан сүрек ағаштардан ұдайы тазалап отыруға мiндеттi. 
     2. Ағаш ағызатын жолдардың тiзбесiн және оларды пайдалану тәртiбiн су ресурстарын басқаратын және табиғатты қорғайтын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.

 76-бап. Сутоғандарын балық шаруашылығының мұқтаждары үшiн беру

      1. Республика аумағында орналасқан сутоғандары немесе олардың бөлiктерi басқа су пайдаланушылардың құқықтарына нұқсан келтiрмей, балық шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдаланылуы мүмкiн. 
      2. Табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен балық шаруашылығының мұқтаждары үшiн арнайы пайдалануға жекелеген сутоғандар немесе олардың бөлiктерi бөлiнiп берiледi. 
      3. Табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдары балық аулау кәсiбi мұқтаждары үшiн балық шаруашылығы кәсiпорындарына су қорғау белдеулерiнiң жер учаскелерiн уақытша пайдалануға бередi.

      77-бап. Балық шаруашылық кәсiпорындары мен ұйымдарының суды пайдалану жөнiндегi  құқықтары және мiндеттерi

      1. Сутоғандарын немесе олардың учаскелерiн балық шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдаланатын заңды ұйымдар мен азаматтар оларда балық шаруашылығын жүргiзу үшiн қажеттi жұмыстарды жүзеге асырады, сондай-ақ балықтар, басқа да су хайуанаттарын аулау мен өсiмдiктерiн өндiру және өсiру жұмысын жүргiзедi. 
      2. Балық шаруашылығының мұқтаждары үшiн өздерiне сутоғандары немесе олардың учаскелерi берiлген су пайдаланушылар: 
      табиғатты, балық қорларын қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша сутоғандарының жай-күйi мен балық қорларын ұдайы толықтыру жағдайларын жақсартуды қамтамасыз ететiн балық өсiру және мелиорациялық- техникалық шараларды жүргiзуге; 
      балық аулау орындарындағы жағалау учаскелерiн тиiстi санитарлық жай-күйде ұстауға мiндеттi.

      78-бап. Балық шаруашылығының мүдделерi үшiн суды пайдалануға шек қою

      1. Балықтың бағалы түрлерiн сақтау және ұдайы өсiру үшiн ерекше маңызы бар сутоғандарында немесе олардың жекелеген учаскелерiнде және басқа да су кәсiпшiлiгi объектiлерiнде балық шаруашылығының мүдделi үшiн су пайдаланушылардың құқықтарына шек қойылуы мүмкiн. 
      2. Мұндай сутоғандарының немесе олардың учаскелерiнiң тiзбесiн және шек қоюдың түрлерiн балық қорлары мен табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.

      79-бап. Сутоғандарын спорттық және әуесқойлық балық аулау кәсiбi үшiн пайдалану

      1. Қорықтардың, балық питомниктерiнiң, бөгендердiң, көлдердiң және басқа балық шаруашылықтарының аумағына орналасқан сутоғандарын қоспағанда, барлық сутоғандарды азаматтар балық аулау кәсiбiнiң белгiленген ережелерiн сақтай отырып жүзеге асырылатын спорттық және әуесқойлық балық аулау кәсiбi үшiн пайдалана алады. 
      2. Сутоғандарын спорттық және әуесқойлық балық аулау кәсiбi үшiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.

   80-бап. Сутоғандарын аң шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану

      1. Суда жүзетiн жабайы құстардың және терiсi бағалы аңдардың мекенi болып табылатын сутоғандары немесе олардың бөлiктерiн табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдар суды кешендi пайдалану және қорғау талаптарын ескере отырып аң шаруашылығының пайдалануына бередi. 
      2. Пайдалану режимi құстар мен терiсi бағалы аңдар жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын пайдаланған кезде аң шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуi тиiс.

      81-бап. Аң шаруашылығының мұқтаждары үшiн берiлген сутоғандарында су пайдалануға шек қою

      1. Сирек кездесетiн, бағалы, суда жүзетiн және батпақта өсетiн құстар, ондатр мен басқа да терiсi бағалы аңдар мекендейтiн жерлерде, ұйымдасқан аң шаруашылықтарында, сондай-ақ жануарлар дүниесiн ұдайы өсiру мен қорғау жөнiндегi шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдар азаматтардың келуiне, әуесқойлық және кәсiпшiлiк аңшылыққа, жағалау белдеуiне құрылыс салуға және сутоғандарының жай-күйi мен аң шаруашылығын жүргiзудi нашарлататын басқа да әрекеттерге шек қоюы мүмкiн. 
      2. Сирек кездесетiн, бағалы, суда жүзетiн және батпақта өсетiн құстар, ондатр және басқа да терiсi бағалы аңдар мекендейтiн жерлерде гидромелиорациялық жұмыстарды жүргiзу мен балық аулау, аң шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктердi сутоғандарда культивациялау табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.

  82-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандары

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандарына мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи қорықтардың және өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түрлерiнiң сутоғандары жатады. 

83-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандарын пайдалану тәртiбi

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандарын пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарымен белгiленедi. 

 85-бап. Сутоғандарын пайдаланылған ақаба суды төгу үшiн пайдалануға жол бермеу

      Осы Кодекстiң 86-бабында көзделген реттердi қоспағанда сутоғандарын пайдаланылған ақаба суды төгу үшiн пайдалануға тыйым салынады.

      86-бап. Пайдаланылған ақаба суды сутоғандарға төгуге жол берудiң шарттары

      1. Пайдаланылған ақаба суды сутоғандарға төгуге оны табиғатты қорғау органдары белгiлеген шектерге дейiн тазартқан жағдайда пайдаланылған жол берiледi. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiндегi талаптар орындалмаған жағдайда пайдаланылған ақаба суды төгуге табиғатты қорғайтын мемлекеттiк органдар тыйым салады.

87-бап. Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн пайдалану

      Өрт сөндiру мұқтаждары үшiн сутоғандарының кез келгенiнен су алуға жол берiледi.

      88-бап. Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн пайдалану тәртiбi

      Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

89-бап. Су қоймалары және оларды пайдалану

      1. Су қоймалары әртүрлi су пайдаланушылардың су жөнiндегi қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жер бетi суының ағысын реттеу мақсатымен жасалады. 
      2. Су қоймалары осы Кодексте көзделген экологиялық тұрақтылықты сақтауды, халықтың және экономика салаларының мүдделерiн қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн талаптар мен шарттарды сақтаған кезде пайдалануға берiлуi мүмкiн.

      90-бап. Су қоймаларын толтыру және жұмысқа қосу режимi

      Су қоймаларындағы су құбыры, су жiберетiн немесе су алатын құрылыстарын пайдаланушы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер су қоймалары ықпал жасайтын аймақтарда тұрған су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерiн ескере отырып су қоймаларын толтыру мен жұмысқа қосудың белгiленген режимiн сақтауға мiндеттi.

      91-бап. Су қоймаларын пайдалану тәртiбi

      1. Су қоймаларын пайдалану тәртiбi табиғатты, балық қорларын қорғауды, санитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен және басқа да мүдделi органдармен келiсiм бойынша су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк орган бекiткен ережелермен белгiленедi. 
      2. Су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

      92-бап. Су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдердi және басқа сутоғандарын пайдалану

      Осы Кодекстiң 89-91-баптарының ережелерi су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдердi және басқа сутоғандарды пайдалануға да қолданылады.

 93-бап. Өзендер мен каналдардағы су деңгейiн көтеретiн және басқа гидротехникалық 
құрылыстарды пайдалану тәртiбi

      Өзендер мен каналдардағы су деңгейiн көтеретiн және басқа да гидротехникалық құрылыстарды пайдалану осы құрылыстарды жобалаған кезде жасалған нормаларға сәйкес жүргiзiледi.

      94-бап. Уақытша салынған гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер бетi 
суларының ағысын реттеу

      Уақытша салынған гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер бетi суларының ағысын су пайдаланушылардың реттеуi осы өзен бассейнiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау ескерiле отырып, табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, санитарлық қадағалау жасайтын мемлекеттiк органдармен, жергiлiктi атқарушы органдармен және басқа да мүдделi органдармен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.

 95-бап. Бiрнеше мемлекеттер аумағында орналасқан сутоғандарын пайдалану

      Қазақстан Республикасы мен көршiлес мемлекеттердiң немесе су бассейндерiнiң бiрлiгiмен байланысты мемлекеттердiң аумағында iшiнара орналасқан сутоғандарын пайдалану мүдделi мемлекеттермен жасалған келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      96-бап. Шекаралық суда су пайдалану

      Шекаралық суда су пайдалану, су шаруашылық және су қорғау шараларын жүргiзу мен дауларды шешу тәртiбi халықаралық шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.

 97-бап. Суды қорғаудың мiндеттерi

      1. Барлық су табиғат жүйелерiнiң экологиялық тұрақтылығын бұзуы, халықтың денсаулығына зиян келтiруi, сондай-ақ балық қорларының азаюына, судың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерiнiң өзгеруi, олардың табиғи толығу, тазару қабiлетiнiң төмендеуi, судың гидрологиялық және гидрогеологиялық режимiнiң бұзылуы салдарынан сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауына және басқа қолайсыз құбылыстарға әкелiп соқтыруы мүмкiн ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғалуға тиiс. 
      2. Суды қорғау судың ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқылық және басқа шаралар жүйесiн қамтиды.

      98-бап. Суды қорғау жөнiндегi мiндеттер

     Қазақстан Республикасының аумағында қызметi судың жай-күйiне әсер ететiн барлық заңды ұйымдар мен азаматтар суды ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғауды, сондай-ақ судың жай-күйi мен режимiн жақсартуды қамтамасыз ететiн технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық және басқа да шараларды жүргiзуге мiндеттi.

      99-бап. Судың зиянды әсерiн болдырмау және жою жөнiндегi шараларды жүзеге асыру

      Судың зиянды әсерiн болдырмау және жою жөнiндегi шараларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте жүргiзiледi.

 100-бап. Судың ластануы мен былғануын анықтайтын органдар

      1. Судың ластануы мен былғануын табиғатты және жер қойнауын қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, денсаулық сақтайтын, гидрометеорологиялық мемлекеттiк органдар анықтайды. 
      2. Физикалық, химиялық немесе биологиялық сипаттағы өзгерiстер судың ластануы деп танылады, осылардың салдарынан су коммуналдық, өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылық, балық шаруашылық және басқа мақсаттарға ойдағыдай пайдалану үшiн жарамсыз болып қалады. 
      3. Суға қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық қалдықтардың енуi судың былғануы деп саналады, осылардың салдарынан су объектiсiнiң гидрологиялық жай-күйi нашарлайды және суды пайдалануға кедергi келтiредi.

      101-бап. Суды пайдаланылған ақаба сумен ластанудан қорғау

      Суды пайдаланылған ақаба сумен ластанудан қорғау осы Кодекстiң 85-86-баптарында көзделген тәртiпте және шарттарда жүзеге асырылады.

      102-бап. Суды май, сүрек ағаш, химия, мұнай және басқа өнiмдер ысыраптарымен ластану  мен былғанудан қорғау

      Су көлiгi құралдарын, құбыр желiлерiн, сутоғандарындағы жүзбелi және басқа құрылыстарды иеленушiлер, ағаш ағызушы ұйымдар, сондай-ақ басқа заңды ұйымдар мен азаматтар май, сүрек ағаш, химия, мұнай және өзге де өнiмдер ысыраптарының салдарынан судың ластануы мен былғануына жол бермеуге мiндеттi.

      103-бап. Су жиналатын жердiң бетiн, сутоғандарының мұз қабыршақтарын және мұздықтарды қорғау

      Су жиналатын жердiң бетiн, сутоғандарының мұз қабыршақтарын және мұздықтардың беткi қабатын өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа қалдықтармен, сондай-ақ тыңайтқыштармен, мұнай өнiмдерiмен, шайылып кетуi жер бетiндегi және жер астындағы сулардың сапасын нашарлатуға әкелiп соқтыратын басқа да химиялық улы заттармен ластануы мен былғануына жол берiлмейдi.

      104-бап. Суды санитарлық қорғау аймақтары

      Халықты ауызсумен және тұрмыстық сумен жабдықтау, оның шипалылық, курорттық және өзге де сауықтыру мұқтаждары үшiн пайдаланылатын суды қорғау мақсатында санитарлық қорғау аймақтары белгiленедi. 
      Оларды белгiлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

105-бап. Судың сарқылуын анықтау

      1. Белгiлi бiр аймақ шегiнде жер бетi су ағысының ең төмен шегiнiң азаюы немесе жер асты су қорларының қысқаруы судың сарқылуы болып табылады. 
      2. Сутоғанының сарқылуын су ресурстарын басқаратын, геология және жер қойнауын қорғайтын мемлекеттiк органдар белгiлейдi.

      106-бап. Сутоғандарының қолайлы режимiн сақтау жөнiндегi шаралар

      1. Сутоғандарының қолайлы су режимiн сақтау, олардың қайырлануын және шөп басуын, топырақтың су эрозиясын, су хайуанаттары мен құстарының мекендi тiршiлiк жағдайының нашарлауын болдырмау, су ағысының құбылмалылығын азайту мақсатында су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленiп, орман-мелиорациялық, эрозияға қарсы, гидротехникалық және басқа шаралар жүргiзiледi. 
      2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерi аумағында жер жыртуға, малды тоғытуға және санитарлық өңдеуден өткiзуге, құрылыстар салуға және сутоғандары режимiн нашарлататын шаруашылық қызметтiң басқа да түрлерiне тыйым салынады. 
      3. Сутоғандарының сарқылуын болдырмау жөнiндегi шараларды орындау су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      107-бап. Жер асты суын қорғау

      1. Жер асты суын жинауға арналған құрылыстарды пайдалану тәртiбi оның қорларының сарқылуын болдырмауға тиiс. 
      2. Газ, мұнай, көмiр және басқа да пайдалы қазбаларды iздестiруге, барлауға және пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргiзген кезде ашылған жер астындағы су шығатын қабаттар олардың ластануын болдырмайтын сенiмдi оқшаулаумен қамтамасыз етiлуге тиiс. 
      3. Суы өздiгiнен құйылып жатқан скважиналар, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы доғарылған скважиналар реттегiш құрылғыларымен жабдықталуға, тоқтатып қоюға немесе жойылуға жатады. 
      4. Өнеркәсiптiк пайдаланылған ақаба суды төгуге арналған сiңiргіш скважиналарды бұрғылауға бұл скважиналар ауызсумен және тұрмысты сумен жабдықтау үшiн жарамды немесе пайдаланылып отырған су шығатын қабатты ластаудың көзi болып табылуы мүмкiн реттерде тыйым салынады. 
      5. Сiңiргiш скважиналарды бұрғылауға бұл скважиналарды бұрғылау ауданында арнайы зерттеулер жүргiзiлгеннен кейiн берiлген табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, геология және жер қойнауын қорғайтын, кен және санитарлық қадағалау жасайтын мемлекеттiк органдардың оң қорытындылары болған кезде жол берiледi. 
      6. Сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер асты сулары түзiлетiн және жатқан жерлерде қатты және сұйық қалдықтар, төгiндiлер жинағыштар құрылысын орнатуға, сондай-ақ жерасты суларын ластау көзi болып табылатын басқа да объектiлердi салуға жол берiлмейдi. 
      7. Жер асты суларын пайдаланатын кәсiпорындар оларда қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.

108-бап. Кiшi-гiрiм өзендер

      1. Кiшi-гiрiм өзендерге ұзындығы екi жүз километрге дейiнгi өзендер жатады. 
      2. Су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша: 
      екi және одан да көп облыстар аумағы бойымен ағып өтетiн кiшi-гiрiм өзендер тiзбесiн - Қазақстан Республикасының Үкiметi; 
      бiр облыс аумағының шегiнде орналасқан кiшi-гiрiм өзендердiң тiзбесiн - облыстық атқарушы орган бекiтедi.

      109-бап. Кiшi-гiрiм өзендердi қорғау

      1. Шаруашылық қызметi кiшi-гiрiм өзендердiң жай-күйiне және режимiне әсер ететiн заңды ұйымдар мен азаматтар су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органмен келiсiлген кiшi-гiрiм өзендердiң сулылығын қалпына келтiру және олардың суының тазалығын сақтау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға тиiс. 
      2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiндегi шаруашылық қызметi режимiн, сондай-ақ кiшi-гiрiм өзендердiң ластануын, былғануы мен сарқылуын болдырмау және жою жөнiндегi шараларды, өзендердiң қолайлы су режимiн және тиiстi санитарлық жай-күйiн сақтау жөнiндегi жұмыстарды су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша, ал сел қауiпi бар аудандарда - селден қорғау органдарымен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.

 110-бап. Суды мемлекеттiк есепке алудың мiндеттерi

      1. Суды мемлекеттiк есепке алудың мiндетi халықтың, экономика салаларының мұқтаждары және айналымдағы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау үшiн пайдаланылатын судың мөлшерi мен сапасын анықтау болып табылады. 
      2. Суды мемлекеттiк есепке алу: 
      әлеуметтiк-экономикалық дамудың және республика аумағында өндiргiш күштердi орналастырудың, суды пайдалану мен молықтырудың, сондай-ақ су қорғау шараларын жүргiзудің негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 
      суды кешендi пайдалану мен қорғаудың, мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу үшiн су шаруашылық баланстарының схемаларын жасау; 
      суды пайдаланумен байланысты су шаруашылық, көлiктiк, өнеркәсiптiк және өзге де объектiлер мен құрылыстарды, жобалау; 
      гидрологиялық жағдайлардың, өзендердiң сулылығы мен су сапасының өзгерiстерiн болжау; 
      су шаруашылық жүйелерiн жедел басқару және олардың жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу; 
      су пайдаланушылар, сондай-ақ басқа да мүдделi ұйымдар мен мекемелер арасындағы өзара қатынастарды реттеу; 
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мұқтаждар үшiн қажеттi деректер алуды қамтамасыз етуге тиiс.

      111-бап. Мемлекеттiк су кадастры

      1. Мемлекеттiк су кадастры судың жай-күйi, оны пайдалану және қорғау туралы деректердiң жиынтығы болып табылады. 
      2. Мемлекеттiк су кадастрына суды сан және сапа көрсеткiштерi бойынша есепке алудың, су пайдалануды тiркеудiң деректерi, сондай-ақ суды пайдалану туралы мәлiметтер кiредi.

      112-бап. Су мониторингi

      Су мониторингi өзгерiстердi дер кезiнде анықтау, оларды бағалау, терiс үрдiстердi болдырмау және жою үшiн судың жай-күйiне аэроғарыштық және жер бетiнде бақылау жасаудың жүйесi болып табылады.

      113-бап. Су шаруашылық баланстары

      Су шаруашылық баланстары судың бар-жоғын, оның пайдаланылу мүмкiндiгiн бағалау үшiн бассейндер, экономикалық аудандар және тұтас алғанда республика бойынша жасалады.

      114-бап. Суды кешендi пайдалану және қорғау схемалары

      1. Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың басты және бассейндiк схемалары халықтың, экономика салаларының су жөнiндегi болашақтағы қажеттерiн қанағаттандыру және айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн суды сақтаудың негiзгi су шаруашылық және басқа да шараларын белгiлейдi. 
      2. Суды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары су ағысын реттеу, оларды үнемдеп жұмсау, пайдаланылған ақаба суды төгудi доғару және сутоғандарының жай-күйiн жақсарту жөнiнде шаралар қолдану арқылы суды мейлiнше тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшiн қызмет етедi. 
      3. Суды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары табиғатты және жер қойнауын қорғау органдары экологиялық сараптама жүргiзгеннен кейiн белгiленген тәртiпте бекiтiледi.

      115-бап. Суды мемлекеттiк есепке алу және оны пайдалануды жоспарлау жөнiндегi жұмыстарды  қаржыландыру

      1. Суды мемлекеттiк есепке алу, мемлекеттiк су кадастрын және су мониторингiн жүргiзу, су шаруашылық баланстарын жасау, суды кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын әзiрлеу республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. 
      2. Суды мемлекеттiк есепке алу, мемлекеттiк су кадастрын және су мониторингiн жүргiзу, су шаруашылық баланстарын жасау, суды кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын әзiрлеп, бекiту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

116-бап. Су даулары

      Суды беру, алу, пайдалану және қорғау кезiнде туған даулар су даулары деп танылады.

      117-бап. Су дауларын шешетiн органдар

      Су дауларын Қазақстан Республикасының соттары шешедi.

      118-бап. Су қатынастарымен байланысты мүлiк дауларын шешу

      Су қатынастарымен байланысты мүлiк дауларын Қазақстан Республикасының соттары шешедi.

      119-бап. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы су даулары

      Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы су даулары халықаралық шарттарда көзделген тәртiпте шешiледi.

  120-бап. Су заңдарын бұзу және ол үшiн жауаптылық

      1. Суға меншiк құқығын бұзатын әрекеттер жасауға кінәлi адамдар, сондай-ақ: 
      суды өз бетiмен пайдаланған; 
      лимиттердi бұза отырып су алған; 
      суды ластаған және былғаған; 
      сутоғандарын ядролық, химиялық, бактериологиялық, биологиялық немесе жаппай қырып-жоятын қарудың өзге де түрлерiнiң қалдықтарын көму үшiн пайдаланған; 
      сутоғандарын тазартылмаған және залалсыздандырылмаған ақаба сумен, қалдықтармен ластаған; 
      су үшiн ақыны уақтылы төлемеген; 
      кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi судың ластануы мен былғануын немесе оның зиянды әсерiн болдырмайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз iске қосқан; 
      суға өз бетiмен скважиналарды бұрғылаған және жер асты суларының бас сағаларын салған; 
      су жиналатын жерлерде топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстарды туғызатын су қорғау режимiн бұзған; 
      гидротехникалық жұмыстарды өз бетiмен жүргiзген; 
      су шаруашылық құрылыстары мен құрылғыларын бүлдiрген; 
      есепке алу мен есеп беру, су кадастры деректерiн бұрмалаған; 
      су шаруашылық құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану ережелерiн бұзған; 
      су ресурстарын кешендi пайдалану және табиғатты қорғау мүдделерiне сай реттеп отыруға кедергi жасаған; 
      су ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың жазбаша нұсқауларын орындамаған; 
      суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ су режимiнiң жай-күйiн жақсартатын гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитарлық және басқа да шараларды жүргiзбеген кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк, әкiмшiлiк, азаматтық немесе қылмыстық жауапқа тартылады. 
      2. Қазақстан Республикасының заңдарымен су заңдарын бұзудың басқа да түрлерi үшiн де жауаптылық белгiленуi мүмкiн.

      121-бап. Су заңдарын бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу

      Заңды ұйымдар мен азаматтар су заңдарын бұзу салдарынан келтiрiлген зияндарды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте және мөлшерде өтеуге мiндеттi.

      122-бап. Өз бетiмен иемденген сутоғандарын қайтару

      1. Өз бетiмен иемденген сутоғандар заңсыз пайдаланған уақыт iшiнде су заңдарын бұзу салдарынан келтiрiлген зияндарды өтей отырып өз иелерiне қайтарылып берiледi. 
      2. Өз бетiмен иемденген сутоғандарды қайтарып беру соттың шешiмi бойынша жүргiзiледi.

123-бап. Су қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық шарттар

      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта, суды пайдалану мен қорғаудың осы Кодексте жазылғандардан өзгеше тәртiбi белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 














































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
New Zealand beautiful country

Автор: Сулеймен Айжан Сулейменқызы

Дата: 16.05.2017

Номер свидетельства: 416067

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Англоговорящие страны "
    ["seo_title"] => string(28) "anghloghovoriashchiie-strany"
    ["file_id"] => string(6) "115370"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1411963255"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Конспект урока по английскому языку  по теме:  «Британские праздники» "
    ["seo_title"] => string(70) "konspiekt-uroka-po-anghliiskomu-iazyku-po-tiemie-britanskiie-prazdniki"
    ["file_id"] => string(6) "154078"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421091912"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "”Meet the winners of the  International Teenagers? Competitions” "
    ["seo_title"] => string(61) "meet-the-winners-of-the-international-teenagersy-competitions"
    ["file_id"] => string(6) "225489"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1439714692"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Урок по теме: У нас в гостях Великобритания"
    ["seo_title"] => string(49) "urok-po-tiemie-u-nas-v-ghostiakh-vielikobritaniia"
    ["file_id"] => string(6) "250858"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447154591"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Викторина на тему "Англо-говоращие страны" "
    ["seo_title"] => string(47) "viktorina-na-tiemu-anghlo-ghovorashchiie-strany"
    ["file_id"] => string(6) "141189"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1418061615"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства