Оқушылардың қажеттілігі мен қызығушылығын ескеру арқылы АКТ-ны қолданып оқытудың тиімділігін арттыру.
Мұғалімдер үшін оқытудың нәтижесі
АКТ аббревиатура түсінігі.
Оқушылардың АКТ-ны қолданудағы жағымды және жағымсыз жақтарын анықтау .
Оқытудың қай кезеңінде АКТ-ні және оқушылардың АКТ-мен жұмыс істеу қабілетін пайдалануға болады.
АКТ-нің қандай құралдары оқушының танымдық іс-әрекетін белсендендіреді.
Оқытудағы заманауи технологиялардың көптүрлігі жайлы біледі.
Ұйымдастыру
Топқа түстер көмегімен бөлу.
Дайындық
5 мин
«Заяц, который любил дават советы» мультфильм көрсетіліп, мұғалімдердің осы мультфильм жайлы пікірлерін білеміз. Бұл мультфильм неге көрсетілді? Кімді таныдыңыздар?
Кіріспе
Коучинке қатысушыларға «егер, оқушыңыз сабақта ұялы телефон ұстап отырса, сізге ол.....» Топта жиі қайталанған сөзді дауыстап айтыңыздар. «Мобильный телефон на уроке – табу». Бейнематериалы көрсетіледі. Бұл жалғыз біздің проблемамыз емес екен. Тағы бір проблема бар... «Один день из жизни ученика гимназии».
Тапсырмалар
Топ ішінде бір қағаз бетіне АКТ аббревиатурасын көргенде Сіз де қандай ассоциация туындайтынын жазыңыз. /3 минут/ Енді әр топтан 1 кісіден тақтаға шығып, кезек-кезекпен бір-бір сөзден, қайталамай тізімін жазыңыздар.
«Аборигены цифрового мира» фильмін 4 минут көреміз де, 3 минут топ ішінде талдау қажет. Сіздер қандай әсер алдыңыздар? Фильмнің кейіпкерлерімен келсісесіздер ме? Осы фильмде Сіз бірінші рет естіген сөздер болды ма? Не жайлы ойлануымыз керек?
Қымбатты әріптестер! Көздеріңізді жұмып, бір сәт АКТ құралдары Сіздің өміріңізден жоқ болып кетті деп елестетіңізші. «Ох, и не легко» фильмін көрсету.
Тренинг
Әр топтан 1 қатысушыдан ортаға шығып, компьютер алдына жайғасады. Осы күнге дейін сабақтарда естіген, айтқан, қолданған ұғым, терминдерімізді жазыңыздар. Мейлінше көбірек жазуға тырысыңыздар.
Біз кедергіні, көмекшіге айналдыра аламыз ба? Қалай? Осы сұрақтарға жауапты постерге белгілеңіздер.
Рефлексия+
Бұл коучинг Сізге қалай әсер етті? Қандай жаңалық білдіңіз? Өз тәжірибеңізде АКТны қолданудың қандай жолдарын анықтадыңыз?