Тілдік мақсаттар | Пәнге тән терминология: Жаңалық, ғалым, ғылым, прогресс, техника, технология, зерттеулер Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер: Әлемді өзгерткен жаңалықтарға жатады …. … ашылуы адамзатқа … берді. …, …., ….,… мына аймаққа жатады … Егер …… болса, онда ….. жасауға мүмкіндік бар. Кейбір жаңалықтар …… ашылады. |
Сабақтың ортасы 10 минут 7 мин 5 мин 10 мин 5 мин | Оқушыларды суреттердің көмегімен 3 топқа біріктіруге болады, мысалы, техника, табиғат және жасуша бөліктері. (С) ДНҚ туралы мультфильмді көрсетіңіз, оқушылар мультфильмді мұқият көруі және ДНҚ ашылуының маңызы туралы қорытынды жасаулары үшін оның мазмұны бойынша алдын-ала дайындалған сұрақтарды ұсыныңыз. Мультфильмді көріп болған соң топта талқылау үшін сұрақтар беріледі және өз ойларын ортаға салады. (М) Балаларға Нобель сыйлығы туралы әңгімелеп беріңіз, себебі бұл аса көрнекті ғылыми зерттеулер, төңкерістік ашылымдар немесе мәдениет пен қоғамның дамуына қомақты үлес қосқаны үшін жыл сайын берілетін беделді халықаралық жүлде. (М) Телефон дайындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін оқушылармен бірге анықтау (Э, Т) «Телефон» атты физика бойынша өнертапқыштық тәжірибесі. Ұсынылған ресурстарды қолданып, оқушыларды телефонды құрастыруларын өтініңіз. Оқушылар телефонды дайындап болған соң оны тексеріп көрулері қажет. Топтық жұмыс кезіндегі критерий Топ мүшелері толықтай іс-әрекетке қатысу Қауіпсіздіктің сақталуы Топта бірін-бірі сыйлау, құрметтеу Берілген уақытты сақтау (Т) Оқушыларға сөздер мен сөз тіркестерін таратып беріп, солардың арасынан әлемді өзгерткен ашылымдар мен жаңалықтарды таңдауларын сұраңыз. Оларды келесі бағыттар бойынша бөлулері керек: «Жер және ғарыш», «Заттар мен материалдар», «Энергия және қозғалыс», «Адам және табиғат». Мысалы, электр тоғы мен телеарна, болат, силикон, вакцина, жеке компьютер, пенициллин, динамит, ұялы телефон, ғаламтор, пластмасса, тефлон, фотография, резеңке, заманауи көлік, ғарыш кемелерін ұшыру, наркоз, компас, мұнай, протез, трансплантант, батарейка, телескоп, ДНҚ және т.б. жаңалықтар. Әрбір топ өздерінің жіктеуін көрсетеді және өздерінің таңдауларына негіздеме берулері керек. Оқушыларды олардың өздері білетін немесе бұл тізімге жатқызуға болатын ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды атап, тізімді толықтыруларын ұсыныңыз. | Топқа бөлу үшін суреттер ДНҚ туралы мультфильм: https://www.youtube.com/watch?v=sWwpAn4pN80 Нобель сыйлығы туралы мәліметтер: http://nobeliat.ru/ http://n-t.ru/nl/hm/ http://www.nobelprize.org/ Әлемді өзгерткен жаңалықтар: https://www.youtube.com/watch?v=6yM0egDhqXA пластикалық стақандардан жасалған тефлон: http://allforchildren.ru/sci/sci015.php Ресурстар: қағаз, желім, тескіш, ермексаз, 2 пластикалық стақан, 5-6 м жіп, қайшылар, жабысқақ таспа, |
Барлық оқушылар: ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстардың не екенін және әлемді өзгерткен жаңалықтарды біледі. Жаңа технологиялардың не екенін түсінеді. Көпшілік оқушылар: Ғылыми жаңалықтарға ауызша мысал келтіре алады және олардың маңызын түсіндіре алады Кейбір оқушылар: Жаңа ғылыми ашылулар әлемді қалай өзгерткеніне талдау жасайды. Болашақтағы ғылыми жаңалықтарға өз ойын қоса алады. | - оқушыларға әр түрлі сұрақтар беру арқылы ой қозғау жүргізу; -өз бетімен іздену дағдыларын дамыту барысындағы іс- әрекеттерін бақылау; -бағалау критерий бойынша оқушылар бір-бірін бағалайды; -топпен жұмыс барысындағы іс әрекеттерін бақылау. | топтық, жұмыс кезінде бір-бірінің ойын сыйлап, құрметпен қарауға тәрбиелеу. Іс-қозғалыс кезіңде денсаулықты сақтау. |