kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

: «Қазақ жігітінің келбеті»

Нажмите, чтобы узнать подробности

ашық тәрбие сағаты қазақ жігіттерінің келбеті

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«: «Қазақ жігітінің келбеті»»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақ жігітінің келбеті»



Жүргізуші:
Атадан жақсы ұл туса,

Елініңтуыболады.

Атаданжаманұлтуса,                                  

Елініңсоры болады-деген  Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Қазақ жігітінің келбеті !» атты ашық тәрбие сағатымызды   бастаймыз.

1-Оқушы:
Айтардан туған жампаз бар,
Жүгін нарға салғысыз.
Арғымақтан туған будан бар,
Күніңде көрінім жерде алғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар.
Адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Бір аяқ асқа алғысыз Жүргізуші: Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.

2-Окушы :Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.

3-Окушы : Мен үш қасиетімді мақтан тұтамын депті,- Ақан сері. Олар: 1) жалған айтпадым. 2) жақсылықты сатпадым. 3) һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы.
Өз құдайынан айырылған күні адам бос кеуде, өлгенмен тең деген екен.

4-Окушы :

Наркескен қайрылмайтын қылыш болса
Мінезі, ақыл, өнер дұрыс болса,
Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт
Жорғадай тілі майда жүріс болса.
Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз,
еткені берекелі жұмыс болса.
Ақиқат адамдықтың белгісі сол,
Су берсең, балдай көріп қанар болса.


5-Окушы :Қазыбек би: Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің ең соңы болады деген.
Бала біздің болашағымыз. Ұрпақ - ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді.
6-Оқушы: Атаның ұлы болғанша, халқының құлы бол. Тегіңді біл, терең біл, бірақ руға бөлінбе. Рушылдың міндеті елін сүю, ол саған міндет
Қазақ не үшін жеті атасын білмеген жетісіз деген?
Өйткені жеті атаға дейін адам қаны сақталады екен. Оны ғылым дәлелдеп отыр. Мысалы:
Өзінде - 100% қан болса
балаңда - 50%
немереңде - 25%
шөбереңде - 12, 5%
шөпшекте - 6, 3%
неменеде - 3, 1%
туажатта - 1, 5%
Демек, қанның ұқсастығы тұқым қуалайтын ауруларды қоздырып, ұрпақ азатынын қазақ әу бастан білген.
Көрініс:

6-Оқушы:Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б. Момышұлы кезінде былай мұңайған екен.«Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ елі еді. Ендігі қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді болса да шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп келе жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан ата - ана жоқ.»


Қазақ жігіттеріне (поэзия)

Ертеде жігіт қызға болған қорған,
Барлығы намыстарын бермей қолдан
Қазіргідей қыздарды жамандамай, 
Қыздың арын бәрінен биік қойған!

Көрсеткен ержүректік батырлығын,
Ел басына күн туып, қиналғанда
Ән айтып өнерімен тәнті еткен,
Ағайын, туыс, жекжат жиналғанда.

Ата-анасын әрқашан құрметтеген,
Жағымсыз қылықтарды үлгі етпеген.
Жат көрмеген өзге ұлт өкілін де
Істеген әр істері құр кетпеген.

Жылатпаған жетімі- жесірлерін,
Ұмытпаған ардақты ер есімдерін
Есерлерін ел болып тәрбиелеген,
Аямай мұқтаждардан көмектерін.
 
Оқыған жан қалмасын жаман ойға,
"Жамандап отыр ғой"- деп жігіттерді.
Мен жайғанабілдірдімөзойымды 
Жігіттерақтайықшыүміттерді!!!

Жүргізуші:
Нағыз жігіт – қорған болар халқына,
Нағыз жігіт – берік болар антына,
Нағыз жігіт – жалғастырып дәстүрді.
Адал болар ата – баба салтына- деп осында отырған окушыларга қонақтарға сұрақ қойғым келіп отыр

  1. Сіздің отбасыңызда бала тәрбиесіне кім көп көңіл бөледі? Ал сіз кімнің көңіл бөлгені дұрыс деп айтасыз?

  2. Сіз өзіңіздің бойыңыздағы қандай қасиетті мақтан тұтасыз?

  3. Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге деген мақал бар. Сіз осы мақалмен келісесіз бе?

  4. Жақсы әке - жаман балаға қырық жыл азық деген мақалды қалай түсінесіздер?

  5. Жалған айтып ата – анаңды алдаған кездерің болды ма?

  1. Өтірік айтқан адамнан болашақта адал азамат шыға ма? Елдің тірегі бола ала ма?

  2. Істеген жақсылығыңды сату дұрыс па?

  3. Өзіңнің бойындағы қандай қасиетті мақтанышпен айта аласың.

  4. Нағыз жігіт – берік болар антына дегендегі ант дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Аманат дегенді ше?

  6. Сіздің бойыңызда қандай қырсыз (жаман) мінез бар?

  7. Қырсыз мінез ұлдан шыға ма, әлде қыздан шыға ма?

  8. Жеті атаңызды, руыңызды білесіз бе? Жеті атаны білу үшін не қажет?

  9. Ұлдарға арнап мақал айт  (Атадан жақсы ұл туса,   Қар үстінде от жанар, 

                                                     Атадан жаман ұл туса  Ат үстінде ит қабар

  1. Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)

  2.     Қандай қасиеттерді имандылыққа жатқызар едіңіз?

● қарапайымдылық● сыпайылық● мейірімділік● кішіпейілділік

● ізеттілік● адалдық жатады

17) Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл, 

     адамгершілігі мол),

  18) Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

    ( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол 

үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп  ойлаймын)

19) Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

     (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

  Жүргізуші: Иә бүгін мектеп партасында отырған ұл, ертеңгі жігіт, ер азамат, елдің тірегі. Ал азаматтың жүгі ауыр. Мен қазақпын дейтін азамат өзінің шыққан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата - жұртын қастерлеп, жадында ұстау керек. Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі деп атам қазақ тегін айтпаған.

Ұлдарға өсиет


Үлкен болсын ,құрбы замандас , Барлығымен қазақшалап амандас. Тек ізгілік тұрсын ойға ұялап, Қайта соғар біреуге еткен қиянат. Болғың келсе елге силы бір ұлан, Ұстаз силап, өнеге үйрен , білім ал. Дүниеге тым құмартып, құнықпа, Ондайда заң ілер бір күн құрыққа. Әлсіздерге бостан- босқа соқтықпа Толтырма ауыз балағатпен боқтыққа. Жігіт болсаң, болсын ірі тірлігің, Ел- жұртыңның ойла қамын, бірлігін. Бар байлықты табасың сен еңбектен, Қор болмайды іспен маңдай терлеткен. Жұрт қызықсын сениң барлық ісіңе, Үлкенге сый. Көрсет ізет кішіге. Жау табалап, теппеу үшін ел шетке, Ата-анаңа әдепсіздік көрсетпе. Жастайыңнан сақта дәстүр –салтыңды Жігіт болсаң қадір тұтқан халқыңды.

Жүргізуші:

 Аң жортар  аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңақалаулыұлболамындесең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп  Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да  инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.











39 « Асықата» ЖОМ КММ



Бекітемін:

Мектеп директоры Е.Бектұрсынов

















АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы : «Қазақ жігітінің келбеті»











9 «Ә» сынып оқушылары

Ағылшын пәні мұғалімі: М.Алмағанбетова





2019 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
: «Қазақ жігітінің келбеті»

Автор: Almaganbetova Marzhan Bahitovna

Дата: 29.04.2019

Номер свидетельства: 508720

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Астана-?аза? еліні? ма?танышы "
    ["seo_title"] => string(33) "astana-k-azak-ielinin-mak-tanyshy"
    ["file_id"] => string(6) "158294"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421726390"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(152) "«Балы?шылар» ??гімесіндегі кейіпкерлер келбеті («?ан мен тер» трилогиясынан ?зінді)."
    ["seo_title"] => string(82) "balykshylarnghimiesindieghikieiipkierlierkielbietikanmientiertriloghiiasynanuzindi"
    ["file_id"] => string(6) "283821"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453890810"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Та?ырыбы:   Т?уелсіз елім ?аза?стан"
    ["seo_title"] => string(37) "tak-yryby-t-uielsiz-ielim-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "275022"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452508356"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Менің отбасымның сыртқы келбеті"
    ["seo_title"] => string(35) "mienin_otbasymnyn_syrtk_y_kielbieti"
    ["file_id"] => string(6) "436560"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509719813"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "?а?арман келбетіндегі Бауыржан Момыш?лы"
    ["seo_title"] => string(47) "k-aharman-kielbietindieghi-bauyrzhan-momyshu-ly"
    ["file_id"] => string(6) "251386"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447239282"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства