Сабақтың тақырыбы | Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу | ||
Мақсаты: | Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешуді, оның шешімдер жиынын анықтай алуды меңгерту, алған білімдерін тиянақтау, қорытындылау Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау және есеп шығару дағдыларын қалыптастыру және өмірде қолданылуына көз жеткізу. Тәрбиелік: оқушылардың сауаттылыққа, өз бетімен еңбек етуге, топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу | ||
Күтілетін нәтиже | -Функцияның нөлдерін таба алады; -Сан осіне белгілеп аралықтағы таңбасын анықтай алады; -жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімін таба алады; -Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйелерін шеше алады | ||
Түй. идея: | Білімдінің қолында –алтын шырақ! | ||
Әдіс-тәсілдер: | «Блум» таксономиясы, психологиялық тренинг, топтық жұмыс, сәйкестендәру тесті, СТО | ||
Сабақтың барысы | |||
Уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурс |
Теориясы: «Білу» | Психологиялық дайындық «Көңіл күй аралы» арқылы жүргізіледі. Мұғалім оқушыларды алға ұмтылуға шақырады. Оқушыларды карточкадағы суреттерге байланысты топқа бөледі. Қолдарындағы суреттер арқылы топқа ат қою, топ атына байланысты бір түйін сөз айту. Үй жұмысын №87 есепті слайд арқылы тексеру | Оқушылар қай аралды таңдайтынын айтады Карточка таңдау арқылы үш топқа бөліп отырғызу, топ басшыларын анықтау. 1-топ «Мәңгілік ел», 2-топ «Рухани жаңғыру» 3- топ «Астана» Слайдтағы үй тапсырмасының жауабы арқылы оқушылар көршісімен дәптерлерін алмастырып тексереді | сурет арқылы тренинг өткізіледі, карточка арқылы топқа бөлінеді үй жұмысын слайд арқылы тексереді |
Теориясы: «Түсіну»
| «Ой қозғау» сұрақтары «Ішкі сәуле» әдісі Өткен материалды қайталау «Ішкі сәуле» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім өзі сұрақты бастап қояды қай оқушы жауап берсе сол келесі оқушыға қояды. Жауап бере алмаса басқа оқушыға қояды, солай ішкі сәуле жалғасып кете береді. 1.Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмі қандай? 2.Теңсіздіктер жүйесін шешу дегеніміз не? | «Ішкі сәуле» әдісі арқылы ережелерді қайталап, өткен материалды еске түсіреді | |
«Қолдану» | Оқушылардың белсенділігін арттыру, батылдығын байқау мақсатында «Бұл есепті мен шығара аламын!» әдісі арқылы кітаппен жұмыс жасалады. № 82 (а,б,в) және «Кім жылдам?» сайысы №90 есеп | Кім батыл сол оқушы есепті тақтаға жасаған қадамдарын айта отырып орындап, талдайды. | Кітап, дәптермен жұмыс |
«Талдау» | Сызықтық және сызықтық емес теңсіздіктерді Венн диаграммасы арқылы салыстырып, ұқсастық, айырмашылықтарын жазу. Әрқайсысы өздері орындап, 1-і болған оқушы тақтаға жазады, қалғандары толықтырады. | Жеке өзі ойланып орындайды | |
Жинақтау
| Сәйкестендіру тесті (жеке жұмыс) | Жеке өздері отырып орындайды | Карточка арқылы тапсырма беріліп, слайдтағы жауаппен салыстырып тексереді |
Қорытынды Сабақ соңындағы көңіл күй | Рефлексия (оқушы ойын тыңдау) 1.Саған сабақта бәрінен де не ұнады? 2.Сен нені үйрендің? (Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың? Нені жақсырақ істей аласың? Қаншалықты жақсы? т.б). 3.Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды? 4.Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің? ( Неліктен бұл бөлігін өзгертер едің?) «Көңіл күй аралы» арқылы оқушылардың сабақ соңындағы көңіл күйінің қандай екендігін сұрайды | Кері байланыс парағын толтырады Өз ойларын айтады. | |
Баға беру | “Көкейге қонған математика табысы - түбінде өмірден өз орын табады.” М. Өтелбаев | Өз ойларын ортаға салады. | |
Үй тапсырмасы | §5 Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі тақырыбын оқу, №95 есеп | Слайд арқылы көрсету |