kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?зін-?зі тану: С?йіспеншілік пен Шы?армашылы? педагогикасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

    В Пригородной средней школе со второго по двенадцатое февраля двух тысяча пятнадцатого года прошла декада " Самопознания " под названием " Самопознание: педагогика Любви и творчества".Декада была направлена на то, чтобы учить  детей творить добро, проявлять чуткость и милосердие, дарить людям добро и радость.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?зін-?зі тану: С?йіспеншілік пен Шы?армашылы? педагогикасы» »

Ақтөбе облысының білім бөлімі басқармасының 2015 жылғы 21-ші қаңтардағы №2-215 хатына сәйкес ақпан айының 02-12 аралығында Пригород орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өткізілді.


Тақырып: «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәнінің онкүндігін өткізу арқылы Бөбек қоры және оның негізін салушы С.Алпысқызының қайраткерлік қызметін көрсету;
-Әр түрлі шаралар ұйымдастыра отырып, оқушылардың өзіндік бейімділігін ашу, мінез-құлық қабілеттерін қалыптастыру; Адамгершілік қарым қатынасқа сүйіспеншілікке,еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
-Өзін-өзі тану пәнінің жасөспірімді тәрбиелеудегі рөлін арттыру.

1-күні


Онкүндіктің салтанатты ашылуы. Линейка.Бейнефильмдер көрсету.Мек¬теп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана меңгерушісі Тризно И.А - С. Алпысқызының өмірі, қызметі туралы хабарлама жасап, кітаптар легімен таныстырып өтті.

2-күні
1-5 сыныптар аралығында Мектеп дәлізінде «Қызығы толы бұл әлем» оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.


3-күн
Онкүндіктің үшінші күні «Өнеге отбасынан» ашық есік күні жарияланып,

1-11 сынып аралығында «Бірге бақыттымыз» тақырыбында фотоколлаж жасалды.

4-күні

«Сенде бір кірпіш дүниеге» тақырыбында түлектермен кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп түлектері өз өмір жолдары туралы айтып, мамандық таңдауға қызығушылықтарын оятты.

5-күні

«Кәусар бұлақ тұнығынан» - көркем сөз шеберлерінің байқауы 5-11 сыныптары арасында өтті. Көркем сөз шеберлері ана, мейірімділік, сүйіспеншілік, достық тақырыптарында ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармаларын көптеп оқыды.

6-күні

«Мейірімділік –асыл қасиет» тақырыбында сахналық көрініс 5-7 сыныптар аралығында ұйымдастырылды. Сахналық көрініске оқушылар белсене қатысып, Жүлделі орындарға ие болды. Жүлделі 1-ші орын алған 5 «а» класы «Табиғат ана» тақырыбындағы сахналық көріністе адам мен табиғаттың сүйіспеншілігін кең мағынада дәлелдеп бере алды. 7 «а» класс оқушылары «Сызат» атты сахналық көрініс арқылы оқушыларды мейірімділік тәрбиеледі.

7-күні.

Әдебиет пәні мұғалімі Байдовлетова Б- 10 «а» класында «Құлақтан кіріп бойды алар» тақырыбындағы тәрбие сағатында Абай шығармаларындағы сүйіспеншілік, сағыныш, мейірімділік қасиеттерді оқушылар бойына сіңіре білді.

8-күні

1-4 сынып оқушылары арасында мектеп кітапханашысы И.А.Тризно және «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері «Сүйіспеншілікке толы жүрек» атты оқушылардың мәнерлеп өлең оқу байқауы өтілді. Байқауға бастауыш сынып оқушылары қатысты.

9-күні

Мектепте «Жүректен-жүрекке» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында мектеп ұстаздар ұжымы қолдауымен мүгедек екі оқушы М.Әлімбеков пен Д.Волгинге материалдық көмек пен тәтті қоржын сыйға тарту етілді.


«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Б.М.Сисенгалиева «Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері»тақырыбында дәріс өткізді. Іс- шарада «Абсолютті жалпыадамзаттық құндылық» маңыздылығы түсіндірілді. Дәріске мектеп әкімшілігі «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері қатысып өз пікірлерімен бөлісті.

10 -күні
Пән мұғалімдері өзін-өзі тану сабақтары шеруін көрсетті. Тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан», «Жүрек жылуы», «О доброжелательности», «Миру мир», «Сердце, наполненное любовью», «Өнерлі бала сүйкімді» Өткізілген ашық сабақтар өз деңгейінде өтілді. Сабақтарға мектеп ұжымына жаңадан кел¬ген ұстаздар тәжірибе алмасу мақсатында шақырылды. Әрбір сабақ талданып ұсыныс пікірлер тыңдалды.




Мектеп психологі Б.М.Сисенгалиева ата-аналарымен «Өнеге -отбасынан» тақырыбына кездесу болды. Кездесу соңында қатысқан ата-аналар пікірлері тыңдалып, осындай кездесулер жиі өткізіліп тұрса деген ұсыныстар айтылды.

Тәрбие орынбасары және пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен. «Ән көңілдің ажары» ән фестивалі аясында «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Фестивалға мектеп ұстаздары, кіші қызметкерлер, ата-аналар және оқушылар қатысып ән шырқады. Ән байқауында бас жүлде «гран при» Тулегуловтар


Дайындаған: Пригород орта мектебі «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі: Сисенгалиева Б.М.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?зін-?зі тану: С?йіспеншілік пен Шы?армашылы? педагогикасы»

Автор: Сисенгалиева Бимару Мендибаевна

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 175053


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства