kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Заманауи білім берудегі жа?а технологияларды о?у процесіне енгізу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елбасымыз Н.?.Назарбаев  «XXI ?асырда алды??ы сапта?ы елдер ?атарына ?з жастарыны? интеллектуалды ж?не рухани ?леуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жо?ар?ы о?у орындарыны? е? тиімді ж?йесін жаса?ан ел ?ана к?теріле алады» деп к?рсеткендей жа?а  XXI ?асыр,компьютерлендіру заманы.

    Еліміздегі саяси, ?леуметтік- экономикалы? ?згерістерге сай білім беруді жетілдіру ба?ыттарыны? бірі-білім беруді а?параттандыру. Б?л ба?ыт жа?а а?паратты? технологияларды пайдалану ар?ылы дамыта о?ыту,?ашы?ты?тан о?ыту,дара т?л?а?а ба?ыттап о?ыту ма?саттарын ж?зеге асыра отырып,о?у т?рбие ?рдісіні? барлы? де?гейлеріні?  тиімділігі мен сапасын  жо?арылатуды к?здейді.

    Болаша?та ?ркениетті дамы?ан елдер ?атарына ену ?шін заман талабына сай білім ?ажет. ?йткені, Т?уелсіз ?аза?станды дамы?ан б?секеге ?абілетті елу елді? ?атарында, терезесін те? ететін-білім. Сонды?тан ?азіргі даму кезе?і білім беру ж?йесіні? алдына о?у ?рдісін технологияландыру  м?селесін ?ойып отыр.Мектеп ?міріне еніп отыр?ан жа?а технологияларды? ерекшелігі ?сіп келе жат?ан жеке т?л?аны жан- жа?ты дамыту.Соны? ішінде м?мкіндігі шектеулі о?ушыларды? дамуына да жа?а технология элементтерін пайдалану ?з ?серін тигізуде.Бастауыш мектеп-о?ушы т?л?асы мен санасыны? дамуы ?уатты ж?ретін, ерекше ??нды,?айталанбас кезе?.Сонды?тан бастауыш білім ?здіксіз білім беруді? ал?аш?ы баспалда?ы, ?иын да жауапты іс. О?ытуды? ?р т?рлі технологиялары сарапталып, жа?ашыл педагогтарды? іс-т?жірибесі зерттеліп,мектеп ?міріне енуде.?азіргі заманны?  талабына сай болу ж?не жа?а формация мектебінде ж?мыс істеп ж?рген педагогтарды? алдында т?р?ан проблемаларды шешу негізгі ма?сат болып табылады,олар:

Баланы о?и білуге ?йрету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Заманауи білім берудегі жа?а технологияларды о?у процесіне енгізу»

35 М.Мәметова атындағы жалпы орта мектебінің директордың оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі,бастауыш сынып мұғалімі Малдыбекова Айнур Рыскуловна

Заманауи білім берудегі жаңа технологияларды

оқу процесіне енгізу



Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «XXI ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғарғы оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады» деп көрсеткендей жаңа XXI ғасыр,компьютерлендіру заманы.

Еліміздегі саяси, әлеуметтік- экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі-білім беруді ақпараттандыру. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,қашықтықтан оқыту,дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, Тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін-білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан- жақты дамыту.Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде.Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін , ерекше құнды,қайталанбас кезең .Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы , қиын да жауапты іс. Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енуде.Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады,олар:

Баланы оқи білуге үйрету

Баланы ойлауға үйрету

Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау. Осыған орай мектеп өмірі түбегейлі жаңартылып ,мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп,үлкен өзгерістер үстінде .Әр педагогтың міндеті- оқушының шығармашылық ойына бағыт беру,шығармашылық ізденісті қолдау,жағдаяттар туғызып ,оның шешімін табуға бағыттау,жаңаны іздеуге , жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпынысберу.

Деңгейлік бағдарлама бойынша сабақ беру жеті модуль бойынша жүзеге асады.

Бұл технология несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ -жауап ретінде бергім келіп отыр.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?

  • Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен .

  • Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.

  • Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту »технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар.

  • Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығушылықты ояту,мағынаны ажырату,ой толғаныс/

  • Негізгі үш кезеңінің маңыздылығы.

  • Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,ойлануға үйретеді.Педагогикалық технология қушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді.Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз- оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін ,сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс-тәсілдерін қолданамын:

  • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/.

  • Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс/ эссе, шығарма , сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/.

  • Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/.

  • Қиялдау арқылы сурет салғызу / сурет салу стратегиясы/.

  • Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу/ авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы.

  • Шығармада екі кейіпкердің қарама -қарсы элементтерін сипаттау / қарама-қайшы элементтер стратегиясы /.

  • Өлең шумақтарын құрастыру/ бес жолды өлең/.

Бұл бағдарламаның мақсаты –барлық жастағы ,соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір ,ұйғарым таңдауға , шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге , шығармашылыққа баулуға ,ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған , бірін-бірі толықтырған ойлау.Ең бастысы жекелей , топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай-қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.

Балаларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше. Өйткені, әр топ қорғаған сәтте оқушылардың бір-бірін қошеметтеп,күш жігер беріп отыратындарын көргенде көз қуантты. Топ басшылары өз топтарындағы балаларды бағалайды.

Қорыта келгенде, Пажарестін «білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген ой-тармақтарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы іс-әрекетіне пәннің қалай оқу керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді»дегендей ,«Сенім» ұғымына тереңірек ұғынып, сабақтарымда тиімді қолдануға тырысамын.Оқушыларда сенімділік артқан сайын, олардың жұмыс істеуінде жылдамдықтың , нақтылықтың көріне бастағандығының куәсі болдым. Сыныптағы оқушылардың ұйымшылдығы қалыптасып, топта бірлесе жұмыс жасаулары көз қуантады.Мені ең таңқалдырған іс-әрекеттердің бірі бірде-бір оқушы тақырыпты талдаудан тыс қалып қоймайды. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Мұнда басты назар аударатын нәрсе - оқушылардың ауызша ,жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біз тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс –тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді,шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.

Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі,мақсатқа ұмтылуы ,ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қаматамасыз етіледі.

Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.

Оқушылар қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі.Өз ойларын ашық , нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі.Оқушылар қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық, нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып ,сыныптың білім сапасы көтеріледі.Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында».


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Заманауи білім берудегі жа?а технологияларды о?у процесіне енгізу

Автор: Малдыбекова Айнур Рыскуловна

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291208

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Мектеп информатикасы бойынша электронды? о?у-?дістемелік кешенді ?олдануды? ?ажеттілігі. "
    ["seo_title"] => string(101) "miektiep-informatikasy-boiynsha-eliektrondyk-ok-u-distiemielik-kieshiendi-k-oldanudyn-k-azhiettilighi"
    ["file_id"] => string(6) "200086"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428727755"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(161) "Мектеп информатикасы бойынша электронды? о?у-?дістемелік кешенді ?олдануды? ?ажеттілігі "
    ["seo_title"] => string(103) "miektiep-informatikasy-boiynsha-eliektrondyk-ok-u-distiemielik-kieshiendi-k-oldanudyn-k-azhiettilighi-1"
    ["file_id"] => string(6) "200106"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428730799"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Баяндама. Математиканы о?ытуда инновациялы? технологиялар. "
    ["seo_title"] => string(65) "baiandama-matiematikany-ok-ytuda-innovatsiialyk-tiekhnologhiialar"
    ["file_id"] => string(6) "156815"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421493214"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства