kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қалың елім қазағым қайран жұртым» деген өлең сол кездегі қазақтың рухани ахуалынан хабар беретін өте бір терең талғамды шығарма.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»»










Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру


















Мазмұны


Кіріспе ...........................................................................................................................

1. Белсенді танымдық қызмет – тұлғаны дамытудың маңызды факторы..................

1.1 Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.........................................................

1.2 Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау

2. Жаңа технологияларды игеру – заман талабы...........................................................

2.1 Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?.......................................................................

2.2 СТО технологиясының қолдану тиімділігі..............................................................

2.3 СТО технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту................................................................................................................................

2.4 Педагогикалық іс - тәжірибе нәтижесі......................................................................

Қорытынды..........................................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................................




















Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заман талабына сай білім беру саласындағы жаңашыл ұстазға қойылатын талап та жаңаша болатыны сөзсіз. Ұстаздар алдындағы басты міндет – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп және жаңа педагогикалық технологияларды меңгере отырып, еліміздің жарқын болашағын жасайтын білімді де білікті, тәрбиелі де бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Білім беруді жаңарту – қай қоғамда да педагогика ғылымының алдындағы өзекті мәселе. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ әдебиеті сабақтарнда оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырудың жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Білім беру үрдісіндегі оқушылардың таным белсенділігін арттырудың негізгі теориялық және практикалық амалдарын нақтылау;

– Жаңа педагогикалық оқыту технологияларға сараптама жасау;

- Танымдық белсенділікті арттыратын тиімді әдіс-тәсідерді саралау;

- Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігін нақтылайтын әдістемелік материалдарды зерттеу, талдау.

Зерттеу объектісі: қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық белсендіктерін арттыратын әдіс-тәсілдер.

Зерттеу пәні: Оқу процесін инновациялық-дидактикалық талаптарға сай оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану кезінде жүргізілетін жұмыстары.

Зерттеу болжамы: Егер мұғалім оқушыларға қазақ әдебиеті сабағында СТО технологиясының түрлі әдістерін тиімді қолдансақ, онда оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығы артады.

Зерттеу әдістері: Тақырыпқа байланысты психологиялық- педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, әдістемелік тұрғыдан талдау; алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-
тәжірибелерімен танысу; бақылау, ізденушілік және зерттеушілік жұмыстар.

Курстық жұмыстың іс-тәжірибелік маңызы: қазақ әдебиетін оқытуда; студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесінде және қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінен лабораториялық, практикалық сабақтарда пайдалануға болады .

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу тірек орны: Есіл ауданы, Явленка с., А.Шәжімбаев атындағы № 3 Явленка орта мектебі.


































  1. Белсенді танымдық қызмет – тұлғаны дамытудың маңызды факторы

1.1 Оқушылардың танымдық белсенділігі

Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту, оқушылардың даму ерекшеліктері туралы проблемалар, ұзақ жылдар бойы екшеліп жинақталған мектептің озық тәжірибесі негізгі мектептің бастауыш сатысында білім беру мақсатының басым бағыттарын түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып, бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушылардың жеке тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады. Білім беруде оқушының тәрбиесі мен дамуына басымдық берілуі, сондай-ақ Қазақстан Республика Білім заңы мен Қазақстан Республикасындағы Жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасына орай мектеп құрылымы мен оның қызметіндегі өзгерістер оқушыларға сапалы білім беруді талап етеді.

Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқышылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу. Ол алдын ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырады. Сондықтан, оқу басқа іс-әрекеттерге қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқу – баланың өзінің танымдық белсенді әрекеті.

Ғалым-педагог Л.В. Занков «Оқыту оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет» дейді.

Көрнекті психолог Л.С. Выготский: «Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады» деп тұжырымдайды.

Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін арттыру – қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. бұл сабаққа , оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді.

Философия тұрғысынан танымға мынадай анықтама берілген: «Таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі». Адам танымы байқаудан, нақты аңғарудан заңдарды теория жүзінде ашуға қарай, ал содан кейін ол заңдарды практикада қолдануға қарай жүріп отырады.

Практикада тұрғысынан оқушылардың тынымы – өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтар кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық, ол – педагогикалық міндет, талаптарымен бірге оқушылардың мүмкіндіктерінің білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі арасындағы қайшылық.

Танымдық әрекетінің негізінде оқушыда танымдық белсенділік қалыптасады. Танымдық белсенділік дегеніміз білімді меңгертуді тек байқаумен, сезумен ғана қабылдатып қоймай, керісінше, талданып отырған үрдісті аңғарту арқылы заңдылықтың теория жүзінде қалай ашылғанын байқата, соны білдірте отырып меңгерген білімін практикада шығармашылықпен қолдана білудің дұрыс амал-тәсілдерін үйрету, сол арқылы іскерлігі мен дағдысын арттыру болып табылады. Демек, ол оқушылардың оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі болып табылады.

Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі (5-6 ж) балалар заттарды түсіне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Мектеп жасындағы оқушылардың түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдам мен заңдылықтарын терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін қолдана білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімдердің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты Н.С. Лейтестің пікірінше, бастауыш мектеп кезеңінде оқушыларда ғажайып өзгерістер болып жатады, яғни, ойдың күрделі қасиеттері қалыптасады және олардың даму деңгейлері ойдың даму барысының балаң кезеңдерімен салыстыруға болмайтындай жылдамдықпен дамиды.

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың негізгі бағыты бұрынғы «ойнау» кезеңінен оқу үрдісіне бет бұру кезеңі болып есептеледі. Мектеп кезеңдері ішіндегі ең негізгі кезең болып саналатын бастауыш кезеңі оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетінің дамуына ең тиімді де қолайлы кезең бола отырып, осы кезеңде олардың танымдық іс-әрекеттерінің психологиялық негізі қалыптасатын және елестету, армандау мен ойлау амалдары, талдау сияқты көзқарастары жоғары дәрежеде дамуына жағдай жасалу қажет. осыған орай оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі өзіндік жұмыс пен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін қазіргі заман талаптарына сәйкес жетілдіру болып отыр.

Бастауыш сыныптардағы қазіргі бағдарлама мен оқулықтар мұғалімдерге оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын кеңінен ұйымдастыруға мол мүмкіндік береді. Мұғалімдердің әр сабақта балаларға өздігінен жұмы с істетіп, олардың зияткерлік белсенділігін, еңбексүйгіштігін және жүргізуіне мүмкіндігі бар.

Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап – оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оны, біріншіден, тек дайын ақпараттық фактілер, заңдар, ережелер күйінде ғана беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Екіншіден, оқушылардың іс-әрекетіне деген мұғалімнің іс-әрекетінің көзқарасын өзгертуді талап етеді. Басқаша айтқанда, оқушылардың өзі – желсенді, жасампаз күш. Оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет. Ол оқытудың әр кезеңінде, үй жұмысын тексерген кезде, оқушының жаңа білімді меңгеруге дайындығын, жаңа білімді енгізіп, оны тұжырымдаған және оларға сүйенген, алынған білімді қорытып, бір жүйеге келтірген кезде де көрініп отыруы керек.

Әрине, мұндай күрделі ой-өрісінің жүйелі қалыптасуына тікелей басшылық ететін, оқушы әрекетінің дамуы мен қалыптасуына жетекшілік жасайтын оқушылардың білімді шығармашылықпен игеруіне жетелейтін, оның амал, тәсілдерін үйрететін мектептегі басты тұлға – мұғалім әрекеті өз шәкірттерінің әрекеті тарапынан қолдау тапқанда ғана өзінің нәтижелі жемісін бермек. Екі әрекет бірін-бірі қолдаған жағдайда дұрыс нәтижеге жеткізеді. Өзіндік жұмысының тиімділігі мұғалімнің осы әрекетті дұрыс жоспарлау біліктілігіне де тікелей байланысты. Тәжірибеден өз бетінше ізденуді, оқушылардың өзіндік жұмысын ебін тауып ұйымдастыра алатын, керек кезінде жағдайлар туғызып, олардың басты міндетін өз бетінше шешуге құштарландыра алатын мұғалімнің оқытуда ең жақсы нәтижеге жететіндігін көруге болады.

Іздену арқылы басты мәселелерді жете біліп зерттеу, жинақтау, оны насихаттау, іске асыру – оқу және тәрбие жұмысын одан әрі жақсарта берудің сарқылмас көзі. Бұл жұмысқа мұғалімдер белсенділікпен қатысып, зор үлес қосуға тиіс.













1.2 Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау

Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.

Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.

Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі».

Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым - қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.

Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.

Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.

Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.

Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.

Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді.

Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады.

Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т. б. белсенділік түрлері болады.

Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді.

Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін - өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б. белсенділіктер.

Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:

1. Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.

2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.

3. Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай - ақ қайталауда да қолданылады.

Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға белгілі. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың маңызды мәселе екендігі туындайды.

Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» үлкен рөл атқарады. Шығармашылық тапсырма ретінде біз оқушыдан ұдайы тек ақпарат өндіру емес, шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды қарастырамыз. Себебі тапсырмалар белгісіздіктің кіші және үлкен элементтерінен және бірнеше дұрыс жауаптардан тұруы мүмкін. Шығармашылық тапсырма кез - келген интерактивті әдістің мазмұны мен негізін құрайды. Оның айналасында жариялылық пен ізденімпаздықтың негізі пайда болады. Шығармашылық тапсырмалар оқу барысына үлкен мағына беріп, оқушыларды ынталандырады.

Шығармашылық тапсырма жеке дара күйінде мұғалімдер үшін де шығармашылық тапсырма болып қалады. Шығармашылық тапсырмалар мына төмендегі талапқа сай болуы керек:

1) Бір мағыналы және тым қарапайым жауабы немесе шешімі болмайды;

2) Оқушыларға тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болып табылады;

3) Оқушылардың өмірімен байланыста болады;

4) Оқушылардың қызығушылығын тудырады;

5) Оқытудың мақсатына барынша сай келеді.

Оқушы қарастырғанда В. П. Беспальконың ІҮ деңгейіне яғни шығармашылық деңгейге тоқталу қажет. Мұнда әр оқушы өзіндік шығармашылық жұмыспен айналысады. Оқушы ойынға қызығу арқылы шығармашылық тапсырмаларды жеңіл әрі белсенді түрде орындайды.

А. И. Субетто: «Ойын - әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды» десе, В. А. Сухомлинский: «Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл - ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес» деген. Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп, танымдық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру үшін олардың әр пәнге қызығушылығын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу – мектептің басты міндеті. Бастауыш сынып оқушыларын жан - жақты дамытып, қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу мектепте оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеті белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденіс, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеті – күрделі процесс. Ол іс - әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.

Оқу үрдісі оқушылардың оқу - танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу - танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады. Танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.

Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл - ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы т. б.

Танымдық іс - әрекет оқушылардың негізгі іс - әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т. б. сипатталады.

Бұл қызыға оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары:

- оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы;

- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру.

Бұған жататындар сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

- Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылынуының болуын қамтамасыз ету. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс - тәсілдерді қолдануына болады:

1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.

3. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар).

4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т. б.).

5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.

7. Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру.

8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.


Сондай - ақ тіл дамыту сабақтарында ойланатын ойындар «Қайда, қашан?», «Суретке қарап әңгіме құра», «Ойлан тап?», «Мәтін мазмұнына қарап сурет сал» т. б. ойындар балаларды ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға арналған. Мысалы: «Жайлау» тақырыбына байланысты»Қайда, қашан?» ойынын сабақ барысында сұрақ - жауап әдісін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға болады.

- Бір жылда неше ай бар?

- Қандай жыл мезгілдерін білесің?

- Жайлау табиғаты қандай? т. б.

Күзге байланысты тарауда «Кім тапқыр?» ойынын жаңа сабақ алдында өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында қолдануға болады. Өтілген тақырыптар бойынша үзінділер оқылады. Шарты – мәтіннің атын табу, жалғастырып айту, күздің ерекшеліктерін табу. Оқушылар топ бойынша: 1 - топ – күз ерекшеліктерін, 2 - топ – күздегі еңбек, 3 - топ – табиғаттағы өзгерістерді әңгімелеп беруі тиіс.

Оқушылардың ана тілі пәнінде танымдық қызығушылығын арттырудың бір түрі – көркем әдебиетті үнемі оқып отыруға әдеттендіру. Сынып ішінде кітапхана ұйымдастыру және оқушылардың кітапты оқуын қадағалау және оқушыларға көптеген ертегі, әңгіме оқып беріп, сонан соң өздеріне ертегі немесе қысқа мәтіндер оқып келу ұсынылады және оларға хабарлама дайындау тапсырылады. Осылай оқушылардың ана тілі пәніне ықыласы артып, танымдық қызығушылығы қалыптасады. Сонымен қатар сабақ тақырыптарына байланысты мақал - мәтел, жұмбақ - жаңылтпаш пайдаланудың маңызы зор. Баланың танымдық қызығушылығын арттырып, тілін дамытады. Мысалы, ана тілін оқыту барысында мақал - мәтелдермен мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:

- тақырып мазмұнына сай мақал - мәтелдер айтқызу мәнін ашып өз ойымен жеткізу;

- суретке қарап тақырыпқа сай жұмбақ, жаңылтпаш айту;

- жұмбақтардың, мәтелдердің жалғасын айтқызу;

- топқа бөліп мақал - мәтелдер жарысын өткізу т. б. мысалы: «Арыстан мен түлкі» ертегісінде арыстан мен түлкінің және тағы да басқа аңдардың іс - әрекеттерін талдап, соған байланысты мақал - мәтелдер айтқызу және оларды оқушыларға мән мағынасын ашып талдату. Ол оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, шығармашылыққа дамытады.

Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.

Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту.

Шығармашылық: іс - әрекет, зейін, есте сақтауы, интеллекттісі, ойлауы

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Таңертең тұрғанда күн дене жаттығуынан басталатынын сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым:

- Жылдың бесінші айын ата.

- Бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Көз адамға не үшін керек?

- 685 пен 687 арасында қандай сан бар?

- Есік қандай геометриялық фигура?

Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады. Сонымен қатар математика сабағында:

- Балаларға ойдан математикалық ертегі құрастыруға тапсырмалар беру.

- Қиялдау арқылы сурет салғызу.

Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар күрделеніп беріледі. Сабақта қызықты жаттығулар, логикалық есептер мен тапсырмаларды тиімді пайдаланудың пайдасы зор. Мысалы:

1. Қосарланып жегілген үш ат бір сағатта 12км жол жүрді. Бір ат неше км жол жүрді? (12км)

2. Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу? (2 қой, 3 тауық).

3. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар 5 - еу, біреуі жерге қонса нешеуі қалады? (біреуі қалады, қалғаны ұшып кетеді)

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.

Қазақ әдебиеті сабақтарында да оқушылардың танымдық белсенділіктерін, қызығушылықтарын және шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолданамыз. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейік.






  1. Жаңа технологияларды игеру – заман талабы

2.1 Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?

Біз жасап жатқан жаңа ғасыр – жаңа заман, жасампаз қоғам, озық идеялар мен жаңа технологиялар дәуірі. Сол себепті білім беру салаларында жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушының дүние танымын жаңаша көзқарас пен сыни тұрғыдан ойлау арқылы қалыптастыру – заман талабы. Жаңа технологияның ұстанымдары – оқытуды ізгілендіру, өз бетінше білім алып, ізденіс арқылы дамитін, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы кез келген ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуі тиіс. Технолог иялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт-бағдар бере алады.

Технология мен әдістеменің мақсаты бір, ол – қалай оқыту мәселелерін қарастырады. «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп Ж. Аймауытов айтқандай, бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, жақсы нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар пәнге деген танымдық қызығушылығын оятып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында ұлттың бәсекелестік қабілетінің, бірінші кезекте, оның білім деңгейімен айқындалатынын атап көрсеткеніндей, бүгінгі заман оқытушысы жаңаша ойлай білетін, жаңа идеялардың авторы болуымен қатар озық технологияларды меңгерген, сол арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра алатын қасиетке ие болуы шарт.

Қазақ әдебиетін оқытудың сапасын арттыруды, оқушының пәнге деген танымдық қызығушылығын қалыптастыруда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданудың ықпалы зор. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? «Оқу мен жазу арқылы сын тұғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

  • шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;

  • күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;

  • үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады:

  • Қызығушылығын ояту бөлімінде оқушыны ой қозғау арқылы сол тақырыпқа әкеліп, оның осы тақырып туралы не білетіндігі анықталады, әрі қарай не болатынына қызықтырып, олардың белсенділігін арттыру көзделеді.

  • Мағынаны тану бөлімінде оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы бөліммен ұштастыра түседі, осы мақсатта мұғалім стратегияларды жүйелі қолдана отырып, оқушылардың сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой-талқыларын жасай білу қабілеттерін жетілдіру, сияқты дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігі, оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу да осы бөлімде ұтымды көрсетіледі.

  • Ой – толғаныс кезеңінде оқушылар байқаған ақпараттарын өз сөзімен, өз ойымен тартымды жеткізіп, өзара пікір алмасады, жаңа білімнің маңыздылығына көз жеткізеді.

Сабақтың қай құрылымында болмасын, осындай стратегияларды қолданғанда, «Мен не ұтамын?» және «Оқушы не ұтады?» деген сұрақтарды естен шығармау керек. Бұл сабақтарда оқушы өзін-өзі бағалауға, топтың өзін-өзі бағалауына, өлшемдер арқылы бағалауға үйренеді.

Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол – баланың өзі ізденіп, дәлелдей алуы. Оқушы бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім – осы әрекетке нұсқаушы, бағыттаушы, ұйымдастырушы. Диплом алды тәжірибеден өтубарысында, мен оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында бүгінге дейін СТО технологиясын күнделікті сабақ жоспарыма қолданатын болдым. «Оқу мен жазу арқылы» сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану – сыныптағы мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың мәдениеттілігінің, ынтымақтастығының, бірлескен әрекетке қол жетімділігінің айғағы.

СТО технологиясының әдіс-тәсілдері оқушыларды ізденімпаздыққа баулып, баланың еркін, терең, жан-жақты ойлануына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушылардың танымдық қызметін белсенді жүзеге асырудың білім сапасын арттырудағы маңызы зор. Осы мақсатқа жетуде, мысалға алар болсақ, ДЖИГСО-2, кубизм, Блум таксономиясы стратегиялары қолайлы болса, тіл дамыту сабақтарында оқушының тіл байлығы мен ойлау жүйесін қалыптастыру үшін «Жазушы шеберханасы», аргументтік эссе әдістерін қолдану тиімді деп ойлаймын. СТО технологиясындағы «Зерттеу конференциясы» әдістерінің оқушылардың сабақтағы белсенді әрекет етуімен қатар өзіндік ізденуі мен шығармашылығының шыңдалуына, ұжымдық ұйымшылдыққа тәрбиелеуде септігі зор. Бұл технологияның әдістері, негізінен, топтықнемесе ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыруда ұтымды болып келеді. Ал топтық және ұжымдық жұмыс жүргізудің ұтымдылығын сабақ үстінде тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеруге болатындығынан, бір-біріне көмектесу арқылы көпшіл болуға, бірін-бірі жақсы оқуға тартуға үйретуіндігінен көруге болады. СТО сабақтарында оқушы жеке де, жұппен де, топпен де жұмыс жасай отырып, оның белсенділігі жоғарылайды, жеке жауапкершілігі, өз бетімен жұмыс жасау қабілеті артады, іс-әрекетінде қызығушылық байқалады, ойын еркін жеткізуге тырысады, сабақта көп жұмыс жасайды, шығармашылық және ізденушілік қабілеті артады, өзін-өзі шынайы бағалауға үйренеді.

Оқушылар арасындағы ұйымщылдық пен жарасымды қарым-қатынас орнату үшін тренинг сабақтар әдісін қолданған жөн деп санаймын. Тренинг сабақтар барысында оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті артып, олардың бір-бірімен байыппен сөйлесуі, құрметпен қарау және қамқорлық танытуы, тапсырмаларды пейілмен орындау, ұстамдылық көрсету, мінез-құлық пен жүріс-тұрыс ережесін сақтау, өзіне көпшілік назарын қажет етуі, дауысты реттей алуы сияқты дағдылары қалыптасады. Тренинг сабақтар тек қарым-қатынас мәдениетінің жетілуіне ғана емес, оқушылардың жалпы психикалық дамуына, сабаққа деген танымдық қызығушылықтарының артуына әсері болады.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде оқытудың жаңа технологиясын енгізумен қатар білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу – ХХI ғасырдың басты талабы. Ақпараттық коммуникативтік технологиялар мен білімді компьютерлендіру – білім беру үрдісіндегі негізгі мәселелердің бірі.

Қазақ әдебиеті сабақтарында компьютерді жеке тұлғаны дамыту мақсатында қолдану жолдары мынадай әдіс-тәсілдермен жүзеге асады: материалды компьютер арқылы мәтінді графиктік сызбаларға түсіру, электрондық поштаны пайдаланып хат жазу, интернет желісінен мәліметтер алу, мәліметтер қорымен және әдебиеттермен жұмыс істеу, мәтіндік редакторды қолдану, сабақтарды active studio әдісімен өткізу, т.с.с. аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, компьютерді ақпараттандыру құралы ретінде тиімді пайдалану оқушылардың танымдық қабілеттері мен қызығушылықтарын арттыруда үлкен рөл атқарады.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде мультимедия технологиясын қолдану кеңінен таралуда. Мультимедия жергілікті, аймақтық және әлемдік желілер бойынша дыбыс және көріністі беру үшін жоспарланған. Жұмыстың интерактивті режиміндегі графика, анимация, фото, бейне, дыбыс, мәтіндер, ақпараттық орта қалыптастырады. Сабақтарда мультимедия технологиясын қолданудың нәтижесінде оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды, сабаққа деген ынтасы мен танымдық қызығушылығы жоғарылайды.

Педагогика саласында кәсіби іскерліктің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберліктің жаңа түрі – инновациялық білім беру. Бұл – пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға, басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған әрекет. Мұндай жаңа технологияларды қолдануда – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни, ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.

Ұлы ағартушы, ұлы ақын Ахмет Байтұрсынұлының өз заманындағы: «Ұстаз үздіксіз іздегенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс деп білемін. Инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі – тек қана мұғалімнің шеберлікпен,шығармашылықпен ұштастыра білуінде. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыру үшін оқытудың жаңа технологияларын, оның түрлі әдіс-тәсілдерін, алдымен мұғалімнің өзі терең игеруі қажет деп ойлаймын.

Жеңіс атаулының бәрі өзінді жеңуден басталады. Сондықтан кездескен қиындықтарды жеңіп, кәсіби деңгейімізді дамытып, саналы білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында бірге ат салысайық.


















2.2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының қолдану тиімділігі

Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50 - ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда.

Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтарДж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады.Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.

• Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
• Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;
• Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану кезеңінде/;
• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
• Өздеріне белгілі пайдалана алады;
• Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғады.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны ашу;
- ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
- оқушының белсенділігін ояту;

Жеке тұлғаның іс - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша - әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т. б. 
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.

Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
- жаңа ақпаратпен танысу;
- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас белгілеу.

Жеке тұлғаның іс - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
- мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
- жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
- қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
- инсерт;
- екі жақты күнделік;
- қосымша журнал;
- сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.

Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе - эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
- оқылған материалды талдау және қорытындылау.
- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
- Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.
- Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.
- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. - кластер құру
- әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.
- түйін сөздерге қайта оралу.
- дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.
- рефлексивті сұрақтар
- пікір алмасу.
- шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б.

Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.
Технологияны оқыту стратегиялары (тәсілдері)
Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн.
Кластер (топтастыру). Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Мысалы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кезеңдерін кластер түрінде былай келтіруге болады.

Бұл тәсілді қызығушылықты ояту және ой толғау кезеңдерінде қолдануға болады.
Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады:
«V» - білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» - түсінбедім, тереңірек білгім келеді

Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң оқушылар жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма беріледі. Мұнда оқушыларға аз таныс, қызықтыратын, энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар туралы мәліметтер жинауға болады. Бұл тәсіл дәстүрлі оқытудағы «оқулықтан пәлен парагрофты оқыңдар» деген тапсырмаға қарағанда тиімді.
Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.
«Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн жазу ережесі:

1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (етістік, көсемше).
4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.
5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.
Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады. Сонымен қатарКубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.
 «Эссе» стратегиясы бойынша өз ойынан әр түрлі пікірлер құрастырып, оны дәлелдеуге үйренеді.
«Сауалнама-интервью» стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге үлкен септігін тигізеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытыныдылауға болады.
Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулимыз. әрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелейміз. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиеленеді. Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйретеміз.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау, жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.
Сонымен, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытыныдыға келдім:
1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапты.
2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)
3. Өзіндік қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды.
4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.
5. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/
6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.
7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.
8. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
9. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірелрмен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқандай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.


















2.3 Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту

Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.

Қазақ әдебиеті пәні сабақтарында оқу мазмұнын жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым:

«Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».

Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» деп өткен ғасырда айтқан сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орынымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі ттехнологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет.

Қазіргі мұғалім:

  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

  • Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

  • Білімді, іскер, шебер болуы керек.

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

  • Дүниетаным қабілеті жоғаны;

  • Дарынды, өнерпаз;

  • Іздемпаз, талапты;

  • Өз алдына мақсат қоя білуі керек.

Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігіне қарай жүзеге асады.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.

Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» стратегиялары қазақ әдебиеті пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым:

  • мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға;

  • білім мәдениеттілігі мен маңыздылыығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;

  • жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;

  • білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы;

  • құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;

  • ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін-өздері дамытып, тәрбиелеуге.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, семантикалық карта, 5 жолды өлең стратегиясы, эссе, ойқозғау, инсерт, ұқсастық пен даралық, кубизм, кластер, білемін, білгім келеді, білдім, т.б.

«Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарының алғашқы бөлігі міндетті түрде қызығушылықты оятуға арналады, /сұрақ қою/, екінші «мағынаны тану» кезеңінде /жауаптар іздеу, мәселені зерттеу/ мәтінді жан-жақты және әр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді/. Үшінші, білім «ойтолғаныс» арқылы жалпылама жүйеленеді/ ойлау үрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау/. яғни, мұғалім оқушыларын ойлауға тұрақты түрде үйретеді.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе, үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді. ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не жазаланбау үшін, не мадақтау үшін, не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып келсе, енді қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгелермен бөлісуге асығатын болды. Мұның бәрі – олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер.

«Маған айтып берсең – ұмытып қалармын, көрсетіп берсең – есте сақтармын, өзіме жасатсаң – үйреніп алармын» деген шығыс нақылын сабақ жоспарлау кезінде есте сақтаған жөн. Осы технологиямен өткізілген сабақ үлгілерін ұсынып отырмын.

Венн диаграммасына мысал.

5

Қайрош:

Аңқау;

Қаланы көргісі келеді;

Оқымаған;

Орысша білмейді;

Білім алғысы келеді;

Адал, өтірік айтпайды;

Уәдеге берік;

Анасы бар.

Шеген:

Қала өміріне

бейімделген, пысық;

Өнерлі;

Қазақша, орысшаға

судай;

Білім бар;

Балалар үйін

қаламайды;

Ата-анасы жоқ.

-сыныпта Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романынан үзінді «Жаңа достар» әңгімесін қорытындылағанда пайдаланған көрнекілік:
















Кластерлер








9

Ыбырай

Тәрбиелік мәні бар адамгершілік

Әлеуметтік теңсіздік тақырыбындағы өлеңдер

Әңгімелер

1864 жылы мектеп ашқан

Торғай бекінісінде

Табиғат лирикасы

Қазақ хрестоматиясын шығарды

-сыныпта Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын өткенде қолданатын кластер:
















Қазіргі оқытудың талабына сай компьютерлі технологияны пайдаланып.

Мұғалімнің қол жеткен жетістіктері:

  • оқушы қызығушылығы артты;

  • бей-жай отырған оқушы жоқ, бәрі топтық, ұжымдық іс-әрекетте;

  • тіл байлығы артып, ойлау қабілеті дамыды;

  • дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырады;

  • бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге үйренеді;

  • топ алдына шығып, еркін өз ойын айтуға дағдыландырады.













2.4 Педагогикалық іс - тәжірибе нәтижесі.

«Сын  тұрғысынан ойлау» стратегияларын технология сабағына қолдану

Сабақ үйреншікті жай ғана нәрсе емес, жаңадан жаңаны ашу.

(М.Дулатов)

Сыни тұрғыдай ойлау- бұл  біздің ХХІ ғасыр талаптарын жақсылап орындап шығуға мүмкіндік беретін ерекше қабілет.

(Дэвид Клустер)

Өркениетке  ұмтылған  қазіргі  қоғам  талабына сай  Қазақстан  Республикасының  дамыған елдермен  иық  тіресіп   тұруы  және  еліміздің  болашағы  мен қазіргі  кезеңі  үшін  білімді, зерделі, өз  бетімен іс-әрекет  ете  алатын қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздардың міндеті.

Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек ету арқылы оқушыны адамгершілік рухқа тәрбиелеуді басшылыққа алуда технология пәнінің орны ерекше. Қай пәннің болмасын білім сапасын көтерудің бірден – бір жолы білім беру  технологиялары мен оқу үрдісін ұйымдастыруды жаңа түрлерін қолданысқа енгізу. Осындай талапқа қол жеткізу үшін мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік  білімін үнемі толықтырып, үздіксіз ізденіс, өз мамандығын барынша жетілдіруі және осы саладағы жаңалықтар мен озық тәжірибені үнемі пайдалануы тиіс.  Әр шәкірттің жеке тұлға ретінде дамуына білім сапасының артуына ұстаздың өткізген әр сабағы шешуі роль атқарады. Оқушы білімнің сапалы болуы ұстаздың дәріс беру щеберлігі мен жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби құзіреттеілігіне байланысты. Білім беру сапасын арттырудың бір көзі жаңа технологияларды қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу. Менің өзекті тақырыбым да осы мәселені қозғайды.

Өз іс- тәжірибемнен түйгенім: көптеген инновциялар арасында білім беру сапасын арттырудың тиімді, қолайлы жобаның бірі- сын тұрғысынан ойлау.

Сын тұрғысынан ойлау- ашық қоғам негізі. Ол өз бетінше сұрқтар қойып, оған үнемі жауап іздеу, басқалар пікірімен санасу, дәлелдеу, дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Сыни ойлау- адам өмірінің бір саласы. Олай дейтініміз- шешімдер ішінен өздері үшін ненің тиімді, пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды жинақтап, жаңа білімді ажырата алуға көметеседі. СТО-ның дәстүрлі оқытудан айырмашылығы – білімінң дайын күйінде берілмеуі.

Бұл жобаның мақсаты – демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауды бар, өзін – өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үрдістерге сыни көзбен қрап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Жоба авторлары шетелдік – Дженни Стил, Курт Мередит, Чарлз Темпл.

Сын тұрғысынан ойлау кезеңдерінің мақсаттары

Қызығушылығын ояту

Мағынаны тану

Ой толғаныс

Оқушыларды қызықтыру, белсенділігін арттыру, бұрыннан білетінін еске түсіну, жаңа мәліметті игеруге дайындық, оқушы біліміне ой – салу.

Туындаған сұраққа жауап іздеу, білімді кеңейту, ойларын жүйелендіру, тақырыпты ашу, жұппен топпен жұмыс жасау, еркін сөйлеу арқылы ойын жеткізу.

Білімді толықтыру тиянақтау, ортаға салу, талқылау, алға бағыттау.



«Сын тұрғысынан ойлау»  жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – білім беру сапасын арттырудың, оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы.

Сыни – тұрғысынан ойлау – сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Сынап оқушылары топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді. Тынымсыз іздене алады.топпен бірлесіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық – жауапкершілік, бірлесіп бір мәселені шешу секілді қазіргі кезде ауадай қажет екені айдан анық.

СТО жобасының көптеген стратегияларын қолданып келемін. Сабақтарымда Вен диаграммасы, ББҮ, ЭССЕ, ЖИГСО, семантикалық кесте «Кубизм» , «Тірек сөздер» «Галерияға саяхат», «Үш қадамды сұхбат», «Биум таксономиясы», т.б. стратегияларын қолданып келемін. Кезең – кезең арқылы ашып айтсам.

 

І

ІІ

ІІІ

«Топтастыр»

«Тірек сөздер»

«Галерияға саяхат»

«Сиқырлы қалам»

«Жолаушы күнделігі»т.б.

«Кубизм» тақырыпты жан-жақты ашуға.

«Блум таксономиясы»

«Джиксо» т.б.

«Бес жолды» өлең

РАФТ «Сәйкестік тесті», «Түртіп ашу»,

«Автор орындығы»

«Үш қадамды сұхбат»

«ББҮ» т.б.

СТО – білім берудің  сапасын арттыруда өте тиімді. Ол үшін ұстаз сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік, жағынан қызығуын арттырып, оның ой- өрісін дамытуда аянбай еңбектенуі қажет. Неміс педагогы А.Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты  өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзі ізденуіне жетелейді» деген болатын.

 Осы технология бойынша өткізген сабақтарымның бірнешеуін көрсетіп отырмын.

Сабақ тақырыбы:   Құрақ құрау

Мақсаты:    –   Оқушыларды ұлттық қолөнерге қызықтыру.

  • Пэчворк туралы түсінік беру.

  • Құрақ түрлерімен таныстыру.

  • Білімдерін сарамандық жұмыс жүзінде жасай білуге дайындау.

Дамытушылық  мақсаты:  

-Сабаққа қызығушылығын арттыру,

– Білім-білік  дағдыларын қалыптастыру.

– Ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу, шығармашылық

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік  мақсаты: Үнемділікке, еңбексүйгіштікке, тиянақтылыққа баули

отырып, эстетикалық тәрбие беру, ұлттық қолөнерімізді дәріптеп  насихаттауға,өз бетінше ,топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері:    –       Тәжірибеде өз мүмкіндіктерін қолдана білу. Тапсырмаға

талдау жасай отырып, өз бойларындағы   қасиеттерді тани білу.

Күтілетін нәтиже:     Оқушылар топта бірлесіп, қауымдасып жұмыс жасайды,  өз

ойларын ортаға салып, сыни тұрғыдан  талдау жасайды, тапсырманы өз бетінше, топта талдау жасап ойларын еркін жеткізеді, бір-біріне  сенімділікпен қарайды.

Формалары: СТО бағдарламасы стратегиялары.

«Галерияға саяхат»,  «Сиқырлы қалам» , «Жолаушы күнделігі» ,

 «Бес жолды өлең»,  «РАФТ», т.б

Пәнаралық  байланыс:  Геометрия, сызу, қазақ әдебиеті.

Көрнекілігі:  Суретте, перфокарта, таратпа қағаздар. Т.б.

Тех. құрал:  Интерактивті тақта.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • «Үй жиһаздары»

  • «Менің бөлмем»  өзіндік жұмыс.

  • Қосымша сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру.

1-топ.

  1. Бөлмені жиһаздаудағы барлық уақытта ескеретін «Алтын қағида»

  2. Жиһаз сатып алмастан бұрын нені ескереміз?

3.Түстердің адам өміріндегі маңызы.

2-топ

1.Сары, қызғылт, қызыл түстердің ерекшелігі.

2.Бөлменің  төбесі қандай түспен боялған дұрыс.

3.Қазіргі заманғы  пәтерлердегі жарықтандырудың  мәселесін шешудің  неше жолы бар?

 «Галерияға саяхат».

             «Менің бөлмем осындай»  жұмыстарын  оқушылар тақтаға іледі.  Бір-бірінің жұмысына талдау жасайды және пікір жазып іледі. Бұл бір-бірінің жұмыстарына баға беруге ықпал жасайды және  пікір жазып іледі. Бұл бір-бірінің жұмыстарын бағалау мен талдай жасай алу үшін қолданылады.

Слайд1-2. «Үй жиһаздарының орналасуы және бөлме түрлері».

  1. Жаңа сабаққа кіріспе. (үнтаспадан)

Дархан даламыз бен қазақтың барлық болмысын көрсетін ұлтымыздың ұлттық қолөнері өнер мен мәдениеті, кеңдігі мен көңілі мінезін көрсететін сурет көрсетіледі.

Дыбыстық үн бүгінгі күн еншісіндегі тақырыпты былайша насихаттайды:

Дамып келе жатқан еліміздің, болашақ иелері біздер болғандықта, жан-жақты білім алып қана қоймай, ізденіп шығармашылықпен айналысатын,  бала көп оқып, өз туған елінің тілін, дінін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, терең зерттеп білуге, қолөнерін үйрену, адамгершілік асыл қасиеттерімізді бойымызға сіңіру басты мақсатымыз.

Табиғат пен етене біздер, әрине біздер үшін өз кішіге қамқорлық, көрші-қолаңға көмек жасау басты мақсатымыз. Өйткені біз жасымыздан ана әлдиінен бастап ұлттық құндылықтарды бойымызға сіңіріп келеміз.

«Өнер көзі -халықта» деген. Алдымен өнерді халықтан үйреніп, көне мұрасын жаңғыртып ізденіп іске асыру перзенттік парызымыз.

Басардай басқұр өрнек маған міндет.

Белгісі балғын шақтың қарап жебеп

Сүйеніп түскиізге тұрып қаппын.

Көз жазып сол өрнектен қалам ба деп.

                                   Ф.Оңғарсынова.

Олай болса бүгінгі сабағымыз ұлттық қолөнерімізге бағытталған сабақтардың бірі болмақ.

Слайдтан «Ұлттық қолөнер туындыларын көрсету».

Ендеше, Өнердегі намыс емес жылап сұрау.

Халқымның өнерімен таныспын – ау.

Бір-бірден санап бәрін айта алмаймын.

Біреуі сол өнердің құрақ құрау.

Жаңа сабақ.

І Қызығушылықты ояту.

1) «Жолаушы күнделігі».

2) «Сиқырлы қалам».

ІІ. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс.

(Слайдтан құрақ түрлерін көрсету)

І- топ.1) Құрақ дегеніміз не?

2) Құрақ техникасындағы нақыштар неден тұрады?

3) Квилт дегеніміз не?

4) Пэчворк дегеніміз не?

5) Құрақ құрағанда нені ескереміз?

ІІ-топ. 1) Колорит дегеніміз не?

2) Түстер қандай мәнге ие?

3) Құрақ құрауда не сақталу керек?

4) Түстер мен реңктердің 3 гвардиясын ата?

5) Құрақтарды пайдаланып қандай бұйымдар жасауға болады?

Перфокартамен жұмыс.

Бірнеше құрақ үлгілері беріледі. Оқушылар соған қарап отырып, әр құраққа ат қояды.

Тақтаға құрақтардың жасалу жолдарын қойып 2-топқа тапсырмалар беру.

І-топ.                                                 ІІ-топ.

    Төртбұрыш.                                                   Үшбұрыш.

Осы фигуралардан тұратын құрақтар құрау. (үйлесімділікке назар аудару).

 шеберлерінің жұмыстарымен танысу.

Ой толғаныс.

1)              І-топ.                                       ІІ-топ.

«Бес жолды өлең»                                    «РАФТ»

Құрақ                                                    Қазақ қолөнері-ғасыр шежіресі.

2) Даналардан қалған сөз.

а) Өнердің таудың бұлағынан.

Қойдың құлағынан.

Апамның киізінен.

Ешкінің мүйізінен үйрендім.               Ә.Қастеев.

ә) Ою-өрнек, құрақ құрау – қазақтың келешегі бүгінгісі, ертеңі.

Б.Момышұлы.

б) «Өнер дегеніміз – адам бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі.»

Л.Толстой.

Сарамандық жұмыс.

 

Мақсаты: Әртүрлі құрақ үлгілерінің эскиздерін құрастырып, үлгі дайындау.

а) Қауіпсіздік ережелерімен танысу.

ә) Оқушылармен өзіндік жұмыстары.

Қорытындылау.

  • Пэчворк қандай өнер түрі?

  • Квилт дегеніміз не?

  • Стипплинг деген не?

Бағалау.

Үйге: 1. Құрақ түрлерін құрастыру.

  1. «Менің ойымдағы құрақ» шығармашылық тапсырма.

 

Нәтиже:

І

ІІ

ІІІ

Пәнге қызығушылығы артады жаңа сабақ меңгеруге  талпынады. Оқуға белсенділігі артады, ақпарат білгісі келеді.

Өз бетімен ізденеді, мәселелік жағдайды шешеді, білімі толық кеңейеді.

Сөйлеу қабілеті артады. Топтық жұмысқа үйренеді.

Ақпаратты сарлайды. Білімдерін нақтылайды. өз еңбектерін басқалармен салыстыралы.



СТО технологиясы  білім – берудің сапасын арттыруда өте тиімді жоба. Ол үшін ұстаз сабақ мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан қарап, оқушының қызығушылық, тәрбиелік жағынан қызығуын арттырып ой өрісін дамытуда аянбай қызмет атқару керек. Неміс педагогы: Дистербергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзі сөйлеп, өз ойын айтып ізденуге жол береді деген»































Қорытынды

Жеті модульдің ішінде балалардың қызығушылығын оятып, өз іс-әрекетіне сыни тұрғыдан ойлау арқылы есеп беру, талдау, шығармашыл болу, ойын еркін де ашық айту дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау әдісі маған өте қажет тәсіл екенін сездім. Менің оқушыларымның осы тәсіл арқылы ұтымдылық, пайым, тәртіп, өзіндік сана-сезім, белсенділік, ашық болу сияқты ерекшеліктері айқын көрінетініне «Бірінші бетпе-бет» кезеңінен кейін көзім жетті. Сондықтан да оқушыларға дайын білім бергеннен гөрі балаларың өз беттерімен білім алу жұмыстарын ұйымдастыру артықшылығы көп екенін түсіндім. Сыни тұрғыдан ойлау тәсілі менің тәжірибеден өту барысындағы сыныбымның оқушылары үшін маңызды екен деген шешімге келдім. Себебі, оқушылар сыни тұрғыдан ойлау арқылы проблемаларды шеше біледі және өз пікірлерін аргументттермен жеткізе алады, бір-бірімен еркін ой бөлісіп, пікір алмасуды үйренеді. Топ ішінде құрбыларының түрлі идеяларына өз көзқарастарын, ойларын айтып саралайды. Ең маңыздысы, оқушылардың бойында пәнге деген белсенділік арта түседі деп ойлаймын. Әр оқушының жас ерекшеліктеріне сай, талантты және дарындылығына байланысты, олардың жетістігі мен даму қарқынына сай проблемаларды шешуде мұғалімдер өз тәжірибелерін инновациялық дамыту жолдары арқылы өзгерте алады.

Сонымен, сыни тұрғыдан ойлаудың – өз ойын бағалай алу міндетінің болуы мен оны істей білу екендігін, оның кез келген адам үшін қалыпты болып табылатын шыншыл, дәйекті, талдау жасауға қабілетті, білімпаз, парасатты болу міндетін дамытуды мақсат етіп қоятындығын оқып-білдім. Сыни тұрғыдан ойлаудың негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру жатады. Мұғалім тәжірибесін жетілдірудің оңтайлы тәсілдерін көрсетіп, оқушы таңдауды негіздеумен мұғалім бойында құзіреттілік өзгерістер қалыптастыруға негізделген жеті модуль – оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АҚТ пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқы, оқытуды басқару және көшбасшылық. Осы модульдердің ішінен сыни тұрғыдан ойлау әдісі ой жүгірту, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлесивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың балығында орын алады. Сондықтан да сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады.

Джон Дьюи білім беру саласында сыни тұрғыдан ойлау туралы зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты.

Ал сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады, олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады. Қазіргі кезде оқытуды ұйымдастырудың негізгі принципі әрбір оқушыны оқу үдерісіне тарту болып табылады. Бұл критерийдің кілті – мектеп тәжірибесінде сыни тұрғыдан ойлауды қолдану деп білемін. Өйткені заманауи қоғамда мектеп оқушыларға мынадай маңызды дағдыларды дамытуды міндеттейді:

  • өздерінің іс-әрекетінің жоспарын жасай білу және оны жүзеге асыру;

  • қажетті ресурстарды таба білу;

  • ақпаратты алу және беруді білу, өз жұмысын тиімді, әсерлі етіп жүргізу:

  • тапсырмаға байланысы болмаса да, кез келген жжағдайда компьютерді қолдана білу;

  • бейтаныс ортаға бейімделу.

Оқушылар осы міндеттерді сыни тұрғыдан ойлай отырып жүзеге асыратын болса, үлкен жетістіктерге жеткен болар еді.

Сыни тұрғыдан ойлауды меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адмгершілік, рухани және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді жетілдіруіне көмектеседі. Мұғалімдер мен оқушылар бірлікте заманауи білімді жүзеге асыра, онда мектептің мәртебесі көтерілетіні сөзсіз. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша жоспарланған сабаққа қалған модульдерді еркін енгізуге болады деп есептеймін. Сондықтан, қазақ тілі мен әдебиеті пәні үшін сыни тұрғыдан ойлау модулі өте маңызды екенін түсіндім. Осы модуль бойынша балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын бағдарладым. Іс-әрекеттегі зерттеу шеңберінде қазақ тілі және әдебиеті сабағы үшін сыни тұрғыдан ойлау әдісінің өзектілігі неде дегенде, менде мынадай ой туындайды: оқушылар сенімділікпен жұмыс істейді, бар ынтасымен оқуға беріледі, пікірлерді құрметтейді, дәлелдерді талап етеді, қорытндыларды бағалайды, түсініктеме табуға тырысады, дәлелдердің маңызы мен деңгейін мойындайды, болжамды көзқарастарды қарастырады. Сонда ғана олар: «Мен осы мәселе туралы не ойлаймын? Осы алған ақпаратым менің бұрынғы білетініме сәйкес пе? Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті?» деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың басты мақсаты – оқытуды оқушыға бағыттау.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушыны басты тұлға деп алып:

  • оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастыру керек;

  • оқушыларымды үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру керек;

  • оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қойып, нәтижеге жету керек;

  • деке тұлғаның белсенді әрекет иесі болуын басшылыққаа алу қажет;

  • мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы қарым-қатынасты қолдаймын;

  • мұғалім кәсіби деңгейін дамытып, жаңашыл мұғалімнен зерттеуші болашақта ұстазға айналуға тырысамын.







































Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2012ж

2. «Қазақ әдебиеті» газеті. №16 19-25 сәуір, 2013ж

3. Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл, №9 (57), қыркүйек, 2013

4. Қазақ тілі мен әдебиеті, 3/2014

5. Ресуртар






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

Автор: Каиркенова Майгуль Ериковна

Дата: 21.12.2020

Номер свидетельства: 568044

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "А.Құнанбаев "Қалың елім,қазағым,қайран жұртым""
    ["seo_title"] => string(46) "a_ku_nanbaev_kalyn_elim_kazagym_kairan_zhurtym"
    ["file_id"] => string(6) "553001"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1591722619"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "?аза? тілі "О?шау с?здер""
    ["seo_title"] => string(27) "k-azak-tili-ok-shau-sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "295340"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455803862"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "А. ??нанбаев "?алы? елім, ?аза?ым, ?айран ж?ртым" та?ырыбында саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(82) "a-k-u-nanbaiev-k-alyn-ielim-k-azag-ym-k-airan-zhu-rtym-tak-yrybynda-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "278811"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453134392"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Абайды? ?мірі мен шы?армашылы?ы бойынша тест тапсырмалары "
    ["seo_title"] => string(64) "abaidyn-omiri-mien-shyg-armashylyg-y-boiynsha-tiest-tapsyrmalary"
    ["file_id"] => string(6) "163203"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422453966"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Т?уелсіз елді? ?ланымыз!"
    ["seo_title"] => string(28) "t-uielsiz-ieldin-u-lanymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "277223"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452859607"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства