kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жеміс жесе? жетілесі?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырып бойынша балаларды? білімдерін ке?ейту, ауызекі ж?не жазба тілін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жеміс жесе? жетілесі?»

4-сынып 
Сабақтың тақырыбы: Жеміс жесең, жетілесің. 
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту,ауызекі және жазба тілін дамыту. 
Білімдік мақсаты: дұрыс/дұрыс емес, бұрыс сөздерінің қолданысын , буын түрлерін практикалық жолдармен меңгерту, сауатты жазуға үйрету. 
Дамытушылық мақсаты: сөздік қорын байыту. Лексикалық тақырып бойынша сөйлей /сөйлесе алуға үйрету. 
Тәрбиелік мақсаты: денсаулықты күту, дұрыс тамақтану әдебі туралы сұхбаттасу. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, жаттығулар жұмысы,топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары. 
Сабақтың көрнекіліктері: интербелсенді тақта, суреттер,үлестірме қағаздар. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сөйлесім. 
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейін анықтау. Кезекшімен сөйлесу. Оқушыларды сабаққа бейімдеу. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап. 
ІІІ. Жаңа сабақ. Ми штурмы. 
1. Балалар, тақтада берілген жұмбақтардың шешуін табыңдаршы. 
а) Алма дерсің, түсіне қарап, 
Жүгері дерсің, ішіне қарап, 
Татсаң тәтті, бал шәрбәтті. 
( Анар) 
б) Сырты - тәтті, 
Іші - тәтті, 
Ортасы - сүйек қатты. 
(Өрік) 
2.Ал енді интербелсенді тақтадағы суреттерге назар аударайық. Суретте нелер бейнеленген? Атаңдар. 
( Лимон, алма, жүзім, құлпынай,шие,қауын,қарақат, өрік, алмұрт) 
- Балалар, алма, алмұрт, лимон нелерге жатады? 
- Жемістер 
- Жидектерге нелер жатады? 
- Құлпынай, қарақат, бүлдірген, таңқұрай т.б. 
-Жеміс-жидектерден басқа бау-бақшада нелер өседі? 
-Сәбіз,орамжапырақ,қызылша,қызынақ т.б. 
3." Кім тез?" жарыс ойыны. Сыныпты үш топқа бөліп жарыстыру. 
Балалар, тақтада үш себет ілулі тұр. 
1-себет Жемістер 
2- себет Жидектер 
3-себет Көкөністер 
Себеттерге жеміс-жидектердің, көкөністердің суреттерін дұрыс салу. Қай топ тез және дұрыс орындағандарын анықтау. Жеңімпаз топты анықтау. 
4. - Балалар,қалай ойлайсыңдар, жеміс-жидектер адам үшін пайдалы ма? 
Жеміс-жидек жеген адамның денсаулығы қандай болады? 
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? (Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Жеміс-жидектер. Дұрыс.) Жеміс жесең, жетілесің. 
ІҮ. 1. Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым. 
Сөздер мен сөз тіркестерінінің мағыналарын түсіндіру, дұрыс айтуға дағдыландыру,сөздік дәптерлеріне жаздыру. 
Дәрумен - витамин 
Білдіреді - означает 
Дәрілік қасиет - лечебное свойство 
Жетілу - развиваться, закаляться 
2.Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым. 
а) Мәтінді оқу, аудару. 
ә) Сұрақтарға жауап беру. 
б) " Шеңбер бойымен әңгімелеу" ойынын жүргізу. 
Ү. Деңгейлік тапсырмалар. Жазылым. 
ІІІ деңгей. 
Жуан және жіңішке сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар. 
Сәбіз,жүзім, алмұрт, таңқұрай, өрік,қауын, тәтті, дәмді. 
ІІ деңгей. 
Сөздерді буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықтаңдар. 
Қызан, қияр, жүзім, өрік, алмұрт, пияз, жеміс. 
ІІІ деңгей. 
Сөз тіркестерін аударып жаз. Бір сөйлем құрастырыңдар. 
Вкусное яблоко, красная малина, сладкая клубника, земляничный сок. 
Мен бүлдірген шырының жақсы көремін. 
ҮІ. Оқылым. Жазылым. Айтылым. Балалар, тағы жұмбақ кезегі келді. 
а) Жұмбақтарды оқып, шешуін тапқызу. 
Дөп-дөңгелек доптай, 
Іші қызыл шоқтай. 
Дәмін татып көрсең, 
Одан дәмді жоқтай. 
( Қарбыз) 
Көкпеңбек еді көктемде, 
Қызарады күз жеткенде. 
( Алма) 
ә) Венн диаграммасын толықтыру. Мұғалім жеміс - жидектердің аттарын береді.Оқушылар олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тауып, дәптерге жазады. 
Алма Қарбыз 
Ұқсастықтары: пайдалы, өсімдіктер, домалақ т.б. 
Айырмашылықтары: Алма - жеміс, ағашта өседі т.б. 
Қарбыз - көкөніс, жерже өседі т.б. 
ҮІ. Бекіту. Қорытындылау. Дұрыс па? Бұрыс па? 
1. Жеміс-жидектерде дәрумен аз. 
2. Жеміс-жидек далада өседі. 
3. Жеміс-жидекте дәрілік қасиет жоқ. 
4. Сәбіз бақшада өседі. 
5. Қарбыздың дәмі ащы болады. 
6. Құлпынай - қышқыл дәмді жидек. 
7. Қазақстанда өсімдік өспейді. 
8.Тамыр өсімдікті қорекпен қамтамасыз етеді. 
ҮІІ. Бағалау. 
ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру. 
1.Жаңа сөздерді жаттау. 
2. Мәтіннің мазмұнын айту.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Жеміс жесе? жетілесі?

Автор: Джамбусинова Салтанат Болтаевна

Дата: 19.05.2016

Номер свидетельства: 328385

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Көшеде жүру ережесін білесің бе?"
    ["seo_title"] => string(41) "koshiedie_zhuru_ieriezhiesin_biliesin_bie"
    ["file_id"] => string(6) "348095"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476120861"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Мені? атам мен ?жем. "
    ["seo_title"] => string(22) "mienin-atam-mien-zhiem"
    ["file_id"] => string(6) "159990"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421991803"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Cыныптан тыс ж?мыс.Ел мен ерді? жемісі"
    ["seo_title"] => string(38) "cynyptantyszhumysielmienierdinzhiemisi"
    ["file_id"] => string(6) "274331"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452360236"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Қызыл телпекті қыз ертегісі"
    ["seo_title"] => string(34) "k_yzyl_tielpiekti_k_yz_iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "381688"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484914888"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Жабайы а?дар урок"
    ["seo_title"] => string(19) "zhabaiy_an_dar_urok"
    ["file_id"] => string(6) "342543"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1473178139"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства