kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жанашырлық - жанға қуат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды қиындықта бір - біріне көмек қолын созуға тәрбиелеу. Қоршаған ортаға септігін тигізу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жанашырлық - жанға қуат»

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ

Мерзімі: №14-15

Тақырып: Жанашырлық – жанға қуат

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйласымдылық, адамгершілік, сүйіспеншілік

Мұғалім: Советова М. Е

Сынып – 6 сынып Оқушылар саны -

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды басына іс түскен адамдарға жанашыр бола білуге тәрбиелеу .

Міндеттері:

  • Оқушылардың «жанашыр», «ниеттес» туралы түсініктерін кеңейту;

  • Оқушыларды жанашырлыққа тәрбиелеу;

  • Оқушыларды қамқорлық көрсетуге, жәрдем беруге тәрбиелеу;


Ресурстар: (белсенді тақта, кітап, дәптер, слайд, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге ұоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Бауырмалдылық» сөзіне сөзжұмбақ жасап келіңдер.


  1. Дәйексөз.

Өзіңе де өзгеге де жақсылық тіле....

А.Иүгінеки

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.



  1. Әңгімелеу.

Жанашырлық

Бір күні базар қақпасына кіре берістен Әбунасырдың төбесін көзі шалғанда – ақ елпілдей жүгіріп, бір жігіт қасына жетіп барады.

  • Ассалаумағалейкум, ұстаз!

  • Уағалейкүи уәссалам, аманбысың, жігітім ? Әрекетің өнімді ме ?

  • Хадари – хал,ұстаз...

  • Маған бірдеңе айтайын деп пе ең ?

  • Базардан алған заттарыңызды үйіңізге жеткізіп берейін...

  • Ә, онда, соңымнан ер...

Әбунасыр базардан керек – жарағын алды да, көп айналмай үйіне қайтты. Жігіт ұстаздың заттарын арқалап жүрді. Аулаға кірген соң, Әбунасыр ақысын төледі. Сонда жігіт:

  • Ұстаз, ренжімесеңіз, маған жанашырлықтың не екенін түсіндіріп бермес пе екенсіз?.... – деп өтінеді. Ғұлама тұңғиық ойға батып, жігітке қадала қарады.

  • Жарайды, ұғындырайын, есіңде жүрсін, - деді ғұлама жігіттің талабын қостағандай күлімдеп. – жанашырлық ағыл – тегіл су емес. Ол – адамның адамға бөлінген мейір – шапағаты арқылы пайда болатын ізгілікті іс. Әр адам өзі көздеген мақсатқа жетуге ұмтылады. Сонда қиындыққа тап болса,бір мейірімді кісі көмектесіп, жебеп жібереді. Ақ ниеттен туған сол жақсылық – жанашырлық деп аталады.

  • Жігіт бас иіп, алғыс айтты да, кетіп қалды.

1.Жанашырлық танытудың мәні неде ?

2.Жанашырлық парыз ба, әлде міндет пе ?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаяттарды талдау.

Жұмыстан келген анасы ұлына: - Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен ? – деді.

  • Жата беріңіз, - деді кітаптың қызығына түскен ұлы назар аудармастан.

Мамасы төсегіне барып жатты да ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді. Ұлы орнынан салдыр – күлдір еткізіп ренжи тұрды да үн – түнсіз оның өтінішін орындады.



  1. Топпен ән айту

Құс жолы

1.Аспан, аспан шайдай ашық,

Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық.

Құс жолы ғарыш көкке туған жерден

Қараймын жандай ғашық.

Қолға келіп қонса жұлдыз,

Жанға серік болса жұлдыз.

Ғарышқа қанат қақты самғап.

Туған жерден қаншама ұл – қыз.

Қайырмасы:

Құс жолы шақырады арманға ұқсап,

Жұлдыздар жайып арман құшақ.

Жаса мәңгі жырға толы өлкем,

Жаса мәңгі жырға толы көркем өлкем,

Сен Отан, достық әннен қуат алған,

Бақыт құсы бүгін ұя салған.

2.Келді жайнап бала көктем,

Күткен еді дала көптен.

Шалғындай тербей есті ерке самал,

Жібектей жаңа леппен.

Ауыл, саған талмай ұштық,

Бұлақ суын қанбай іштік.

Қарлығаш тұя салған туған үйлер.

Бізге қандай ыстық.


  1. Үй тапсырмасы.

«Риясыз жанашырлық жасау» тақырыбына шығарма жазып келіңдер.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жанашырлық - жанға қуат

Автор: Советова Мейрамгуль Ергазыкызы

Дата: 09.12.2016

Номер свидетельства: 367564

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Өзін-өзітану. "Жанашырлық - жанға қуат""
    ["seo_title"] => string(39) "ozin_ozitanu_zhanashyrlyk_zhang_a_k_uat"
    ["file_id"] => string(6) "457457"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1518628130"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Жанашырлы? жан?а ?уат "
    ["seo_title"] => string(26) "zhanashyrlyk-zhang-a-k-uat"
    ["file_id"] => string(6) "220040"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1434475983"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Открытый урок по самопознанию: Жанашырлық –жанға қуат"
    ["seo_title"] => string(57) "otkrytyi_urok_po_samopoznaniiu_zhanashyrlyk_zhang_a_k_uat"
    ["file_id"] => string(6) "408677"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491987377"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Интегрированный урок самопознания и казахской литературы "
    ["seo_title"] => string(61) "intieghrirovannyi-urok-samopoznaniia-i-kazakhskoi-litieratury"
    ["file_id"] => string(6) "195811"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427967712"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Өзін-өзі танудан 6 сыныпқа күнтізбелік жоспар"
    ["seo_title"] => string(48) "ozin_ozi_tanudan_6_synypk_a_kuntizbielik_zhospar"
    ["file_id"] => string(6) "445123"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1513617083"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства